Ешкім де орыс тілінің маңызын жоққа шығармас. Бірақ бар болмысты орыс тілімен байланыстыру, сол үшін де өз ана тіліңді мансұқ ету ешқандай интернационализммен қабыспайды, ал енді соның бәрін біле тұра, «ата-анамыз солай тәрбиелеген соң қайтесің» деп, қазақ тілін үйренуге еш талпыныс танытпау, бұл аз дегендей «түсінісуге қиын болады» немесе «қазақ тілінде оқығандарды көріп жүрміз ғой» деп, балаларын орыс не ағылшын мектептеріне беру барып тұрған кері кетушілік болса керек. Өз ұлтының тілін білмеу дегеніміз – рухани мүгедектік, бейшаралық.
Тельман Нұрман, ұстаз.
* * *
… Болашақта Қазақстан қос тілді мемлекет бола алмайды. Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдері өз тілдерін білсін, білім алсын, дамытсын. Алайда мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Біз оны үйренуіміз керек.
Владимир Козлов, «Алға, ДВК» халықтық партиясы» қоғамдық ұйымы саяси кеңесі президиумының мүшесі.
* * *
Ана тіліне тіл тигізбе, киесі ұрар.
* * *
Ана тілің – көзің мен жаның.
Әділбек Жақып, Мәдениет қайраткері.
* * *
Ұлт рухын сақтау – сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады.
* * *
Тіл намысы – ұлт намысы, тіл тағдыры – халық тағдыры.
Фаузия Оразбаева, педагогика ғылымдарының докторы.
* * *
Тілімді өгейсітпеймін десең, өз тіліңде сөйле.
* * *
Тіліңді біліміңе қазық ет, Білімді өміріңе азық ет.
* * *
Ана тілің тұрғанда, Қорғанба, дос, қорғанба. Сен де адамның бірісің, Ана тілің болғанда.
* * *
Қазақ ұлы болмаса, Абай қалай ұлы болған. Сол Абайдың өзі де, Тілінің құлы болған.