Все рефераты Казахстана Пятница, 12.09.2025, 08:15

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

В разделе материалов: 1592
Показано материалов: 1351-1380
Страницы: « 1 2 ... 44 45 46 47 48 ... 53 54 »

Заманымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің  XX  ғасырдағы биік шыңы — ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұланғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2444 | Загрузок: 5 |

Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1899 | Загрузок: 2 |

Мұхамбет-Салық Бабажанов (1834-1871) – туған халқы және оның ар-абыройы мен теңдігі үшін қайрат-жігерін аямаған, әділдік жолдан таймаған аяулы, білімді, зерделі азаматтардың бірі, публицист, ғалым-этнограф әрі экономист. Кеңес өкіметі кезінде мүлде атаусыз қалған М.Бабажанов есімі қазақ елі теңдік, азаттық алғаннан өз тұғырына қайта көтерілді.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 1082 | Загрузок: 0 |

Шәкәрім өзіне-өзі "Мұтылған” (ұмытылған – Ғ.Е.) деп ат қойған. Біздіңше, бұл псевдоним. Мәселенің байыбына барсақ, ақынның өзіне осылайша ат қоюында мән бар. Оның дәлелін "Мұтылғанның өмірі” деген толғау-өлеңнен табамыз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1085 | Загрузок: 4 |

Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны негізінен анықталып келеді. Бірақ әлі де белгісіз, дүдәмал тұстары бар. Ол әлі анықтала жатады деп ойлаймын. Мұстафа Шоқай сияқты қазақ тарихына ғана емес, бүкіл әлем тарихына із қалдырған адамның өмірбаяны ұзақ жылдар зерттеле түспек. Дауы да болар әлі, бауы да ( кейіннен анықталған жері деген мағынада) болар. Сондықтан да қазіргі белгілі материал­дарға негіздеп, өзім зерттеген, қоғамға таныс материалды өрбітіп, осы кезеңге байланысты айтып бергім келеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2614 | Загрузок: 1 |

Ататүрік былай дейді: "Мен үшін ең ұлы қорғаныс ұясы, ең ұлы көмек көзі - ұлтымның кеудесі. Сондықтан да мен ұлтымның кеудесін ешкімге бастырмау үшін барымды саламын!"
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1479 | Загрузок: 2 |

Кеңес кезінде "зар заман” ақындарының ішінде жеткіліксіз зерттеген ақындардың бірі – Мұрат Мөңкеұлы. 1940-50 жылдар арасында жарық көрген мектеп оқулықтарында енгізіліп жүрген Мұрат ақын 1947 жылғы атышулы қаулыдан кейін зерттеу объектісінен мүлде түсіп қалды десе де болады. Тіпті 1959 жылғы конференцияда Мұрат туралы арнайы баяндама болған жоқ. Осы конференцияның ұсыныстарында Мұраттың шығармашылығын орта мектепте оқыту қажетсіз деп саналсын, ал жоғары оқу орындарында әдебиеттің қайшылықта дамығанын көрсету үшін ғана аталсын деп айтылды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 5871 | Загрузок: 11 |

Сөз өнерi қазақпен егiз. Қызыл тiлдiң майын тамызып, қара сөздiң құдiретiн асқақтатқан ғасырлар қойнауынан тамыр тартқан Ақтамбердi, Мұрын, Бұқар секiлдi жырауларды айтпағанда, Ақаны мен Бiржаны, Сегiзсерiсi мен жаяу Мұсасы бар қазақтың ауыз әдебиетiнiң қатарында үкiлi бөрiктi, бүрмелi кәмшатты қыздары қаншама? Бұл қатарда «таңдайында өлеңнiң ұясы бар» екенiн дүйiм қазақ тамсана айтқан Ұлбике есiмi ерекше аталады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 858 | Загрузок: 0 |

Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көп қырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – "Көп жасағаннан көрген бір тамашамыз”, "Хал-ахуал”, "Сарыарқаның кімдікі екендігі” атты жыр жинағы жарық көрсе, "Миғраж”, "Хаятбақшы”, "Қорқыт”, "Гүлшат-Шеризат” деп аталатын қисса-дастандарын, публицистикалық этнографиялық еңбектерін, халық ауыз әдебиетін жинаудағы қыруар жұмысын атасақ та жеткілікті.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 9430 | Загрузок: 19 |

Махамбет өлеңдері өзінің жанр жағынан да зерттеушілердің айрықша көңілін аударуға тиіс. Оның кейбір өлеңдерін лиро-эпикалық түрге жатқызуға болады. Ол өлеңдерінде ақын өмір құбылыстарын Исатай бастаған шаруалар көтерілісімен байланысты тарихи шындық, өз қалпында суреттелсе, сонымен қатар оған өзінің көзқарасын, қатысын, ол жағдайды өзінің қалай сезінуін де көрсетеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3948 | Загрузок: 3 |

Махамбет Өтемісұлы – 1803 жылы Ішкі Бөкей ордасы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауд. Нарын құмының Жанқұс жерінде туған. – 20.10.1846, Қараой өңірі, қазіргі Атырау облысы Махамбет ауданында жерденген - қазақтың көрнекті ақыны, сонымен бірге 1836-38 ж. Исатай Тайманов бастаған шаруалар кетерілісінің жалынды жыршысы ретінде де мәлім, қозғалысты ұйымдастырушы тарихи қайраткер тұлғалардың бірі. Кіші жүздің Байұлы бірлестігі ішіндегі Беріш руының Жайық бөлімінен шыққан. Атасы Құлмәлі, әкесі Өтеміс те өз заманында айтулы тұлғалар болған. Құлмәлінің тұқымынан билер де, шешендер де шыққан.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1576 | Загрузок: 4 |

<font color="#ff69b4">Zox.KZ - </font><font color="#ff4500">Рефераты на казахском

Перейти на сайт <a target="_blank" href="http://zox.kz">http://zox.kz/</a>
</font>

Скачать / Подробнее | Просмотров: 957 | Загрузок: 0 |

Ақын Марат Отарәлиев. Жайсаң еді ғой. Онымен шүйіркелесіп сөйлесу, әңгіме-дүкен құру өзінше бір ғанибет. Осы бір асықтай ғана қатпа, қара жігіттің тал бойында қандай тартылыс күші барын қайдам?  Әйтеуір, адам баласына тым үйірсек, өте-мөте бауырмал. Екінің бірінің көзіне  әрдайым жылы ұшырайды. Ешкімді бөтенсіреп, шет қақпайды.  Біз сияқты сәл-пәл кірпияз, кінәмшіл болу тіптен бойға бітпеген.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 868 | Загрузок: 0 |

Ғасырлар бойы армандаған тәуелсіздіктің таңы атты, тарихшылардың жұлдызды сәті туды. Манаштың екінші тынысы ашылды. Ол, өз әріптестерімен бірге "Еркін көшкен елің қайда, ел қорғаны – ерің қайда” деді де, қолына қаламын алып, ереуіл атқа ер салып, сайын дала кезіп, үйдегі-түздегі архивке үңгей бойлап, өткен ақтаңдақтар ізіне түсті. Сөйтсек, "мінсіз таза теруерт су түбінде жатады, мінсіз таза асыл сөз ой түбінде жатады” екен.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1037 | Загрузок: 0 |

Мағжан Жұмабаевтың алғашқы өлеңдері ағартушылық сарында жазылды. Ол түсінікті еді. Мағжан өмір сүрген уақыт қаншалықты күрделі саяси, қоғамдық тақырыптарды алға тартқанымен, оның алдындағы Шоқан, Ыбырай, Абайлар бастап кеткен ағартушылық ой-пиғыл бұл кезең әдебиетінде басымдау жатты. Мағжан да Абай дәстүрінде жыр жазды, ұлы ұстаз үлгісін жалғастырды. Алғашқы өлеңдерінің бірін "Алтын хакім Абайға" деп атауының өзінен ақынның ұлы Абайды ерекше құрмет  тұтқаны сезіледі
Скачать / Подробнее | Просмотров: 14677 | Загрузок: 10 |

