Все рефераты Казахстана Пятница, 05.09.2025, 05:06

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар » Қазақ тілі

В категории материалов: 89
Показано материалов: 31-60
Страницы: « 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Туған тіліңді қорғау – туған отаныңды қорғаудан да маңыздырақ. Отаныңды жау басып алса, оны ерте ме, кеш пе, әйтеуір азат етеріңе сенесің. Ал тілің жауланса – бітті. Басқа тілге көшіп, туған тілін ұмытқан және өз ата байлығына қайта оралуға мойны жар бермейтін жалқаулар мен ұлттық рухын жоғалтып үлгірген, өзіңе түрі ғана ұқсайтын қандастарың жаудан бетер қарсыласады. Олардың үлкен бөлігінің ана тілін мойындамай, өзге тілдің мүддесін ашық түрде қолдауының арқасында ұлт жойылуға бет алды. Әлгі бейшара ұлт үшін бұған теңдес қасірет болмақ емес.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3467 | Загрузок: 0 |

Қырғыз (Қазақ) АССР ОАК-нің 1923 жылғы 22 қараша күні қабылданған арнайы Декреті негізінде «мемлекеттік аппаратты қырғыздандыру (қазақыландыру) және тұрғылықтандыру» науқаны басталған болатын. Оның негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелерді ұлттық кадрлармен жасақтау және қазақ тілін іс қағаздарын жүргізуге ендіру деп жарияланды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3177 | Загрузок: 0 |

Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына жатады. Қазақтар ежелгі заманда руна жазбасын қолданған. 1912 жылдан 1930 жылға дейін араб жазу таңбасына, ал 1930 жылдан 1940 жылға дейін латын жазу таңбасына көшірілді. 1940 жылдан қазіргі уақытқа дейін кириллица жазу таңбасын қолданып келеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 9514 | Загрузок: 0 |

Ұлттың ұлттық қасиетін қайтару процесі тілден басталады... Өйткені ұлттың негізгі ұлттық көрсеткіші – тіл. Отарлаушы елдің басым тілі отарланған, соры қайнаған елдің ұлттық тілінің дамуына үлкен кедергі жасайды. Ұлттық құндылықтарға оралу процесінің аяғына тұсау болады. Сондықтан да постколониализм дәуірінде жаншылған ұлттар ең алдымен өзінің мәдениетін, тарихын қалыпқа келтіруге күш салуы керек.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3065 | Загрузок: 0 |

Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол – ұлтымыздың анасы.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 299849 | Загрузок: 0 |

Еліміздегі мемлекеттік тіл саясаты – Қазақстан сияқты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеудің бір тетігі, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық реформалардың құрамдас бөлшегі.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануымен тіл саласындағы оң үрдістерді динамикалы және кешенді дамыту кезеңі басталды...
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1860 | Загрузок: 0 |

2003 жылғы 30 қыркүйекте мемлекеттік тілге қатысты арнайы кеңес болып, ол туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Бұл семинар не берді, содан бері не істеліп, не болғанын салыстырып қарау үшін керек дүние ретінде ұсынамыз.
«Қазақ тілінің болашағы – қазақ тілінде. Тілсіз ұлт болмайды. Өз тілімізді сақтау, өз тілімізді құрметтеу отаншылдық рухты оятуға қызмет етеді әрі ата-баба алдындағы ұлы парызымыз да». Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ тілі туралы осынау тұжырымы Мемлекеттік хатшы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен өткен кеңестің бүкіл жұмысына алтын арқау болып тұрғандай.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1746 | Загрузок: 0 |

2006 жылғы 15 ақпан күні Қазақстан республикасының Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан республикасы Үкіметінің 2006-2008 жалдарға арналған Бағдарламасы» қабылданды. Бағдарламаны талқылау барысында Мәжіліс депутаты М.Шаханов алдағы үш жыл бойына жүргізілетін мемлекеттік тілді дамыту саясатын тағы бір нақтылай түсу мақсатымен Премьер-министрге сауал қойған еді. Депутаттың сұрағы мен оған берілген Премьер-министр Д.Ахметовтың жауабын жариялап отырмыз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 921 | Загрузок: 0 |

Кеңестер Одағының алдыңғы бір мемлекеті бола тұрып, соғыс кезінде қазақ халқын әлемге танытып, өндірісте, ауыл шаруашылығында қатардан қалмай абыройлы табысқа ие болып, нығая түсіп келе жатқанда жоғарыда айтылған кемшіліктерді Ленин партиясының жолына сәйкес ғылымды бұрмалап бұзу, асыра сілтеу, халықтың жұртшылығына зиянды болып, саясатына қарсы десем, ешқандай шеңберден шыға қоймаспын. Сондықтан тарихи, ғылыми, саяси әділеттік, меніңше, мынадай ұсыныстарды тілейді:
Скачать / Подробнее | Просмотров: 918 | Загрузок: 0 |

