Сократ,
тыңда мені. Бұл таңғажайып ертегі емес, түпкі жағында негіз бар әңгіме. Ол
жөнінде жеті дананың данасы атанған Солон баян етіпті. Ол біздің арғы атамыз
Дропидтің жақын туысы, онымен аз уақыт болса да бірге болған, достасқан адам.
Ол достығы жөнінде өзінің жазған өлеңдерінде де жиі-жиі еске салып отырады. Сол
Дропид бұл тарихты атамыз Критийге айтыпты, ал Критий шал оны бізге ауызша
жеткізген
Астана — бұл кең даладағы жай қала ғана емес, саяси ерік-жігер көрінісінің
нышаны . Бұлсаяси батыл қадам. Астана
шаңырағы әлі де болса биіктей түспек. Жаңа астананың келешегі бүтіндей XXI
ғасырдың еншісінде жатыр. Ал оның ертеңгі еңсесін көтеретін бүгінгі жас
жеткіншектеріміз
Әсем қала мерейтойы ерлігі де,өрлігі де ұрпаққа өнеге болыпжалғасқан қасиетті қазақ жерінің шежіресін
паш етер,көңілі дархан,жаны жомарт қазақелінің ұлылығын ұлықтайтын асқақта,айбынды ажарлы Астананың қазақ елі монументы.Жүздері бал-бұл жанып,қуанышы
қойнындарынасимай,шаттанған халық,Бейбітшілік және келісім
сарайына қарай ағылып қазақ елі тарихи ескерткіш монументінің ашылуы
салтанатында болдық.
Қазіргі кездеҚазақстанРеспубликасының
алдындатәуелсіздігін баянды ету, ол үшін
экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің1997 жылғықазан айындағы "Қазақстан – 2030” деген халыққа арналғанЖолдауындабұл міндеттер айқын тұжырымдалған.Осындайжауаптыдакүрделі
міндеттердітабысты орындап шығу
жолындаадамзат тарихындағы саяси –
экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелібилік құруы мәселелерін жете зерттеп,олардың үлгісінен тағлым алудыңмаңызы зор
Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып
келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік
береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы
орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады.
Геостационарлыорбита дегеніміз- бұл
Жерден шамамен 35800 км
биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита
Табиғаттың ластануы дегенде біз оған
тән емес агенттердің енуі немесе бар заттардың консентрациясының (химиялық,
физикалық, биологиялық) артуын, санның нәтижесінде қолайсыз әсерлер туғызуын
түсінеміз. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, зиянды емес немесе
ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады
Әңгіме. Шылым шегу барысында оның жартысы жанып кетеді
жұтылатын түтіннің құрамында никотин көміртек тотығы синил қышқылының бөліктері
және басқада сол сияқты химиялық заттар бар.Оның ішінде ең улысы –никотин оның уы ағзаға еніпәуелі тітіркендіреді одан соң жүйке жүйесінде
әсер етеді қан тамырлары тартылып сілекей қабаты зақымданады. Егер де никотин
көп мөлшерде ағзаға енсе дене тырысып өліп қалуы мүмкін
Шарттарды жіктеудің маңызы өтезор. Шарттың дұрыс анықталуы тараптардың
мүдделерін қорғауға септігін тигізеді. Шарттар жасалу уақытына байланысты
(күшіне енуі) реалды және консенсуалды болып бөлінеді.Консенсуалды шарт бойынша шарт жасаушы
жақтардың келісімге келуі бұл шарттың жасалғандығын білдіреді және сол сәттен
бастап күшіне енеді. (Мысалы, сату және сатып-алу, мүлікті жалға алу, т.б.)
ДДҰ мәліметі бойынша АИВ жұқтырғандардың саны 2000 жылдан кейін 40—50
миллионға жетуі ықтимал. ЖИТС-пен ең көп науқастанушылар АҚШ-та, Батыс Еуропа
елдерінде (әсіресе Франция, Германия, Ұлыбритания, Италия), Орталық Африкада,
Гаитиде тіркелген. Вирус
ТМД мемлекеттерінде, Жапония, Шығыс Араб елдерінде кездесе бастады
Қазақстан
Республикасы егемендігін алуына байланысты еліміздің әлеуметтік өмірінің барлық
саласы түгелімен өзгеріп, саяси, экономикалық және әлеуметтік жүйесі әлемдік
өркениет үлгісінде қайта құрылып жатыр. Ол қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың
мән – мағынасын терең түсініп- білуге
адамдардың өмірінде атқаратын орнын, атқаратын рөлін айқындауға, оларға сан
түрлі құқықтары мен бостандықтарын дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді
Басқа қоғамдық ғылымдардың ішінде саясаттанудың орны
ерекше. Себебі,
адамзат тарихында саясат негізгі рөл аткарды. Оның дұрыс-бұрыстығы, сайып келгенде,
адамдардын, халықтардың тағдырымен тығыз байланысты.
