Тілендіұлы Нұрғиса (1925-1998) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы. Туып өскен жері - Алматы облысының Іле ауданына қарасты Шилікемер ауылы. Топырқ бұйырған жері Жамбыл кесенесінің іргесі. Москваның П.И.Чайковский атындағы консерваторисының дирижерлік факультетін (проф. Н.П. Аносовың класы бойынша) бітірді. Қазақтың Абай атындағы опера және балет театрында (1953-1961), қазақтың Құрманғазы атындағы Мемлекеттік Академиялық халық аспаптар оркестрінде (1961-1964) және тікелей өзінің ұйымдастыруымен дүниеге келген «Отырар сазы» халық аспаптары оркестрінде (1981-1998) бас дирижер қызметін атқарды. Сондай ақ, 1968 жылдың «Қазақфильм» киностудиясы музыка редакциясының бас редакторы болып істеді. Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, КСРО ның халық әртісі. Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен Н.Тілендіұлына 1998 жылы «Халық Қаһарманы» атағы берілді.
1921 жылы Батыс Қазақстан обылысы Жәнібек ауданының Ақоба ауылында дүниеге келген. 1970 жылдың 21 сәуірінде Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақ композиторы. 1939-1941 жылдары Мәскеу консерваториясының қазақ студиясында дәріс алған. Ұлы Отан соғысының ардагері. 1953 жылы Алматы консерваториясын Е.Г. Брусиловскийдің композициялары бойын-ша тәмамдаған. 1943-1953 жылдар аралығында Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық аспаптар оркестрінің дирижері. 19653 – 1960 жылдарда Алматы консерватиясында ұстаздық қызмет атқарған. 1961–1969 жылдар аралығында Алматы консерваториясы жанындағы фольклор кабинетінің меңгерушісі.
Ержанов Манарбек (1901-1966) - әнші, актер, композитор. Қазақстанның халық артисі. Ол Ақан сері, Біржан сал (және басқалары) сияқты композиторлар - әншілердің композиторлық-әншілік мектебін лайықты тұрақты жалғастырушы болып табылады. Ол белгілі әнші және домбырашы. Күсенбайды өзінің тікелей ұстазы ретінде санайды. Ержановтың көп қырлы таланты оның әндерінен анық байқалады. Ол 150-ден аса ән мен күй шығарды. Халық арасында оның “Жарыс”, “Аманкелді туралы өлеңі”, “Қойшы әні” және тағы басқа шығармалары жақсы танымал. Ержановтың шығармашылық мұрасының маңызды бөлігін оның домбыраға арналған күйлері құрайды. Бұлар “Би күйі”, “Аққу”, “Жетісу” және т. б. Ержанов сондай-ақ, артистік өнерімен де айрықшаланады. Оның артистігі мен әншілігі “Қыз - Жібек” (Шеге), “Жалбыр”(Елемес), “Ер Тарғын” (Сахан) және т. б. опералардағы партияларды шеберлікпен орындауынан көрінеді. Ержановтың өмірін соңғы жылдары Жамбыл атындағы Мемлекеттік филормониясында белсенді концерттік қызметімен ерекшеленеді.
Байсеітова Күләш - әнші (лирико - колоратуралық сопрано). СССР халық артисі, ССРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Алматыда дүниеге келген. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. Байсейітова қазақ опералық өнерін қалаушылардың бірі. Бірінші рет қазақ сахнасында ол классикалық опералардағы Баттерфляй (Дж Пуччинидің “Чио-Чио- Сан”, Татьяна (П. И. Чайковскийдің “Евгений Онегині”) т. б. партияларды орындады. Байсейітова сирек сахналық талант иесі, ол жасаған бейнелер әртүрлі мінездемелердің біртұтас галереясын құрады. М. Әуезовтың музыкалық комедиясындағы Айман, И. В. Коцыктың “Айман- Шолпанындағы” Айман, Е. Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібек” және тағы басқалары. 1980 жылдан бастап, К. Байсейітова атындағы қазақтың халық әндерін орындаушылардың Республикалық сайысы 4 жылда бір рет өткізіліп отырады.
