«Ана тілі» газетінің редакциясына Ақтау қаласы әкімдігінен жағымды жаңалық арқалаған жедел хат жетті. Хата Маңғыстау облысы Ақтау қаласы әкімдігінің қаулысымен жергілікті мектептердегі оқыту тілдері қайта бекітіліпті. Жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатын көздейтін қаулы Ақтау қаласындағы мемлекеттік тілде білім беретін мектептер санын арттыруға, аралас мектептер санын қысқартуға бағытталған. Қазақ тілінде оқытатын мектептер саны былтыр 9 болса, биыл 17-ге жеткен. Оның ішінде он үші қала мектептері. Ал аралас мектептердің саны былтырғы жиырма үштен он төртке дейін кеміген. - 2008-2009 оқу жылына дейін қала бойынша аралас мектептерді түгелдей бір тілді мектептерге айналдыру шаралары жүзеге асырылуда, - деп мәлімдейді қала әкімінің орынбасары Г.Қалмұратова ханым.