Шақшақұлы Жәнібек батыр Төле биге: "Түзу мылтық, ұшқыр құс,
жүйрік ит, мақтаншақ жігіт, ұрыншақ ат – бесеуін жиып қойдым. Боз бала болып
ерлік қылайын ба? Үлгі алып, билік құрайын ба? Елінде кәрің болса – жазулы
тұрған хатың. Жайлаған көліңнің алдында төбе болса – ерттеулі тұрған атың деуші
еді, ақыл сұрайын деп келдім”, - дейді.
Әлібекұлы Төле би (1663-1756) - қазақтың Тәуке, Болат,
Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан
аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «БИлер кеңесінің»
мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар
кодексін шығарушылардың бірі. Шыққан тегі Ұлы жүздің Дулат тайпасының Жаныс
руынан. Шежірешілер «тоғыз ұлды Құдайберді әулетінен Төлеге дейін бай да, би де
шықпаған. Олар «қарашоғыр» атанған қара шаруа болған» деген дерек береді.
Тоқтар Әубәкіров туралы мақала жазамын деген
ой үш ұйықтасам түсіме кірген емес. Биылғы Баспасөз күнін "Егемен Қазақстанның”
ұжымы Қосшы ауылының іргесіндегі Нұра өзенінің жағасында қарсы алды. Сонда
сөзден сөз шығып отырып, әңгіме қазақтың тұңғыш ғарышкері, Халық Қаһарманы
Тоқтар Әубәкіров туралы да өрбіп кетті. Бір топ журналист Тоқтар туралы әлде
аңыз, әлде ақиқатқа бергісіз біраз жайдың басын шалғанбыз.
Халық
ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел
аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша
орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт
тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан
толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене
жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы
бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр.
Бұл жұмысым Қазақстаннның Ресейге
қосылғаннан кейінгі болған түрлі көтерілістердің бірі - Сырым Датұлының
1783-1797 ж. көтерілісі туралы жазылған. Негізгі мақсат осы тарихи оқиғаның
маңызын, негізгі ерекшеліктері мен сипатын айқындап көрсету. Сырым көтерілісі
қазақ шаруаларының сол уақыттағы мүшкіл күйіне сәйкес, отаршылдыққа және қазақ
ақсүйектерінің қысымшылығына қарсы күрес ретінде ерекше сипат алды.
Солтүстік
Қазақстан облысының Уәлиханов ауданында туған. Торайғыровтың 3 жасында шешесі
қайтыс болып, 6 жасына дейін әжесінің тәрбиесінде болды. Кейін әкесі екі ұлымен
Баянауылға көшіп, Торайғыр кентіне таяу жерге қоныстанды. Торайғыров алғаш
әкесінен ескіше хат танып, 13 жасынан Мұқан, Әбдірахман, Тортай деген
молдалардан дәріс алды.
Сұлтанбек Қожанұлы -
қазаққа, жалпы түркі жұртына айтулы еңбек сіңіріп, өшпес із қалдырған ірі
тарихи тұлға. Ол алаш қайраткерлерінің аға толқынына жас шағында қолғанат,
есейген уағында қамқор болды. Кеңес заманында басшылық орындарда отырып, Ахмет
пен Міржақып бастаған ұлт зиялыларына ешкімнен тайсалмастан қызмет берді. Сау
басына сақина тілеп, Мағжан Жұмабайұлының өлеңдер жинағына алғысөз жазып,
баспадан шығартты.