Тілепбергенұлы Қазанғап (1854-1927) – қазақтың әйгілі күйші-композиторы. Туып-өскен жері – арал көлінің жағасы, Құланды түбегінің Ақбауыр деген жері. Топырақ бұйырған жері – сол Ақбауыр маңы, Айшуақ ауылының іргесі. Шыққан тегі – Ұлы жүз құрамындағы байырғы тайпалардың бірі - Шанышқылы. Шежіре дерегі бойынша, Ұлы жүз Ақарыстан тараған ұрпақтың бірі Кейкі би, одан Төбей туған. Төбейден Майқы, Қоғам, мекіре, Құйылдар деген төрт ұл туады. Осылардың Қоғамынан Қаңлы мен Шанышқылы туған. Шанышқылыдан Қорбақа, Дархан, Қырықсадақ, Бектау деген төрт ұл туады.
Ұзатылатын қыз - қалыңдық киетін ғұрыптық киім. Оның сом күмістен құйылған төбесіне үкі тағылып, маңдайына жақұт қондырылады. Екі жақтауына моншақтан салпыншақ өріледі, төбесінен жерге дейін төгілген ақ желек жабылады.
Аса қымбат матамен тысталып, ішіне жұқа киіз немесе қалың мата салынып, сырылып тігілетін ер адамдардың бас киімі. Сыртына өсімдік тектес өрнек салынып, алтын жіппен зерленеді. Оны ертеде хан-сұлтандар салтанатқа киетін болған. қазір оны құрметті адамдарға сыйлайды.
Шаң қобыз - бітімі бөлек, ойналуы ерекше қазақ халқының көне музыкалық аспабы. Үні құлаққа жағымды, адам даусына жақын. Аспапта ойнау ерін мен тістің арасындағы қуысқа тікелей байланысты. Ойнау кезінде орындаушы оң қолымен тілшенің ұшын шалып отырып, шапшаңдата дыбыстайды. Дыбысы тілшені қозғалысқа келтіргенде шығады.Аспапта жеке ән- күй орындап қана қоймай, басқа да көне музыка аспаптарымен бірге халық әуендерін сүйемелдеуге болады. Шаң қобыз аспабының құрылысы қарапайым, жұқа тақтайшадан жасалады.
Сақпан - өзіндік үнімен ерекшеленетін сілкімелі қазақ халқының көне музыкалық аспаптарының бірі. Ертеде үй тұрмысында, әсіресе мал шаруашылығында кеңінен қолданылған. Қойшылар көктемгі төл кезінде бұл аспаптың дыбысымен қой қайырған. Шаруалар егістікке қонған құстарды үркіту үшін де пайдаланған. Кейбір өнерпаздар сақпанмен өзінің әуенін сүйемелдеген.Сөйтіп, сақпан музыкалық аспап дәрежесіне көтерілді.
Қыл қобыз - ерте заманнан келе жатқан қазақ халқының екі ішекті ысқышпен ойналатын аспабының бірі. Өзіндік жасырын сыры мол, адамның еркіне көне қоймайтын, күрделі аспап. Ішегі жылқының қылынан жасалады. Қобыз аспабының екі ішектісімен бірге – үш, төрт ішектілер және «нар қобыз», «жез қобыз» деп аталатын түрлері де бар.Қобызды ағаштан шауып немесе құрап жасайды. Беті жартылай терімен қапталады. Ол дыбыстың жаңғырып шығуы үшін керек. Ерте заманда қобызды тек бақсы – балгерлер ғана ұстаған. Халық аңызында қобыздың пайда болуы Қорқыт ата есімімен тығыз байланысты екені де айтылады.
Желбуаз – үрлемелі аспаптар тобына жататын, ерте заманнан келе жатқан, ел көзіне еленбеген көне музыкалық аспабының бірі. Аспап иленген мал терісінен жасалады. Сырт көрінісі меске ұқсас. Аузын бекітіп тұратын тығыны болады.Әуен шығаратын екі сырнай түтікше бекітеді. Мойынға асып алып жүруге ыңғайлап, қайыстан арнайы бау тағылады. Ұстап жүруге өте жеңіл. «Желбуаз» аспабын белгілі компазитор Н. Тілендиев « Отырар сазы» оркестрінде қолданды.