Бұнда сөйлегендердің бәрі дұрыс көрсеткендей, Халық Ағарту Комиссариаты мен денсаулық сақтау Халық комиссариатында қазақтардың санын көбейту емес, қазақ тілін қою керектігінде. Егер халық ағарту Комиссриатында 1000 қазақ болып, бірақ оның ешқайсысы қазақ тілінде жазбаса, бұдан шығар қандай пайда бар. Бізде, көбі тек қазақтардың санын көбейтсек, жергілікті ұлт өкілдерін тұрғылықтандыру мәселесі шешіледі деп ойлайды. Бізге, жергілікті ұлт өкілдерін тұрғылықтандыруда, аппараттың қазақ тілінде жұмыс істеуі керек. Бұны біз қалаймыз және өз дегенімізге жетеміз, сондықтан да жергілікті ұлт өкілдерін тұрғылықтандыру комитеті осы тура бағыттан қайтпай жұмыс жүргізуі тиіс. Осыған орай, бәрін нақтылы анықтап, дұрыстап жазып, адамдарға жеткізіп, бұл істі бастау керек.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1051 | Загрузок: 0 |

Тарихи деректерге сүйенсек, Л.И.Мирзоян Қазақстанда қоғамдық, әлеуметтік, саяси-экономикалық жағдайдың әбден титықтап, тұралап тұрған кезінде келді. Бұл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде патша үкіметінің жазалаушы отрядтарының халқымыздың денесіне салған жарасы әлі жазылып болмаған әрі ұлт-азаттық көтеріліс пен соңғы екі ашаршылықта шетелге тозып кеткен ағайындардың еліне толық оралмаған кезі еді
Скачать / Подробнее | Просмотров: 920 | Загрузок: 0 |

Большевиктер заманы орнаған 1917 жылдан бергі жерде де, қазақтың өз атына өзі ие бола алмай жүргеніне Сәкен сынды ұлтшыл қазақтың қаны қайнамай тұрмас еді. Ол қазақ тілінің мемлекеттік дәрежеге көтерілу қамын ойлап, күрделі мәселелерді көтере бастайды. Ол өз ұлтының арғы-бергі тарихына көз сала отырып, содан үлгі алар, өнеге тұтар тұлғалардың іс-әрекетін қастерлей қарастыра бастайды. Бір мысал… Тілдің мәртебесін көтеру үшін, тіл патшалығының алтын тағында отырған Ахметті төрелеп, Орынбор қаласында 1923 жылдың қаңтар айында 50 жылдығын өткізуі қазақ мәдениетінің тарихындағы ірі оқиға…
Скачать / Подробнее | Просмотров: 819 | Загрузок: 0 |

Әлихан Бөкейханов ұлы Абайдың біраз өлеңдерін «Дала уәлаяты» газетіне бастыртқан, ақынның асыл мұрасын бір жүйеге келтіріп, кітап қылып шығартып, Абайды Еуропаның ұлы ақындарының қатарында бағалаған. Ол белгілі «Қарқаралы петициясын» ұйымдастырушы ретінде Ресей патшасы мен Сенат атына қойылған саяси талаптардың ішінде ресми іс қағаздарды қазақ тілінде жүргізуді талап еткен.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1533 | Загрузок: 0 |

Кеңсе бас сайын отырған қазақтың қайқы танау баласы. Қолына қаламын алып, қиратып тастайын деп отырған адам секілді. Сырттан адам келсе, қоқырайып ірілік қылудан да тайынбайды. Ептеп маңайына жақындап, оны-мұны сөз қыла бастасаң, ол алдымен, өзінің мұңын айта бастайды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1383 | Загрузок: 0 |

Қазақ ұлты – Кеңестер Одағындағы тең құқықты ұлттың бірі. Қазақ тілі де тең құқықты тіл. Бұрын қазақ тілін елемейтіндер, қазақ тілімен сөйлеуді ар көретіндер, осы күні тілі жаңа шығып келе жатқан баладай, балдыр-бұлдыр сөйлейтін болып жүр. «Так сказать», «ызыначитті» түйдектетіп соғып, өзінше қазақтың алты ай мінсе арымайтын төл сөзіне ие болдым деп жүр.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1066 | Загрузок: 0 |

