Аталмыш сараптамалық баян қоғамдық тараптан жасалған құжат ретінде мемлекеттік тілді дамытуға бағытталған мемлекеттік шара қабылдауға негіз болатындай бастама болып табылады. Бұл құжаттың бұдан былай жыл сайынғы жасалатын нұсқалары барынша нақты және айқын көрсеткілер (индикатор) бойынша қазақ тілінің ахуалын бағалауға арналатын шара жоспарлануда
Қазақстанның мемлекеттік тілінің аясы үшін ауызекі тұрмыстық деңгейді айтпағанда, бірен-саран қазақтілді құрылымдарды қоспағанда, коммерциялық ұйымдардың ішкі ортасын айтпағанда, олардың қоғамдық ортамен қатынасы бойынша қазақ тіліне арналған орта мейлінше тарылған. Олардың ұйымдық шаралары мен мерекелері орыс тілінде не шет тілде өтіледі. Мемлекетке деген құрметті айтпағанда, қазақтілді азаматтардың құқығы көзбе көз тапталып жатады, әрі олардың бәрін орыстілді азаматтар ретінде қабылдау дағдыға айналған.
Мемлекеттегі ісжүргізім үдерісін бақылау тетігі айқындалмаған. Конституция қабылданған күннен бастап мемлекеттік тілде іс жүргізуге тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдар, басты заңның құзырына қайшы түрлі мерзімдерді ойлап табу арқылы ісжүргізімді мемлекеттік тілде жүргізуден астыртын түрде бас тартып келеді. Бұл жағынан Тіл комитеті тілдерді дамыту жөніндегі басты Уәкілдік орган ретінде оларды бақылау жөніндегі дербес шешім қабылдай алмайды және оны жүзеге асыру құзыры жоқ. Ал, Мемлекеттік қызмет агенттігі бұл мәселеден өзін өзі мейлінше оқшаулаған.
Төраға Баррозу Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа Еуропалық комиссияның Бакудегі белсен¬ді¬лігі аясындағы ЕО мен Қара теңіз және Каспий өңірі елдерінің энер¬гетикасы жөніндегі Министрлік конференцияда Қазақстанның қа¬былдаушы ел болуына келіскендігі үшін алғысын білдірді. Бұл кон¬ференция қараша айында Астанада ойдағыдай өткен болатын. Ондағы қабылданған қорытынды мен жол картасы Каспий бассейніндегі мұнай мен газ өндіруші елдер мен Еуропалық Одақ арасындағы байланысты нығайта түспек.
Еуропалық комиссия төрағасы Жозе Мануэл Баррозу Қазақстан Президентінен Каспийден Қара теңіз арқылы өтетін энергетикалық дәлізді дамытуға қолдау білдіруін өтінді. Мұндай жағдайда Қазақ¬стан¬нан, Орталық Азия мен Кав¬каз¬дан мұнай-газ ресурстарын Еу¬ро¬палық Одаққа мультимодельдік тасымал жүйесі, соның ішінде газ құбырлары мен мұнай құбырлары арқылы жеткізудің мүмкіндігі пайда болмақ. Өз кезегінде Қазақстан Президенті бұл жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тиісті жағдайларды қалыптастыру үшін Қазақстан мен Еуропа Одағына бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. ЕО мен Қазақстан оны жүзеге асыруға Ресейдің қатысуын қош көрген болар еді.
...Бұл күндері жарасы денесіне жайылып өне бойын қанды ірің кеулеп кеткен Ерденнің әлі азая бастайды. Қыршын жас көп ұзамай қайтыс болады. Жалаң түзде жан жолдасынан айырылып, қыс Балқаш ботадай боздап, жалғыз қалады. Еңіреген өксігін басып, есін жиғаннан кейін, қостың жанындағы майда құмды қазып, астына қамыс төсейді. Ерденді арулап көмеді. Жас қабірді құшақтап жылаған Балқаш енді өзіне ор қазады.
... Іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру кестесіне сәйкес Мемлекеттік тілді дамыту бөлімінің қызметкерлері министрліктің департаменттері мен басқа да құрылымдық бөлімшелеріне бекітіліп, мамандарды күнделікті іс қағаздары мен құжаттарды мемлекеттік тілде дайындауға үйретуде. Соның нәтижесінде олар көлемі 2-3 беттік материалдарды өздері дайындап, бөлім қызметкерлеріне сараптамаға ұсынатын болды.