Жетіген - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген аспабы талай жүздеген жылдар өтседе, баяғы қарапа йым күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек байланып, арнайы тиектер қойылады. Аспаптың үні өте нәзік, құлаққа жағымды. Ел арасында аспаптың шығуы жайында көптеген аңыздар айтылады. Сол бір аңыздың бірінде : өткен заманда өмір сүрген бір қарияның жеті баласынан айрылған қасіретті қайғысынан туындаған әуен- деседі. Бізге «жетіген» деген атау осылай жеткен. Қазіргі кезде жетіген аспабы көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен насихатталып келеді.
Дауылпаз - ұрып ойналатын музыкалық көне аспаптың бірі. Халық тұрмысында кеңінен қолданылған. Әсіресе, бұрынғы кезде, жаугершілікте дабыл қағып, белгі беру үшін пайдаланған. Аспаптың жасалу құрылысы анағұрлым күрделі. Ол тұтас ағаштан ойылып жасалады. Бет шанағы терімен, қапталады. Иыққа асып алып алу үшін қайыстан арнайы аспалы бау бекітіледі. Дауылпаз ағаш тоқпақпен ұру арқылы дыбысталады. Қазіргі кезде дауылпаз аспабы көптеген фольклорлық ансамбльдерде кеңінен қолданылып жүр. Дауылпаз тектес аспаптар әр түрлі атпен басқа халықтарда да кездеседі. Айталық, өзбек халқында - «Тәбльбасс», Қырғызда « Доолбас» деп аталады.
Домбыра - қазақ халқының арасына өте ерте және кең тараған, ғасырлар сырын сақтаған қос ішекті шертіп ойнайтын музыкалық аспаптың бірі. Өзіне тән ерекшелігі бар, ішекті, шертпелі аспаптар тобына жатады. Домбыра әр түрлі үлгіде тұтас ағаштан ойылып, немесе құрап жасалады. Мойнына он тоғыздан жиырма екі санына дейін пернелер байланады. Арнайы құлақ күйге келтіріледі.Домбыраның екі ішектісінен басқада үш ішекті, қос жақты, кең шанақты, қуыс мойын, шіңкілдек деп аталатын түрлері бар. Даусы майда, қоңыр, құлаққа жағымды.
Аса таяқ - сілку арқылы үн шығаратын көне музыкалық аспап. Ұзындығы 110- 130 см. Тұтас ағаштан арнайы қалыпта жасалады. Басы күрек тектес. Бас жағына түрлі темір сақиналардан сылдырмақтар тағылып, өрнектермен әшекейленеді. Аса таяқ өзіндік үнімен ерекшеленеді. Аспапты ырғап, шайқап ойнайды. Аса таяқ аспабын ертеде көбінесе бақсылар қолданған. Қазіргі кезде көне үлгілері қайта жасалынып, ұрмалы музыкалық аспаптар тобына қосылады.
Адырна - қазақ халқының өте ерте заманнан келе жатқан көп ішекті музыка аспабының бірі. Ежелгі заманда бұл аспапты аңшылар ұстаған. Садақ атып, жебе тартып, аң- құстарды аулаған. Әуелде адырна садақ пішінді болды. Кейін бұл аспапты бұғы, марал, арқар тұрпатты аңдардың тұлғасына ұқсастырып жасады. Әуелі ағаштан құрап шанақ, мүйіз жасалынып, шанақтың асты- үсті терімен қапталады.Мүйізге жағалай құлақтар бекітіліп, ішіктер байланады. Сөйтіп, аспапты екі тізенің үстіне қойып, оң қол, сол қол саусақтарымен іліп тартып ойнайды
“Біржан-Сара” операсы 1946 жылы жарық көрді. Кейбір жекеленген үзінділері премьераға дейін-ақ концерттерде айтылып радиодан жиі беріліп жүрді. Халық премьераны асыға күтті. Үміт ақталып, Қазақстан опера өнерінің жарқын туындысының соңы тамаша мерекеге ұласты. Мұқан Төлебаев бірден қазақ музыка өнерінің классигі боп шыға келді. Содан күні бүгінге дейін бірде-бір театр маусымы тамаша туынды “Біржан – Сарасыз” өтіп көрген емес. “Біржан-Сара” операсы 1958 жылы Мәскеуде өткен Декадада Үлкен театр сахнасында қойылып оның табысы жөнінде “Правда” газеті былай деп жазды: - “Композитор Мұқан Төлебаев өзін Біржанның ізбасарындай сезініп бір тылсым ақындық әлемнің құпиясына шомып кеткендей оның сиқырлы сырлы әлемін сезіну арқылы нағыз толыққанды әсерлі ұлттық опералық шығарма тудырды”.
