Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының алдында тәуелсіздігін баянды ету, ол үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің 1997 жылғы қазан айындағы “Қазақстан – 2030” деген халыққа арналған Жолдауында бұл міндеттер айқын тұжырымдалған. Осындай жауапты да күрделі міндеттерді табысты орындап шығу жолында адамзат тарихындағы саяси – экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелі билік құруы мәселелерін жете зерттеп, олардың үлгісінен тағлым алудың маңызы зор. Орта ғасырлардағы әлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарына үстемдік орнатқан мемлекеттердің бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп, содан соң Кіші және Орта Азияны, Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап алды. Халифаттың тарихы – бұл тек арабтар мен арабия жарты аралының ғана емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамына кірген Иран, Орта Азия, Сирия, Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
“Мәдени мұра” бағдарламасы шеңберінде Есік қорық-мұра¬жа¬йын ашуға байланысты былтыр күз¬де Президент Әкімшілігі Бас¬шысының орынбасары, “Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қоғамдық кеңес төр¬аға¬сы Мәулен Әшімбаевтың ар¬на¬йы келіп, Алтын адам табыл¬ған өңірде отырыс өткізіп, жер жағдайын өз көзімен көріп қайт¬қанын біліп, шынымды айтсам, аса қатты қуандым. Бұл мәселе, меніңше, әлдеқашан көтерілуі керек еді. “Мәдени мұра” бағ¬дар¬ламасына байланысты Пре¬зидент Н.Ә.Назарбаев: “Тарихи ескерт¬кіш¬терді жаңғырту жұ¬мысы ерек¬ше ыждаһаттылықты талап етеді. Бұл – құрылыс емес, ғылыми жұмыс... Ол жұмыстар¬дың біт¬кен¬¬нен кейінгі тағдыры қандай бол¬мақ? Отырар сияқты ашық аспан астында ашық-ша¬шық тас¬тап кетеміз бе?”, – деп, қын¬жыла ескерткен болатын. Президенттің бұл сөзінен, жасыратыны жоқ, бұған дейін жүр¬гізілген археологиялық
14-15 ғғ. Қазақстанды мекендеген халық мал шаруашылығымен, егіншілікпен де айналысты. Ашнас, Үзгент, Аққорған, Сүткент, Сауран, Сарайшық қалалары дамыды. Архитектуралық ескерткіштер бой көтерді. Қожахмет Яссауи мазары., Алаша хан, Жошы хан, Болған ана мазарлары болды. Қыпшақ тілі немесе түркі тілі үстем тілге айналды. Дешті Қыпшақ тілінде жазылып бізге жеткен мұра 1245 ж. құрастырылған түрік-араб сөздігі.
Өзінің сипаты жағынан алғанда бұл глоссарий қыпшақ (құман) тілі ескерткіштерінің бірі - "Кодекс куманикустың" (13 ғ. соңы 14 ғ. басы) тіліне жақын. Сыпыра жырау, Қодан тайшы (14 ғ.), Асан қайғы мен Қазтуған (15-16 ғғ.) жыраулар шығармашылықтары дамыды. "Ер Тарғын", "Қамбар батыр", " Алпамыс батыр", "Едіге батыр" жырлары пайда болды. "Қозы Көрпеш Баян сұлу" лирикалық эпосы да осы кезде шықты.
Бұрынғы Шағатай ұлысының жерін толық билеуді көздеген Тоғылық Темір Мәуереннахрды Шыңғыс әулеті Денішмендінің атынан билеп отырған Қазағанның көзін құртуды, сол арқылы бұл өңірді Моғолстанға қосып алуды ойлады. Сөйтіп, ол 1358 ж. Қазаған әмірді өлтіртті. Бір жылдан кейін Қазағанның мұрагері Абдолла да қаза болды. Осыдан кейін Мәуереннахр тәуелсіз ұлыстарға бөлінді. Оны пайдалану үшін Тоғлық Темір жанталасты. Ал Осы кезде Ақсақ Темір өзінің шағын әскерімен Кеш қаласының әміріне қызмет етіп жүрді. Тоғылық әскерлері Кешті алады. Темір Тоғылық Темірге қызметке кіреді. 1361 ж. Мәуереннахрға екінші рет шабуылға аттанып, оны бағындырған Тоғылық темір баласы Ілияс қожаны оған билеуші етіп қалдырды. Бұл жолы ол Темірді Кеш қаласының бастығы етіп тағайындады. 1362 ж. Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс қожаға көшкенде Мәуереннахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайн тағайындалды.
