Все рефераты Казахстана Среда, 10.09.2025, 05:08

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Дінтану

Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы

Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы скачать

14.02.2010, 21:49
загрузка...

Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы

 

Қазақстан тарихы терең, мәдениеті бай мемлекет. Егемендікке қол жеткізгелі бері халқымыздың еңсесі көтеріліп, дініміз бен рухани мәдениетіміздің жарық салалары өркендеп келеді. Қазақ тілінің мәртебесі де өз топырағында күн өткен сайын өсуде. Міне, орта ғасырлардағы Қазақстанның руханият, білім, мәдениет және сауда орталықтарының бірі болған әфсанауи Тараз шаһарының 2000 жылдық тойы еліміздегі Исламның таралу тарихын зерттеп келе жатқан маған да айрықша әсер етіп, ерекше сезімге баулыды. Сол себепті, қазақ жеріндегі ежелгі Ислам мәдениетінің алтын бесігінің бірі, мүмкін бастысы болған Тараз туралы ойларымды оқырмандармен бөліскім келді.

 

Тараз көне қытай, араб, парсы және ұрым (Бизантия) деректерінде жиі кезігетін мәшһүр қала. Қытай саяхатшылары мен араб тарихшыларының еңбектерінде әбден суреттеліп аталатын Тараз қаласы Иран уә Тұран далалары тоғысқан жердегі үлкен сауда орталығы және Жібек жолы бойымен жүретін керуен жолдарының торабы ретінде көрінеді. 576 жылы өлген Истеми қағанға елшілікке жіберілген Земархтың саяхаты туралы деректерді жазған Бизантия тарихшысы Менандре Протектордың еңбегінде бұл қала "Талас”, қытай саяхаткері Хиеюен-Тсаңның еңбегінде "Та-лұ-си”, кейбір қытай авторлардың еңбектерінде "Та-ла-за” ретінде, ал араб авторлардың еңбектерінде "Тараз”, "Тираз”, "Талас” формасында аталған. Белгілі шығыстанушы Хоуорттың пікірінше Тараз ХХ ғасырдың басындағы Әулие Ата қаласының орнында болған (H.H. Howorth, History of Mongols, II-том, 1-кітап, 4-һәшия). Академик В.В. Бартольд бұл пікірді қолдайды, ал Шаваннестің пікірінше Тараз қаласы Әулие Атаның 5 фәрсах түстігінде болған. Осы деректердің барлығы да Тараздың VI-XIII ғасырларда қаншалықты мәшһүр болғандығын көрсетеді.

 

Көптеген деректер бойынша Тараз алқабы әйгілі Ма-уера-ән-Нәһір аймағына жатады. Ма-уера-ән-Нәһір жері жалпы өзеннiң (Аму Дария) арғы жағындағы елдер болғандықтан, дәл қай елдерді қамтығанын және нақты шекараларын кесiп айту мүмкiн емес. Негiзгi бұлақтарда аталмыш аумаққа жататын өлкелердiң тiзiмi әр алуан берiлген. Әбу Исхақ әл-Истахридің (850-934) тағрифы болса былай: "Күншығыста Хұттал жерін қамтитұғын Памир мен Рашт өлкелерi арқылы Үндi елiмен шекараласады да, күнбатыста оғыз уә хазлұж (Қарлұқ) өлкелерiнен бастап, Тараз (Талас) тұсынан өтiп, Фараб, Бискент, Самарқанд, Бұхара және Хорезм бойымен Арал теңiзiне жетедi, солтүстiкте қарлұқ жерiнен, яғни Ферғананың шалғай кенттерiнен бастап Таласқа қосылады, оңтүстiкте Бадахшан мен солтүстікте Хорезім көлi (Арал теңiзi) аралығында Жейхұнның бойын жағалайтын жерөлшемi” (Ән-Наршаһи, Тарих-и Бұхара, 161-бет ).

