... Республика бойынша сот жүйесінде мемлекеттік тілді оқып-үйрену жұмысы қажетті деңгейде жолға қойылды. Мысалы, 2005 жылы 70-ке жуық Жоғарғы Соттың қызметкерлеріне мемлекеттік тілді меңгергендігі туралы куәлік берілді. Сот жүйесінде ісқағаздарын мемлекеттік тілге көшіру жөніндегі жұмысты одан әрі жүзеге асыру мақсатында арнайы бағдарлама бекітілген. Жоғарғы Сотта ісқағаздарын аударма жасау әдісінен бірте-бірте арылып, қызметкерлердің құжаттарды мемлекеттік тілде тікелей дайындауына жан-жақты көңіл бөліп отырмыз. Осы мақсатта әрбір қызметкер өзінің атқарып отырған қызметімен байланысты мемлекеттік тілдегі заң терминдерін қолданып, өз беттерінше іс құжаттарын мемлекеттік тілде дайындай білу бағытында оқытыла бастады.