Ноғай Ордасы Еділ мен Жайық арасындағы жерді мекендеді. Орталығы Жайықтың төменгі саласындағы Сарайшық қаласы болды. Ноғай Ордасының негізін қалаған Едіге 1396-1411 жж. Алтын Ордада бүкіл билікті өз қолынан шығармай, оны өзі тағайындаған хандар арқылы басқарды. Ол 1399 жылы Литва-Польша әскері мен Тевтон ордені рыцарьларының біріккен жасақтарына күйрете соққы беріп, 1408 ж. орыс әскерлерін талқандап, Мәскеуге дейінгі жерлерді бағындырды. Ноғай ордасы маңғыттардан тұрды. Оның құрамында қоңырат, найман, арғын, қаңлы, алшын т.б. болды. Оның басшылары арасында билік үшін күрес болып жатты. Нәтижесінде Ноғай орасы құлап, орнына Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары құрылды. Көшпенді халқы Қазақ Ордасына қосылды. Ноғайлы кезеңінен Қазақ даласына атағы шыққан Асан қайғы, Шалкиіз, Доспамбет, Қазтуған жыраулар мен Жиренше шешен, Қарашаш ана тәрізді ақылгөйлер, сонымен бірге көп томнан құралатын «Қырымның Қырық батыры» туралы ұзақ жыр дастан қалды.
Шығыс Дешті Қыпшақтың феодалдық бытыраңқы жерлерін біріктірген "көшпелі өзбектер мемлекетінің" яғни Әбілхайыр хандығының Қазақстан тарихында елеулі орны бар. Оның иелігі Ноғай Ордасының шығыс бетін, батыста Жайыққа, шығыста Балқашқа дейінгі, оңтүстікте Арал теңізі мен Сырдың төменгі ағысына, солтүстікте Тобыл мен Ертістің орта ағысына дейінгі жерлерді қамтыды.
Әбілхайыр Шайбани басқарған 40 жылдай уақыт ішінде «Көшпелі Өзбектер» елінің саяси жағдайында тұрақтылық пен тыныштық болмады. Оның қолынан билікті алу үшін күрескен әр түрлі топтармен күрес жүргізуге тура келді. Жошы әулетінің оның ішінде Ибақ хан, Береке сұлтан, Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек, Керей Әбілхайырға үнемі қарсы шығып отырды. 1446 ж. оған қарсы болып жүрген күшті шонжарлардың бірі Мұстафа ханның әскерлерін талқандады. Сол жылы Әбілхайыр хан Сырдария мен Қаратау бауырындағы Созақ, Сығанақ, Аққорған, Үзгент қалаларын басып алып, Сығанақты өз хандығының астанасына айналдырды. 50-жж. Әбілхайыр Мәуереннахрдағы Темір ұрпақтарының ішкі тартысына араласып, Самарқанд пен Бұхараға жорық жасайды.
