ХIX ғасырдың соңғы ширегі Түркістан тарихының ең қараңғы кезеңдерінің бірі еді. Бұл кезеңде патшалық Ресей Түркістанды жаулап алуын толық аяқтаған. Бұдан кейін Петербург өкіметі бұл жерлердегі билігін нығайтуға күш жұмсап жатты. Сонымен қатар Түркістанның кең даласын мүмкіндігінше жан-жақты қанау шараларын жүргізді. Ресейдің ішкі аймақтарындағы жері жоқ орыс мұжықтарының Түркістанға жаппай көшулерін тездетті.
Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің
ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін
қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай
лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай
ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Орыс мектептерінде қазақ тілін
оқытудағы мақсат - оқушыларға тіл үйрету, яғни қазақ тілінде біршама сөйлей
білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.Мазмұндама жиынтығынын мақсаты:оқушының жазба
тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау
формасының қалыптасуына, ой қорытысын жасауға/дедуктивтік, индуктивтік, аналогиялық/септігін
тигізеді.
Тiл халықтың
қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста
дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи
дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде
кеңейiп, бiрде тарылып отырады.
Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды,
морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал
синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесіболуына сүйенеді.
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты
оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі.
Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан
қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің
қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың
басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір
сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан
бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің
өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі
заман тіл білімі – дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп
тармақты ілім.
Алғашқы
зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны
мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ
тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу
жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық
мақсатта болды.
Елдің егемендігін, мемлекеттің
тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы
мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде,
ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты
ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын
негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.
Антропонимика
– кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде Халықаралық ономастардың І
конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми танылған, ономастиканың соңғы отыз
жылдықта ауқымды зерттеле бастаған салаларының бірі. Соңғы 10-15 жыл ішінде
ономастиканың тармақталып, теориялық, сипаттамалық, тарихи, қолданбалы және
поэтикалық ономастика т.б. бағыттар бөлініп шықты.
Қазақ тілі- дамыған, жетілген,
бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген
болатын .Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден
ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі- өзінің
оқшау стилімен, нәзік сезімімен, ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал
болған жерлес ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов.
Етістік - қазақ тіліндегі сөз
таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық
сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік
қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған
еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық
ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас.
Сөйлеудегі «жанды тілдің»
өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап
артып келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене
араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған,
қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып
табылады.
Сан есім - заттың мөлшерін, ретін, санын білдіретін грамматикалық
ерекшеліктері бар, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі.Мысалы: он қой, бес қозы, жиырма литр сүт.
Мұнда біз әр заттың санын нақты біліп тұрмыз. Алайда тілімізде нақты сандық
ұғымды білдірмесе де, кейбір сан есімдермен мағыналас болып келетін көптеген
сөздер бар.
Қазақ
тілі өз тарихында аса күрделі ахуалды кешуде. Тілдік орта барған сайын тарылып,
қолдану сапасы құлдырай түсуде. Бұл құжат Қазақстан Республикасының мемлекеттік
тілі болып табылатын қазақ тілін дамыту саласына қатысты үстіртін сараптамалық
баян болып табылады. Мақсат - бейресми көзқарас ретіндегі бұл құжатты қоғамдық
орта назарына салу арқылы мемлекеттік тілді дамыту үдерісіне оңды ықпал ету.
Ордада ханның қасында әр уақытта ақылшы жыраулар болған.
Жыраулар - халық поэзиясын жасаған ақылғөй даналар. Олар заманының өздері куә
болған елеулі уақиғаларын, тарихи кезеңдерді жырға қосқан... Жыраулар поэзиясына дейінгі әдебиет халык жасаған ауыз
әдебиеті деп аталды. Жыраулар поэзиясы Қазақ хандығы құрылғаннан бастап (XV ғасыр) өріс алды. XV ғасырда Асан Қайғы, Казтуған жыраулар өмір сүрді.
Қазақ халқы рухани дүниеге,
қазынаға бай халық. Оның қай түрін алсақ та, тәлім-тәрбиесі мол,
ұрпақтан-ұрпаққа қалдырған өcиеті ерекше. Сонау ықылым заманнан, сан ғасырлар
бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеленіп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра боп қалып
жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі – қазақтың мақал-мәтелдері.
15 жыл! Ал сол
Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана
халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай,
патшаның отарлық саясатыныңқыл бұрауы
мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын
аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халықатқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар
мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан
етті .Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады
Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп
жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор
Шерубай Құрманбайұлының "Алаш және терминтану”, "Терминологиялық әдебиеттердің
библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның "Алаш және
терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың
1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі
ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты
зерттеліпті