Мысалы, мемлекет агрессиялық, яғни басқыншылық соғыс саясатын жүргізсе, оның
салдары бірнеше жылдарға созылатын қайғы-қасіретке соқтыратыны даусыз.
Керісінше, мемлекет ғылыми дәлелденген тиімді бейбіт саясат жүргізсе, еліне
қолайлы, халқына жайлы болары да белгілі.
Бірінші байлық – денсаулық дейміз.
Бірақ осы сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін көбіне сезбейтін де,
мойындамайтын да сыңайлымыз. Айтылған сәтте көңілімізге қонады, құлағымызға
жағады. Келісеміз. Сонсоң өзіміз ауа жайылып жүре береміз. Сөйтіп күндердің
күнінде бір арылмас дертке шалдығып санымызды соғамыз."Жалған – ай!” деп көкірегіміз қарс айырылып,
өмірден түңіле бастаймыз
Тірі
организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және
физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып,
тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын
айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан
тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және,
мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады
Мұнай мен газдың аралас
қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай
ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос
сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады. Кейбір ұңғымалардың өнімі
сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз
ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау
үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға
мүмкіндік береді
Көшпелі және рулық -тайпалық негізде
құрылған халықтарда туыстық байланыстар қоғамдық қарым-қатынастың негізін
қалайды. Рулас ағайын, туыс, аталас, бір ата баласы, бір әке баласы туыстық
байланыстан туындайтын парыз бен қарыз міндеттер өте көп. Олар қазақтың
ғұрыптық заң- салттарымен бекітілген
Махаббат -
ғаламдық көлемдегі сүйіспеншілікті бейнелесе, Ғадауат сол махаббатқа
қарама-қарсы - жек көру, мейірімсіздік, қаскүнемдік, дұшпандық
деген ұғымдарды бейнелейді. Бұдан басқа Абайдың талқысына түсетін Нәпсі деген
сөз бар. Оның мағынасы тіпті жан-жақты: адамның ішкі жан дүниесі, құштарлығы,
құлқы-пейілі болып таралып кетеді. Махаббат. Ғадауат. Нәпсі. Асылы гомо сапиенс
аталатын саналы адамның өмірі осындай үш тағанға тіреліп тұратын болса керек.
Осыдан 4000 жыл бұрын Египетте емдеу әрекеті басталған,
оның ішіне массаж да кірген. Оған айғақ 1841 жылы Египет қолбасшысының
табытының ішінде папирус жапырағына жазылған массаждың тәсілдері табылған. Массаждың ең көне түрі Берлинде үлкен музейде сақталған.
Көз тартарлық дүниенің ішінде, екі адамның бірін – бірі сипалап отырған
көрінісі ерекше көзге түседі. Бұл сол кездегі Ассирия патшасы Санхерибаның
(біздің дәуірімізге дейінгі 705-681 жж.) дүниесі еді.
Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен
бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет
процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен,
яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық
мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет
ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан
туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады.
Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады
Тарихта
алғаш рет түрік атауымен мемлекет құрған Көк түріктер, осы ерекшелігімен
тарихта маңызды орын алады. Тарихта шамамен екі жүз жылға жуық өмір сүрген Көк
түріктердегі тайпа жүйесі, ғасырлар бойы зерттеліп бүгінгі Түркі әлеміне бір
көпір болғаны белгілі. Бүгінгі тақырыбымыз да Көк түріктердің тарихындағы
әртүрлі аттармен, ұйымдармен белгілі болған тайпалардың композициясы болмақ.
