Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы
отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі,
бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да
туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде
жүреді. Ақын сөзімен айтқанда: «Отбасы – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі», - десек артық емес.
Ойлау
процесі объект пен субъектінің өзара әрекеті ретінде жүзеге асады.Ойлауды
психологиялық тұрғыдан зерттеу дегеніміз-оның ішкі, танымдық құпия мәнін және
жемісті болуының себебін ашып көрсету, яғни ойлаудың мәнін және жемісті
болуының себебін ашып көрсету,яғни ойлаудың мәнін зерттейді, әрбір адамның
өзіндік ойлау ерекшеліктерін дамытып отыруға баса мән береді.
Сын
тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған
білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил,
Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский
теорияларын басшылыққа алады.
Қазақ халқы бала тәрбиесіне өте көп көңіл бөлген. Баланың ана құрсағында
пайда болуына, оның өмірге келуіне, оның алғашқы қадамына, алғаш атқа отыруына,
алғаш жолға шығуына арналған жеке-жеке әдет-ғұрпымыз, жол-жоралығымыз бар.
Халқымыз сонымен қатар бала тәрбиесіндегі ананың ролін өте жоғары бағалаған.
Қазақ халқы – рухани зор байлықтыңмұрагері. Оныңбүгінгі өресі биікөскелеңмәдениетінің түп төркінісонауVI – VIII
ғасырлардағыОрхон –Енисей ежелгі түрік
жазбаларынан бастау алады. Бүкіләлемдік өркениет тарихынанерекше орыналатын әмбебапғұлама әл-
Фарабибабамызданбастап, түркі тілдес халықтарға ортақөшпесасылмұра қалдырған орта ғасыр ойшылдары:
Баласағұни,Қашқари,Йассауитрактат
Қазақ хандығы көптеген тайпалардың –
қаңлылар, үйсіндер, қыпшақтар, арғындар, наймандар, дулаттар және т.б.
негізінде құрылды. Қиын тарихи жағдайда қалыптаса отырып, қазақ хандығы бірде
(ХҮІ ғ.бас кезінде) нығайды, бірде әлсіреді.
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі
тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық
ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал
жасайтын ерекше «тəрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп
тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады;
"Қолына
олимпиялық алауды ұстаған халық оның жалынын әрi қарай шалқыта түсуге
тиiс" (Пьер де Кубертен, қазiргi олимпиялық ойындардың негiзiн салушы)
Бiздер қазiргi кезде мекендеп, ғұмыр кешiп отырған Қазақстан Республикасының
аумағы бұрынғы көне дәуiрде Скифия (Сақстан), Тұран, Дештi-Қыпшақ даласы, Қазақ
даласы (яғни Қазақстан) аталған. Бұл жерлердi байырғы ата-бабаларымыз сақтар
мен ғұндар мекендеген. Ерте күнде, отты күннен Ғұн туған, Отты Ғұннан, от боп
ойнап мен туғам.
Қазіргі заман жағдайында жалпы білімдік
немесе қалаған басқа да оқу-тəрбие мекемелерінің педагогикалық жүйесін
əрқайсысы өз алдына күрделі жүйе бөлімшелері болып есептелетін төмендегідей
жүйешелер (подсистемы) бірлігі ретінде қарастыру қабылданған: - дидактикалық. Бұл жүйеше өз ішіне
сабақ жəне сабақтан тыс оқу-тəрбие жұмыстарын; міндетті жəне факультатив
дəрістерді; оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақты (сабақтағы
оқушы жəне мұғалімдердің жұмыс орындау əдістемелерін) -əрбірін өз алдына жүйе
бірліктері ретінде қамтиды;
Егеменді
еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі
сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат
етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша. Мектеп қазіргі қоғамның
дамуымен, әлеуметтік практикамен тығыз байланысты. Мектеп өмірі балаға жаңа
әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салады.
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге
оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт.
Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ. Білімдендіру қызметін іске асыруға
бағытталған дəстүрлі педагогикада білім мазмұны оқушылар игеруі тиіс
педагогикалық икем мен сəйкестікке келтірілген ғылыми ақпарат жəне оған
байланысты тəжірибелік ептіліктер мен дағдылар жүйесі ретінде қабылданған Білім
мазмұнының мəнін ашуда бұл бағыт білімдік бағдарлы (знаниево-ориентированное)
оқу атамасын алған.
Қазақстан
Республикасы Ата Заңының 27-бап, 2-тармағында "Балаларына қамқорлық жасау
және оларды тәрбиелеу – ата - ананың табиғи құқығы, әрi парызы" делiнсе,
"Қазақстан –2030" бағдарламасында " Әкелер мен аналардың, аталар
мен әжелердiң өз балалары мен немерелерi алдындағы жауапкершiлiгiн күнделiктi
есте ұстауға тиiспiз.
Қазақ мемлекеттiгi құрыла
бастаған заманда хандар мен сұлтандардың өздерi iрiктеп алған жыраулары - хан
мен қараның дәнекершiсi болды. Олар ханның ел басқару жетiстiгiн мадақтап қана
қоймай, сондай-ақ қалың жұрттың мұң-мұқтажын және тiлегiн жеткiзетiн өрен
ақындар едi. Жыраулардың ақындардан ерекшелiгi сол, олар халық рухына, ел
бiрлестiгiне, хандардың билiк өнерiн жетiлдiруге белсене араласатын болды.
