Все рефераты Казахстана Пятница, 12.09.2025, 18:20

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақ әдебиеті

Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин өмірбаяндары

Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин өмірбаяндары скачать

20.02.2010, 22:11
загрузка...

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1835-1865 ж.ж)ХIX ғасырдың ортасында патшалық Ресейдің Орта Азия мен Қазақстанды отарына айналдырып, бостандық пен рухани дамуымызды тұншықтырып тастаған дәуірде  жарып шыққан ұлы тұлға. Ол география, тарих, этнография, лингвистика, салт-дәстүр, этнос, тайпалар мен халықтардың тарихы, туыстығы, тамырластығы туралы, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген ғылыми еңбектер жазды.

Шоқанды өз халқының тарихы, қоғамдық құрылымы, саяси өмірі, білімі, кәсібі, имандылық қасиеттері әр уақытта толғандырды. Бұлар оның шығармаларының өзекті тақырыбы болды. Ол өз халқын сүйді, оның болашағына сенді, мақтан тұтты.

Шоқан өз халқының азаттыққа жетіп, білім алуын армандады.

Қазақ өлкесін округтерге  бөліп, басқарудың жаңа түрін енгізу іске асырылғаннан кейін де, Шоқан басқару  ісіне өз халқының өкілдерін араластыру арқылы аз да болса оның саяси-әлуметтік жағдайын жеңілдетүді ойлады. 1857 ж. Жарияланған «Баянауыл округі туралы» деген мақаласында округтерді басқару үшін қазақ халқының мұң-мұқтажын өзгеден гөрі жақсы түсінетін қазақтарды қою қажеттігін дәлелдеп жазды. Бірақ, оның бұл әрекетінен ештеме шықпады.

Уәлиханов қазақ округтерінің басында білімді сұлтандар тұрса, қоғамда әлеуметтік орнар еді деп үміттенді. Сондықтан да 1862 ж. Атбасар округі бойынша сұлтан болып сайлауға өз кандидатурасын ұсынды «... ойлағаным – оқыған билеуші сұлтанның қандай пайдасы болатынын жерлестеріме өз ісіммен көрсетү еді», - деп жазады. Бірақ Шоқанның ізгілікті ойы іске аспай қалды. Патша әкімшіліктері оның аға сұлтан болуына кедергі жасап, сайлатпай тастады. Отаршылдық саясат жүргізүші, патша өкіметі билеп тұрған мешеу қоғамда әлеуметтік әділеттік болуы мүмкін емес. Алайда Шоқан Уәлихановтың қазақ қоғамында әлеуметтік теңдік орнату, демократиялық өзгерістер енгізу, халық мүддесіне сай келетін  реформаларды іске асыру, білімге, прогресске жеткізу туралы ойлары өзінен бұрынғы және сол кезеңдегі ұлы ойшылдардың көзқарастарымен ұштас, үндес болды. Сондықтан да оның ғылыми тұжырымдары мен болжамы бүкіл адамзат жасаған қоғамдық ойдың озық үлгісі болып табылады.

Ш.Уәлихановтың терең ғылыми мұраларының құндылығы қазіргі кезде де маңызын жойған жоқ. Өз халқының болашағы үшін ой кешіп, аянбай еңбек етіп, аз ғұмыр жасаса да, келешек ұрпақ үшін қоғамдық ғылымда озық ой-пікір қалдырған Шоқанның ұлы тұлғасы әр уақытта жоғары тұрады.

Адам және қоғам туралы ұлттық ой-пікірге үлкен үлес қосқан ағартушы педагог, ақын, жазушы

 

Ыбырай (Ибраһим) Алтынсарин (1841-1889).Ы. Алтынсарин 1841 ж. 20 қазанда қазіргі Қостанай облысының Алтынсарин аудананда дуниеге келген. әкесі Алтынсары ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.Балқожа өз заманының беделді адамдарының бірі болған. Заман ағымын аңғарғыш. Оқу өнердің жолын түсінген ол 5 жасар Ыбырайды Орынбрда ашылмақ болашақ орыс-қазақ мектебіне жаздырып қояды. 1850ж сол мектеп ашылғанда түскен 30 қазақ баласының бірі-Ыбырай еді. Ол бұл мектепті 1857 ж «өте жақсы» деген бағамен бітіреді. Содан кейін екі жылдай өз елінде тілаштық қызмет атқарады. Осылайша өз бетімен оқудың нәтижесінде білім қорын едәуір  молайтқан Ыбырай өзінің болашағын тілмәш болудан емес, халыққа пайдалы қызмет істеуден іздейді. Сөйтіп мектеп ашу мақсатымен 1860 ж. Ол Торғайға  ауысады . бірақ  жергілікті орындардың жәрдемі жеткіліксіз болып мектеп ашу ісі біраз созылып кетеді. Соған қарамастан ол ел ішінде  мекткптің пайдасын түсіндіріп, жұрттың оқуға ынтасын арттыру үшін біраз баланы өз үйінде оқытады. Ыбырайдың арман еткен мекткбі Торғайда 1864 ж. ғана ашылады

1876 ж. Ыбырай Петербург, Қазан қаласына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушыларының еңбектерін зерттейді. Соларға еліктеп қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды.

1879 ж. Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол жаңа үлгідегі мектептер ашу ісімен айналысады. 1879-1883 ж. Арсында Торғай обл.-ң 4- уезінде уездік мектептер ашады.

Қазақ халқын мәденетке үндеп, халық ағарту мәселесінде көп еңбек еткен қазақтың тұңғыш педагогі, әрі ақын, әрі жазушы Ыбырай Алтынсарин 1889 жылы ауыр науқастан қайтыс болады.


загрузка...
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2358 | Загрузок: 6 | Рейтинг: 0.0/0
Тут вы можете

скачать Шоқан Уәлиханов пен Ыбырай Алтынсарин өмірбаяндары

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2