Дін
деген ұғымның негізінде зорлық-зомбылық болмауы керек, бұл хақ діннің ғайрихақ
(хақ емес) діндерден ажырасатын айқын парқы. Дін дегеніміз негізінде иман, яғни
сенім жататын рухани байлық. Рұхты зорлауға болмайды. Ислам дінінде зорлау жоқ.
Исламияттың негізінде адамдардың өз еркімен, өз ықтиярымен сенуі, өз ирадасымен
ғамал етуі қағидасы жатады.
Өткен жолғы (Ислам және өркениет газеті, №4 Сәуір, 2001 ж.) «Дiни экстремизм
мен терроризм» деп аталатын мақаламда хақ дін исламның Батыс елдерінде пайда
болған әлеуметтік аурулар уә саяси конспирациялармен ешқандай байланысының жоқ
екенін көрсетіп едім. Ислам діні адамның ойлау қабілетін, ақылын, иманын, адами
абыройын, жанұя ұйымы мен қоғамды сақтап, әлеуметтік әділеттілікті көздейтін дін.
Бұған қарамастан, соңғы жылдары бейбітшілік діні исламды әлемдік бейбітшілікке
үлкен қауіп төндіретін террористерді өндіретін дін ретінде көрсету үрдісі
күшеюде
Жаратушы ұлық тәңiр Аллаһ Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз
бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед
Абдұллаһұлы (с.а.у., 569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа
түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең
маңызды ұғымдардың бiрi
Ғылым және информация ғасыры деп аталған өткен жүз жылда дамыған мемлекеттердiң
азаматтарынан бек көп адам ислам дiнiн өз еркiмен қабылдаған. Олардың iшiнен
әлемге аты мәшһүр боксшы Мұхаммед Әли (1942- ) мен өткен ораза айында
мұсылмандықты қабылдаған Италия мемлекетiнiң Сауди Арабыстандағы 60 жасар
елшiсi Торкуато Кардеилли (Torquato Cardeilli, 1942- ) мырзаны айтуға болады
Ғылым және
технология дамудың шырқау шегіне шыққанына және адамзат бірін-бірін оңайлықпен
тани алатын мүмкіншіліктерге ие болғанына қарамастан, соңғы жылдары діни
экстремизм мен терроризм тақырыптарды бұқаралық ақпарат құралдарында жиі орын
алуда. Хақ дін Исламды да шарпып өтетін осы мәселенің мән-жайы хақында өзімнің
ойларымды былайша түсіндіргім келеді
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда. Соңғы
кездері діни экспансия алаңына айналған елімізде «дініміз өзгерсе өзгерсін,
мәдениетіміз өзгермесін» (Дулат Исабеков, ҚӘ, №14, 18.04.2003 ж.) дейтіндей,
ора шолақ пікірлер де айтылуда. Осы мәселеге байланысты ғылыми қорытынды жасау
үшін алдымен қоғам өмірінің ең маңызды ұстыны саналатын дін мен мәдениеттің
арақатынасын анықтайық
Бүгінгі археология, антропология ғылымдары діни сенім-наным жолдары мен
жүйелерінің тым ерте дәуірлерден бері адамзаттың даму, өркендеу және кемелдену
барысымен біте қайнаса жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Кейбір биохимия және
генетика саласы ғалымдары (Rebecca Cann, Mark Stoneking, Douglas Wallace)
дүниежүзінің көптеген аймақтарындағы адам нәсілдерінің генетикалық
ерекшеліктерін салыстыра отырып, бүгінгі адамзаттың түр-тұқиянында бір атадан
тарағаны туралы қорытынды жасаған
Туған жер – өз үйің ғана тұрған жер
емес, өз халқыңның кіндік қаны тамған , ата – бабаңның достар, салты
қалыптасқан , тірлік қарекетін бастаған жер. Ал оныңкешесі, бүгіні, ертеңі туралы біз білуіміз
керек. Сондықтан алтын бесік Алтай туралы, оның табиғаты, байлығы туралы сыр
шертелік. Айтпақшы, Алтай деген сөздің мағынасын кімбіледі, кім айтады?
1973-1974 жылдары С. М. Киров атындағы
Қазақ мемлекеттік университетінде бізге (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) археология мен этнография ғылымы негіздерінен У. X. Шәлекенов
дәріс оқыды. Ғалымның әрбір лекциясы ғылымға
деген ізденісті, Отанға деген сүйіспеншілікті арттыра
түсетін. Әлі есімде Уахит Хамзаұлы:
«Қазақстан тарихын зерттеу болашақтың ісі.
