Олжас
Сүлейменов 1936 жылы Алматы қаласында әскери қызметкердің отбасында дүниеге келген. Алдымен әл-Фараби
атындағы Қазақтың ұлттық университетін, сонан соң Мәскеудегі М. Горький
атындағы Әдебиет институтын бітірген. Орыс тілінде жазады.
Тұңғыш
өлеңдер жинағы "Арғымақтар" 1961 жылы жарық көреді.
Осы жылы шыққан "Адамға табын, жер, енді" поэмасы О. Сүлейменов
есімін әлемге паш етті.
"Нұрлы
түндер" (1962), "Шапағатты шақ" (1964), "Мешін жылы"
(1967), "Қыш кітап" (1969), т.б. өлеңдер
жинақтары жарық көрді. Оның таңдамалы шығармалары қазақ
тіліне аударыльш, "Атамекен" деген атпен басылып шықты (1986).
Ақынның
балалық шағы қаһарлы соғыс кезіне тап келген. Бүкіл ел басына түскен
қиыншылық, ауыр жылдар оны ерте есейтеді. "Атам қырық
төртінші жылы көкірек ауруынан қайтыс болды. Жастығының астынан қиын-қыстау
қаралы күндері жесін деп маған сақтаған бір үзім
қара нанды тауып алдық", — деп ақын өзінің
балалық шағын еске алады.
Оның
жастайынан кітаппен достасуы, көп уақытын кітапханада өткізуі
зерттеушілік қабілетін шыңдай түседі.
1961
жыл жас талапкер үшін әдеби ғарышқа самғау жылы болды. "Арғымақтар" және
"Адамға табын, жер, енді" атты жинақтары жарық көріп, бүкіл жұртты
елең еткізді. Қай тақырыпта сөз қозғаса
да, Олжас туындылары өткір тартысқа құрылып
отырады. Осыдан келіп ақынның биік азаматтық үні,
белсенді позициясы анық байқалады. Өзіндік асқақтық, шынайылық, сезім астасуы, ойнаңылыққа
ойыса білу, т.б. ерекшеліктерімен көзге түседі.
Лирикалары. О. Сүлейменов қазақ
өлеңіне өзіндік өткір тартыс, сезім күрделілігін әкелумен бірге, оның уақытқа және кеңістікке тән аясын кеңітудің
үлгісін көрсете білді. Ол лаулаған алауды, ұшқынды сүйеді. Туындыларының өне бойында — далада да, тауда да, ежелгі керуен
сүрлеуінде де — лаулаған алау. Оны:
Қария
тарих — қаптаған жалын
Лап
етіп жанған түздерде,
Алауға
атам қақтаған жанын,
Аңызы
қалған біздерге, — деген өлең
жолдарынан анық байқауға болады.
О.
Сүлейменов өлеңдерінен ("Семсер" аударған Қ. Мырза Әли)
ақындық арыны, екпіні анық көрініп, оқырманға ой тастар шабытты жолдар арқылы өріле
суреттеледі.
...
Жаным, жігер,
Жарқылдаған
от болсын!
Сілтегенде,
қайзаламай
Қақ
бөлсін...
немесе:
...
Ұшқын шоққа толып кетсін құшағың
Ол
— құрыштың,
Ол
— алмастың нышаны, — деген жолдардың өзі оқырманды жігерлендіре
түседі, қуатты күш береді.
Олжас
— қазақ ақындарының ішінде саяхатқа ең көп шыққандардың бірі.
Ол Азияда, Таяу Шығыстағы араб елдерінде, Еуропада, Америкада, т.б. елдерде
болды. "Кешіп келем, кезіп келем, кезіп келем, шым-шытырық
жолдарыңмен", — деп үн қатады ол Жерге.
Ақын
Америкадағы Небраска штатында
"Жайылма
жазирасы — тікен шеңгел.
Аптап
күн төмпе томар бүккен белдер" — десе,
Бербери
аспанының аясында:
Виллиондар
мыңғырған,
Шытырман
шымылдықтай жағасында
Мұхит
ышқына шыңғырған, — деп Африканың шетсіз-шексіз кеңістігін көрсе, Эгей
теңізінде:
Гекзаметр
өлеңдей алыс ұзақ
Жол-шумақтар
барады шыған ұзап, — деп жырлай келе:
Түйелер
елсіз-күнсіз шөл өлкеде
Маң-маң
басып жоқ болады көлеңкеде, - деп Сахарадағы көргендерін түйіндейді. Олжас
поэзиясының басты қаһарманыЖер
шежіресіне үңіледі:
Қазып
қалшы күрегіңмен жер бетін,
Табасың
сен көшпелі елдер бабасын.
Қарғап
өткен қаніпезер жеңдетін,
Бабалардың
нәлет сөзін табасың,
Тек
қарғыс па? Үміт отын табасын, - деп сұрақ қоя
отырьш, жауап қайтарып, ол болашаққа аттанады:
Жылдар
өтер табысар адам баласы,
Қыл
өтпестей тату больш арасы... — деп, көрегендік танытьш,
азамат ұрпағын бірлікке, татулыққа
шақырып, философиялық ой толғанысын білдіреді.