... Президент ел зиялыларынан үміт күтіп, салмақ салды. Әр адамның шамасы жететін қарапайым ғана қағиданы ұсынды. Бар болғаны үш-ақ сөз. «Қазақпен қазақша сөйлес». Әр отбасы осы сөздерді шаңырағының төріне жазып, іліп қойса ерсі түгі жоқ. - Қазақпысың? - Иә. - Онда менімен қазақша сөйлес. Мен де сенімен осы тілде сөйлесейін. Сөйтсек қана ана тіліңді үйренесің. Әркім шүлдірлеген қазақтарға осылай десінші. Мұнысын ол қамқорлық ретінде қабылдайтын болады. Тілге, бір-бірімізге қамқорлық танытайық. Сонда көсегеміз көгереді.
Батық Мәжитұлы, ақын («Егемен Қазақстан», 29.05.01).