Жамақұлы Бейбарыс (1223-1277) – түркі әулеті Бахриден
шыққан мамлюктердің Египетті билеген төртінші сұлтаны. Оны тарихи шығармаларда
Бейбарыс, Бибарыс деп те атайды. Оның шыққан тегі – қыпшақ. Бірақ қай жердің
қыпшағы дегенге келгенде әр түрлі деректер айтылып, бірі – Хорезм, Дербент
қыпшақтарынан десе, екіншілері маңғыстаулық еді дегенді айтады. Соңғы
зерттеулер бұл дүдәмалдықтың түйінін шешіп, Бейбарыстың қыпшақ тайпасының Беріш
руынан шыққан атақты әулеттің тұқымы екені анықтауға мүмкіндік берді. Араб
елдерінің «Мың бір түнмен» қатар қоятын халық романы – «Бейбарыста» оның әкесі
Жамақ, шешесі әйек деп, олардың нақты есімдерін атап көрсеткен
Сүйінбай ақын Алматы облысының Жамбыл ауданы,
Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны,
айтыс өнерінің шебері. Аронұлы Сүйінбай (1815 - 1898) – қазақтың әйгілі ақыны,
айтыс өнерінің майталман жүйрігі. Туып өскен жері Алматы маңы, Жамбыл ауданына
қарасты Қарақыстақ елді мекені. Осы өңірден топырақ бұйырған. Шыққан тегі Ұлы
жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Шежіре дерегі бойынша арғы атасы
Күсеп дәулескер қобызшы болған. Күсептен Арон, одан Сүйінбай туған. Сүйінбайдан
туған Малыбай, Бағыжан, Жетібай есімді балаларының ұрпағы өсіп өнген.
Қазақ тіл
білімінің туып, қалыптасуы, дамуы бүгінгі кемелденген шағына жетіп, биіктерге
көтерілуі оның ірге тасын қалап, қазақ тілін ғылым ретінде қалыптастырған
ардақты есімдермен тығыз байланысты. Қазақ тіл білімінің тарихында оның ғылыми-теориялық
негізін салған ғалымдардың әрқайсысының орны ерекше.
Жиырмасыншы жылдары қоғамдық өмірде болған
түбегейлі өзгерістер, жаңа заман дамуының қарқындылығы, тарихи оқиғалардың
жедел ауысып отыруы Сәкен поэзиясында сол дәуір бейнесін берерлік екінші образ
— жүйрік пойыз-экспресті тудырды. "Біздің тұрмыс — экспресс" деп
жырлады ол.
Әлемдi билейтiн - сөз, сөздi билейтiн - ақын.
Талантпен, талғаммен қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу -
қиынның қиыны. Азаматтық жоқ жерде ақындық та жоқ.
Әлемдi билейтiн - сөз, сөздi билейтiн - ақын.
Талантпен, талғаммен қоса табандылықты, азаматтықты қажет ететiн ақын болу -
қиынның қиыны. Азаматтық жоқ жерде ақындық та жоқ.
Серілер поэзиясы туралы ойларын
тереңдету, серілерге тән ортаққасиетті
танып-білу, Сегіз серінің өзіне ғана
тән қасиеттерін ерекшелеу, ажырату. Өңдеріменжәне оған шығарылған әндерімен таныстыру.
Сәбит
Мұқанов – қазақтың әйгілі жазушысы, қазақ әдебиетінің көрнекті қайраткері,
Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.Оның
есімін жалпы қазақ оқырманына кеңінен танытқан «Сұлушаш» дастаны, «Адасқандар»
романы осы кезде өмірге келді. Осыларға жалғаса жазылып, бірінен кейін бірі
жарық көрген «Майға сәлем» (1933), «Советтік армия» (1934) атты өлеңдері, «Ақ
аю» поэмасы (1935), «Жұмбақ жалау» романы (1938) және осылар тәріздес толып
жатқан шығармалары қазақ әдебиетінің дамуында ерекше рөл атқарады.
Мұқанов, Сәбит Мұқанұлы (1900-1973) – қазақтың
әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі.Туған
жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген
жер.
1927 жылы Түркістан
ауданы, «Комсомол» колхозында қызмет істейді. ҚазКСР Оқу халық комиссариатының
жоғары оқу орнында даярлау курсын,Ленинградтағы философия және тарих институтын
бітіреді. «Лениншіл жас» және «Ленинская смена» газетінің әдебиет бөлімдерін
басқарды. «Лениншіл жас» газеті редакторының орынбасары әрі Алматы жоғары
ауылшаруашылық мектебі философия кафедрасының ассистенті болды.
Сарыбаев Болат
(1927-1984) – музыкатанушы,өнертану
кандидаты.Құрманғазы атындағы Алматы
мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық
аспаптар кафедрасында дәріс берген, бірмезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу
жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрліхалықтардыңтөртжүзгетаман музыкалық аспабын қамтиды
Қоғамды қозғайтын,
адам санасын өзгертетін тұлғалар болады. Олар өзінің қатарынан, заманынан озық
туады. Өткен ғасырдың алпысыншы – сексенінші жылдарының арасы қазақ
руханиятына дарындыларды үйіп-төгіп беріп-ақ еді. Өкініші, солардың көбінің
ғұмыры қысқа болды. Орыс әдебиетінің бағына туған Писарев секілді құйрықты
жұлдыздай жарқырап жанып, ағып түскен жарықтарымыздың бірі – қазақ мәдениеті
мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосып кеткен асылымыз
Сағат Әшімбаев еді.