Профессор Шериаздан Елеукеновтің: «Әдебиет идеясы өмірден туындайды. Идеяны жеткізетін тіл. Ол суреткердің дүниетанымына сәйкес құйылады, саяси, философиялық, эстетикалық тұрғысына қарай өріледі. Тілі ғана пайдалы, басқасының мәні жоқ деуге келмейді. Әдебиеттің бір ғана таптың меншіктеуіне көне бермейтіні көркем идеяның тек саяси көзқарастан туындамайтындығында болса керек»,[1.б.5]-деген ойы поэзия әлемінде айрықша із қалдырған өзіндік үлкен өнер, өрнек тудырған, терең сырға, ұшқыр қиялға толы өлең дүниесін кейінгіге аманат еткен Мағжан Жұмабаев шығармаларын талдауға мұрындық болғандай.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 1794 | Загрузок: 2 |

XVIII ғасыр қазақ халқының қиын-қыстау заманы болды. Жоңғар, қалмақтың жан-жақтан қыспағы елді қатты күйзеліске ұшыратты. 1723 жылғы қайғылы да қасіретті «Ақтабан шұбырынды – Алқакөл сұлама» оқиғасы елдің еңсесіне батты. Қазақ елі бытыраңқылыққа ұшырады. Осы кезде халықтың басын қосып, қасына батырларды жинаған ер Абылайды айтпай кетуге болмайды. Жастайынан Төле бидің қолында өскен Сабалақ жорықтарға қатысып, ерлігінің арқасында елдің айбатты арыстанына айналды. Елжіреген жұрттың қамын ойлап, халықты ауызбіршілікке шақырып, елдің еңсесін көтерді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 14130 | Загрузок: 15 |

Мағжан  Жұмабаев поэзия әлеміндегі жарық жұлдыз, қайталанбас құбылыс. Оның қуатты, бойға жігер, жүрекке от беретін рухты үні, ізденістері мен жаңашылдығы қазақ әдебиетін ХХ ғасырдың басында-ақ Еуропа, орыс әдебиетінің биік деңгейіне көтерді. «Өлеңді музыкаға айналдырған, дыбыстан сурет тұрғызған, сөзге жан бітірген, жаңа өлшеулер шығарған» Мағжанның осындай қасиеттерін, ішкі шығармашылық құдіретін жұрттан бұрын байқаған әрі аса жоғары бағалаған Мұхтар Әуезов: «Мағжан мәдениеті зор ақын.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 6541 | Загрузок: 9 |

Жиырмасыншы ғасырдың басы — қазақ философиясының даму тарихы тұрғысынан әлі күнге дейін толық және терең зерттелмеген кезең. Бұл кезеңде әйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов сынды алыптар өмір сүрді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1530 | Загрузок: 4 |

Қазіргі кезде М.Әуезовтің бүкіл шығармашылық жолының өн бойында алашшыл көзқарастың созылып жатқаны жиі сөз болып жүр. Қаламгердің «Қараш-қараш оқиғасы», «Хан Кене», «Қилы заман» шығармаларынан ортақ ой-пікір жалғастығын, көзқарас сабақтастығын көреміз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1818 | Загрузок: 0 |

Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы "Абай жолы” романында жүзеге асты.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2837 | Загрузок: 12 |

Бүгін біздің қай-қайсымыздың да көңіліміздің төріне ықлым замандар қойнауынан мызғымастан мың жасаған айтулы Дастан мен ол жырлаған атақты Батыр тіріліп келіп отыр. Олар бізді тағы да тақуа тарихпен бетпе-бет қалдырып, арғы-бергімізді сарапқа салдырмақшы. Мұндайда уақыт пен кеңістіктің жік-шекарасының бәрі өз-өзінен ұмытылып, бәрімізді бір тектен өрбітіп, бір тамырдан тарататын түп бастауларға, түбегей бірлік пен түбегей тұтастыққа тереңдей үңілуге мәжбүрміз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1323 | Загрузок: 0 |

