Қызыл империяға құлдық ұрған аударма. Көшпенділер скачать
18.02.2010, 09:46
загрузка...
Қызыл империяға құлдық ұрған
аударма
(І.Есенберлиннің "Көшпенділер” трилогиясының орыс, ағылшын тілдеріндегі және орысша нұсќасы бойынша жасалған өзге
тілдердегі барлыќаудармаларын жарамсыз деп тану хаќында)
І.Есенберлин өз
естеліктерінде "Көшпенділерді” жазғандағы себебін: „...қазақ халқының
өткенінің тарихи анықтығы, оның мемлекет болып құрылуын батылдықпен бейнелеп
көрсету. Ең бастысы, бұл роман шаманизм философиясына қарсы қойылған. Көшпенді
халықтар тарихтарынан айрылған сияқты. „Көшпенділер" – әр түрлі бұрмалауларға тура жауап. Қазақтың
өз мемлекеті болған және біздің тарих өте көне әлемдік тарихтың бір бөлігі
болып табылады" деп жан сырын ашады („Жан сырым" Ойлар, нақыл
сөздер, естеліктер. Дайындаған
А.Дүйсенбаев. Алматы, І.Есенберлин атындағы қор. 2001).
Жарты әлемге аты мәшһүр "Көшпенділер” трилогиясы ел президентіН.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, „жалпы таралымы үш миллион данамен елу реттен аса шығарылып, қазірдің өзінде
отыз тілге аударылған». Әйтсе де, бұл – он жылдың ар жағындағы 1998 жылғы көрсеткіш. Содан бергі уаќытта осы күнге дейін
көпшіліктің
сұранысын ќанағаттандыру маќсатында трилогияның тек ќазаќша нұсќасы емес, өзге тілдердегі аудармалары да жылма-жыл сансыз таралыммен толассыз жарыќ көріп
жатқаны мәлім. Ќазір Р.Ибрагимбековтің сценарийі бойынша түсірілген осы
трилогиямен аттас „Көшпенділер" тарихи көркем фильмінің ғалам кинотеатрларына жол тартуы да бұл шығармаға деген бұған дейін де
сейіле қоймаған сұранысты еселей түскен.Міне, „Кочевникидің" бояуы кеппеген 2007 жылғы
басылымы да сөрелерде самсап тұр. Шығарылымның бәрі қолдан-қолға тиместен, дүкен сөрелерінде бетіне шаң түйірі түсіп
үлгерместен сатылып кетіп жатыр. Бұл жолғы басылымнан алып үлгермегендерге
келесі 2008 жылғы шығарылымды тоса тұруға тура келеді. Жалт-жұлт етіп алыстан
көз тартып, бұдан да көрікті болып тағы шығатынына 99 пайыз сенім бар. Олай
дейтін себебіміз, 2005 жылдың тамыз айынан бастап «Көшпенділер» трилогиясының
аудармаларының қазақ рухына келтіретін залалды тұстарын қанық бояумен көрсетіп,
беделі бар деген баспасөз беттерінде ауық-ауық жариялап келеміз. Халқының
тарихтан тартқан тауқіметіне табанды тосқауыл тосуға бас қосуға бүгінгі
тәуелсіз елдің зиялысында дәрмен жоқ екеніне көз жеткендей. Сонда да...
жабырқау жүрек, күз көңіл кей кеуделерде үміт оты өшпеген, бір пайыздың
шамасында шала-жансар, маздайды…
Мұхтар Әуезовтің "Аудармалар жөніндегі сын-пікірлердің аќауларының бірі тәуір
аудармалардың, тіпті жалпы аударманың тек бірбеткей көлеңке жаќтарын, сұрќай
пішіндерін ғана байќастырудан тұрады. …Аудармалардың жетістік жайларын көрмеу
немесе оны бағаламау бүкіл аударма теориясының игі және нәтижелі ќасиеттеріне
нұќсан келтіреді. …Ал ылғи тек кемістіктер мен кіналарды (сөз дереккөзде
осылай жазылған – Н.Р.) теріп айтылған
пікірдің өркендеген әдебиет ќозғалысына пайдалы әсері кем болмаќ” деген
пікіріне (Көркем аударманың кейбір мәселелері. Маќалалар жинағы.