Ұлттық композиторларымыздың алғашқы тырнақалды шығармасы А .Жұбанов пен Л.Хамиди бірігіп жазған “Абай” операсы театр репертуарынан берік орын тепті. 1944 жылы жазылғаннан бері театр өзінің әрбір ашылу маусымын тек осы “Абаймен” ашады. “Абай” операсы театрдың шығармашылық сапарларында атақты опера сахналарында қойылды. Ленинград, Берлин, Дрезден, Лейпциг, Тәшкен, Ярославль қалаларында көрсетіліп, 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндерінде Үлкен театр сахнасында басты рольді Ришат Абдуллин орындаған “Абай” операсы зор құрметке ие болды. Ришат Абдуллин сомдаған Абай қайталанбас бейне ретінде халық жадында мәңгі өшпес орын алады және есте сақталады.
Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібегі” республикамыздың кәсіби опера өнерінің ашылған бірінші беті, ғажап туындысы. “Әу” - деп басталғаннан-ақ тұла бойы, мазмұны, жазылуы, қойылуы, тіпті сахналық таңқаларлық тағдырымен болсын айырықша көркем дүние. Халықтың сүйіп тыңдайтын, рахаттана көретін операсы болғандықтан күні бүгінге дейін театр репертуарынан түспей келеді. Бұл керемет шығарма ұлы өнер саңлақтары композитор Е.Брусиловский мен жазушы Ғ.Мүсіреповтың және орындаушылардың шығармашылық достығы тудырған аса биік өнер үлгісі. Оның табысты өтуі заңды әрі соның бір айғағындай. Шығарманың музыкалық арқауын көбіне халық композиторларының әндері мен күйлері құрайды. Халықтың сүйікті әндері түрленіп, әдемі күйге малынып құлпырып жарқырап шыға келді. “Қыз Жібек” операсы өз сахнамызда ғана табысты өтіп қойған жоқ, сол кездегі еліміздің Үлкен театрында көрсетіліп қазақ өнерінің Декада күндері кезінде де зор шабытпен шырқалды. Мәскеуліктер қазақтың бірінші операсына аса зор ықыласпен сүйсініп ұзақ қол соқты. Спектакль баспасөз беттерінде төбесі көкке жете мақталды. Әсіресе сахнаны жайнатып жіберетін бұлбұл әнші Күләш Байсейітова талғампаз Мәскеу халқының жүрегін баурап алды. “Қыз Жібекті” қойған опера өнерінің негізін салушы – жұлдызды құрамы Қазақстан халқының аға буын өкілдері үшін мәңгі есте қалды.
Опера труппасы бұнымен қатар классикалық шығармаларды да игеріп жұмыс істей бастады. 1936 жылдан бастап құрамында опера өнерінің асқан шеберлері ҚазКСР-ң халық әртістері Н.Самышина, А.Круглыхина, Н.Куклина бар орыс труппасы қазақ солистерімен бірлесіп “Кармен”, “Евгений Онегин”, “Қарғаның мәткесі”, “Демон”, “Фауст”, ”Аида” спектакльдерін сахнаға шығарды. Соғыс кезіндегі бес жылдың ішінде театр ұжымы ұлттық опералардан басқа үлкен-үлкен қомақты “Иван Сусанин”, “Мазепа”, “Отелло”, “Чио-Чио-сан”, “Даиси” сияқты классикалық шығармаларды сахналады. Бұған эвакуация жылдары Алматыда тұрған Кеңестер Одағының Үлкен театры солистерімен өнер адамдары баға жетпес үлкен көмек көрсетті.