Ақ Орданың күшейген кезі 14 ғ. 2 жартысы. 1361 ж. Ақ Орданың билеушісі болған Орыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағын иемденуге күш салды. Сөйтіп, 1374-1375 жж. Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хажы-Тарханды (Астраханьды) қоршауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Орыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынан кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. 1377 ж. Орыс хан қайтыс болып, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшті. Бірақ осы кезде Маңғыстау үстіртінің билеушісі - Жошы әулеті Түй хожа оғланның баласы Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды. Өзін 1379 жылы Ақ Орда ханы етіп жариялайды. Ақ Орда әмірлерінің қолдауына ие болған ол, 1380 жылы Сарайды, хажы-Тарханды, Қырымды және Мамай Ордасын басып алды. Тоқтамыстың бұл табысы орыс жеріне басып кірген Алтын Орда ханы Мамайдың 1380 ж. Куликово даласында орыс әскерлерінен жеңілуі себебінен мүмкін болды. Тоқтамыс мұнымен тоқтапан жоқ. Атап айтқанда, Тоқтамыс Ақсақ Темірдің қамқорынан босануға тырысады. Бірақ, 1380, 1391, 1395 жж. Ақсақ Темірдің Тоқтамысқа қарсы жасаған аса үлкен үш жорығынан кейін Алтын Орда тас-талқан болып қирайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан 14 ғ. соңы мен 15 ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсіреп қалады.
14-15 ғғ. Орта Азия мен Қазақстан монғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда. Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы - қыпшақтар, арғындар Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, керейттер, үйсіндер, қарлұқтар т.б. Ақ Орда хандары - орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасық-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Орыс хан, Құйыршақ, Барақ т.б. Бұлар – кейінгі Қазақ хандарының тікелей арғы бабалары еді.
Қасымханның кезінде Қазақ хандығының беделінің өсіп жері кеңейгенімен, бір орталыққа бағынған тас-түйін мемлекет болмаған. Оны ол қаза болғаннан кейін ел ішіндегі талас-тартыстың әсерінен хандықтың әлсірей бастағанынан толық көруге болады. Қазақ Ордасын алғаш тұтастырушының жолын көп жылдарға созылған қантөгістерден соң, соң Хақназар хан ғана жалғастыра білгені тарихтан мәлім.
Бұл көрсетілген хабарлардан Қасымның беделінің қандай зор болып Бұрындықтың тірі кезінде-ақ хандық дәрежеде болғандығын көреміз. Мұндай жағдайға шыдамаған Бұрындық хан Самарқандтағы Михр Сұлтанханым деген қызының қасына көшіп кеткен. Оның онда вакфтық жері болған [4]. Бұл шамасы 1511 жылы күз айында болса керек. Бұдан соң Жәнібектің баласы Қасым 1511 жылдың тақыр күзінде толыққанды хандық дәрежесіне көтеріледі. Қасым ханның билік басына келген кезі Орта Азиядағы біраз өзгерістері болған уақытта тура келген. Оның біріншісі Мұхамед Шайбани хан Иран шахының қанжалына түсіп 1510 жылы Мерв түбінде қаза болды. Оның әскерілері де қызылбастардың толық талқандауымен аяқталып Бұқара, Самаркандт және Түркістанның бірсыпыра қалаларында Темір ұрпағы Бабырдың қолына уақытша болса да көшкен еді.
ХVІ-ғасырдың басындағы бірінші онжылдықта да қазақтың ханы Керей ханның баласы Бұрындық өзінің хандық билігін жалғастырған. Алайда оның Жетісу жерінде ешбір билік жүргізген әрекеттері жазба деректерде кездеспейді. М.Х.Дулатидің жазуына қарағанда бұл кезде хан Бұрындық еді, бірақта хандық билік Қасым ханның қолында еді дейді [1]. Ал екінші бір жерінде Қасым ханның билігінің зор, беделінің күшті болғандығын жазса, ал Бұрындық ханды ешкім де хан деп ауызға алмайтынын жазады. Сондай ой тууы мүмкін неге Бұрындық ханның беделі төмен түсіп кетті. Ол неге қазақ хандығының ата жауымен (Мұхамед Шайбани) құда болып М.Шайбани ханның інісіне бір қызын, баласына екінші қызын беріп достасып кетті? Мұның түбі келешек хандық билікке таласта жатыр еді.
