Қазақстан Республикасының
білім беру жүйесін ақпараттандыру еліміздің даму стратегиясының негізгі
бағыттарының бірі, себебі ХХІ ғасыр – білім беру жүйесін ақпараттандыру ғасыры.
Кестелік құрылымдықұжаттармен жұмыс
істеуге арналған кең таралған құралдардың бірі Microsoft Excel болып табылады.
Ол сандық мәліметтермен жұмыс істеу үшін негізделген. Бұл тарауда біз Microsoft
Office 2000 программасының құрамына кіретін Microsoft Excel 2000
электрондықкестенің алғашқы ұғымдарымен
және жұмыс істеу тәсілдерімен танысамыз. Excel жай ғана программа емес, оны
көптеген математкалық амалдрды, күрделі есептерді жеңілдету үшін пайдалануға
болады.
Ыбырай Алтынсарин1841 жылы 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Затобол
ауданында дүниеге келген. Әкесі Алтынсары ерте өліп, атасы Балқожаның
тәрбиесінде болған. Атасы өз заманының беделді адамдарының бірі болған, заман
ағымын аңғарғыш, оқу - өнердің маңызын жақсы түсінген Балқожа би 5 жасар
Ыбырайды Орынборда ашылмақ болған, болашақ орыс- қазақ мектебіне жаздырып
қойды. 1850 жылы сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі- Ыбырай болған.
Тарихи танымы мен рухани дамуы есте жоқ ескі
замандардан бермен қарай сабақтасып жататын қазақ-қырғыз ұлыстарының ұлағат
биігінен орын алған ортақ мұралары туралы сөз болғанда, ойға оралатын
құндылықтар шоғыры адамзат өркениетінің өзекті бір бөлшегін құрайтынын
байқаймыз. Санадан туындайтын салт пен дәстүр, таныммен сабақтасатын тылсым
сырлы толғаулар жүйесі тоғысатын тұстарда да қазақ пен қырғыз жұртының рухани
үндестігі менмұндалап тұрады.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов(1835-1865
ж.ж)ХIX ғасырдың ортасында патшалық Ресейдің
Орта Азия мен Қазақстанды отарына айналдырып, бостандық пен рухани дамуымызды
тұншықтырып тастаған дәуірдежарып
шыққан ұлы тұлға. Ол география, тарих, этнография, лингвистика, салт-дәстүр,
этнос, тайпалар мен халықтардың тарихы, туыстығы, тамырластығы туралы,
сондай-ақ қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.
Қазақтың ұлы
ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов
отандық ғылым мен әдебиет тарихында үлкен орын алады.Оның қысқа да
жаркын өмірі мен ғылыми қызметі қазақ халқының көпғасырғы дамуының, рухани
ізденіністерінің тамаша қорытындысы, биік жалғасы болды, қоғамдық
ой-сана, пікір-тұжырым биіктей өркендеуіне
ыкпал етті.
Шерхан Мұртаза Қамалға арнаған бір хатында «жетпіс деген сөз Жет! Піс!
деген екі сөзден құралады, яғни жетілген шағың, піскен кезің деген рас-ау»,
деген ой білдіріпті. Иә, ол рас, мен бұл сөзге көңіл аудармаушы
едім. Осыны оқығаннан кейін маған бір ой келді. Мүмкін, әр санның өз мағынасы бар
шығар. Қазір ойланып қарасам, бұл дұрыс айтылған ұғым екен. Рас, бұл жасқа
жеткен де бар, жетпеген де бар. Шераға да осы жасқа жетіп қалыпты.
Шәңгерей – ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қалыптасып,
дамыған қазақ жазба әдебиеті өкілдерінің бірі. Ол Батыс Қазақстан облысының
қазіргі Орда ауданында, Жасқұс құмында – хан ордасында дүниеге келген. Жәңгір
ханның немересі. Ақын өзінің бір өлеңінде «Алпыс бөлме, жүз есік» көк орданың
ішінде дүниеге келгенін айтады. Әкесі Сейіткерей Шәңгерей бес жасқа келгенде
қайтыс болған. Бірақ жас Шәңгерей ауқатты ортада жетімдік көрмей өседі. Жасынан
оқып, білім алады.
