Ата-бабамыз ұлды өздерiндей еңбексүйгiш, малсақ,
жауынгер, әншi, күйшi, аңшы, құсбегi — бесаспап азамат етiп тәрбиелеудi мақсат
еткен. Жiгiттiң бойына өнер мен еңбектi, iзгi адамгершiлiк қасиеттердi қатар сiңiрген.
Ойнамайтын бала жоқ. Ойынға
қызықпайтын адам жоқ. Көңiл көтермейтiн адам, сауық құрмайтын халық жоқ. Үлкен
де, кiшi де ойнап көңiл көтередi, бiр нәрсеге берiле қызығады, әр жетiстiктен
қанағат табады. Ал қызығу, қуану, қанағаттану - өмiрдi тамашалаудың көрiнiсi
немесе өмiрде сауық құрудың нышаны. Ойын-сауыққа үлкен-кiшiнiң бәрi де әуес.
Айтпағымыз, өмiр кейде ойын-сауыққа ұқсас, ойын-сауықсыз адамның өмiрiн көз
алдыңа елестете алмайсың. Ойынның тарихы тереңде, көне дәуiрден басталады.
Халықтық педагогикалық
көзқарастарын жұзеге асыру жұмысын мақсатқа сай қамтамасыз ету мен тәрбие
дәстүрлерін бекіту, оларды нақгылау, толықтыру жөне жетілдіруге көмегін тигізген
жеке сынақ әдісі ел арасына кеңінен мәлім болды. Жеке сынақ әдісі қандай да бір
жаңа заңдылықтар ашудың емес, ой мен идеяны тексерудің сөтті төжірибеден туған
құралы, немесе белгілі зандылықтарды нақтылаудың тәсілі қызметін атқарды, яғни
бұл әдістің көмегімен халық педагогикасында бұрыннан белгілі сыни тұрғыда қайта
қаралды.
Тəрбие педагогикада бірнеше
қырларымен танылған: – əлеуметтік мағынада – бұл аға буын жинақтаған тəжірибені
жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз – адамзаттың өз тарихи даму
барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған
білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б.
нормалар.
Тəрбие құрал-жабдықтары – бұл
əлеуметтік тəжірибенің педагогикалық тəуелсіз көздері. Ниеттеген мақсатына жету
жолындағы, субъектке тəрбиелік ықпал жасаушы əрқандай заттың бəрі тəрбие
құрал-жабдығы есептеледі. Қоршаған болмыстың қалаған нысаны: зат, мүлік, дыбыс,
аң, жануарлар, өсімдіктер, шығармашылық туындылары, құбылыстар, оқиғалар,
өмірлік сəт көріністері жəне т.б. – тəрбиелік ықпалға ие. Тəрбие
құрал-жабдықтары тəрбиеленушіге өздігінен əсер етеді, сонымен бірге оларды
тəрбиеші мақсатты бағытта пайдалануы да мүмкін.
Тұлға мəдениетінің негізі оның жалпы
адамзаттық құндылықтарға қатынасынан көрінеді. «Құндылық» термині болмыстың
белгілі құбылыстарының адами, əлеуметтік жəне мəдени мəн-мағынасын білдіру үшін
қолданылады. Адам қызметіндегі заттар, қоғамдық қатынастар жəне олар қамтыған
табиғат құбылыстары құндылықты қатынастар нысандары ретінде танылған бағалы
заттар сипатында іс-əрекетке қосылады, яғни бұлардың бəрі де жақсылық пен
жамандық , шындық пен жалғандық, əсемдік пен ұсқынсыздық, əділдік пен
əділетсіздік жəне т.б. тұрғысынан пайымдалады.
Тəрбие əдістері –бұл тəрбие көздеген
мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері. Мектеп тəжірибесіне орай əдістердің жəне
бір анықтамасы – қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатымен тəрбиеленушілердің
санасына, еркіне, сезіміне жəне қылық-əрекетіне ықпал жасау тəсілдері.
Отбасы
– адамның өте маңызды, өте жауапты жан ұясы, себебі отбасы адамға бақыт,
толық мәнді тыныс-тіршілік әкеледі. Отбасы қоғамдық құрылымның кіші
тобы, алғашқы ұясы.Қоғамның
негізгі мақсаты – адамдарды бақытты ету, ал мұның өзі терезесі тең, берік
отбасына байланысты.