Түбінде қазақ елі өз алдына мемлекет болады, сонда ғана халқымыздың шын тарихы жазылады», дегенде бала көзімізден
кеңестік идеология санамызда берік қалыптасқан студенттер
бір-бірімізге таңырқаса қараушы едік
Ақселеу Сланұлы Сейдімбеков бұрыны Жезқазған,
қазіргі Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданына қарасты «Дружба» совхозына 1942
жылы дүниеге келген. 1962 жылдан 1968 жылға дейін Киров атындағы Қазақ
мемлекеттік университетінде оқып журналистика факультетің бітіріп шыққан.
«Лениншіл жас» газетінде меншікті тілші, мұнан әрі «Социалистік Қазақстан»
газетінде әдебиет және өнер бөлімінің болған. «Орталық Қазақстан» газетінде
жауапты секретарь болып қызмет атқарған, ғылыми көпшілік журнал «Білім және
еңбектін» бас редакторы болып қызмет істеген. Қазіргі кезде Астананың тұрғыны,
«Азия транзит» журналындағы ақылдастар алқасының мүшесіне кіреді
Дидарыңда
Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін
қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап
шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де
біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш
оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала
аңызға айналдырып қана сақтайтын болар
Тарихтың атасы атанған Геродот бiздiң дәуiрiмiзге дейiнгi
мыңжылдықтың орта шенiнде Қара теңiз маңынан Дон жағалауына, одан Оңтүстiк Оралдағы савроматтар
жерi арқылы Ертiс бойы мен Алтайға, Зайсан көлiне дейiн барған «далалық сақ жолының» болғанын айтады. Ал
заманымыздың кемеңгер жазушысы Әбiш аға Кекiлбаев «Шығыс пен Батыс
арасындағы ең ежелгi жол-Памирге соқпай, терiстiктен
орағытып өтетiн дала жолы
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын
турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры
iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы
материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп
жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып,
сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде
қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең
белгiлiсi, ең көнесi
Қазақстан тарихы
терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың
еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп
келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне,
орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда
орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы еліміздегі
Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше
сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын
бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен
бөліскім келді.
Бүгінгі күнге дейін
«Көшпенділер отырықшы өркениет жасамаған, сондықтан олар мемлекеттілік
деңгейіне көтеріле алмаған» деп қарайтын сыңыржақ пікірдің сеңі бұзылмай отыр.
Әттеген-ай дейтін бір жағдай мұндай пікірді қолдаушылар европалықтар былай
тұрсын, отандық тарихшыларымыздың арасында да кездеседі.
Ауа мен судың
әсерінен тау жыныстары мен судың арасында химиялық алмасу үрдістері жүріп,
жыныстардың ішкі байланыстарына зақым келтіріп, олардың ыдырауына, бұзылуына
әкеліп соғады. Бұл химиялық қарым - қатынас тау жыныстырында ауаның әсерінен
үнемі жүріп отырады. Ауа мен су үздіксіз қозғалыста болады. Жердің бетімен қозғала
отырып, олар бұзылған тау жыныстарын да қозғалысқа келтіреді
Меркі
- тарихы терең, табиғаты таңғажайып өлке. Оңтүстігінде асқақтап Алатау тұрса, одан бастау
алатын мың - мың бұлақ тау етегін гүл-бәйшешекке толтырып, сылдырай төмен
ағады. Мың тарамданған кішігірім өзендер Меркінің солтүстігінде жатқан
құмға барып сіңеді, құрдымға кетеді. Меркі, Қорағаты өзендерінің
ортасында жатқан бұл мекен ықылым заманнан-ақ елдің құтты жеріне айналған.
