Все рефераты Казахстана Вторник, 09.09.2025, 23:25

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

В разделе материалов: 1592
Показано материалов: 1441-1470
Страницы: « 1 2 ... 47 48 49 50 51 ... 53 54 »

Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының "Алаш және терминтану”, "Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның "Алаш және терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың 1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты зерттеліпті
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2747 | Загрузок: 9 |

Еділ бойында дүниеге келген. Құрбанғали Халидұлы өзінің «Тауарих хамса» атты еңбегінде әйгілі Майқы биді Асан қайғының арғы атасы еді дейді. Берке хан дүниеден қайтқан соң (1359) Алтын Орданың тағына жанасқан хандар баянды билік құра алмаған. Сондай баянсыз хандардың бірі Ұлығ Мұхамед болса, Асан қайғы сол Ұлығ Мұхамед ханға сөзін өткізетін билерді бірі болған. 15 ғ. 1420 жж. Ұлығ Мұхамед Сарайдан қуылып, Қазанды паналағанда, Асан қайғы жасының егде тартқанына қарамастан өз әміршісінің жанында болған

Скачать / Подробнее | Просмотров: 1246 | Загрузок: 2 |

Табиғат – бүкіл әлем.Адам табиғатта өмір сүреді, онымен тұрақты қатынаста болады. Адам, оның денесі мен рухани өмірі табиғатпен тікелей байланысты. Одан шығатын қорытынды- адам табиғатының бір бөлігі.[1]Қазақ тарихында Сыр өңірі тарихының алар орны ерекше.Ежелгі заманнан бастап Сыр өңірі сан мың ұрпаққа құтты қоныс, жайлы мекен болғаны белгілі.Бұл топырақта есте жоқ ескі кезеңдерден-ақ бағы жетіп, базары қызған қырыққа жуық көне қалалар мен жарты ғаламды жалғастырған Жібек жолының арналы абағы сайрап жатыр.Сөйлете білсең оның әр уыс топырағы, әр бұтасы, әр тасы алуан түрлі ғибратты шежіре шертер еді
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1731 | Загрузок: 1 |

Аралбай Оңғарбекұлы Маңғыстаудың Қарақұм аумағында туып өскен.Кедейліктің  кесірінен жасынан ауруға шалдығып,кедейлік тірлігімен қатар денсаулықтың кемдігі де оны өмірге ойлы көзбен қарауға баулыған... Аралбай мен Қашаған ақын тұтас,замандас болған.Олар бірін-бірі құрметтеп,бірінің басына іс түскенде екіншісі қасынан табылып,маңдайынан сүйіп жұбататын,жігерлендіріп,қайғысына жан жүрегімен ортақтасып отырған.Қашағанның баласы қайтқанда барып жұбатып отырып апасы Алтынзереге айтқаны бұл сөзге дәлел.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 852 | Загрузок: 0 |

Біз сөз еткелі отырған бабамыз күрделі тағдыр иесі. Оны өзімізден бұрын өзгелер танып, баға берген. Оған америкалық ғалым М.Б.Олкоттың "аса мықты тұлға, ресейлік зерттеушілер А.И.Левшин, А.Добромысловтың "атақты адам” деп сипаттауы анық дәлел
Скачать / Подробнее | Просмотров: 903 | Загрузок: 0 |

Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. Мұндай адамдардың ел үшін еткен еңбегі, қамқорлығы, халық намысын қорғауы, сол жолда жасаған игілікті іс-әрекеттері ел аузында аңыз әңгімеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3564 | Загрузок: 6 |

Кез келген әдебиет бір күннің төңірегінде өрбитін немесе белгілі бір тарихи кезеңнің оқиғасын баяндайтын тар ұғымды дүние емес. Мәдениеті бай елдердің әдебиеті де қаз тұрып, қалыптасқанша қоғамның дамуы секілді толып жатқан өзгерістерді қорытындылай келіп, алдымен өз халқының, кейін жалпы адамзаттың ортақ игілігіне айналды. Бұл заңды құбылыс
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1941 | Загрузок: 3 |

Балдәурен – балалық шақтағы бір бейне әлі есімде. Ол ауылдағы Тасқынбай атаның келбеті еді. Қадірменді қария тарих туралы, өткен бабалар өмірі туралы керемет әңгімелер айтатын. Соның бірі төмендегідей толғаныс-тын
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1268 | Загрузок: 1 |

Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді
Скачать / Подробнее | Просмотров: 893 | Загрузок: 0 |