... ҚР Сыртқы істер министрлігі өз қызметі аясында мемлекеттік тілді барынша кең қолдану жолында мақсатты және жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, бұл бағытта айтарлықтай ілгері қадам басты. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде құжат айналымының басым бөлігін мемлекеттік тілде даярлауға қол жеткізілді. Тұрақты жұмыс істеп келе жатқан қазақ тілін оқыту курстары үшін қажетті құралдармен жабдықталған екі «Мемлекеттік тіл кабинеті» ашылды. Сабақтарды ұлттық тарих, әдебиет, өнер және мәдениет саласына арналған дәрістермен толықтыру, елімізге белгелі қоғам қайраткерлерімен кездесулер өткізу ниетіміз бар.
... Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің 2005 жылғы 10 наурыздағы бұйрығы бойынша ... мемлекеттік тілді дамытудың 2005-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Ол министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңы талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, қызметкерлердің жұмыс барысында мемлекеттік тілді қолдануына көмек көрсету, құрылымдық
Әскери бөлімдер мен мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту сыныптары ашылып, олар талапқа сай оқу-әдістемелік тақталарымен жабдықталып, қажетті көрнекіліктермен рәсімделді. Жергілікті жерлердегі басшылар мәселенің маңыздылығын түсініп, мемлекеттік тіл бөлімдері мен сыныптары компьютер, теледидар, аудио-видео техникаларымен қамтамасыз етуде.
... Министрліктің «Іс жүргізуді кезең-кезеңімен мемлекеттік тілге көшіру кестесін бекіту» туралы бұйрығы шықты. Оның мақсаты: мемлекеттік тілді мемлекеттік органдар жүйесіндегі мемлекеттік басқару тілі мен негізгі қатынас құралы ретінде қолдану... Қазірдің өзінде министрліктегі бірқатар құжаттар (өтініш, бұйрық, қаулы жобалары, көшіру) мемлекеттік тілде дайындалады.
... Республика бойынша сот жүйесінде мемлекеттік тілді оқып-үйрену жұмысы қажетті деңгейде жолға қойылды. Мысалы, 2005 жылы 70-ке жуық Жоғарғы Соттың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы куәлік берілді. Сот жүйесінде ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі жұмысты одан әрі жүзеге асыру мақсатында арнайы бағдарлама бекітілген.
Президентіміз айтқан «нақты да қатал сұраныс туатын» кезге «осы бастан дайын болу» мақсатын көздейтін Сенат бағдарламасы ... үш кезеңнен тұрады. Ол 2006 жылғы қыркүйектен басталып, 2008 жылғы желтоқсанда аяқталады. Мысалы, бірінші кезең – 2006 жылы қыркүйектен басталып, 2008 жылғы желтоқсанда аяқталады. Екінші кезең – 2007 жылғы маусымнан желтоқсанға дейінгі аралық. Ал үшінші кезең – 2008 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі уақытты қамтиды. Сөйтіп Парламент мемлекеттік тілге көшетін 2009 жылғы осылайша алдын ала нақты дайындық жасалады.
Жуырда бір басылымнан «Қазақстанда азаматтар ағылшын тілін шапшаң үйренуде» дегенді оқыдым. Көптілділіктің, әсіресе, ағылшын тілін білудің әлемдік ауқымын айтып, күн сайын жарнамалай берсек, әрине, оған қызығушылық артады да үйренеді. Ал қазақ тіліне лайықты құрмет те, оны үйренуге ықылас, құлық та мардымсыз.
Жуырда бір басылымнан «Қазақстанда азаматтар ағылшын тілін шапшаң үйренуде» дегенді оқыдым. Көптілділіктің, әсіресе, ағылшын тілін білудің әлемдік ауқымын айтып, күн сайын жарнамалай берсек, әрине, оған қызығушылық артады да үйренеді. Ал қазақ тіліне лайықты құрмет те, оны үйренуге ықылас, құлық та мардымсыз.
Кешегі күнге дейін былай болып келді: тіл мәселесін көтерген адамның тілін кесіп алатын. Ғылыми дәреже қорғамақ тұрмақ, сол адам қызметтен қуылатын. Керісінше, «қазақ тілі дамып келе жатыр» деп өтірік айта салу дағдыға айналды. Соның кесірінен біздің бойымызда ұлттың нағыз құндылықтарына ғылыми баға беруде жасқаншақтық пайда болды. Бұл – кешегі коммунистік тәжірибеден қалған балласт...
Біз Алла тағала берген өз мәртебемізді өзіміз кемітпейік. Диаспораның тілінде сөйлеп отыру дүниежүзілік қауымдастық алдында ұят емес пе? Бұл - өзімізді-өзіміз сыйламау ғой. Өзін-өзі сыйламайтын елді, түптің түбінде, ешкім де сыйламайтын болады.
... Қазақ ұлтына әр түрлі елдерден дүниетаным әдістері мен салт-дәстүрлері жан-жақтан анталап тұр. Бұл елге 20-30 жылдардағыдай бір ғана мемлекеттің емес, ондаған елдердің ықпалы күннен-күнге күшейіп келеді.