 

Ислам дінінің аталмыш аймақта таралуы сонау алғашқы халифалар, яғни сахабалар мен табиғиндер (алғашқы буын мұсылмандар) дәуірінде (634-751) болғаны белгілі. Әсіресе, Хорасан аймағының уәлиі (әміршісі) болған Құтайба Мүсілімұлы әл-Бәһилидің билігі тұсында (705-715) Бұхара, Самарқанд, Шаш (Ташкент), Исфижаб (Испижаб, Сайрам, Ақсу) өлкелері мұсылман билігіне қосылған-ды. Кейбір деректер Құтайбаның Қашғарға дейін жорыққа аттанғаны туралы хабарлайды. Демек, Тараз өлкесі сонау VIII ғасырдың бас шенінде-ақ исламиятпен танысқан десек артық айтылғандық болмас.

 

Алайда, Тараздың мұсылмандыққа бет бұруындағы шешуші уақиға 751 жылы осы өңірде болған және тарихи әдебиеттерде "Талас ғазауаты” деп аталған соғысқа тікелей байланысты. Өйткені, Таласта болған ғазауат, түрiк қағандығындағы iшкi қырқыстарды пайдаланған қытайлардың Жетiсу өңiрiн жаулап алып, Шашқа (Ташкент) дейiн барған кезінде болған еді. Бұл аса маңызды уақиғаның мәнін түсіну үшін сәл кейінге шегініп, уақиғалардың өрбу барысына шолу жасайық: 652-658 жылдары түрiк билеушісі Ашынақойлы (Қойлық) қаған, Шу және Талас өзендерi алқаптарында қытай әскерлерiмен қарулы қақтығыстар жасап, ақырында 658 жылы баласымен тұтқынға түседi. Осы жеңiстен кейiн қытайлар Жетiсу аймағына сұғына бастайды. Ма-уера-ән-Нәһірде мұсылман-араб билiгi нығайып келе жатқан шақта, әлі арабтарға бағынбаған өлкелердегi түрiк-соғдылар қытай патшалығының ықпал шеңберiне кiрiп, қытай әсеріне душар болады. 750 жылы Әмәуи (Омеядтар) ханаданы құлап, оның орнына Аббас әулетi билікті қолға алады. Әрине, орталық билiктiң құдiретi алыс аймақтарда дереу қалыптаса қоймаған. Осындай билік зәрулiгi, қытай отарлаушыларына қолайлы жағдай әзірлейді. Араны ашылған Таң императорларының батысқа қарай кеңею саясаты күшейiп, Орта Азияда қалыптасқан бей-берекет ахуалды пайдалану арқылы ұлан-байтақ елдердi отарлау амалдары жүзеге асырылады.

 

Түрік тайпаларының арасындағы алауыздықты шебер пайдаланған Таң әскерлерi түргештердiң ханордасы Сұйаб және Талас (Тараз) қалаларын шауып, жаулап алады. Елiн шауып, би-бектерiн тұтқындап, қырады. Осыдан кейiн түргеш елiнiң билiгi қытайдың Таң (619-908) әулетiне өтедi де олар қалағандарын билiкке келтiрiп, бұқара көпшiлiктi жиiркенiштi түрде қинай бастайды. Елетмиш Құтлұқ (742-753), Тәңірі Ілміш (753-756), Үнендер (756-766) қағандық жариялайды. Түргештердің ең нәфретлі жауы түрiктiң ашына деген тайпасы болатұғын. 748 жылы Таң әулетi, түргеш тағына осы тайпадан шыққан Ашынашынды отырғызады. Түргештер бұған қажырлы қарсылық көрсетіп, Ашынашынды айлалап өлтiредi.

 

Әмәуилермен және өз ішінде соғысып жүрген түргеш елінде береке-бірлік болмайды. 717 жылы шамасында қытайдан хандық лауазым алған түргеш Сұ-Лұ қағанды өзінің қолбасысы Баға Тархан ұйықтап жатқан сәтінде 737 жылы өлтіреді (Гумилев, Л.Н., Көне түріктер, 331-бет). Баға Тархан қағандығын жариялайды да қытай патшасына жақындық танытады, ол Таң ханшасын алып, күйеу бала болады. Сұ-Лұ қағанның ұлдары қан мен тақ дауын қуып Бағамен алысады, ол қайын жұртынан көмек сұрайды. Осы арада Тохаристанның түркі йабғұсы, Кәшмiр мұхтарияты (автономия) мен Қабұлды билейтін түркі Шаһи әулетi Қытай билiгiн мойындап, әкiмшілігін таниды. Сөйтіп, олар Жiбек жолындағы сенiмдiлiктi қамсыздандыруда Таң әкiмшiлiгiне көмектесудi мiндетке алады.