Бәдік айтысы. Айтыстың бұл түрі – айтыс жырларының көне түрі. Ол адамның табиғаттың жұмбақ сырына түсінбеген кезінде, шаманизм дін нанымына байланысты туған. Адам өзі танып-білмеген күштердің бәріне табынған, солардың бәрінің өз иесі бар деп білген, жақсылық, жамандық атаулының бәрінің өз тәңірісі бар деп ұққан. Соларға құлшылық етіп жалбарынған, солардан медет тілеген.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 2454 | Загрузок: 5 |

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1824 | Загрузок: 1 |

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінетінін білесіздер. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды. Зиялы қауым арасында, тіпті оқымысты ғалымдар арасында мәдениет және өркениет ұғымдарын шатастырушылық әлі де кездеседі
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1809 | Загрузок: 0 |

Шыңғыс Айтматовтың: "Адам тұлға ретінде траге­дия­лық қобалжулар арқылы ашы­ла­ды” — деп айтқаны бар. Шын­дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі­нің трагедиялық кезең­дер­ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу. Алдан Смайылдың  "Фо­лиант” баспасынан жарық көрген "Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия­сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес­сия мен геноцид, тұтас ха­лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай

Скачать / Подробнее | Просмотров: 836 | Загрузок: 0 |

Қазақстан – ежелгі ел, бірақ әлемнің қазіргі картасынан ол таяуда ғана, яғни 1991 жылы орын алды. Біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті. Жүз жиырмадан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған Алатаулы өлкеде, кеңшілігі керемет, дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі мыңғырған, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады!
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1833 | Загрузок: 1 |

XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1292 | Загрузок: 2 |

Қазақтың ұлттық Ренессансының басы Абай Құнанбаев, оны дамытқан әрі қалыптастырған ХХ ғасыр басындағы Алаш қайраткерлері дейтін болсақ [1,5], оның пайда болу процесіне ХІХ ғасырдың алғашқы жартысында ғұмыр кешкен кемел ақын Дулат Бабатайұлы бастаған «Зар заман» дәуірі әдебиеті өкілдерінің әсері бар екенін жоққа шығара алмаймыз
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1470 | Загрузок: 1 |

Абай шығармашылығы — әдебиеттің, мәдениеттің ауқымынан анағұрлым асып кететін ғажайып құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да, композитор да емес, бәрінен бұрын өзіміздің жа­нымызға соншама жақын адамымыз, ағайынымыз ба, туысқанымыз ба , ағамыз ба, атамыз ба, әйтеуір бір жақсы танитын адамымыз сияқты. Сол адаммен талай рет кездесіп, сөйлескен, сырласқан, талай рет ақылын алғандаймыз, ал кейде не балалықпен, не шалалықпен  алмай кеткендейміз
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1602 | Загрузок: 1 |

Әлемдік әдебиеттердің өзара байланысы, түрлі халықтардың  көркем сөз өнерінің бір-біріне ықпал-әсерін зерттеу жан-жақты зерттей түсуді қажет етіп отырған көкейкесті мәселе болып отыр. Әсіресе, мұсылмандық Шығыс елдері классикалық поэзиясы мен қисса-хикаяттарының қазақ әдебиетіне жасаған ықпалы ерекше назар аударады. Соңғы жылдары бұл салада бірқатар зерттеулер жарық көрді
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2367 | Загрузок: 1 |

Онегин мен Әбдірахман бейнелерінің ұқсастықтары, екеуінің ұқсамайтын тұстарынан әлдеқайда басым. Тек Онегиннің ішінің қалтарысы көптеу
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2371 | Загрузок: 2 |

Абай! Ол – ұлы есімімен жүректің дәл түбін жашыған, қияға шарқ ұрып самғаған, ел болашағына жаңа бағыт іздеген, әзір таппаған, бірақ қайдан табатынын дәл сезіп болған ел баласы, заман жасы, дүйім жұрттың алысты болжай алған., ілгері сүйреген ойы, қиюы қашып, ыдырай бастаған ескі қоғамдағы әділетсіздікке қарсы күресіп, демократиягшыл озат ойларда берік тұтынған кесек тұлғалы аса көрнекті қоғам қайраткері. Ол күнделікті тіршілігімізде, рухани әлемімізді, қарақан басымызды алып жүруден бастап, биік адамгершілікке дейінгі аралықта тегіс қамтитын жан-жақты құбылыс
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1642 | Загрузок: 3 |

