Мемлекеттік тіл дамыса, барлық тілдерді дамытуға мүмкіндік туады. Ал ол дамымаған жағдайда барлығының халі мүшкіл болады да, түбінде саны аз ұлыстардың тілдері жойылып кетуі мүмкін. Қоғам дамуының қазіргі кезеңіндегі мемлекеттік тілді дамытудың ұлттық идеяға айналуы – ол алдымен қазақтарды ана тілін білуіне міндеттейді және басқа ұлыстардың тілдері мен мәдениетін дамытады.
Жанұзақ Әкім, ғалым («Қазақ идеясы», Алматы, 2006 жыл).