Егіншілік пен мал шаруашылығын, сауда мен кәсіпкерлікті қатар жүргізуге
табиғаттың өзі жағдай жасағандықтан болар мұнда кәсіп те, сауда да,
өнер де, ғылым да дамыған
Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен
халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан
дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді
түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді
алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы
ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында
аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге
алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа
құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық
Қорықтар – биосфера эталоны. Мұндағы орман-тоғай, жай алғанжайылым мен шабындық, аң-құс, айдын шалқар көлдер, ағыны қатты өзендер
мүмкіндігіне қарай сол ежелгі әсем қалпында сақталынуы тиіс.Қай заман болмасын,
қорықтарды ұйымдастыру күн тәртібінен еш қашан да түскен емес. Өйткені биосфера
байлықтарын қорғау, онда ғылыми-зерттеу жұмыстарын сондай-ақ, биосфера
компоненттерін қорғау жөніндегіүгіт-насихат экологиялық білім және тәрбие беру жұмыстарын жүргізуде
қорықтар өте маңызды роль атқаратыны белгілі
Сәулеттік ерекшелігі мен әлеуметтік қызметі
күрделі Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жөндеу және қалпына келтіружұмыстарының өзіндік сыры мол. Сондықтан да,
кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарына арнайытоқталудың маңызы ерекше деп білеміз. Қалпына
келтіру дегеніміз – мұражай ісінде табиғи тозудың әсерінен пайда болған
бүлінуді жойып,оны бастапқы қалпына
келтіру деген мағынада қолданса керек. Қалпына келтіру тек кәсіби шебер-реставраторлардың
қолымен ғылыми негізде іске асырылғанда ғана нәтижелі болатыны сөзсіз.
Кесенедегі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын сипаты мен маңыздылығына
қарай бірнеше кезеңге бөліп қарастырған орынды.
Қарағанады облысының даму тарихына үңілер болсақ, қадау -қадау іргелі
істердің куәсі боласын. Аймақтың шапшаң игерілуіне бірден-бір себепкер болған
оның мол табиғи байлықтары еді. Сонау жиырмасыншы-отызыншы жылдарда А.А.Гапеев,
Н.Г.Кассин, Н.И.Наковник, М.П.Русаков, Қ.И.Сәтбаев тәрізді есімдері бүгінде
кеңінен танымал геологтар Орталық Қазақстан аймағының кен байлықтарын зерттеді.
Жиырмасыншы жылдардың басында-ақ Қоңырат, Жезқазған, Семізбұғы, Өспен және
басқа жерлерде түсті металдардың мол қорының бары анықталған. Соғысқа дейінгі
кезең ішінде жаңадан ашылған көмір және түсті металл кен орындарының негізінде
Орталық Қазақстанда Қарсақбай, Балқаш мыс қорыту зауыттары салынды. Жезқазған,
Қоңырат рудниктері, Қарағанды көмір бассейні игерілді.
Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның
геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай
орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат
қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да
радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба
деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс
орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда
қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне
бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына
ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты,
тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы
кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi.
Қазақстан
Республикасының аумағы батысында Едiл өз. алабынан шығысында Алтай тауы
шыңдарына дейiн, солт-нде Батыс Сiбiр жазығынан (Солт. Қазақстан жазығы)
оңт-нде Тянь-Шань тауына дейiн созылып жатыр.
Ел мен жер тағдырын елеңдетпейтін кезі жоқ. Ертеңге
қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен
жердің тағдыр талайы. Арғы бергі аталарымыздың ту көтеріп, туырлық тігер
құттыхана шаңырағының уығын шаншар майлы да жайлы, қой үстіне бозторғай
жұмыртқалардай жұмақ мекен таңдауы тегіннен тегін болмаған
Темір дәуіріндегі тайпалық одақтар және ерте
мемлекеттік құрылымдар. Б.э.д. 1 мыңжылдықта Қазақстан және Орта Азияны
мекендеген сақ тайпалары темірден
заттар жасауды меңгерді. Олар қуатты тайпалық одақтар құрған. Сақтардың
тайпалық одақтары массагеттер, исседондар, аландар, каспийшілер, сарматтардан
тұрған. Оларды гректер скифтер деп атаған. Ол туралы грек тарихшысы Геродот
өзінің "Тарих" деген еңбегінде, 5 томында, географ Страбон
"Географиясында" жазып қалдырған
Қызыл
кітап- сирек кездесетін түрлердің саныныңқазіргі жай- күйін көрсететін құжат. Қазақстанның
Қызыл кітабында сирек және жойылып бара жатқан түрлердің тізіміне енгізілген
жабайы омыртқалылардың 87 түрінің және өсімдіктердік 303 түрінің қазіргі
таралуы, санының жай- күйі, биологиясы туралы мәліметтер келтірілген
Жұмыстың
«Кіріспе» бөлімінде
зерттеу тақырыбыныңөзектілігі
негізделіп, мақсаттары мен міндеттері, методологиялық принциптері мен
әдістемелік негізі, ғылыми жаңалығы мен қолданбалы маңызы айқындалып, мәселенің зерттелу дәрежесіне талдау жасалады және пайдаланылған деректер мен
әдебиетке сипаттама беріледі