загрузка...
|
СұлтанМахмұт Торайғыров
СұлтанМахмұт Торайғыров скачать
| 18.03.2010, 23:19 |
СұлтанМахмұт Торайғыров
Қазаққа ілгерілеу
керек болса, мұны аз
қалыпта қалдырмай, көбірек
тұрсын, бәріне таныс жетілген
жұрттардың қатарына қосу
керек; олармен бірге адам
баласының жеңіл күн
көруіне, тегіс бақытты
болуына жол табу керек,
іздесіп ат салысу
керек... Бізге керегі
қайткенде солардың білімін
тез үйреніп, қайткенде
сол қатарға тез қосылу
қамын қылу керек. (Сұлтанмахмұт)
Өмір баяны. Абайдан
кейінгі қазақтың жазба
әдебиетінде әр жанрда
еңбек етіп, ерекше
көзге түскен көрнекті
ақындарының бірі Сұлтанмахмұт Торайғыров болды. Ол
1893 жылдың 28
қазанында Көкшетау облысының
Қызылту ауданында туған. Оның
әкесі Шоқпыт (шын аты
Әбубәкір) атанған кедей,
момын шаруа адамы
болған.Шоқпытта екі баласы
болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт.
Сұлтанмахмұттың екі жасында
шешесі өліп, жетімдікті
көріп өседі. Әкесі
әйелі өлген соң
балаларын алып, өзінің туған
жері Павлодар облысының
Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық
шағы Баянауылда өтеді.
Алғашқыда ол Әлі, Тортай, Мұқан деген
ауыл молдаларында оқиды. 1908
жылы Сұлтанмахмұт Баянауылдағы
Әбдірахман деген молданың
медресесіне түсіп, одан
2-3 жыл сабақ
алады. Молданың ұрып – соғуына шыдай
алмай, ол оқуды тастап кетеді. Молданың қаталдығын, надандығын сықақ
етіп өлең шығарады.
Ол
1911 жылы бір
қыс бойы Нұрғали
Бекбауов деген мұғалімнен
оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты
мұғалім болған. Оның
көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар
тілдерінде шыққан әдеби
кітаптарды, газет – журналдарды
оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің
саяздығын сезген Сұлтанмахмұт
1912 жылы Троицк қаласына
барып, Ахун Рахманқұли
деген татардың медресесінде
оқуға түседі. Бірақ тұрмыс
жағдайының ауырлығынан мұнда
ұзақ оқи алмайды.
Қаржының тапшылығынан көп
қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк
маңындағы бір ауылға
бала оқытуға кетеді. Ондағы ойы
бала оқыта жүріп, денсаулығын түзеп, қаржы
жинап, қайта оқуға
келу болады. Ол бала
оқытудан бос уақытында, өз
бетімен оқумен шұғылданады,
өлеңдер жазады. Сұлтанмахмұт Торайғыров
қазақтың ұлы ақыны
Абайға да мінездеме
беріп, оны қазақ
әдебиетінің өкілдерінің бәрінен
ерекше, дара тұлға деп
бағалайды. Ол аз өмірінің
ішінде (небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық
өлең, ондаған мақала, екі роман, 5-6
поэма жаңа сатыға
көтерген, Абайдан кейінгі
ірі суреткер, реалист ақын
болып табылады.
загрузка...
|
Категория: Қазақ әдебиеті | Добавил: AgesSa
|
Просмотров: 1409 | Загрузок: 5
| Рейтинг: 5.0/2 |
Тут вы можете скачать СұлтанМахмұт Торайғыров абсолютно бесплатно
|
|
загрузка...
Статистика |
Онлайн всего: 1 Гостей: 1 Пользователей: 0 |
|