Қазақстанның опера өнері тарихында 1944 жыл жаңа бір үлкен бетбұрыс кезеңі болды. Театрға жаңа буын жас әншілер келіп қосылды. Олар П.Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясының жанындағы студия түлектері Байғали Досымжанов, Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Кәукен Кенжетаевтар еді. Біраздан соң өз композиторларымыз жазған алғашқы ұлттық операларымыз дүниеге келді. 24 желтоқсан 1944 жылы А.Жұбанов пен Л Хамиди бірігіп жазған “Абай”, 7 қараша 1946 жылы М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” операсы қойылды.
Көп ұзамай-ақ театр тарихының жарқын беттеріне жазылған даңқты қойылымдар бірінің артынан бірі сахнаға шыға бастады. Алғашқы жылдың өзінде ғана халық атақты “Айман-Шолпаннан” басқа “Шұға” музыкалық пьесасымен және Е.Брусиловскийдің “Қыз Жібек” атты тұңғыш ұлттық операсымен танысты. Бұдан кейін 1935 жылы “Жалбыр” қойылды, 1936 жылы Мәскеуде алғаш рет қазақ әдебиеті мен өнерінің Декада күндеріне қатынасты, 1937 жылы Е.Брусиловскийдің “Ер-Тарғын” операсының премьерасы Ленинградта қойылды. Театр туындыларының Мәскеу мен Ленинград қалаларының бүкілодақтық сахналарына шығуы театр ұжымын жігерлендіріп жаңа табыстарға бастады, театрға шеттен басқа композиторлардың назары ауып өз шығармаларын ұсынды: 1939 жылы И.Надировтың “Терең көлі” мен В.Великановтың “Тұтқын қызы”, 1940 жылы А.Зильбергтің “Бекеті” және Е.Брусиловскийдің “Алтын астық”, 1942 жылы “Гвардия алға” спектакльдері қойылды.
Жаңа театрдың шымылдығы 13 қаңтар 1934 жылы музыкалық “Айман-Шолпан” спектаклімен ашылып таңқалдырар табысқа жетті. Сол кезді өз естелігінде Қанабек Байсейітов былай деп жазады: - “15 мамырға дейін “Айман-Шолпан” 100 рет қойылды. Соншама аз мезгілде спектакльдің сахнаға 100 рет шығуын ешбір қойылым көтере алмас еді. Қалада әңгіме тек спектакль жайында болып жұрт гуілдеп оның әндерін айтып жүрді”.
2004 жылы Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет театрының құрылғанына 70 жыл толады. Осы айтулы мереке қарсаңында “Асыл мұра” жобасы “Қазақстан опера өнерінің негізін салушы сахна жұлдыздары” атты саз дискісін жарыққа шығарып Қазақстан опера өнерінің негізін салған алғашқы қарлығаштарымен Қазақстан музыкалық мұрасының даңқын асырып осы өнердің басында тұрғандарды тағы да бір еске түсіріп құрмет көрсетіп отыр. Әрине, театр бірден аяғынан тік тұрып кеткен жоқ. Көп ізденістермен сынақтардан өтті (1934 жылы Алматыда Қазақтың музыкалық театры болып ашылды, 1937 жылдан қазіргі атауы, 1941 жылдан академиялық, 1945 жылдан Абай аты берілді). Алғашында оның негізгі құрамында драма театрының музыкалық өте қабілетті талантты әртістері Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Елубай Өмірзақов, Құрманбек Жандарбеков, Күләш пен Қанабек Байсейітовтер, Серғали Әбжанов, Үрия Тұрдықұлова және басқалар болды. Кейін бұлардың көбі Қазақстан опера өнерінің қайраткерлері атанды.
1. Ойналатын жаңа шығарма және оның авторы жәйлі қысқаша кіріспе сөз немесе өткендегі шығарманы қайталап, көркемдік техникалық дәрежеге жеткізу. 2. Шығарманы игерудегі техникалық көрнекі құралдарды пайдалану. 3. Шығармада ойлы өрнек, мәнерлік құралдарын жүйелеп, мазмұнын ашып, көркемдік дәрежеге жеткізу немесе интерпретациялау. 4. Дайындық соңында, игерілген шығармалардың ішіндегі оқушылардың көбірек ұнататынын ойнап, оркестр әзірлігін эмоциялық тұрғыда бітіру. 5. Келесі дайындықтың міндеті мен үй тапсырмасын беру. Әр дыбыстарды ойнағаннан әуен тумайтынын практика жүзінде дәлелдеу.