Кейіпкерлердің тілдік
мінездемесін бір – бірімен салыстыра талдау, табиғат суретін, кейіпкерлер
портретін жасаудағы автор шеберлігіне нақты мысалдар келтіріп талдау жасау.
Ғалым Б. Шалабаевтың пайымдауынша "Қай жазушының болмасын шығармаларының тілін
талдауда жүзеге асырылуға тиіс маңызды шарттардың бірі – салыстырмалы талдау
жүргізу...
Иә,
баспасөз беттерінде жазылып жүргенімен басы әлі ашыла қоймаған бұл мәселелерге
байланысты не айтуға болады? Ақын
1833 жылдың тамыз айында Петербургтен шығып, Мәскеу, Қазан, Симбирск қалалары
арқылы 18 қыркүйекте Орынборға жетеді. Мұнда оны губернатор В.А. Перовский мен
Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г.Ф. Генс қарсы алады.
Өтеген батыр Өтеғұлұлы (Мүйізді Өтеген) (1699-1773) – XVIII
ғасырдың І жартысында жоңғар басқыншылығына қарсы күрескен батыр. Ұлы жүздің дулат тайпасынан шыққан. Бабасы Сырымбет 1635 жылы
Ойрат ханы Батырдың 50 мың әскеріне қарсы соққы берген Салқам Жәңгірдің сапында
ұрысқа қатысқан. Өтеген батыр 15 жасынан жоңғарларға қарсы соғысқа қатысып,
қазақ елінің түстігін, Жетісу мен Шығыс Қазақстан өңірін жаудан азат етуге зор
еңбек сіңірді.
Ғалымдар
Қайта өрлеу дәуірінРенессанс деп
атайды, өйткені бұл кезеңде антикалық дәстүрлер қайта жаңғырып,ғылым мен мәдениетте,әдебиетте өрлеу, өркендеу байқалды.
Ренессанстың алғашқы ғалымдары мен жазушылары, философтартүркіойшылдары еді. Олардың Ренессансы ІХ-Х ғасырларда-ақбасталды, Европаға Ренессанс бірнеше ғасырдан
кейін келді
Антик құл
иеленушілік қоғамның ыдырауы бір кезде Рим империясымен біріккен Солтүстік
Америка және Орта Азиядағы сансыз көп тағы тайпалардың көшуіне жол ашты
(ирландықтар, славяндар, арабтар, монғолдар, түріктер). Осы тайпалардың
негізінде орта ғасырлық феодалдық мемлекеттер және қазіргі заманның европалық
халықтары құрылды.
Олжас
Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби
атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький
атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады. Тұңғыш
өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді.
Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов
есімін әлемге паш етті.
Қазақстанда ресми түрде
Наурыз 1988 жылдан бері тойланып келеді. Бұл мерекені Шығыс елдері Өзбекстан,
Қырғызстан, Ауғанстан, Тәжікстан, Пәкстан ерте кезден өткізеді. Бұл мереке табиғат пен адамның үндестігін көрсетеді.
Наурыз күн мен түннің теңелген күні. Көктемгі күн тоғысы наурыз айының 21-нен
22-не ауысқан түні болды. Осы уақыттан бастап күн ұзарып, түн қысқарады.
Қазақ елінің, қазақ
жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайып замандарда әсіресе
қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап
қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта
басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық
тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе
біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды.
Дулатов Міржақып (1885 жылы, қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы –
1935 жылы туған, Карель АКСР-ы (Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы),
Беломорск ауданы, Сосновец темір жолы стансасында жерленген, 1996 жылы еліне
әкелініп, қайта жерленді) – көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам
қайраткері. 1920-жылдардың бас кезіндегі
қазақ мәдениеті мен әдебиетінің көнкеті өкілі.
1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат»
атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің
бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет
сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең
түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған,
сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар
болатыны бар» деп жазды.