Мұса – орысша оқыған жігіт. Өзгерістен бері қызметке кірмей елде жүрсе де, губернелік қазақ кемесиесі шақыртып алып, жұмысқа қосқан. Мұса губернеде қызметте.
Мұсаның үйі, елі екі-үш айдан бері көрмей, Мұсаны сағынып жүрген. Бір күні Мұсадан хат келді.
- Мұсадан хат келді! – деп балалар жүгіріп жүріп, бүкіл ауылды хабарландырып болды. «Қадірлі баланың» хатын оқып, хабарын білгелі кемпір-шалдар бүкшеңдеп, қатын-балаға шейін қалмай жиылды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1000 | Загрузок: 0 |

Оқудың негізі – ауыл мектебі. Ол мектепті көздеген мақсатқа жеткізу үшін үйі, құралы, сайманы, кітабы, оқытушысы сай болу керек. Қазіргі ауыл мектебінің төрт түлігі сай деп ешкім айта алмайды. Бірі болса, бірі жоқ. Осы күнде ауыл мектептерінде комплекс (жиынды) әдіспен оқыту программаға кіргендіктен мектепте алдымен керегі оқытушы болып отыр. Оқытушы жеткілікті біліммен комплексті қолданса, мектептің басқа кем-кетіктерін толтырады. Балаларға керекті білім береді. Өйткені комплекске керек жаратылыс, шаруашылық жағдайлары ауылдан табылады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1246 | Загрузок: 0 |

Мен заманымда қандай едім? Мен ақын, шешен, тілмар бабаларыңның бұлбылдай сайраған тілі едім. Мөлдір судай таза едім. Жарға соққан толқындай екпінді едім. Мен наркескендей өткір едім.
Енді қандаймын?
Кірленіп барамын, былғанып барамын. Жасыдым, мұқалдым.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1092 | Загрузок: 0 |

Жергілікті қызметкерлердің болсын, жалпы шаруалардың болсын. Осы күнгі бір айтып жүргені – кеңсе тілін шын түрде қазақыландыру. Кеңсе тілін қазақыландыру мәселесі қолға алынғалы бірталай уақыт болса да, әлі күнге көңілдегідей өріс ала алмай отыр. Ауылдық, болыстық кеңес орындарының істері тегіс қазақ тілінде жүріп жатыр десек те, ел арасында іс жүргізудің жөнін білетін адамдардың жоқтығынан жұмыстары ақсаумен келеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 981 | Загрузок: 0 |

... 3. Қазақ халқының ағымдағы мұқтаждарын айқындау үшін қазақ тілінде газет шығару керек, ол үшін газет шығаруды алдын ала тексерусіз (цензурасыз) жүзеге асыру және баспахана ашу мәселелерін тікелей шешу тәртібін орнату қажет болады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 949 | Загрузок: 0 |

Үш бірдей мәселені бағдар ғып ұстану керек.
Біріншіден, Тілдер туралы Заңды қайта қарап, қажет болса, замана талабына сай өзгерістер енгізу;
Екіншіден, бұқаралық ақпарат құралдарында қазақ тілі 50 пайыздан кем қолданысқа түспеуі тиіс;
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1626 | Загрузок: 0 |

Қазақ тілінің маңайында жүріп жатқан дау-дамай, айтыс-тартыстардың өршіп-өршіп, жалындап жанып, саябырси бастағаны да тегін емес. Елбасымыздың сындарлы саясаты аясында соңғы кездері бұл мәселеге байланысты ізгі қадамдар жасалды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1213 | Загрузок: 0 |

Шылау сөз табының пайда болу тарихы мен қалыптасу жолдарын айқындауда, зерттеушілердің ғылыми тұжырымдарына сүйене отырып, көне түркі тіліндегі шылаулардың лексика – грамматикалық сипатын сараладым.Шылау сөздердің пайда болып қалыптасуы басқа сөз таптарындай емес. Олардың шылаулану процесіне түбір мен қосымшасы бірігіп, тұтас бір бөлінбейтін жаңа тұлға болып қалыптасты.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2011 | Загрузок: 0 |

Көне түркі тілі:Бізні өлүртечі күк тіміс (Тон.30) – Бізді өлтірмекші ғой деді.Айғучысы білге ерміс, кач ерсер өлүртечі күк (Тон.21) – Ақылшысы білгір екен, қашсақ егер өлтірмекші ғой. Теңрі йарылқады йандуқ,үгүзке түсді йандук йолта елті күк (Тон.16) - Тәңірі жарылқады жеңдік, өзенге түсті жеңдік, жолд және өлді ғой.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1100 | Загрузок: 0 |