Ќұрастырған Ќ.Жармағамбетов. Алматы, 1957) орала
отырып, маќсатымыздың бірбеткей "ќате іздеуден” ќұралмайтынын және о баста
«қате іздеу» дегеннің тіпті ойда болмағанын, керісінше, мұның бәрі тек ізгілік
іздеп, ағылшын тіліндегі ономастикалық атаулардың жазылу үлгісін өз қажетімізге
жаратамыз ба деген игілікті бастамадан бастау алатынын айта кету ләзім деп
білеміз. Сондықтан, ізгіліктен күдер үзбей, алдымен мысалды белгілі қаламгер М.
Симашконың аудармашылық шеберлігін танытатын тұстардан алайық:
"Төрт жыл ќалада оќыдым, ата. Жас адамға төрт жыл төрт күнмен тең ғой…
Ал маған… Әлде мен сондай сары уайымшыл болып тудым ба, төрт жылым төрт жүз
жылдай ұзаќ соќты… Егер адам ойы теңізге айналар болса, менің ойымнан бүкіл
дүниені ќоршаған тірі пенде жүзіп өте алмас мұхит пайда болар еді…”
[517-б.] дегенді "Я четыре года
проучился, дедушка. Может
быть, уродилсятаким беспокойным, но они
мне казались длиннее четырех жизней. Если бы мысли были водой, то я давно бы
захлебнулся в том океане, который окружает меня” [489-б.]
деп береді. «...Сан ерлер «әттеген-ай» деп қара жерді қаба құлады»[260-б.] дегенді «Тысачи людей проклиная час
своего рождения, отдали в этот несчастный день Богу душу»
[249-б.] деп, біршама еркіндікке салып жіберсе
де, шоқ-шоқ
ойларды жалпы сәтті жеткізеді
(мысалдар ағ.т. [520-б.], [269-б.] орысшасына ұқсас).
Аудармашыға бұл өзінің жазушылық шеберлігінен берілетін жеңілдік. «Кочевники»
мен «The Nomads» бойынша мұндай оң
нәтижелерді көбіне қазаққа келіп кетер ештеңе жоқ жерлерден кездестіріп отыруға
болады. М. Симашконың жазушы ретінде қаламы ұшты ұста екеніне
талас жоқ, бірақ осы шығармада ол өз шеберлігі мен күш жігерін саясат
тұрғысынан «сапалы» туынды жасап шығаруға сарп еткен.
Мәтін жүйесі саќталмағандықтан, трилогияның орыс тіліндегі аудармасын қазақшасымен салыстыра оќу өте ќиын,
түпнұсқада кездескенбелгілі бір ойды
«аудармасынан» бір жерде болмаса, басқа бір жерде кездесіп қалар деп, көп
іздеуге тура келеді. Іздегеніміз бірде табылғанмен, бірде табылмайды. Сырын ұға
келе, кейде «мұндайды аудармадан табу неғайбыл» деп болжам жасай беруге де
болады. Іздегеніміз табылған күнде кейде кей ұқсастықтарымен бастапқы қалпына
тек жобасы келетін, не болмаса тіпті жобасы келмейтін күйде, не болмаса мүлде
кері көріністе кезігіп жатады. Аудармашы өзінің аудармашылығынан гөрітырмашылықты емес, жазушылықты ,
жазушылығына басып кете беретіндіктен, өзгеге ұнамайтын сөйлемдер,
түйдек-түйдек ойлар, тұтас-тұтас беттер (деуге болады) көзден ғайып, көңілден
таса кете барады.
Кеңес
тұсында Кремль ұстанған саясат тұрғысынан аудармаға анау-мынау, жеңіл-желпі
жасалатын «түзетулерді» ерсі көрмесек те, кімде-кімнің тарапынан болмасын, дәл
мынадай қарекетке бару бүтін бір ұлттың болашағынан үмітін үзген, атап
айтқанда, аударманы салыстыра зерттейтін сауаты бар бір жанның халық арасынан
шыға қоймасына сенімі кәміл қаскөйдің ғана қолынан келер шаруа ма дерсіз.