 

Қытайдың Таң (619-908) патшалығының езгiсiнен телiм-телiм болған түргештерге көмекке мұсылмандар жетiп келедi. Бұл түркi халықтарының тарихында аса елеулi уақиға болады. Ежелден батыс шекараларын кеңейту жоспарларын дайындап, тісін қайрап жүрген қытай императоры тағайындаған Күча уилаятының әміршісі Као Шиен-чи басшылығындағы қалың қолды аттандырады. Као Шиен-чи (Kao Hsien-chi, шын аты Ko Son-chi) кореялық еді. Ол Таң әскериесінде көп жылдар қызмет етіп, патшаның сеніміне ие болған, генерал шенін алған белгілі қолбасы. Патшаның оған сенгені соншалық, оны Шығыс Түркістан уилаятының (Батыс өлкесі) әміршісі етіп тағайындайды. Бұл жоғары мансапқа жету қытай еместер үшін аса биік дәреже еді. Қытай мемлекетінің батыс шекараларын өсіру арманын іске асыру міндеті артылған Као әр түрслі тәсілдерді қолданып, жоспарларын жүзеге асыра бастайды.

 

Бірақ, сол кезде Тибеттіктер мұсылман арабтармен тиiмдi қарым-қатынас орнатуға бет алған-ды. Осы беталыс қытайлар мен үндi-қытай саудасын бақылап тұрған түрiк-соғдыларды онша қуантбағаны айдан анық. Йабғұ, осыларды желеуретiп қытай патшасынан көмек талап етедi. Қытай жасақтары қалың қол жинап, Ташкент тұдұнына (әміршісіне) қарсы аттанады. Таң қолын Као Шиен-Чи басқарады. Сондай-ақ, қытай әскерiнiң құрамында түрiк-соғдылардан құралған қосындар да болған. Олар Ташкент тұдұны Бағатұрды тұтқындап, қытайдың ежелгі астанасы Чаң-анға апарып, азаптап өлтiредi. Оның мүшкiл халге душар болған баласы мұсылмандарға арызданып, жәрдем сұрайды. Негізінен, Ташкент уилаяты Таң (619-908) мемлекетінің хакімиятындағы мұхтарият (автономия) болатұғын. Түрік қағанаты мен түргеш билігі жойылған соң, бұлардың жерінде қытайлар ат ойнататұғын халге жеткен. Ташкент иелігі Таң билігін мойындағанымен түрік ханзадалары бұл жерде қайтадан біріксе қауіпті күшке айланатын аймақ еді. Сондықтан, Као Таң әулетінің алдындағы барлық потенциалды қауіп-қатерді жоймақшы болады.

 

Ханзаданың сұраған көмегіне мұсылмандар оң жауап береді. Хорасан билеушісі Әбу Мүсілiм қолбасы Зияд Салихұлы жетекшiлiгiндегi жасақтарын қытайларға қарсы аттандырады. Мұсылман әскерiнiң құрамында мұсылмандықты қабылдаған мыңдаған түрiк-соғдылар бар едi. Қытайлар 751 жылы шілде айында Тараз маңындағы Атлах (кей деректерде – Ахлат, Атлұқ) деген жерде мұсылман қолымен болған ғазауатта ауыр жеңiлiске ұшырайды. Олар ендiгәрi аталған аймақтардың маңайын баса алмайтұғындай жағдайға ұшырайды. Алғашқы ретi, түргештер мен мұсылмандар бiрiгiп, қытайларға қарсы соғысады. Мұсылман әскерi Таң әулетiнiң жасақтарын аса күйзелтушi жеңiлiске ұшыратады да Жетiсу өңiрiн тұтастай азат етедi. Ежелгі жауы қытайлардан отанын босатып берген мұсылмандарға шексiз разы болған түргештер, қарлұқтар және басқа да түркі тайпалары олардың батылдығына, мәрттігіне емiренiп хақ дiн Исламға жүрегi жiбидi.