Күні бүгінге дейін қазақ лирикасының тарихы мен жанрлық
табиғаты турасында сөз қозғағанда, қазақ лирикасын қалыптастырушылардың бірі
ретінде Абай дәстүрін жалғастырушы әрі ақындық мектебінің тікелей шәкірті
Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі ерекше ілтипатпен аталары рас. Оған басты себеп,
ақынның поәзиялық шығармалары ұлттық әдебиетіміздегі лирика жанрының көркемдік
биіктігін асқақтатып және қазақ лирика жанрын әлемдік үлгідегі туындылармен
қатарластыра алған поэзиялық қуаты мен ақындық мұратына қатысты еді.
Бүгінгідей түрлі мәдениеттер тоғысындағы жаһандану
үрдісіне бағыт бұрған заманда ұлтымыздың рухани өресін биіктеткен тұлғалардың
қалдырған мұрасына қайта үңілу оның тағылымдық мәнін қайта зерделеу – заман
тудырып отырған қажеттілік. Өткен ғасырдың күрделі кезеңінде өмір сүрсе де
ғаламдық ой таным дәрежесіне көтерілген Шәкәрім Құдайбердіұлының әдеби
мұрасының түп қазығы – «ақ жүрек», «таза ақыл», «адал еңбек» иесі түзу адамды
қалыптастыру, сол арқылы қоғамды түзеу.
...Жауыннан соң
байтақ даладан жамырай бері жүгіретін сансыз жылғалар Есіл өзенін жаз бойы
әлдерінше молықтырып жатады. Ақмоланың көшелерінен көтерілетін шаңнан
тұншыққан жұрттың еркін тыныстайтын жері де осы маң. Үнемі үстінен қызыл әскер
киімін тастамайтын Альвин Бимбоэстің де Ақмола политотделіндегі күндізгі
нұсқаушылық жұмысынан соң, хал-қадерінше дем алатын маңы осы өзен жағалауы...
Қазақ
елініњоқу мен өнерді үйренуініњ аса қажет
екенін насихаттап,халық
тарихына, ел-жұрттыњ тұрмыс
жаѓдайына баса назар аударѓан , сонымен бірге арѓы- бергі хандарымыздыңөмірбаянына үњіліп, бізге
шама-шарқыншажеткізген зиялы
ақындарымыздыњ бірі – ШәдіЖәњгірұлы.Ақын 1855 жылы Оњтүстік Қазақстан
облысыныњ Созақ жерінде д‰ниеге келген .
Көркем сөз өнерiнiң
көрнектi өкiлi, қазақтың ақтангер ақындарының бiрегейi, әйгiлi Шал ақынның
туғанына биыл 250 жыл толып отыр. Кейбiр газеттерде анда-санда шын
жанашырлықпен жарқ еткен қызғылықты мақалалар, арнаулар болмаса бабаның тойы
деп, бауыр тартып, дананың тойы деп дабыл салушылық бұл жолы бұйырмай тұр.
Шақшақұлы
Жәнібек (? – 1751) – жоңғар шапқыншылығы кезінде ел тәуелсіздігі үшін күрескен
атақты батыр, «Ақтабан шұбырындыдан» кейін босқан елдің басын қосып, азаттық
күресін ұйымдастырған, Бұқар жырау сөзімен айтқанда: «Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай, Қаз дауысты Қазыбек, Шақшақұлы Жәнібек, Ормандай көп орта
жүз, содан шыққан төрт тіректің» бірі. Мұның сыртында ол ауыздыға сөз бермеген,
қиянатқа жол бермеген әділ би, діни сауаты мол молда кісі болған.
Шерхан Мұртазаның қаламгер болып қалыптасуынабаспасөзде жұмыс жасаған кездері көп әсер
етті. Қалтай Мұхамеджановтың: «Шерхан Мұртазаны, басқаны қайдам, өзім ең әуелі
қазақ баспасөздері жаңа тұрпаттағы жаңа буынныңтөл басы редакторыретінде
таныдым»[1,63 бет] ,-деген сөзінен көруге болады.
"Қазақ әдебиеті
тарихының" төртінші томында ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби
процестерге талдау жасалға, ал бесінші томы осы ғасырдығ ІІ жартысына арналады.