Бұл мақалада Қазақ хандығының қалыптасып, даму тарихымен тығыз байланыста болған Жетісу аймағының қазіргі таңда тарихи деректер мен ғылыми зерттеулерде зерттелу деңгейіне тарихнамалық шолулар жасалынған.
Сол кездегі қазақ поэзиясының аса ірі тұлғалары – Шалкиіз (XV ғ.), Доспамбет (XVI ғ.), Жиембет (XVII), т.б. жыраулар. Қазақтың батырлар жыры мысалы: Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып келе жатқан шығармалар. Қазақтың әлеуметтік – тұрмыстық дастандары да (Қозы Көрпеш-Баян сұлу, Қыз-Жібек т.б.) феодалдық-рулық қоғамның өмірін үлкен шеберлікпен көрсетеді.
Шығыс Қазақстанның қоғамдық шаруашылық жағдайы берілген. Ол еңбекті жазған Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551) тарихшы, әдебиетші. Ол араб, парсы тілдерін жетік білген. Хан сарайында сақталған құжаттарды пайдаланған. “Жамих ат-тауарих” (Жылнамалар жинағы) – ерте кездегі қазақ тілінде жазылған тарихи шығарма. Онда: ерте кезден бері қазақ даласын мекендеген қаңлы, жалайыр, қыпшақ, найман, керей, қоңырат, алшын, т.б. тайпаларының шежіресі беріледі.
Қазақ хандығының нығаюы және оның күшеюі мемлекеттік беделін арттырып, сыртқы саясат пен дипломатиялық қарым-қатынас саласында белгілі табыстарға қол жеткізді. Қазақ хандығы өмір сүрген Орта Азия хандарымен, Еділ бойындағы елдермен, батыс Сібір хандығымен және орыс мемлекеттерімен сауда және дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек, Керей, Бұрындық хандар – Ақ Орданың атақты ханы Ырыс ханның мұрагерлері, Алтын Орда мен Ақ Орданың 200 жыл ел билеген дәстүрін дамытушы, әскери-саяси және дипломатиялық күрес тәжірибесіне бай адамдар болды. Ал Қасым хан өте үздік шыққан мемлекет қайраткері болды.
Хандықтың шекарасы батыста Жайыққа, оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауына, Аралдан Маңғыстауға дейінгі жерлерді алып жатты. Оған Сыр бойындағы қалалар қосылды, солтүстікте Қасым ханның қол астындағы қазақтардың жайлау қоныстары Ұлытаудан асты. Оңтүстік – шығыста оған Жетісудың көп бөлігі (Шу, Талас, Қаратал, Іле өлкелері) қарады. Бастапқы кездерде қазақ хандығының саяси-әкімшілік және сауда экономикалық орталығы Сырдария бойындағы Сығанақ қаласы болды. Кейіннен Түркістан қаласы қазақ хандығына өткеннен кейін қазақ хандығының астанаы Түркістан қаласы болды. Қазақ хандығы Түркістандағы Ақ сарайда отырып билік жүргізген.
Моңғол шапқыншылығынан кейін барлық қазақ рулары мен тайпалары Жетісуда алғаш рет бір мемлекетке біріктірілді. XVI-XVII ғ. қазақ хандығының шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз кезінде “Жерді біріктіру” процесін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі – Жәнібек ханның ұлы Қасым. Қасым ханның тұсында (1511-1523) феодал ақсүйектердің қарсылығы әлсіреп, әскери қуаты артты. “Тарихи – Рашиди”, “Шайбанинама”, т.б. деректерге қарағанда, қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген.
