Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері
Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының негіздері скачать
11.03.2010, 14:08
загрузка...
КІРІСПЕ
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты
оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі.
Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан
қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің
қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттарының бірі – қазақ
тілінің әлеуметтік қолданыс аясын кеңейту, конституциялық мәртебесін баянды ету
болып табылады. Мұның өзі тілді «қарым-қатынастың аса маңызды құралы»
қызметімен қатар, мәдениеттану құралы болуымен тілдік ұжымның саналы әрекетінің
нәтижесінде қоғамдық салада жинақталған дүние–әлем туралы білім қорын, ұлттың
өзіне тән мінез-құлық, жан дүниесін, психологиясын, дүниетанымын тілдің стилистикалық
жүйесімен тығыз байланысты қарастыруды қажет етеді, өйткені халықтың рухы
тілдік құрылымдар арқылы, олардың стильдік мән-мағыналары арқылы
объективтенеді.
Зерттеудің өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл
адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен
жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым
болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп
қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген
көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады.
Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты
құралына айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері
белгілі болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегімазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің
басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі құбылыс. Қазіргі
ғылымның дамуындағыантропоцентристік
бағыт адамдыинтеллектуал тұлға ғана
емес, оны эмоционалды менталды қырынан да қарастырады. Жеке тұлғаның психикалық
құрылым компоненттерінің бірі эмоция болса, бұл феномен стилистикада арнайы тіл
құралдары мен стилистикалық амал-тәсілдер арқылы объективтенеді. Тілдің адамнан
тыс тұрған жеке құбылыс емес, адаммен бірліктегі, бірін-бірі анықтайтын күрделі
құрылымдар болып саналатыны да сондықтан. Тілдің ең кіші бірлігі дыбыстан
бастап мәтінге дейінгі тіл бірліктерінің барлығы адамның қандай да бір ішкі
эмоциясы мен көңіл-күйін жеткізуге қызмет етеді. Тіл тарихи категория ретінде
өзінің дамуы барысында эмоцияны сыртқа шығарудың түрлі тілдік тетіктерін
қалыптастырды. Алайда, тілдің шынайы мүмкіндігі, әлеуеті сөз әрекетінде әр
қырынан ашылады, сондықтан қазіргі қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық
қызметінің сөздегі (речьтегі) мүмкіндіктерін арнайы зерттеу аса өзекті болып
табылады.
Адамның эмоциясын жеткізудегі тілдің экспрессивтік қызметі ғалымдардың
назарын көптен бері аударып келеді. Стилистиканың ғылым ретінде дамуына түрткі
болған В.Гумбольдт, К.Фосслер зерттеулері дүниеге келген заманнан бері бұл
бағытта көптеген еңбек жазылды. Сол кезеңдегі тілдің эстетикалық табиғатын оның
экспрессивтік қызметімен тығыз байланыста қараған тұжырымдар бүгінде дамытылып,
стилистиканың экспрессивтік стилистикасы саласының арнайы қарастыратын
мәселелеріне айналды.
Диссертациялық зерттеудің арқауы болып отырған қазақ тілі экспрессивтік
стилистиканың бүгінгі күнде өзекті мәселеге айналуына қазіргі қоғамдағы жеке
тұлғаны тануға деген ерекше ықыластың, осыған байланысты қоғамдық ғылымдардың
дамуындағы жаңа гуманитарлық парадигманың қалыптасуы да ықпал етіп отыр. Бұл
бағыттағы ғылыми-теориялық зерттеулер мен талдаулар психолингвистика,
этнолингвистика, когнитивтік лингвистика, этнопсихология, жеке тұлғаның
лингвопсихологиясы, лингвокогнитивтік психология, лингвомәдениеттану
мәселелерін анықтауға қажетті ақпараттарды береді. Экспрессивтік стилистиканы
ғылыми-теориялық тұрғыдан зерттеудің перспективасы тілдегі дара стиль
категориясын, көркем шығарма тілін, функционалды стилистика, стилистикалық
ресурстар, ортология, сөз мәдениеті т.б. мәселелерді әр қырынан және тереңірек
зерттеуге ықпал етеді.
Халықтың
ақыл-ой, дүниетанымы, өмір сүру тәсілі материалдық және рухани мәдениеті,
тарихы, сол материалдық, рухани дүниелерінің қалыптасуы, салт-дәстүрі,
әдет-ғұрыптары сияқты белгілер ұлт болмысын құраса, оны тіл арқылы танып білу
бірінші кезектегі өзекті мәселе болып табылады. Ұлт болмысы – мазмұны кең,
терең ұғым, сондықтан лингвистикалық зерттеулердің де шеңбері кеңейіп, этнос
табиғатын танытатын ғылымдармен байланысы нығаюмен қатар, ұлт болмысын мәдени
байлықтары тұрғысынан ашатын экспрессивтік стилистика тәрізді жаңа
лингвостилистикалық саланың өмірге келуіне себеп болып, зерттеу аясының
ауқымдылығы оны кең көлемде қарастырудың қажеттілігін қалыптастырады.