Бұл композиция, басқаша айтсақ тайпалардың ыдырауы мен әрекеттенуі Көк түрік
мемлекетінің 744 жылы құлағанынан кейін де жалғасып, тіпті көш кездерінде де
маңызды рөл ойнаған
Қиял дегеніміз — сыртқы дүние заттары мен
қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде
көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс: «...барлық жан қуаттарын
(рухани күштерді) тек қиял ғана өзіндік сақталатынсөзімдік заттарды
модельдендіре алады» (әл-Фараби). Адамда қиял пайда болған
кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға
туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады
Алтайдың топониикалық жүйесін
зерттеген Л.М.Дмитриева кеңістікке мынадай сипаттама береді: «Дүниенің
топонимикалық бейнесінде «кеңістік» категориясы неғұрлым маңызды орынды
иеленеді, өйткені бұл категорияадам мен
шындық өмір арасындағы қатынастарда негізгі, іргелі категория болып саналады.
«Кеңістік» концептісі топнимикалық тұлға санасының бөлшегі, оның ментальдік
ішкі таным көрінісі мен тілдік ұласуы ретінде дүниенің топонимикалық бейнесінде
басты әрі негізгі роль атқарады»
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы егде
адамдардың көптеген құқықтарын бекітеді, бірақ құқықтады жариялау оның
автоматты, әсіресе егде адамдардың әлеуметтік жеңілдіктеріне, ақысыз
медициналық көмек алуға және дәрі-дәрмекпен ақысыз қамтамасыз етілуіне қатысты
ережелерге қатысты құқықтық іске асырылуын білдірмейді
Ғылым мен техниканың
дамуы ғылымның барлық салаларына, соның ішінде тіл білімінің дамуына да өз
әсерін тигізуде. Қазіргі заман талабына сай лингвистикада жаңа бағыттар мен
түрлі салалардың негізі салынып, дамып, тіл білімінің зерттеу нысаны кеңейе
түсті. Этнолингвистика, когнитивті лингвистика, лингвомәдениеттаным,
паралингвистика, прагмалингвистика тәрізді лингвистика салалары тілді
жан-жақты, ғылыми тұрғыда зерттеуге мүмкіндік ашты. Қазақ тіл білімі де жаңа
бағыттардағы зерттеулермен толығу, даму үстінде
Домбыра – қазақ халқының
арасында кең тараған екі ішекті музыка аспабы. Ертеде домбыраның түрлері өте
көп болған. Олардың жасалуында өзіндік ерекшеліктері (көбіне тұтас ойылып
жасалған) бар. Көбіне әсем нақышты болып келеді. Халық арасында үш ішекті
домбыралар кездеседі. Соңғы кезге дейін домбраның бұл түрі Семей облысында
сақталып келді. Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз
т.б. аспаптармен қатар дамыды
Жаппай жойылудың үлкен
мысалдарының бірі ол бор дәуірінің соңында динозаврлардың жойылуы.
Динозаврларға бауырмен жорғалаушылардың екі отряды Saurischa және Ornitischa –
олар бүкіл мезозой дәуірінде құрлықта тіршілік етті, сол себепті мезозой дәуірін
кейде динозаврлар дәуірі деп те атайды.
...Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың еліміздің
халқына Жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық-әлеуметтік биіктерге көтерілу
үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім. Менің
мамандығым дәрігер болғандықтан, Жолдаудағы "Қазақстан азаматтарының
денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты" бағдарламасы айрықша әсер етті. Шынында
да, қазақ "Тазалық - саулық негізі, саулық - байлық негізі" деп бекер
айтпаса керек
Шәкәрімнің танымдық
әлеміне Абай мұрасы арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден қою керек,
өйткені бұл жол жантану ілімін танып білуде адастырмас темірқазығымыз. Екі ой алыбы өз
туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық
тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында
толассыз ізденіске түскен.
Генетика ғылымы қарастыратын
тұқым қуалаушылық пен өзгергіштіктің барлық заңдылықтары адамға да тән
болып есептеледі. Себебі ол да тіршіліктің бір түріне (Homo Sapіens) жатады.
Тұқым қуалаушылығы мен өзгергіштігі жағынан адамның басқа жануарлардан
айтарлықтай өзгешелігі жоқ. Бәрінде де тұқым қуалайтын қасиет ұрпақтан-ұрпаққа
хромосома құрамында болатын гендер арқылы беріліп отырады. Адамның жануарлардан
айырмашылығы оның саналылығы мен екінші сигналдық жүйесінің (системасының)
болатындығында, соған байланысты оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіндігі де мол
болып келеді