Дулат этнонимі қырғыздардың рулық құрылымында да кездеседі. Қырғыздың Саяқ тайпасының құрамында қайдулат руы мен дулат бөлімі болған, ал құсшы тайпасының арасында меңдулат руы болған. Бұл рулардың белгілі дәрежеде қазақтың дулат тайпасымен және орта ғасырлардағы дулаттармен өзара байланысы бар. Бұл жерде қазақтың дулат тайпасымен қырғыздың құсшы тайпасының таңбаларының ұқсастығы назар аудартады. Бұл тайпалардың екеуінің де таңбасы дөңгелек бейнесінде бейнеленген/7, 12 бет/. . «Манас» эпосында сонымен қатар екі халықтың да құрамында кездесетін албан, жәдігер, қатаған, найман, қыпшақ, қытай, қанды, сары, балықшы, шекті, қоңырат, сарт сияқты барлығы 17 ру-тайпа атаулары кездеседі. «Манас» эпосынан қырғыз халқының тек Ұлы жүз қазақтарымен ғана емес Орта және Кіші жүз қазақтарыменде этникалық байланыстарын көреміз. Қазақ пен қырғыз этнонимдерінің бұл сәйкестіктерін кездейсоқтық деп айтуға болмас. ХІҮ-ХҮ ғасырларда Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстан территорияларындағы Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келген көптеген түркі және түркіленген моңғол тайпалары ХҮ ғасырдың екінші жартысы мен ХҮІ ғасырдың басында Моғолстан мемлекетінің орнында қалыптасқан қазақ және қырғыз халықтарының құрамына кірген болатын. Бұл тайпалардың әуел бастан шығу тегі мен тарихы бір болатын.
Қырғыз халқының «Манас» эпосында өзге халықтарға қарағанда қазақ халқы жиі еске алына отырып туыс халық ретінде көрсетіледі. «Манас» эпосының Сағымбай нұсқасы бойынша қазақтар Алтайда қырғыздармен көршілес өмір сүрген. Эпоста «қазақ» этнонимімен қатар қазақ халқының құрамындағы көптеген ру-тайпалардың атаулары да кездеседі. Мысылы: «Манастың әкесі Жақып Манас туылардан бұрын көптеген халықтарды шақырып, олардың арасында алшындар мен абақтар да айтылады. Қазақ ханы Көкшенің ордасындағы Көкше мен Әбілмамбет арасындағы талас-тартыс туралы эпизодта Кіші жүз бен Орта жүз тайпалары арғындар, наймандар, қоңыраттар және жағалбайлылар туралы сөз болады. Сонымен қатар эпостың Сағымбай нұсқасында Манас Сайқал есімді қызбен жекпе-жекке шығатын эпизодта көптеген халықтармен қатар дулаттар да айтылған/9, 46 бет/. Ал дулат тайпасы қазақ халқының Ұлы жүзінің құрамындағы ең ірі тайпа бола отырып, кейінгі орта ғасырларда Моғолстан мемлекетінің саяси өмірінде белсенді рөл атқарған/4, 72 бет/. Рашид-ад дин, Ш. Уалиханов және В. В. Бартольд Дулаттарды моңғол тектес тайпа десе, Н. Аристов, М.Ф. Катанов, Р.Г. Кузеев, В.В. Востров, М.С. Мұқанов және т.б. көптеген зерттеушілер бұл пікірді жоққа шығырды/11, 36 бет/
Түркі халықтары арасында этникалық байланыстары жағынан қазақ халқына ең жақын халықтардың бірі қырғыздар болды. Мұны кезінде көптеген зерттеушілер атап өткен болатын. Бірақ қазақ-қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстар туралы мәселе көп уақыт бойы екі халықтың ортақ этнонимдерін анықтаумен шектеліп келді. Қазақ және қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстарды неғұрлым тереңдете зерттеген ғаламдардың қатарына С. М. Абрамзон, К. И. Петров және И.Б. Молдабаевтарды жатқызуға болады. Қырғыздың белгілі ғалымы И.Молдабаевтың айтуына қарағанда қырғыз бен қазақ арасында тек атаулары бойынша сәйкес келетін ру-тайпалардың өзі оннан асады. Бұлардың қатарына қыпшақ, қоңырат, найман, жәдігер, қатаған, дулат, ноғай, алшын(алақшын), сары, сары үйсін, абақ, таздар, итемген, ағынай, балықшы, қызыл-құрт және т.б. ру-тайпалар жатады. Қазақ және қырғыз халықтарының арасындағы этникалық байланыстар туралы бірден-бір тарихи дерек көзі батырлар жыры болып табылады. Қырғыз тарихшысы И. Молдабаев қырғыз халқының эпостық жырлары Манасты және «Жаныш пен Байыш» эпостарындағы қазақ және қырғыз халықтарының этникалық байланыстарын зерттеп анықтаған болатын/7, 11-24 бет/.
