Биылғы жыл халқымыздыңкөрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай,
Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағыттыілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз
шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет
Байтұрсынұлының туғанына 130 жыл толған мерейлі жыл.
Үкіметтің мерейтойларға байланыстықаулысына сәйкес 100, 125, 150, 175, 200
жылдықтар ғанатойлануға жатады. Осы
қаулыға салсақ, Ахмет Байтұрсынұлының 130 жылдығы жаппай аталып өтілмейді.
Алайда, кейінгі ұрпақ ұлы ғұламаныңтуған күнін жадынанешқашан
шығармасадейсің. Оның бір ғана жолы-
жыл сайын Ахаң атын атаусыз қалдырмау.Осыған байланысты С. Бегалин атындағы мемлекеттік республикалық балалар
кітапханасы балалар оқуының жетекшілеріне арнап жазылған "Ұлттың ұлы ұстазы”
атты әдістемелік құралынназарларыңызға
ұсынады.
А. Байтұрсыновтың портреті, кітап
көрмесі, мына эпиграф жазылған плакат: "Ахмет Байтұрсынұлы- ұлттық тарихымызда
ешкіммен салыстыруға болмайтын ерекше тұлға”.
Әбіш Кекілбаев
Көркемсөз
оқушы:
Адамдық диқаншысы қырға шықтым;
Көл жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым ектім,
Көңілін көгертуге құл халықтың.
А. Байтұрсынов
Өмірбаяншы
/1/ : А.
Байтұрсынұлының осы өлең жолдары оның бүкіл өмірінің эпиграфы іспеттес.
Ол - ақын,
жазушы, аудармашы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы, этнограф,
фольклорист, түркітанушы, әдебиетші, тілші, ғалым…
Оның
бүкіл еңбегінің мәнін бір ауыз сөзге сыйғызып айтар болсақ, ол басәріппенжазылған ҰСТАЗ, ХАЛЫҚ ҰСТАЗЫ.
Өмірбаяншы /2/: Ахмет
Байтұрсынұлы- қыры мен сыры мейлінше мол адам. Біріншіден, ол қазақ тілінің
тұңғыш әліппесі мен оқулықтарының авторы, соныдан із салған жаңашыл ағартушы.
Ол жазған мектеп оқулықтары 1914- 1915 жылдан1927- 1928 жылға дейін пайдаланылып келді. Қазақ оқушыларының
бірнешебуыны сауатын Байтұрсынұлының
"Әліп- биімен” ашып, ана тілін Байтұрсынұлының "Тіл құралы” арқылы оқып
үйренді.
Өмірбаяншы
/3/:
Ахмет Байтұрсынұлының жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек тіл білімі
саласындаемес, әдебиет тану саласында
да айтарлықтай болды деп санаймыз. Өткен ғасырдың II- жартысында- ақ халық ауыз
әдебиеті үлгілерін жинап, 1923 ж."Ер
Сайын” жырын Москвада шығарады. 1926 ж. "23 жоқтау” атты жинағы жарық көреді.
Бұл да қазақ ауыз әдебиеті үлгілері.
А.
Байтұрсыновтың "Әдебиет танытқыш” атты көлемді еңбегі- әдебиеттануғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған
тұңғыш зерттеу жұмысы…
Қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, әдістемелік арналары,
басты- басты терминдерімен
категорияларытүп- түгел осы кітапта
қалыптастырылған.
Өмірбаяншы
/1/:
Ахмет Байтұрсынұлы- ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері "Қырық мысал” , "Маса”,
"Үзік” деген аттармен 1912 жылдан1922
жылғадейін бірнеше рет жарияланған.
"Масаға” енген өлеңдер қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, қазақты шағуға
дайын тұрған жылан. Оның иесі аяқтары ұзын, сары маса болып ызыңдап, ұйықтап
жатқан халқын оятпақшы.
Көркемсөз
оқушы:
Ызыңдап ұшқан мынау біздің сары маса,
Сап- сары аяқтары ұзын маса,
Өзіне біткен түсі өзгерілмес,
Дегенмен қара яки қызыл маса.
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,
Қаққы жеп қанаттары бұзылғанша.
Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса?
Өмірбаяншы
/2/
Қазақ қоғамына рухани тәрбие берудерөлі
өлшеусіз және бүгінгі күні де осы қуатынан айрылмаған осы кітапшаға бағаны
қазақтың ұлы ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сөзімен бергеніміз жөн болар.
Көркем сөз оқушы:Сұлтанмахмұт бір үйге келіп отырып:
"Оқитын кітаптарың бар ма деп сұрағанда, оған үй иесі: "Маса” дейтін бірді
айтып бірге кететінбір қиссамыз бар”,-
деп, қолынаАхаңның кітабын беріпті.