Зерттеудің нысаны. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық жүйесі.
Зерттеу жұмысының пәні. Қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық құралдары және олардың қызметі
мен ерекшеліктері, қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мәдени ұлттық
қырлары.
Зерттеудің
мақсаты мен міндеті. Қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының
ғылыми-теориялық негіздерін анықтау және тілдің экспрессивтік стилистикалық
жүйесінзерттеу. Мақсатқа қолжеткізу
барысында зерттеудің мынадай міндеттері анықталды:
-қазақ тілі экспрессивтік
стилистикасының логика-философиялық негіздерін, танымдық тұғырын анықтау;
-экспрессивтіліктің
психологиялық және лингвистикалық ортақ мәселелері мен айырмашылықтарын
анықтау;
-қазақ тілі экспрессивтік
стилистикасының зерттелуі мен қалыптасу сипатына шолу жасау;
-қазақ тілі экспрессивтік
стилистикасының мазмұны мен ұғымдарын, жалпы стилистикалық жүйедегі орнын
анықтау және жүйелеу;
-қазақ тілініңдыбыстық және лексикалық жүйесінің
экспрессивтік стилистикалық қызметі мен сипатын нақты тілдік деректер арқылы
талдап, анықтау;
-қазақ тілі грамматикалық
жүйесінің экспрессивтік стилистикалық әлеуетіне сөз таптары мен қосымшалардың,
синтаксистік құрылымдардың стилистикалық ерекшелігін талдау арқылысипаттама беру;
-экспрессивтіліктің әртүрлі
стилистикалық амал-тәсілдер жүйесі арқылы жасалатынын троп түрлері мен
фигураларды талдап, жүйелеу;
-қазақ тілі экспрессивтік
стилистикасы мен функционалдық стилистикасының бинарлық бірлігі мен байланысын
анықтау арқылы ауызекі сөйлеу тілі мен кітаби жазба тілдің ара қатынасын
көрсету;
-экспрессивтіліктің қазақ
тіліндегі мәдени ұлттық сипаты мен ұлттық танымдық қырларын зерделеу, оның
қазақ тіліндегі озық үлгілерін анықтау арқылы экспрессивтік стилистиканың сөз
мәдениетіне әсерін көрсету.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыруда тілдік деректер мен
ғылыми тұжырымдарды диахронды – тарихи – салыстырмалы, синхронды –
салғастырмалы, сипаттамалы талдау, жинақтау, сипаттау, топтастыру, жүйелеу, салыстыру,
модельдеу т.б. зерттеу әдістері
қолданылды.
Зерттеу жұмысының
әдіснамалық негізі. Зерттеудің әдіснамалық және теориялық
тұғырлары ретінде философияның таным теориясы, диалектикалық логика,
психофизиология мен психолингвистикадағы «тіл» және «сөйлеуге» қатысты
теориялық тұжырымдар, іс-әрекет психологиясының теориялық тұжырымдары,жалпы және жеке тіл білімінің стилистика,
экспрессивтік стилистика, семантика, семиотика, этнолингвистика, когнитивтік
лингвистика жөніндегі зерттеулерде кездесетін пайымдаулар басшылыққа алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Диссертациялық жұмыста қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының
лингвостилистиканың бір саласы екені ғылыми-теориялықтұрғыдан негізделді. Қазақ тілінің
экспрессивтік стилистикалық жүйесі алғаш рет кешенді түрде зерттеліп,мына мәселелер ғылыми тұрғыда шешімін тапты:
-
қазақ тілінің экспрессивтік стилистикалық табиғаты алғаш рет
логика-философиялық, психолингвистикалық, лингвостилистикалық тұрғыдан
айқындалды;
-
қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мазмұны мен ұғымдары анықталып,
жүйеленді;
-
тілдік парадигмадағы бірліктердің экспрессивтік стилистикалық құрылымдары,
функционалдық-семантикалық қызметі мен ерекшеліктерісипатталды;
-
экспрессивтік стилистиканың жалпы лингвистикалық жүйедегі негізгі орны және
олармен қатынасы анықталды;
-
«экспрессивтілік» ұғымына функционалдық тұрғыдан алғаш рет анықтама беріліп,
оның тілдік-психологиялық қырлары сараланды;
-
экспрессивтіліктің эмоционалдық, образдылық, бағалауыштық категориялары
экспрессивтіктің құралы ретінде дәйектелді;
-
экспрессивтік стилистика мен функционалды стилистиканың бинарлық бірлігі
қарама-қарсы қойылып, олардың бір-біріне тигізер әсері мен ықпалы тілдік
деректермен дәйектелді;
-
қазақ тілі экспрессивтік стилистикасының мәдени ұлттық, гендерлік, менталды
болмысы мен оның тарихи қалыптасу арналары талданып, жүйеленді;
-
экспрессивтік стилистика мен сөз мәдениетінің ұлттық тіл жүйесіндегі орны және
байланысы, тілдік бірліктердің стильдік қызметінің дамуы мен қалыптасуына әсері
талданды;