ХҮ-ХҮІ ғ.ғ. Қазақстан мен Орта Азия тарихы туралы жазылған тарихи деректер осы кезеңдерде қазақтар мен қырғыздар арасындағы қарым-қатынас негізінен достық-одақтық сипатта болғандығын көрсетеді. Осы кезеңдерде жазылған тарихи деректердің басым бөлігі отырықшы қала мәдениеті дамыған, Шайбан әулеті билеген Мауераннахрда немесе Моғол мемлекетінде жазылғандықтан моғолдар мен шайбанидтердің қазақ- қырғыздармен соғыстарын әсірелеп көрсету басым болды. Бұл деректердің авторлары Шайбанидтер мен моғол феодалдарының қызметіндегі адамдар еді.
1533 ж. Сайд хан қайтыс болған соң Моғол тағына отырған Абд ар-Рашид хан Қырғыстан мен Оңтүстік Шығыс Қазақстан аумағында моғол билігін орнату үшін Мауераннахр билеушісі шайбанид Убайдолла ханмен одақтасып қазақтар мен қырғыздарға бірнеше ірі жорықтар жасайды. Моғол феодалдары мен шайбанидтердің агрессиялық жорықтарына қазақтар мен қырғыздар қазақ ханы Хақназардың басқаруымен бірлесе отырып күрес жүргізеді. Хақназар хан тарихи деректерде қазақтар мен қырғыздардың патшасы деп аталған. Қырғыз феодалдары түрік-моңғол дәстүрі бойынша Мұхаммед қырғыздың өлімінен кейін қазақ хандары Тахир, Хақназар және олардың мұрагерлерінің билігін мойындаған. Моғолдар мен шайбанидтердің кейбір жекелеген жеңістеріне қарамастан Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанды жаулап алу ниеті іске аспады. ХҮІ ғасырдың бірінші жартысында қырғыз феодалдары моғол үстемдігіне қарсы күресте қазақ хандығынан қолдау таба отырып, қазақ хандарының Сыр бойындағы сауда орталықтары үшін Шайбанидтермен жүргізген күресіне барынша көмек көрсетті (5, 448-б). ХҮІ ғасырдың екінші жартысында қырғыз феодалдарың Шайбанидтерге қарсы әрекеттерін қазақ ханы Хақназардың саясаты негізінде жүргізді. Хақназар ХҮІ ғасырдың 70 ж.ж. Шайбанид Абдолла хан мен Ташкент билеушісі Баба сұлтан арасындағы күресті өз пайдасына шешу мақсатында бірде Абдолла ханды қолдаса, енді бірде баба сұлтанды қолдап отырды. Хақназар ханнан кейін қазақ-қырғыз одағының басына қартайған Шығай хан келді(1580-1582 ж.ж). Шығай хан өзінің баласы Тәуекелмен бірге Хақназар ханның саясатын жалғастырды. 1582 жылы Шығайдан кейін хан болған Тәуекел қазақ-қырғыз қолдарының күшімен Ташкент, Түркістан, Андижан және Сайрам қалаларын басып алған.