Қазақ тіліне көшкен мекемелердің жұмыстарымен таныса, тындырған жұмыстарын зердеден өткізе келе, қазақ тілін толыққанды, мемлекеттік дәрежеге көтеру үшін біраз жұмыстар жасалынуы қажет.
... Бұдан тура 100 жыл бұрын, яғни 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған «Қарқаралы петициясында»: «Ауылдарда сабақ орыс тілімен бірге қазақ тілінде де жүргізілетін мектептер ашу, мемлекеттік аппаратта, сот орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде жазу, олардың жұмысында қос тілділікті Жолға қою... т.т.» деген талап қойылады (Әлихан Бөкейханов, Шығ., 1994, 13-б.). Ойлап тұрсақ, бұл қай заман еді?
Рухқа себі тисін, әуелі өз санамызды өзіміз отарсыздандырайық. Бәрін өзімізден бастайық. Әуелі жартылай орысша аты-жөнімізді Мұқтар Ақанұлы, Пәкиза Оңғарқызы дегендей, қазақшалайық. Құжат ауыстырудың әуресі көп, ол шаруаға шығын да, жігер де керек, оны табандылықпен аяқтап, нағыз қазақ болып алайық.
... Президент ел зиялыларынан үміт күтіп, салмақ салды. Әр адамның шамасы жететін қарапайым ғана қағиданы ұсынды. Бар болғаны үш-ақ сөз. «Қазақпен қазақша сөйлес». Әр отбасы осы сөздерді шаңырағының төріне жазып, іліп қойса ерсі түгі жоқ.
«Ана тілі» газетінің редакциясына Ақтау қаласы әкімдігінен жағымды жаңалық арқалаған жедел хат жетті. Хата Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен жергілікті мектептердегі оқыту тілдері қайта бекітіліпті.
Мемлекеттік тіл дамыса, барлық тілдерді дамытуға мүмкіндік туады. Ал ол дамымаған жағдайда барлығының халі мүшкіл болады да, түбінде саны аз ұлыстардың тілдері жойылып кетуі мүмкін. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік тілді дамытудың ұлттық идеяға айналуы – ол алдымен қазақтарды ана тілін білуіне міндеттейді және басқа ұлыстардың тілдері мен мәдениетін дамытады.
Халқымыздың тәуелсіздік алғалы тіл мәселесіне шыдамдылықпен, түсіністікпен қарап келген даналығы адам сүйсінерліктей. Бұл бір жағынан әсіре төзім болып көрінуі мүмкін. Бірақ шыдамның да шегі бар екенін біз секілді атқа мінген азаматтар түсініп отырмыз. Біз қазір мемлекеттік тілді дамытудың жеке бағдарламасын жасауды ойластырып отырмыз, өйткені 2001-2010 жылдарға арналған тілдерді дамыту бағдарламасы жалпылама жасалған, көпсөзділікке ұрынған және елдегі барлық тілдерді дамытуға бағытталған. Біз аталмыш бағдарламаны орындауды нақты жобаларды іске асырумен астастыруды мақсат етіп отырмыз. Сонда бағдарламадағы бос сөзге орын қалмайды.
... Әкімшіліктің барлық лауазымды қызметкерлері, уезд басшыларына дейін жергілікті ділді білуі керек; өз аймағының тілін бастапқы деңгейде игеруге бір жыл бөлінеді; тіл білу деңгейі – аудармашыларды бақылай алатындай болуы керек; тілді білу деңгейін одан әрі көтеріп, жетік үйрену үшін әкімшіліктің лауазымды қызметкерлеріне тағы бір жыл қосып беріледі; бұл талап орындалмаған жағдайда лауазым иелерін далалық аймақта қызмет бабында көтеру тоқтатылсын, тіпті оларды іске жарамсыз деп» қызметінен босатуға дейін бару керек...
Еуропалық екі оқымысты Эфиопияға арнайы сапармен келіпті. Олар Эфиопияның тау-тасын қалдырмай аралап танысыпты. Асқар тауын, жосылған жолын, өзен-көлдерін мұқият картаға түсіріпті.
Қазақ тілін және Қазақстан халықтарының басқа тілдерін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру маңызды басымдық болып қалады. Мемлекеттік тіл саясатының басты бағыттарының бірі барлық азаматтардың белгілі дәрежеде мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады. Өңірлік деңгейде облыстарда мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталықтарын құру үшін ресурстар бөлінуі тиіс.
Кейде тұтас, кейде жалқы, кейде аралас көлемде, Қос тармақты тәуелсіздік бағыт алды ӘЛЕМДЕ. Дәуірдің бас айбынгері – ҚАРЫН ЕГЕМЕНДІГІ, Қарын тоймай істің алға жылжымасы белгілі