 

Талас ғазауаты туралы алғашқы мәлімет 893 жылы қайтыс болған тарихшы Ибн Тайфұрдың "Китаб Бағдад” атты еңбегінде кезігеді. Мәшһүр тарихшы әл-Мақдиси (уаф. 997 ж.) "әл-Бәду-әт-Тарих” атты еңбегінде (6-том, 74-бет) бұл маңызды уақиғаға тоқталады. Оның айтуынша: "Әбу Мүслім қолбасы Зияд Салихұлын Ма-уера-ән-Нәһірдегі кейбір өлкелерді ашу үшін жорыққа аттандырды. Зияд кейбір елді мекендерді бағындырып, Тараз бен Атлахқа дейін барды. Қытайлар да әрекет жасап, 100 мың әскерден құралған үлкен қолмен келді. Сағид Хұмайдұлы Тараз қаласының қорғанысын бекітіп, осы қаланы бекінді. Самарқандтағы ордасында тұрған Әбу Мүслім маңайдағы әміршілердің Сағидке көмекші күштер мен ерікті әскер жіберуін бұйырды. Сағид қытайлармен бірнеше рет шайқасып, олардан 45 мың әскерді өлтіріп, 20 мыңын тұтқындап алды. Қалғандары қашып кетті. Мұсылмандар олардың ордасын талқандады. Соңыра, Сағид Бұхараға оралды”. Шынында Тараз маңында болған соғыс бес күнге ұласқан-ды. Ерлер ерлiгiн көрсеткен, дамылсыз айқас, шайқас болады. Бес күнге ұласқан бұл ғазауат, Орта Азия мен түркі халықтарының тағдырын анықтаған өте маңызды уақиға болды. Қытай қолына қосылып мұсылмандар және мұсылман жағындағы түрік-соғдылармен соғысқан қарлұқтар кенет қытайларға қарсы мұсылмандар жағында орын алып, ауыр соққы бередi, сүйтiп, мұсылмандар түбегейлi жеңiске жетедi. Қытайлар мен олардың сыбайластары үлкен шығынға ұшырайды да талқан-талқан болып, керi шегiнуге мәжбүр болады.

 

751 жылы болған Талас соғысын Ислам тарихының, оның iшiнде түркi тарихының ең маңызды сәттерiнiң бiрi деп айтуға болады. Қытайлар мен мұсылман арабтар арасында болған жалғыз соғыс осы. Бірақ, соғыстың нәтижелері мен ұзақ мерзімді тәсірлері талқыланғанда, осы уақиғаның күллі адамзат үшін қаншалықты маңызды болғаны аңғарылады. Талас жеңісі арқылы қытайдың Орта Азияға қарай кеңею (экспансионизм) саясаты мен әрекетi тоқтатылды, Орта Азиядағы мұсылман билiгiнiң түпкiлiктi екенi белгіленеді. Бұл соғысты қытай жағы жеңгенде Таң империясының шекаралары Орта Шығыс пен Еуропаға дейін баруы әбден мүмкін еді.сқа жазылған ұран сөзін Л. Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алады. Таста араб харпымен жазылған сөз мынадай: "Қыпшақ, найман, алшын, арғын, қаракесек, үйсін, табын, Иләһи кәр рә-сиге һамиша хайа рахмет қыл сен алтауын!, екінші түрде айтқанда: "О Ием! Үмітіңе жету үшін осы алтауына рахметіңді бере гөр!”.” (Әлкей Марғұлан, Таңбалы Тас Жазуы, Қазақ Тарихынан, Жалын, Алматы, 1997, 209-бет) деп жазған.

