(1893-1938 ) – қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ
ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны.
Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола
уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев
ауданы). Әкесі Бекен (Бекмағанбет) орта дәулетті, өзінің әділдігімен,
адамгершілікті парасатымен ел арасында беделі жоғары адам болған. Соған орай
оны бір сайлауда болыс етіп сайлаған көрінеді.
Ұстаз – ұлағатты
есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы
қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың
еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.Білім көшін
жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби
мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!
Мақсаты -Білімдік
-
оқушыларағаXIX ғасыр 50 жылдарында
Қазақстанның Оңтүстік аудандары мен қырғыз жері Верный бекінісінен кейін Ресей
қол астына қарауын тездеткенін түсіндіру.
Әкемнің әкесі Ысқақ деген кісі әулие адам болған, діни сауаты мол, ақ
киіммен жүрген, кешегі кеңестік заманда «жанымды алсаң ал, дінімді алма» деп,
намазы мен оразасын қаза қалдырмаған адам. Көршілес Созақ ауданындағы Бабатада
Аққожа деген діндар досы болған, сол адаммен тығыз қарым-қатынас жасаған.
Қазіргі көріпкелдердің бір жақсылары «атаңыздың қызыл жолбарысы болған екен,
сол саған қоныпты» деп айтқан.
Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің
ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін
қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай
лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай
ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Шуберттің музыкалық мұрасында ән негізгі орын алады.
Әнде композитор кейпінің, оның шығармашылық және көркемдік қалыптасу жолдарының
ерекше белгілері көрнекті, жүйелі және көңілге қонымды болып ашылады. Ән
адамның ішкі жан- дүниесінің сипаттамасына кеңістік ашты; халықтық өнердің образдарына жақындау арқылы
демократиялық мағынаға иеленеді; сөз бен музыканың тығыз байланысы арқылы
Қазақ күйлерінің архаикалық түрлері Алтай-Тарбағатай жерінде мейілінше мол
сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе жатқан дәстүр екендігін
айғақтайды, шығыс сарындарынстыңдаған жан оның барша түркі-мұңұл нәсіліне ортақ
әуен екендігін бағамдай алады.Күйлердің аттары төтемдік наным сенімдерге
құрылған, мысалы,«Самұрық»,«Ақсақ марал»,«Боз інген»,«Бұлғын мен Сусан»,«Аұаш
ат»,«Жорұа аю», тағы басқалар.
Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры
десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың 20 ғасырдағы ең ауыр
қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған
ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден
әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға
қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық
өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын
сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер
дүниеге келе бастады.
Этнопедагогика
- этникалық қауым педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің
жаңа саласы. Педагогиканың дамуын халықгың педагогикалық дөстүрлерімен бірге
қарастыру тек қызығушылық тугызып кана қоймайды, сондай-ақ тарихи-педагогикалық
зерттеулердің нәтижелірек болуының, ғылыми педагогикалық теориялардың өмірге
икемділігін, оларды келешекте зерттеудің қажетті екендігін тексерудің де
айғағы. Алайда педагогика мен халықтық тәрбиенің мұндай бірлігі олардың бірдейлігі
деген сөз емес. Этностық тәрбиенің сипаты жөнінен терең өзгешелігі болғандықтан
оны мазмұңдау қазіргі тәрбие теориясы мен практикасы үшін аса қажет.
Этнопедагогиканың зертгеу өдістері
жәиі сөз болган жекелеген авторлар /Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б/
енбектерінде әдет - ғұрыптар мен дөстүрлер халықгық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар
жоніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі
маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, озіндік салт-дәстүрі
бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьеқтісі ретіңце қарастырылуы
/М.И.Стельмахович, И.С.Кон/ аса қүптарлық жайлар.
Этнопедагогика
мен халық педагогикасы деген ұғымдар бiр ме? Болмаса олардың өзiндiк ерекшелiктерi,
ғылыми анықтамасы бар ма? Бар болса, ол қандай? Этнопедагогиканың зерттеу
объектiсi не? Ендi осы мөселелерге арнайы тоқталайық.
