Президентіміз айтқан «нақты да қатал сұраныс туатын» кезге «осы бастан дайын болу» мақсатын көздейтін Сенат бағдарламасы ... үш кезеңнен тұрады. Ол 2006 жылғы қыркүйектен басталып, 2008 жылғы желтоқсанда аяқталады. Мысалы, бірінші кезең – 2006 жылы қыркүйектен басталып, 2008 жылғы желтоқсанда аяқталады. Екінші кезең – 2007 жылғы маусымнан желтоқсанға дейінгі аралық. Ал үшінші кезең – 2008 жылғы қаңтардан желтоқсанға дейінгі уақытты қамтиды. Сөйтіп Парламент мемлекеттік тілге көшетін 2009 жылғы осылайша алдын ала нақты дайындық жасалады. Бірінші кезеңде өкімдік-ұйымдастырушылық сипаттағы құжаттарды тікелей мемлекеттік тілде әзірлеу жүзеге асырылады (Бұлардың қандай құжаттар екендігі бағдарламада түстеп көрсетілген). Екінші, үшінші кезеңдерде әзірленетін құжаттар да осылайша нақты тізбеленіп көрсетілген, олар кезең-кезеңіне қарай бірте-бірте күрделілене түседі. ... Бағдарламаға сәйкес аппаратта арнаулы комиссия құрылды. Барлық жұмыс осы комиссия арқылы жүргізіледі.
Серікқали Байменше, Сенат аппараты Жалпы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, филология ғылымының докторы. («Ана тілі», 03.08.06).