Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзег скачать
29.03.2010, 16:59
загрузка...
Тіл саясаты – ішкі саясатымыздың негізгі өзегі
Еліміздегі мемлекеттік тіл саясаты – Қазақстан сияқты бірнеше ұлттың өкілдері тұратын мемлекеттегі тілдік ахуалды, тіл құрылысын қалыптастыру мен дамытудың негізгі факторы және ұлтаралық қарым-қатынас пен қоғамдық келісімді реттеудің бір тетігі, елімізде жүзеге асырылып жатқан саяси, экономикалық реформалардың құрамдас бөлшегі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы № 550 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының қабылдануымен тіл саласындағы оң үрдістерді динамикалы және кешенді дамыту кезеңі басталды... Біздегі талдау-сараптау жұмыстарының нәтижесі Орталық мемлекеттік органдарда іс қағаздарын, құжаттарды екі тілде дайындау жөнінде ілгері басқандық байқалады. Қазіргі күнгі талапқа сәйкес мемлекеттік органдар аппараттары мен құрылымдық бөлімшелерінде мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын мамандар алынып, мемлекеттік қызметшілер аз көлемді құжат, азаматтардан келген өтініштерге жауап, өндірістік бұйрық, актілер, хаттамалар сияқты шағын мәтіндерді мемлекеттік тілде дайындау практикасы енгізілуде. Статистикалық есеп, қаржы және техникалық құжаттамалар аударма арқылы мемлекеттік және ресми тілдерде жүргізілуде. Алайда, мемлекеттік тілде хат алмасудың сандық көрсеткіштерінің әлі күнге дейін төмен болып отырғанының себебі – жоғары тұрған құрылымдардан хат-хабардың көбінесе орыс тілінде жолдануында. Мысалы, ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бері жергілікті бір мемлекеттік мекемеге жоғары тұрған органдардан келіп түскен мемлекеттік тілдегі құжаттардың саны 13%-тен аспайды. Бұл жағдай іс жүргізуді мемлекеттік тілге толығымен көшірген (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Жамбыл) аумақтар үшін белгілі бір проблемалар тудырып отыр. Мемлекеттік органдарға қазақ тілде түсетін құжаттар 13 пайыз болса, орталық органдардан шығатын құжаттардың 17 пайызын ғана құрайды және де бұл – тек азаматтардан түскен арыздар мен шағымдарға берілетін мемлекеттік тілде дайындалатын хаттар негізінде ғана. Міне, байқап отырсаңыздар, бүгінгі мемлекеттік тіл саясатының күрделі мәселесінің бірі – осы орталықтан шығатын те орыс тіліндегі құжаттардың арасалмағын азайту болып отыр. Бұл шаруа осында отырған баршамыздың да жауапкершілігімізге сын. Басқару органдарында мемлекеттік тілдің қолданылуын кадрлық қамтамасыз етудің маңыздығын ескере отырып, мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне қажетті қаржылық, ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайлар жасалған. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жанынан құрылған және Білім және ғылым министрлігінің бекіткен арнайы бағдарламасымен жұмыс істейтін Мемлекеттік тілді жеделдетіп оқыту орталығының жұмысы жолға қойылған... Талдау қорытындылары осы Орталық арқылы мемлекеттік тілді үйренушілер санының біртіндеп өсіп отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 2000-2001 жылы – 23 топта 276 тыңдаушы оқытылса, 2001-2002 жылы 28 топта 345, 2003 жылы топтар мен тыңдаушылар да көбейген...