Сол кезеңдегі әдебиеттің даму ерекшеліктері сарапталып, белгілі сөз
зергерлерінің мұралары қазақ әдебиеттану ғылымында зерттеліп келеді. Халық
әдебиеті мен жыраулар поэзиясы оның алдындағы құнарлы қабат ретінде алынып, ХІХ
ғасыр кезеңіндегі қазақ әдебиетінің жай-күйі және жаңа әдебиеттің өркендеу
жолына ұласу заңдылықтары ескеріледі.
Дүниеден Хамаң –
Хамит ақын Ерғалиев озғалы да бірнеше жылдың мұғдары болыпты-ау. Кейде
өзіңнен-өзің отырып таңғаласың: біртуар тұлғаларды күнде көріп, олардың лебізін
тыңдап жүргенде ондай адамдар ешқашан өмірден өтпейтіндей көресің. Оның үстіне
Хамит Ерғалиев сияқты кесек мінез, өр тұлға халқының махаббатына бөленіп
ортамызда жүре беретіндей көрінетін.
Әдебиетiмiздiң тарихында өзiндiк
орны бар белгiлi қаламгер Хамза Ықсанұлы Есенжанов қазақ халқына талай тың дүниелер
сыйлады. «Ақ Жайық» трилогиясы кезiнде
оқырманды елең еткiзген кесек туынды болатын. Ол қандай тақырыпта жазса да
оқырманын бей-жай қалдырған емес. Төменде ақын Әбу Сәрсенбаевтың 1979 жылы
қаламгер iнiсiнiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында жазған мақаласын стилiн сақтай
отырып оқырман назарына арнайы ұсынып отырмыз. Мақаланы редакцияға әкелiп
тапсырғанӘбекеңнiң жары — Райхан
жеңгей.
Алаш қозғалысының қайраткері, дәрігер, ұстаз, ғалым.
Мамандығы дәрігер бола тұрса да, қоғам өмірінің сан салалы мәселелеріне
араласқан көп қырлы дарын: саяси және қоғам қайраткері, тарихшы, табиғаттанушы,
тілтанушы, әдебиетші, ауыз әдебиетінің сирек үлгілерін жинап, насихаттаушы,
шебер аудармашы.
Франциядағы романтизм тағдырының
өзіндік ерекшелігі аталмыш жалпыеуропалық қозғалыстың XVІІІ-ХІХ ғасырлар
тоғысында пайда болуына және дамуына қоғамдық және рухани алғышарттар
қалыптастырған осы елде өзге ірі еуропалық әдебиеттерден, атап айтқанда, неміс
және ағылшын әдебиеттеріне қарағанда романтизмнің дүниетанымдық-көркемдік жүйе
ретінде толыққанды түрлеріне кейінірек қол жеткізуіне байланысты. Демек,
Франциядағы романтизмнің ұлттық тағдырының ерекшеліктерінің түп-тамыры осында
жатыр.
Мелеагр жөніндегі
аңыз ертеде грек жерінде мекен еткен әр халықтар мен рулардың әдеби мұраларында
сақталған. Оның қысқаша мазмұны төмендегідей суреттеледі:Олимпиялық
құдайларға аса бай құрбандық шалған калидондық патша Ойней, тек Артемиданы ған
назарына алмағандықтан, аң құдайы – сол елге қаhарлы жабайы қабан жібереді. Мейірімі жоқ, қаhарына мінген аң бүкіл Калидон төңірегінің
тозаңын шағарады, ағаштарды түбірімен жұлып, жүзімдіктер мен жеміс-жидекті
жапырумен болады, тіпті адамдарды да аямайды.
Қазақ
әдебиетінің тарихындағы ақтаңдақ беттердің бірі – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасырдың алғашқы ширегінде Торғай өңірінде қалыптасқан ақындық мектеп. Өзіндік
дәстүр ерекшеліктері бар бұл ақындық мектеп өкілдерінің шығармашылығы жөнінде
кеңес заманында сөз қозғау өте қиын болды. Олардың шығармалары ел арасында
жасырын түрде ғана айтылып жүрді. Мұның себебі – бұл ақындық мектептің
ұстаздары Уақ Жұмабай Шалабайұлы, Есенжол Жанұзақұлы, Сейдахмет Бейсенұлы,
Әбіқай Нұртазаұлы сияқты ақындар Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатовтың
ақындық жолындағы алғашқы ұстаздары еді.