Көне түркі тілі: Йер сайу бардық.(КТк.9) – Жер сайын бардық. Ол оқ түн бодунун сайу утумуз (Тон.42) – Сол түні ел - ел сайын елші жібердік. Сайу септеулік шылауы йер және будун (жер және халық) сөздерімен тіркесіп қолданылған. Бұл сөздермен тіркесіп келгенде беретін мағыналар мен қызметтері қазіргі қазақ тіліндегідей болып келеді. Енді мұны қазақ тіліндегі сайын септеулігімен салыстыралық. Оның зат есімдермен тіркесіп келуі көне түркі тіліндегісімен сабақтасады.Бірақ формалармен тіркесіп келуінде өзіндік ерекшеліктрі бар.Мәселен, қазіргі тілде сайын шылауы тек атау тұлғалы есім сөздерді етістікпен байланыстырады. Әсіресе, етістіктің есімше категориялы сөзімен келеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1313 | Загрузок: 0 |

Көне түркі тілі: Тапғач тапа сүледім, тапа сүңіштім сияқты еістіктермен тіркесіп келгенде, үстеу мағынасында болады. Ал мынандай тіркестерде шылау қызметінде жұмсалады: Анча барс йылқа чік йорыдым (МЧ.19) – Бұдан соң (иеленіп) барыс жылы чікке қарай аттандым. Кеңерес тапа барды (КТү.39) – Кеңереске таман (қарай) барды.Ол йылқа түргіс тапа Алтун йасығ тоға ертіс үкүзік кече йорыдымыз (КТү.36)
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1817 | Загрузок: 0 |

Көне түркi тiлiндегi шылау сөздердiң сөйлем мүшелерiне қатысы да бiршама анықталынды. Жалпы шылаулар толық лексикалық мағынасы бар сөздермен тiркесiп келiп, барлық сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруға қатысқан. Соның iшiнде пысықтауыш, анықтауыш және баяндауыштық қатынаста болатындығы байқалынады. Г.Иманалиеваның «шылаулардың басты қасиетi сөздермен тiркесiп келгенде нақтыланады» деуi негiзгi критерии. Ғалым шылаулар тiркеске сөзiне әр түрлi грамматикалық мағыналар жамап, сол тiркестi сөзбен бiрге сөйлем мүшелерiнiң қызметiн атқаруғақатысатындығын сөз еткен[41,б.150].
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1999 | Загрузок: 0 |

Тiлдiң басқа салалары сияқты синтаксистiң құрылысы да заман өткен сайын бiрден – бiрге өзгерiп, толығып, жетiлiп отырады. Бiрақ тiлдiң бұл құрылысы басқа салаларға қарағанда құбылмалы емес. Алғашқы категориялық негiзде дамып, кеңейiп отырады. Ал тiл фактiлерi оның ұзық жасайтын тұрақты грамматикалық сала екендiгiн байқатады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1210 | Загрузок: 0 |

Ташкентте 1917 жылдың маусымында шыға бастаған «Бірлік туы» газеті Шоқайдың алғашқы газет басқару тәжірибесі болып табылады. Газет Ташкентте тұратын қазақтар құрған «Ықтият одағының» баспасөз органы еді. Аптасына бір рет шығып тұрған газеттің баспасөз саясаты – Түркістан халқының ынтымақтастығын қамтамасыз ете отырып, саяси таным-түсінігін толықтыру, осылайша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына дайындалу еді. Газет осы орайда Бөкейхановтың жетекшілігіндегі «Алашорда» қозғалысының баспасөз органы «Қазақ» газетімен үйлесімді әрекет етті. «Алаш» қозғалысына қарсылардың бірі – Сәкен Сейфуллин Түркістандағы қазақ зиялыларының Ташкенттегі «Бірлік туы» газеті арқылы «Алаш» қозғалысына қолдау көрсетіп, кеңес өкіметінің саясатын сынағандықтарын айтады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1597 | Загрузок: 0 |

Ташкентте лицейде оқып жүргенде Шоқай қоғамның құқықтық және мәдени өміріне қатысты көп нәрсені жақыннан бақылады. Оның рухани салада өсіп-кемелденуіне башқұрттан шыққан атақты фольклорист ғалым Әбубәкір Диваев көп әсер етті. Ташкенттегі Түркістан өлкелік әкімшілікте аудармашы болып істейтін Диваев қазақ, өзбек және түрікмен секілді жергілікті халықтардың әкімшілікте тілге байланысты мәселелерін шешуге көмекші болып, оларға аудармашылық жасайтын еді. Жұмыстан қолы қалт еткен уақыттарда жергілікті халықтың арасында әдеби салада зерттеулер жүргізді. Әсіресе, қазақтардың ауыз әдебиетіне қатысты естігендерін қағазға түсірді. Бұл арада Диваев Ташкент гимназиясында Мұстафамен бірге оқитын төрт-бес жергілікті оқушыға да көмектесіп отырды. Мезгіл-мезгіл оларды үйіне шақырып сұхбаттасты. Олар бетбе-бет келген қиыншылықтарды жеңілдетуге күш жұмсады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 955 | Загрузок: 0 |

1-30 31-60 61-89
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2