Соған назаланған Сұлтанмахмұт "Тұтқындағы Байтұрсынның "Масасына” деген өлеңін
жазған екен /1914 ж/. Онда мынадай жолдар бар:
…Бағыңжоқ көр соқырдың көзі
алдында,
Мұңыңды жылап шақшы өз алдыма:
Гауһар тұрсын, айырып алтыныңды,
Аузына керек тас деп бір алды ма?
Өткірсің наркескеннің алмасындай,
Жүйріксің "полный ходтың” арбасындай.
Сен сұңқар, көңілі соқыр сенімен қас,
Өзінің болмады деп қарғасындай…
Сұлтанмахмұттың осындайбағасынан
кейін"Маса” жинағынақандай да болмасын пікір айтудың өзі артық
болардай!
Өмірбаяншы
/3/:
Қалай да халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсерету жолдарын іздегенақын ұлы Абай тапқан соқпақ орыс әдебиеті
үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсұнады. И. А. Крылов
туындыларын аударып, "Қырық мысал” деген атпен 1909 жылы Петербургте бастырып
шығарды.Мысалдардаәр түрлі аңдар, әр түрлі адамдар кейпінен
хабар беріп, ишаратұжырым жасалады.
Кісілердің мінезі, өмір ағысы, тағдыр сабағы, заман қабағына қатысты көптеген
жайттарды, әсіресе, патша отаршыларының зорлық- зомбылығы, жуандардың,
байлардың тепкісі, елдің азып- тозуына байланысты сарындарды А. Байтұрсынұлы
жұмбақтап, тұспалдап жеткізеді. Кейде ашық, дәл айтылатын ойлар да бар.
Көркемсөз оқушы А. Байтұрсынұлы аудармаларынан
бір мысал өлең оқиды.
Өмірбаяншы/2/: А. Байтұрсынұлына М. Әуезов былай баға берген: "Бір басында
сан салалы өнер тоғысқан, телегей- теңіз энциклопедиялық білім иесі, қайшылығы
мол тартысты ғұмырында қараңғы қалың елін жарқын болашаққа сүйреуден басқа
бақыт бар деп білмеген ірі тұлға, халықтың "рухани көсемі” .
Өмірбаяншы
/3/:
Қазақ халқының осындай біртуар азаматы қазіргі Қостанай облысы, Торғай
атырабындағы, Сартүбек деген жерде ел арасында беделді, қайратты кісі Шошақұлы
Байтұрсын шаңырағында 1973 жылы 18 қаңтарда дүниеге келген. Қалың қазақ ортасы,
қаймағы бұзылмаған сахара тұрмысы табиғатынан дарынды туған баланыңсезім дүниесін, ой әлемін тербеп, толқытады.
Әділетсіз өмірдің улы зары бала жүрегін он үшінде жаралайды. Әкесі Байтұрсын
мен оның інісі Ақтас аулына келіп кедей шаруаның басына қамшы үйіре берген орыс
оязыныңозбырлығынашыдамай, 1885 жылы 12 қазанда ояз бастығы
полковник Яковлевтің басын жарып жібереді. Мұның арты – дүние- мүлікті тартып
алу, түрме, абақты, Сібірге 15 жылға жер аударылу.
Өмірбаяншы
/1/ :
Ахаңның әкесі Байтұрсын өз руынан үкіметке арыз жазуғабілімі бар ешкімді таба алмаған. Сол уақыттта
оның Ахметке берген ақылы, өтініші: "Балам, мен, міне, үкіметке арыз бере
алмай, Сібірге айдалып кетіп бара жатырмын. Егер арыз берген болсам, үкіметтің
бастығы берген уақытыназайтар ма еді
немесе мүлдем қысқартып тастар ма еді. Сол себепті қандай қиыншылыққа ұшырасаң да, аш қалсаң да, жалаңаш, жалаң аяқ
жүрсең де, жататын орныңболмаса да,
қанша қорлық көрсең де, оқы, тағы да айтатын тілегім- оқы. Біздің үйде шешеңнің
жанында маған хат жазатын балам болсын” деген екен.