 

Қазақтар бертінде ғана мұсылман болды деушілер сәл кітап оқып, түсінік алса болғаны, сонда олар Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Ибраһим Исхақ әл-Фараби (? – 951), Ғаламаддин әл-Жәуһәри (Отырар, X-XI ғғ.), Ахмед Мансұрұлы әл-Исфижаби (Сайрамдық, уаф. 1087), Әли Мұхаммедұлы әл-Исфижаби (Сайрамдық, X-XI ғғ. ?), Әбу Абдұллаһ әл-Баласағұни әт-Түрки (1040-1112), Ахмед Ибраһимұлы Махмұдұлы әл-Йесеуи (Түркістандық, 1094-1166), Қайыр Хан (Отырар әкімі, 1165-1220), Абдұлғафұр әл-Кердери (Кердері тайпасынан, уаф. 1166), Әбіл Қасым әл-Фараби (Отырарлық, 1130-1210), Ахмед Махмұдұлы Йүгнеки (Түркістан өңірі, XII-XIII ғғ.), Жамал Қарши (1230-1315, Алмалықта туған), Әбіл Фадыл Мұхаммедұлы әл-Қарши (Алмалық, XIII ғ.), Хұсамаддин Хұсайын әс-Сығанақи, Алааддин Байлақ әл-Қыпшақи (XII-XIII ғғ.), Бәйдібек Би (1356-1419), Әбу Жәлел әл-Керейти (XVII-XVIII ғғ.), Сәййід Мирки (Меркелік, XVI ғ.) т.т. қатарлы ірі мұсылман тұлғалардың Қазақстан жерінде мың жылдан астам уақыт өмір сүргенін көрер еді. Осыдан бір-екі жыл бұрын Қонйа қаласындағы (Түркия) белгілі ойшыл Мәулана Жәлаладдин әр-Рұми мұражайын аралағанымда, қолжазба мұсхафтар (Құран нұсқалары) бөлімінде һижри 965 – милади 1557 жылы жерлесіміз Сәййід Мирки (Меркелік) тарапынан жазылған қолжазба Мұсхаф Шәріфті көрген едім. Бізге беймәлім тағы да көптеген жерлестеріміздің мұраларын шетелдерден іздестірген жөн

 

Қарлұқ, Аббаси, Самани, Қарахан, Селжүк сықылды мұсылман мемлекеттері тура 1250 жыл бойы отанымызда билік жүргізген. Арысын алмай, 751 жылы бүгінгі қазақ жерінде болған Талас ғазауатын бастаушы дата десек, 2001 жылы Қазақстан жеріне Исламияттың нақтылы келгеніне 1250 жыл болған. Бұл жағынан алғанда да Тараздың ислам тарихындағы маңызды орны көрінеді. Тұтастай түркілердің исламға бет бұруы бүгінгі Тараз түбінді болған тарихи уақиғаларға байланысты. Талас соғысынан бұрын да көптеген адамдардың мұсылмандықты қабылдағаны белгілі. Бірақ, тарихи маңыздылығы жағынан, Орталық Азияда Исламияттың түбегейлі орналасуы және қытай шабуылының тоқтатылуы жағынан Талас соғысының біздің жерімізде болғаны өте маңызды уақиға! Сол себепті, Тараздың 2000 жылдығын атау шараларында Талас ғазауаты туралы халықты хабардар етіп, шәһид болған ата-бабаларымызды рахметпен еске алсақ дұрыс болар еді. Бұл, біріншіден, Талас ғазауатында жанын фидә еткен шәһид бабаларымыздың ұмытылмағаны болса, екіншіден рухани вакуумда жүрген кейбір азаматтарымыздың еңсесін көтерерлік, үлгі аларлық уақиға болар еді. Талас шайқасының маңыздылығы мен Исламияттың түркі халықтарының, оның ішінде біздің халқымыздың тағдырындағы маңызды орнын түсіндіруде, кімбіз, қайдан келдік, қайда бара жатырмыз деген сұрақтардың жауабын анықтауда. Бұған қоса айтарымыз, күллі Ислам әлемінің тарихында осыншама маңызды орын алған Тараз шаһарында орта ғасырлық мұсылман архитектурасы үлгісінде бір үлкен мешіт ғимараты мен Ислам ғылымдарын зерттейтін ғылыми орталық салынса, нұр үстіне нұр болар еді.

 

загрузка...
Категория: Дінтану | Добавил: AgesSa
Просмотров: 2081 | Загрузок: 1 | Рейтинг: 5.0/1
Тут вы можете

скачать Тараз – ежелгi ислам мәдениетi орталығы

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2