Шоратанбай Түркістан жерінде Қаратауды жайлаған шаруа Қанайдың отбасында дүниеге келген. Жас шағынан мұсылманша оқып замандастары қатарлы білім алмаған. Бұрыннан қазақ халқының қасиетті астанасы есепті Түркістан қаласы, оның сол тұстағы шар тарапқа жайылған даңқы жас талапқа әсерсіз болмаған
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4108 | Загрузок: 8 |

Республика күнін қалай тойлау қажет?  Осыдан тура 17 жыл бұрын, яғни 1990 жылы 25 қазанда Жоғарғы Кеңестің сессиясында тұңғыш рет қазақ мемлекеттілігінің егемендігі туралы мәселе қаралады. Онда мемлекеттің егемендігін бекітетін тарихи маңызды құжат – «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация қабылданды. Қысылтаяң шақта егемендік туралы Декларацияны қабылдау оңайға түспеді
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2315 | Загрузок: 6 |

Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 1197 | Загрузок: 2 |

Қасым Қайсенов — Қазақстанның Халық Қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғы­сының ержүрек батыры, әйгілі пар­тизан, көзі тірісінде аты аңыз­ға ай­налған халқымыздың қайта­лан­бас біртуар даңқты перзенті.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1826 | Загрузок: 5 |

Аймауытов Жүсіпбек (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы. Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 2424 | Загрузок: 2 |

Оқушыларды XVIII ғасырдағы Қазақстан мәдениеті, орыс және шетел ғалымдарының зерттеулерімен, олардың еңбектері туралы, қазақ әдебиетінің дамуы  және осы кезеңдегі жырау, ақындардың өмірі мен олардың шығармаларымен таныстыру
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4948 | Загрузок: 7 |

«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына!
Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!» (Фатиха сүресі)
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2292 | Загрузок: 8 |

Қоғам – адам баласын басқа махлұқаттан даралайтын басты қасиеттің бірі. Жеке тұлғалардан (фәрдтер) құралатын адам қоғамы кейде тұрақты әлеуметтік сипат танытса, кейде экономикалық (ықтисади), саяси һәм әлеуметтік (ижтимағи) өзгерістер салдарынан кернеулі де тұрақсыз кейіп танытады. Сойылынан қан тамған Кеңес империясының құрдымға кетуімен басталған әлеуметтік өзгерістер мен дағдарыстар зобалаңы біздің елімізді де шарппай қойған жоқ. Соңғы 10 жылдың көлемінде елімізде менталитет, ой-сана, тәрбие, сенім, дағды жағынан жаңа қоғам – Қазақыстан қоғамы қалыптасуда. Қазақыстан азаматтары – Қазақыстан қоғамын қалыптастыратын фәрдтер.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3356 | Загрузок: 11 |

Құран Кәрім Жаратушы тарапынан күллі адамзатқа және өзінен кейінгі замана атаулыға жіберілген ұқсасы жоқ қасиетті кітап. Құран – ислам дінінің бастауы, бірегей бұлағы. Исламды түсіну үшін Құранды түсіну шарт. Құранды түсінбеген адам исламды да толықтай түсіне алмайды. Құран – Жаратушының мәлімдемесі, хабарламасы, жолдауы. Ол таңдаулы Елші Мұхаммедке (с.а.у.) толықтай түсіріліп болған. Аллаһтың сөздерін өзгерте алатын ешбір құдірет жоқ. Құранды Аллаһ Тағала өз қорғауына алған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1540 | Загрузок: 4 |

Тәухид нанымы негiзiндегi ислам дiнi уә мәдениетiн, әдебиетi уә өркениетiн зерттейтiн ғылымдардың жыйынтық аты. «Аллаһ Тағалаға тәсiлiм болу, берiлу, мойынсұну; сәлеметтiлiкте һәм бейбiтшiлiкте болу» мағыналарындағы «ислам» сөзi Құран Кәрiмдегi көптеген аяттарда кезiгедi. Мәселен; «Аллаһтың хұзырындағы бiрегей хақ дiн – ислам-дүр» (3/19), «Бүгiн сендерге дiндерiңдi кәмiл қылдым, сендерге нығметiмдi тәмам еттiм және сендерге исламның ғана дiн болуына разы болдым» (5/3), «Аллаһ кiмдi тура жолға салғысы келсе, оның жүрегiн исламға ашады» (6/125).
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2218 | Загрузок: 8 |

Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2