Биылғы жыл халқымыздыңкөрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай,
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағыттыілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз
шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет
Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толған мерейлі жыл
Қай
заманда қазақ үшін ән өнердің ұшар басында тұрды. Көшпелілердің сахнасын
өлеңмен ашу ата дәстүрі болса, сол рухани азығымыздың өрісі өрлеп, өркендей
түсті. Сұлу саз, көркем сөз, асқақ ән дегенде, қазақтың сал-серілерінің
бейнелері көзге елестейді. Бұл орайда әңгіме қозғалса сексен көлі толқыған
аққулы өлке Есіл-Көкше еске түседі. Сол асыл өңірді әнмен көмкерген Сегіз сері,
Шал ақын, Нияз сері, Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай әндері халқымыздың
мәңгі өшпес рухани азығына айналды.
Ағылшынның әлемге аты әйгілі драматургы
әрі ақыны Уильям Шекспир 1564 жылы 23 сәуірде Эйвон өзенінің бойындағы
Стратфорд деген кішкентай қалада дүниеге келген. Оның әкесі айтарлықтай ауқатты
қала тұрғыны еді (саудагер болған, қала мэры болып да сайланған). Уильям Джон
Шекспирдің үшінші баласы еді, одан басқа тағы жеті баласы болған. 7 жасында
Уильям ең жақсы деп есептелетін грамматикалық мектепке барды (1571-1578), онда
латын және көне грек тілдерін үйренді.
Бұл – менің бұрын-соңды көрмеген де, естімеген де қаламгерім.Өлеңдері көзіме, дәлірек айтсам, көңіліме оттай басылды. Ойыма
қай-қайдағы оралды. Көз алдыма нелер келіп, нелер кетпеді?..
Сексенінші жылдардың орта тұсына таманырақ
Сәуле Тұрарқызы Рысқұлова Түлкібас ауданына келген. Жұртшылықтың жанарлары
жасаурап, жақсыдан қалған жәдігер ғой дегенді жүрекжарды ықылас-пейілдерімен
білдіріп жатты. Шынымызды айтайық, сонда Сәуле әпкеміз бізге біртүрлі
салқындау, селқостау сияқты сезілді. Сезімге берілмегендей, тым тебірене
қоймағандай, толғанысқа түспегендей көрінген.
Әрбір
дәуірдің елеулі, кезеңді оқиғаларын заманының белгілі ақын-жазушыларыдастан-жырларға, ойшылдары тарих-шежіреге
айналдырып, шеберлер сәулет өнерінде бейнелеп қалдырған.Тек
түркі халықтары мәдениетінің ғана емес, сонымен бірге бүкіл дүние жүзі
мәдениетінің тарихында елеулі орын алатын ондай ескерткіштердің мәні өте зор.
Сондай құнды рухани мұралардың қазақ жерінде де көптеп жасалғандығы біздің
халқымыз үшін үлкен мақтаныш.
Айтулы толғауды осы
бір жерден үзеріміз үзіп алып, әрі-сәрі күйге түстік. Көз жауын алардай
жауһарды сындырып алғандай, соның сіздерге тек бөлшегін ұсынғандай пұшайман
болдық. Осы бір жырдағы алабұртқан екпін, тау суындай күркіреген қарқын,
бірінен-бірі туындап, сытыла шапшыған бұла сөз толқын, буырқана бұлықсып
атқыған сезім серпіні үзуге, іркуге келер емес еді, көнер емес еді. Жыр жүйрік.
Апшы қуырған асау ағыс. Аяғына дейін жіберіп, ат басын ағытқан осынау бір
тұлпар шабысты тек тамашалай бергің келеді. Тамсана бергің келеді.
2001
жылы наурыз-сәуір айларында тарих ғылымдарының докторы Сейтқали Мадуан Оңтүстік
Қазақстан облысы Төле би ауданының және Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық
қазақ-түрік университеті басшыларының тапсырмасымен Мәскеу қаласында ғылыми
іс-сапармен болып қайтты. Сапардың басты мақсаты Мәскеу қаласының әлемге
әйгілі ірі мұрағаттары мен кітапханаларының қолжазба қорларынан Төле би туралы
жазба деректерді тауып, көшірмесін алып қайту еді.