Все рефераты Казахстана Воскресенье, 07.09.2025, 14:55

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақ тілі

Мұсадан хат келді

Мұсадан хат келді скачать

29.03.2010, 16:56
загрузка...
Мұсадан хат келді

Мұса – орысша оқыған жігіт. Өзгерістен бері қызметке кірмей елде жүрсе де, губернелік қазақ кемесиесі шақыртып алып, жұмысқа қосқан. Мұса губернеде қызметте.
Мұсаның үйі, елі екі-үш айдан бері көрмей, Мұсаны сағынып жүрген. Бір күні Мұсадан хат келді.
- Мұсадан хат келді! – деп балалар жүгіріп жүріп, бүкіл ауылды хабарландырып болды. «Қадірлі баланың» хатын оқып, хабарын білгелі кемпір-шалдар бүкшеңдеп, қатын-балаға шейін қалмай жиылды.
Хат қазақша жазылған. Мұсаның әкесі Байғабыл хат танитындығы бар, хатты оқи бастады. Хаттың сөзі мынау: «Ассалаумағалейкум, әке! Әжеме сәлем! Ауыл, көршіге де дұғай-дұғай сәлем дерсіз! Ең басында айтар сөзіміз үшбу дүр: қызметке кірдім. Айлық жалуыниам 90 сом. Күніне 8 сағат занимайтса етем. Қаланың бір удобны жерінен – тсентрден куәртир алдым».
Байғабыл отағасы соңғы сөздерге түсіне алмай, азырақ мүдірді. Жанындағы қатыны төніңкіреп:
- Бапасы-ау, немене қылдым деп айтады дейсің? – деп қарай қалды. Байғабыл тағы оқуға кірісті: «Риуәлиутсиеден бері күләткісі елементтер жабысумен келеді уылысқа. На дынах басталады переуибұр. Сондықтан бұл переуибұрда күләтскі елементтер местіні уылыстан керек қуылуы». Байғабыл хаттың осы жеріне шейін сүрініп-қабынып зорға жетті. Не дегеніне оқушы Байғабыл да, тыңдаушы жұрт та түсіне алмады.
- Мұсажан «денім сау» деп пе? – деп бір кемпірлеу әйел Мұсаның шешесіне қарады. Байғабыл басын қасыды.
- Күнде өзгеріп жатқан заман ғой, балалар заманның ағымына түсіп, тіл тауып алғанын көрмейсің бе? Біз шалдар жастардың жаңа тіліне қайдан түсіне алайық, - деп Байғабыл отағасы күрсінді.
- Жаңа тілімен бізге жазбай-ақ қойса қайтеді екен, бізге осы қазақтың ескі тілі-ақ түсінікті, - деді отағасы.
Мұсаның хаты сағатында бүкіл ауылды ойпаң-тойпаң қылды.
- Мұсадан хат келді.
- Аман ба екен?
- Аман көрінеді. Хатына түсінген жан жоқ, жаңа тіл тауып алыпты.
- Жаңа тіл? Қазақ тілін қайтеміз?

загрузка...
Категория: Қазақ тілі | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1001 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Мұсадан хат келді

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2