ХІХ ғасырдың бірінші
жартысында Ресейдің ішкі жағдайы ең алдымен дами түскен капитализмнің әсерімен
крепостнойлық құрылыстың ыдырауының күшею үрдісімен сипатталды. Осыған
байланысты елде таптық қарама-қайшылықтар шиеленісе түсті, соның нәтижесінде шаруалар
толқуының өсуін революциялық бағыттағы дворян жастарының (декабристердің), ал
одан кейін әртүрлі тектегі зиялылардың бой көтерулерін байқауға болады.
Адам баласы әу бастан өз
ұрпағын өмiрге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгенi көпке аян. Бүгiнгi
қалыптасқан белгiлi ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмiрге
келгенше де адамзат тәрбие iсiмен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып
түспеген, бiрақ халық жадында мәңгi сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы
ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген бiлiм-бiлiк,
тәлiм-тәрбие беру
Әннің жан дүниені тебірентетін үні адамға қайғы үстінде, қуанышында да,
демалыс уақытында да, еңбек пен тұрмыста да көңіл серігі болады. Халқымыздың
музыкалық және поэтикалық шығармалары бүгінгі жастарды Отанға деген
сүйіспеншілікке, патриоттық сезімге, білімге өнерге құштарлығын қалыптастырады.
АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат /Қанат
Мәметқазыұлы/ - Қазақтың тұңғыш халық ағартушысы, ұлт ұстаздарының атасы
атанған Ыбырай Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» деген өлеңін жұртшылық
арасында білмейтіндер кемде кем. Дегенмен де, осы балаларға арналған өлеңнің
«Бір Аллаға сыйынып» деп басталатыны, бұл жолдардың кеңес тұсында алынып
тасталғаны кейінгі күндері ғана белгілі болды.
Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ
халқының сүйікті перзенті, асқан дарынды ақыны, ағартушы, педагогі.Аз
жасаса да соңына аса бай, мейлінше қызықты әдеби мұра қалдырған классик ақын,
ұлағатты ұстаз, педагог. «Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болуды» арман
еткен Сұлтанмахмұт Торайғыров бүкіл ғұмырын халық ағарту ісі мен шығармашылыққа
арнаған.
ХҮІІІ ғасырдағы француз ағартушыларының
ішінде философ-материалистерді ерекше атауға болады. Өз кезіндегі
жаратылыстанудың жетістіктерін ескере отырып, олар алдыңғы қатарлы
материалистік көзқарастарды дамытты. Материалист-философтар табиғаттағы жалпыға
бірдей өзара әрекетті және қозғалысты материяның табиғи қасиеті ретінде
мойындады. Дүниені тану мәселелерінде олар Локктың материалистік сенсуализмі
көзқарасында болды, бірақ оған бірізділік сипат берді: Локктың "ішкі тәжірибе”
туралы ілімін алып тастап, олар танудысыртқы дүниенің адам санасындағы бейнесі деп дұрыс түсіндіреді.
Педагогика саласындағы зерттеулер –
бұл білім заңдылықтары, оның құрылымы мен механизмдері, мазмұны, принциптері
мен технологиясы жөніндегі жаңа мəліметтерді алуға бағытталған ғылыми ізденіс
процесі жəне оның нəтижесі. Педагогикалық зерттеулердің міндеті- деректер мен
құбылыстарды түсіндіру жəне оларды алдын ала болжастыру.
Адам биологиялық
тіршілік иесі ретінде дүниеге келеді. Оның тұлға болып жетілуі үшін – тəрбиелеу
қажет. Тəрбие адамды ізгілендіріп, оған қажет қасиет, сапаларды қалыптастырады.
Қазіргі қоғамда тəрбие жұмыстарын жүргізу үшін арнайы мекемелер түзілген. Бұл процесті
кəсіптенген адамдар басқарады. Тəрбие жөнінде арнайы ғылым қалыптасқан. Міне
сол ғылымды үйренуді енді бастаймыз.
Өткенде де,
қазіргі күнде де педагогика жөніндегі ғалымдар пікірі үш бағытта өрбіген. Бірінші топ ғылым өкілдерінің ойынша
педагогика адамзат білімдерінің пəнаралық аймағын құрайды. Осыдан мұндай
көзқарас педагогиканың дербес теориялық ғылым екендігін, яғни педагогикалық
құбылыстардың идеялық түйіні боларын тіпті де мойындамайды. Бұл жағдайда
педагогикалық нысан ретінде əртүрлі күрделі болмыс объекттері (космос,
мəдениет, саясат жəне т.б.) қабылданары сөзсіз.