... Әкімшіліктің барлық лауазымды қызметкерлері, уезд басшыларына дейін жергілікті ділді білуі керек; өз аймағының тілін бастапқы деңгейде игеруге бір жыл бөлінеді; тіл білу деңгейі – аудармашыларды бақылай алатындай болуы керек; тілді білу деңгейін одан әрі көтеріп, жетік үйрену үшін әкімшіліктің лауазымды қызметкерлеріне тағы бір жыл қосып беріледі; бұл талап орындалмаған жағдайда лауазым иелерін далалық аймақта қызмет бабында көтеру тоқтатылсын, тіпті оларды іске жарамсыз деп» қызметінен босатуға дейін бару керек...
Ресей патшалығы тұсындағы әскери министр А.Ф.Редигерге жазылған хат, 1905 жылғы 28 көкек.