І.Есенберлин өз естеліктерінде "Көшпенділерді” жазғандағы себебін: „...қазақ халқының өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған. Көшпенді халықтар тарихтарынан айрылған сияқты. „Көшпенділер" – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі болып табылады" деп жан сырын ашады („Жан сырым" Ойлар, нақыл сөздер, естеліктер. Дайындаған А.Дүйсенбаев. Алматы, І.Есенберлин атындағы қор. 2001).
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1728 | Загрузок: 1 |

Лиро-эпостық яғни махаббат жырларында негізінен батырлық, ерлікті жырлаудан гөрі, екі жастың арасындағы шынайы махаббат, халықтың әдет-ғұрпы , салт-дәстүрі көбірек суреттеледі екен. «Қыз Жібек» жыры да солардан кенде емес. Олай болса бүгін біз  «Қыз Жібек» жырында кездесетін салт-дәстүрлерге, әдет-ғұрыптарға тоқталамыз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 7580 | Загрузок: 10 |

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3869 | Загрузок: 3 |

Әлемде әр халықтың  ұлттың  мақтанышына айналған перзенттері болады. Жүздеген жыл, бірнеше ғасырлар өтсе де талантты, бір тума азаматтрын елі ешқашан ұмытқан емес. Неміс халық-Гетесін, ағылшындар – Шекспирін, орыстар Пушкині мен Толстойын, қазақтар Абай, Әуезов пен Момышұлын ұдайы қастерлеп ұлағатты сөздерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келе жатыр. Сондай – сондай ұлы есімдердің арқасында, жан дүниесі басқа халықтарға да таныла бастайды.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 2104 | Загрузок: 4 |

Дулат пен Абай творчествосының танымдық, қоғамдық, көркемдік мәнін толық ұғыну үшін әдебиетте орнықтырған бейнелеу әдіс-тәсілдері, дәстүрлері, үлгі-өнегесі қалай жалғастық тапқанын арнайы қарастыруымыз қажет. Көркемдік дәстүр жалғастығы жайында Н.Келімбетов былай дейді: "Тарихи жалғастық - қоғам дамуының объективті заңдылығы екені мәлім
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1145 | Загрузок: 1 |

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі  – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4180 | Загрузок: 15 |

Антикалык әдебиет курсының пәні – көне грек және рим құлиеленушілік қоғамдарының әдебиеті. «Антик», «антикалық» деген термин «antiquus» деген латын сөзінен туған. Оның мағынасы «ежелгі, ертедегі, көне» болады. Антикалық әдебиет деп қазіргі біздің заманымыздағы жоқ әдебиетті атайды. Оны біз не үшін оқып білуіміз қажет? Біріншіден, антикалық әдебиет – Батыс Еуропа әдебиетінің бастауы. Грек және рим мәдениеті Еуропаның ежелгі өркениеті болып есептеледі

Скачать / Подробнее | Просмотров: 2256 | Загрузок: 3 |

Ұлттық мәдениетіміз бен әдебиетімізді, рухани өмірімізді тас қамауда, шынжыр қоршауда қадағалап ұстап келген коммунистік саясаттың қанды торының үзілуі елімізге тың серпіліс әкелді. Өткен тарихымызға, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің ойы мен қырына, даму тарихына ұлттық көзқараспен жіті көз тігіп, әдебиетіміздегі орны ойсырап тұрған тұлғаларды түгендей бастадық. Кешегі кеңестік империяның дәуіріндегі идеологияның ықпалынан толыққанды түрде айтылмай келген төл әдебиетіміздің қатпарларына ұлттық көзқараспен жаңаша пайымдаулар жасауға мүмкіндік туды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1383 | Загрузок: 2 |

Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2