Все рефераты Казахстана Понедельник, 08.09.2025, 05:53

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақ тілі

Қазақ тіліндегі буын үндестігі

Қазақ тіліндегі буын үндестігі скачать

11.03.2010, 22:11
загрузка...

Қазақ тіліндегі буын үндестігі

(Сингармонизм)

 

...Жоспар


1. Сингармонизмге жалпы түсінік
2. Буын үндестігі
3. Дауыстылардың үндесуі
4. А. Байтұрсынов
және Х.Досмұхамедов қазақ тіліндегі сингармонизм заңдылығын алғаш зерттеушілер

Сингармонизмгректің Sun «бірге» және hanmoni «байланысу, үндесу» деген мағынаны білдіретін сөздері бойынша жасалған термин.
Тіліміздегі байырғы сөздердің басым көпшілігі не біркелкі жуан, не біркелкі жіңішке айтылады.

Мысалы:
Жуан сөздер: балалар, қалалар, қызылдау.
Жіңішке сөздер: жерлерді, ініміз, күнделік.
Түбірдегі дауысты дыбыстың немесе соңғы буынның өзгеріп отыруына байланысты сингормонизмнің мына секілді заңдары болады:

1. Сөздің алғашқы буыны жуан болса, келесі буындары да жуан немесе сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан болады.
Мысалы: бала – лар, жа-зу-шы-лар, оқу-шы-лар, қа-ла-да-ғы-лар-ымыз.

2. Сөздің алғашқы буыны жіңішке болса, келесі буыны да жіңішке немесе сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымша да жіңішке болады.

Мысалы: өн-ер-ші-лер-ге, ән-ші-лер, үй-де-гі-лер-іміз.

 

Осы заңдылықтармен байланысты сөздің соңғы буынында -х, - қ, -ғ дауыссыздары келсе, қосымшалар үнемі жуан болады.

Мысалы: Хат, халық, хабар, қабақ, қабық, қысым, ғалым, ғажап.

1. Соңында ь жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздерден кейін жәнебрь, ль дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішкелік түрде жалғанады.

Мысалы: сентябрьге, октябрьге, апрельге, рольдер, рояльға, нульге 2. –Рк, - нк, -ск, -кт дыбыстарының тіркесіне біткен сөздерге қосымшалар жіңішке түрде жалғанады.

Ескерту: Мына төмендегі қосымшалар өздерінен бұрынғы буынның жуанжіңішкелігіне қарамай осы күйінде жалғанады:
-
мен (-бен, - пен): қаламмен, ағашпен;
-
паз: әсемпаз, өнерпаз;
-
қор: пәлеқор;
-
қой: сән қой;
-
кер: жұмыскер;
-
дік (-нікі, - тікі): колхоздікі;
-
кеш: арбакеш;
-
хана: шеберхана
-
күнем: пайдакүнем.

 

Басқа тілден енген сөздер қазақ тілінің сингорманизім заңына бағынбайды. Мысалы: кі-тап-тар, пи-о-нер-лер.
Бірақ бұларға қазақ тілінің қосымшалары жалғанады.
Мысалы: депутат-тар-ға, пио-нер-лер-ге, қызмет-ші-лер-ге.
Осылармен бірге, тілімізде ерін үндестігі деген бар. Ол еріндік –о, -ө, -ұ, -ү дыбыстарынан айтуда еріндік дыбыстарға жақындатады.

 

Оған:

1. Алғашқы буындағыо немесе ұ дыбыстары екінші буындағыы дыбысынұға айналдырады.
Мысалы: орын – орұн, құлын – құлұн. Ал ашық дауысты –а дыбысына –о – ның да, -ұ – ның да әсері байқалмайды.
Мысалы. орақ, құлан

2. Алғашқы буындағыо немесеұ дыбыстары екінші буындағыі дыбысынүге айналдырады.
Мысалы: көрік – көрүк, күдік – күдүк

3. Алғашқы буындағыө немесеұ дыбыстары екінші буындағые дыбысынөге айналдырады.
Мысал: өлең - өлөң, күреккүрөк
Мұны жинақтап, мына секілді схемамен көрсетуге болады:

1. Жуан дауыстының еріндікке алмасуы: -о - ы -ұ, - ұ - ы - ү
Мысалы: Орынорұн, құлын құлұн

2. Жіңішке дауыстының еріндікке алмасуы:
а) ө - і - ұ, ү - і - ү
Мысалы: көрікқөрүк, күндік - күндүк
б) ө - ее - ө, ү - е - ө
Мысалы: өлең - өлең, күреккүрөк
Езулік дыбыстардың еріндікке алмасуы тек қана айту нормасына жатады, жазуда оны елемейміз.
Дауыстылардың бір – бірімен үндесуі сингармонизм деп аталады.

 

Түркі тілдеріндегі байырғы сөздерде сингармонизм екі түрде ұшырасады.

1. Дауысты дыбыстар тілдің қатысты жағынан.

2. Еріннің қатысы бір – бірімен өзара үндесіп айтылады.

1. Лингвальдық (латын тілінің lioguo – «тіл» деген сөзі бойынша жасалған) – сингармонизм.

Тілдің қатысы жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бір өңкей жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз құрамында соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыстың әуеніне қарай ыңғайланып айтылады. Дауыстылардың бұлайша үндесуі лингвальдық сингармонизм деп аталады. Сингармонизм заңы бойынша түбір сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі дауысты дыбыс жуан болса, қосымшалардағы дауыстылар соған бағынып, жуан түрде жалғанады. М: ауыл – дар – дан.

Түбір сөздегі дауысты жіңішке болса, қосымшалардағы дауыстылар түбірдегі дауыстыға икемделіп, жіңішке түрде жалғанады. М; ел – дер – ден.
Түбірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен – саран аффикстерді (қосымшаларды) еске алмағанда, түркі тілдерінде қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – оларға тән және қалыптасқан заңдылық.

загрузка...
Категория: Қазақ тілі | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2268 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 2.2/5
Тут вы можете

скачать Қазақ тіліндегі буын үндестігі

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2