Бұл – оқушылардың қолдары домбыраға төселіп, нота сауатын игеріп, оқып кететіндей дәрежеге жеткендегі кезең. Дайындық бірден жетекшінің бүгінгі оркестрде істелінетін жұмыстың мақсат, мазмұнын қысқаша түсіндіруінен басталады және төмендегідей жұмыс формалары қамтылады: 1. Ойналатын жаңа шығарма және оның авторы жәйлі қысқаша кіріспе сөз немесе өткендегі шығарманы қайталап, көркемдік техникалық дәрежеге жеткізу.
Мәселен, оркестрде ойнауға Құрманғазы ның бір күйі белгіленді делік. Егерде жетекші сол күйді ешқандай қосымша жұмыс түрлерін атқармай, әдіс-тәсілсіз сол «таза» қалпында үйретсе, біздер жоғарыдағы айтқан мақсаттардың біреуіне де жетпей, ал оқушылар ешқандай құштарсыз, ынта ықылассыз, жалпылама дәрежеде ғана игерген болар еді. Міне, біздердің оркестр жұмысы белгілі бір ғылыми педагокикалық негізде өтілуі керек деп мән беруіміздің басты себебі – практикада жаңағы айтылғандай «жалаң» дайындықтардың жиі кездесетіні.
Метод – грек тілінде адамның практикалық әрекеттерін және өмірді тани білу амалдарының жолдарын, тәсілдерін білдіреді. Оркестрдегі ойналатын музыкалық шығарманың ерекшелігіне (күй, пьеса, би, ән т.б), авторына, оқушылардың жасына, білім деңгейіне байланысты оқыту, тәрбиелеу әдістері әртүрлі болып келеді. Оркестрде пайдаланатын медодикалық әдіс-тәсілдер оқушыларға музыкалық-теориялық білім негіздерін берумен қатар оның көркемдігін, өмірмен байланысын аңғарту, білім, білік, дағдыларын дамытуды көздейді. Оркестр жұмысында әңгіме практикалық жұмыстар, көрнекілік, өзіндік жұмыс, зерттеу және проблемалық әдістер сияқты методикалық әдіс-тәсілдерді пайдалануға болады. Бұл аталған әдістер жеке немесе бірімен бірі тығыз байланысты, кешенді түрде беріледі.
Дидактикалық принціпті оқытудың заңдылықтары немесе негізі деп түсінуге болады. Қазірде аспапты игерудің, оркестр басқарудың дидактикалық ғылыми негіздері қалыптасып, біртіндеп іске асуда. Оқушының музыкалық аспапты игерудегі ғылыми принціптерді дұрыс сақтауы үшін оркестр жетекшісі мына шарттарды еске сақтауы қажет: Біріншіден, алғашқы үйрену кезеңіндегі жұмыс үрдістеріне байланысты заңдылықтар мен теорияларды, ережелерді нақтылы өз мағынасында, дәлме-дәл түсіндіру. Бұған жататындар – домбырашының отыру реттілігі, қол мен саусақтарды аспаптарға дұрыс қоя білуі, аспаптан музыкалық дыбыс әуенінің мәнді шығуы, штрихтер апликатурасы, т.б. Егерде бұл талаптар дайындық кезеңінде тиянақты қалыптаспаса, оқушы аспапты өз мәнінде игере алмайды да алға қойған мақсаттың жүзеге асуы қиын соғады.
Алдымен айтарымыз – бұл жетекшінің тапқырлығы мен шеберлігіне байланысты. Ол әр-сәт, әрбір оркестр мүшесінің психологиялық рухани дүниесін, ой-өрісін дәл басып, сезіне білуге тиіс. Мысалы жоғарыдағы айтылған бас домбыраның партиясына алдын ала көңіл бөліп, олармен жеке дайындықтарды жиілетсе, қызықты да көңілді ән-күйлер, пьесалар берсе, партияға мелодиялық үзінділер кіргізсе, олардың музыкаға деген белсенділігі арта түскен болар еді.