Өмірбаяншы /2/:
Табиғатынан аса дарынды туған талапты бала Ахмет 1882- 84 ж. әуелікөзі қарақты адамдардан өз үйінде хат танып,
артынан жақын жердегі ауыл мектебінен сауат ашады да, 1886- 1891 ж. Орынбордағы
мұғалімдік мектепте оқып, білім алады. 1895 ж. 1 маусымнан бастап мұғалім
болады. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы атырабында бала оқытады, өмір, тіршілік
күресіне араласады, әділет үшінкүреседі, жуандарға, байларға қарсылық білдіреді, патшаның отаршылық
саясатын айыптайды. 1901 жылдан бастап қолы бос кездерде өзі ізденіп, сан
алуан, кітаптар оқиды, әдебиетпен айналысады, оқу құралдарын жасайды, өлең –
жыр тудырады, фольлор нұсқаларын жинайды. Ел ішінде жас, оқыған, еркін мінезді
батыл ойшыл бедел- атағы өсе бастайды.
Өмірбаяншы
/3/:
1909 ж. 1 шілдеде полиция тыңшыларының жаласымен күйе жағылып, губернатор
Тройницкий жарлығы бойынша Қарқаралы екі класты училищесінің меңгерушісі Ахмет
Семей абақтысына алынып, сотсыз, үкімсіз, нақақтан- нақақ8 ай бойыазап- қорлық көреді
Көркемсөз
оқушы:
Абақтыда жатып құдай мен аруаққа сыйынған Ахмет Байтұрсынов:
… Я, құдайым! Аққа жақ!
Өзіңе аян- мен нақақ.
Мені ұстатып,
айдатып,
Зығырданды қайнатып,
Масайрасып, мәз
болып,
Қуанғанды өзің тап!…-
деп күйінсе де, осындай қиын ахуалда жеке бастың
дұшпанын жазалауды арман тұтпай, жаратушыдан өзінің туған халқының болашағын
нұрлы етуді жалынып сұрап былай деген еді:
…Аз күндікке алданып,
Аз нәрсеге жалданып,
Адасқанын алаштың
Түзу жолға түсір,
хақ!
1909
жылы Семей түрмесінде жатып, қазақ халқының болашақ рухани көсемі, міне,
осындай "тілекбатасын” айтқан
болатын.
Өмірбаяншы
/1/: Ақыры,
Қазақстанда тұру хұқынан айрылғандықтан, 1910 ж. 21 ақпанда түрмеден шығып,
наурыз айында Орынбор қаласына кетті. А. Байтұрсынұлы өміріндегібір белесті кезең – 1913- 18 жылдары Орынбор
шаһарында таза қазақ тілінде шығып тұрған газет- "Қазақты” редакциялап, жарыққа
шығарып тұруы. Оның бастап көтерген мәселелерінің бірі-қазақ халқын қорлап, тарихи шын атын
бұрмалауға наразылық болды. "Түрік баласы” деп қол қойған автордың мақаласында
"Қазақ- қазақ, қырғыз өз алдына қырғыз, бұлардың арасында ешбір ілік жоқ.
Түрікмен мен башқұрт қандай басқа болса, қазақ пен қырғыз да сондай басқа –
басқа ел”- деп тайға таңба басқандай, қазақтың өз алдына дербес жұрт екені
айқын да ашық айтылады. Осылай қозғалған қоғамдық пікір үдей түсіп, ақыры 1925
жылдың 15-19 сәуір күндеріқазақ АКСР-
нің жаңа астанасы Қызылорда қаласында Кеңестердің V съезі болып өтті. Сол
съездеА. Байтұрсынұлы
тағы бір ерлік көрсетіп, халқымызға өзінің ҚАЗАҚ
деген атын қайтарып, елімізді қазақтың Автономиялық Социалистік Республикасы
деп атау жөнінде ұсыныс енгізді. Кеңестер бұл ұсынысты бірауыздан қолдап, АКСР-
і деп атауға шешім қабылдады.
Өмірбаяншы 1917 жылы А. Байтұрсынұлы
газеттен кетіп, 1919 жылдың наурыз айына дейін "Алаш” партиясыныңжұмысына араласады,біршама адасушылық күй кешеді.Бірақ сол замандағы қым- қуат саяси күрестіңарасынан нақ жолынтапқан ол кейіннен Совет қызметіне белсене
араласты. Мемлекеттік қызметкер ретінде үлкен қызметтер атқарып, жас қазақ совет
үкіметініңбасшыларының бірі болғанА. Байтұрсынұлының басына бұлт
үйіріліп,бағы таюы даөз халқыныңбасына түскен ауыр күн, зұлматтарменастас болып келеді. Қазақстандағы бар билікті қолына алып,"Кіші октябрь” саясатын жүргізе бастаған Ф.
И. Голощекинніңбілек сыбана бір
көрінген тұсы- ұйып келе жатқан қазақ интеллигенциясын сүтше іріту еді.
1929жылдың 2 маусымында алғаш қамауға
алынған 30- ға тарта оқығандардыңалды
болып нысанаға, әлбетте, "рухани көсем” – Ахмет Байтұрсынұлы ілінді.