Орыс мектептерінде қазақ тілін
оқытудағы мақсат - оқушыларға тіл үйрету, яғни қазақ тілінде біршама сөйлей
білуге, сауатты жазуға дағдыландыру.Мазмұндама жиынтығынын мақсаты:оқушының жазба
тілін дамытуға,сауаттылыққа, әдеби тіл нормаларын игеруге, күрделі ойлау
формасының қалыптасуына, ой қорытысын жасауға/дедуктивтік, индуктивтік, аналогиялық/септігін
тигізеді.
Тiл халықтың
қоғамдық, әлеуметтiк өмiрiмен, саяси-экономикалық жағдайымен тығыз байланыста
дамиды, кемелденедi. Сондықтан да қоғам өмiрiнiң даму қарқыны түрлi тарихи
дәуiрде түрлiше деңгейде көрiнетiнi сияқты, әдеби тiлдiң де даму шеңберi бiрде
кеңейiп, бiрде тарылып отырады.
Семантикалық принцип бойынша сөздің лексикалық мағынасына қарайды,
морфологиялық принцип бойынша сөздің түрлену жүйесін басшылыққа алады, ал
синтаксистік принцип бойынша сөздің қай сөйлем мүшесіболуына сүйенеді.
Кез келген әдеби тілдің дамыған, жетілген, өзіне ғана тән шынайы табиғаты
оның функционалдық стильдік салалары мен тармақтарынан байқалатыны белгілі.
Қазіргі қазақ тілінің қоғамдық әлеуметтік қызметі өрістеп, әр алуан
қарым-қатынас қажетін өтеуі, ең алдымен, оның стильдік, тілдік бірліктерінің
қасиет-сапаға ие болу ерекшелігімен тығыз байланысты болады
Тіл білімі тарихын зерттеуші ғалымдардың
басшылыққа алатын историзм принципі бойынша, әр дәуірде қалыптасқан, өмір
сүрген алуан түрлі тілдік мектептер, концепциялар сол өз дәуірі тұрғысынан
бағаланып, олардан бұрын не бар еді, бұлар оған не қосты, кейінгілердің
өздерінен бұрынғылардан артықшылығы қандай деген тұрғыда қаралуы керек. Қазіргі
заман тіл білімі – дамудың биік шыңына көтеріліп келе жатқан кең салалы, көп
тармақты ілім.
Алғашқы
зерттелулерде қазақ тілі дыбыс жүйесі туралы, қазақ тіліндегі дыбыстардың саны
мен сапасы туралы бірізді пікір де, қазақша терминдер де жасалған жоқ. Қазақ
тілі дыбыс жүйесінін белгілі бір мәселесі бойынша арнайы зерттеу
жүргізілгендіктен орыс түркологтары еңбектерінде фонетика таза практикалық
мақсатта болды.
Елдің егемендігін, мемлекеттің
тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы
мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде,
ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты
ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын
негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.
Антропонимика
– кісі есімдерін арнайы зерттейтін ғылым ретінде Халықаралық ономастардың І
конгресінде (Париж, 1938) тұңғыш рет ресми танылған, ономастиканың соңғы отыз
жылдықта ауқымды зерттеле бастаған салаларының бірі. Соңғы 10-15 жыл ішінде
ономастиканың тармақталып, теориялық, сипаттамалық, тарихи, қолданбалы және
поэтикалық ономастика т.б. бағыттар бөлініп шықты.
Қазақ тілі- дамыған, жетілген,
бай, икемді тілдің бірі. Бұл пікірдің растығын кемеңгер Абай атамыз дәлелдеген
болатын .Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік, өзге тілдерден
ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі- өзінің
оқшау стилімен, нәзік сезімімен, ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал
болған жерлес ақынымыз Жұмекен Нәжімеденов.
Етістік - қазақ тіліндегі сөз
таптарының ішіндегі ең күр- делілерінің бірі. Оның күрделілігі лексика-семантикалық
сипатынан, грамматикалық формалары мен категорияларының көптігінен, синтаксистік
қізметінен айқын көрінеді. Етістіктің осындай сан кырларын зерттеуге арналған
еңбектер аз жазылмаса да, оның грамматикалық категория ретіндегі барлық
ерекшелігі танылып, толық зерттелді деуге бола қоймас.
Сөйлеудегі «жанды тілдің»
өзіне тән болмысы мен табиғатын зерттеудің өзектілігі мен қажеттілігі күн санап
артып келеді. Себебі ол қолданыстағы, қоғамдық өмірдің барлық саласына белсене
араласқан, қоғамдық қарым-қатынас барысында сұрыпталған, шыңдалған,
қалыптасқан, сол қатынас нәтижесінде өмір сүруге бейімделген тіл болып
табылады.
Сан есім - заттың мөлшерін, ретін, санын білдіретін грамматикалық
ерекшеліктері бар, есімдер тобына жататын сөз таптарының бірі.Мысалы: он қой, бес қозы, жиырма литр сүт.
Мұнда біз әр заттың санын нақты біліп тұрмыз. Алайда тілімізде нақты сандық
ұғымды білдірмесе де, кейбір сан есімдермен мағыналас болып келетін көптеген
сөздер бар.
Қазақтың
ұлттық киімі ғасырлар бойы қалыптасқан және айналадағы ортаға желді, аязды
болып келетін аңызақ даладағы тіршілікке бейімделген халық мұрасының құрамдас
бөлігі болып табылады.
Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байланыстыоқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам
өмірі ең алдымен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын,
педагогикалық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.