ХІҮ ғасырда Алтайды мекендеген қырғыздардың солтүстік Тянь-Шаньға қашан және қалай шоғырланғандығы туралы деректер бізге жетпеген. В.В. Бартольд қырғыздар бұл жерге ойраттармен бірге келіп қоныстанған дейді(6, 514-б). Бұл бірлестіктің басында 1484 жылы Жүніс ханның екінші ұлы Ахмет хан тұрған(5, 406-б). Мұхаммед Хайдар Ахмет хан Моғолстандағы моғолдарды тұтас бағындыру үшін он жылдай уақыт керек болды дейді. Мұхаммед Хайдар одан ары Моғолстанда Ахмет ханға қарсы ешкім тұра алмады, ол бірнеше рет қалмақтарға (ойраттарға) жорық жасап жеңіске жетті дейді. Қалмақтар одан қатты сескеніп, онымен есептесетін болған. Олар Ахмет ханды «Алашы» хан деп атады. Ал моғолша «Алашы»-«өлтіруші» деген сөз. Моғолдар оны сұлтан Ахмет хан десе, басқа тайпалар «Алаша» хан деді. Осы оқиғалардаан кейін Ахмет хан өзбек-қазақтарға үш рет шабуыл жасап жеңіске жетті. Қазақтар мұның ағасы сұлтан Махмұд ханға не істесе, бұл да (Ахмет хан) солай өшін алды (4, 144-б) . Моғол ханы сұлтан Махмұд (Ахмет ханның ағасы) мұның алдында екі рет қазақтармен соғысып, жеңілген болатын. 1504-1505 жылдары Ахмет ханның өлімінен кейін оның мұрагерлері арасында таққа талас басталды. Бұл күрес нәтижесінде Ахмет ханның үлкен ұлы Мансұр ханнан інілері Халил сұлтан мен Сайд сұлтан бөлініп қырғыздарға қашып барған. Мұхаммед Хайдардың айтуына қарағанда қырғыздар Халил сұлтанды өз билеушілері етіп сайлаған. Қырғыздардың тәуелсіз мемлекет құру ниетін байқаған Мансұр хан оларға қарсы шығып, шешуші шайқас 1508 жылы Шарын-Шелек деген жерде болды. Бұл соғыста мансұр хан жеңіске жетіп қырғыздардың едәуір бөлігін Қашқар мен Тұрфанға алып кетеді. Қырғыздардың көпшілігі Мансұр ханның қолынан қаза тауып, аз ғана бөлігі солтүстік Тянь-Шань өңіріне қайта оралған. Ағасы Мансұр ханнан жеңілген Халил сұлтан Ферғанаға қашып барып, сол жақта жергілікті билеуші Жәнібектің қолынан қаза табады. Сайд сұлтан Шығыс Түркістанға келіп билік үшін күресті қайта жалғастырды(4, 147-145 б).
1770 жылы жазылған Қытайдың «Сиюй Чжи» («батыс өлкені суреттеу») қолжазбасы 330 жыл бұрын, яғни ХҮ ғасырдың ортасында қырғыздардың бір бөлігінің бей-берекетсіздіктен қашып Тянь-Шань тауларынан пана тапқандығы туралы айтады. Бұл қырғыздардың бір бөлігінің Тянь-Шаньға қоныс аударуы туралы жазылған ең алғашқы дерек болып табылады (5, 431-б). ХҮ ғасырдың 70 жылдары Моғолстанның солтүстігін Іле сыртындағы аудандардан келіп қоныстанған Амасанжы тайшы басқарған Ойрат тайпалары алып жатқан еді. Осы кездері моғолдарды Ақсудан Моғолстанға көшіріп келген Жүніс хан (1468-1487 ж.ж. билік құрған) Іле маңында осы Ойраттармен соғысып жеңіліп қалады. Жүніс хан бұл жеңілістен кейін бүкіл моғол ұлысымен Түркістанға ауып кетеді (4, 118-б) . Ал Жетісудағы қазақ тайпалары 1468 жылдан кейін Дешті Қыпшақ далаларында көшіп жүрген еді.Ойрат тайпалары Іле сыртындағы өз мекендеріне кеткен соң солтүстік Қырғызстан аумағында ХҮ ғасырдың 80 жылдары қырғыз тайпаларының басым көпшілігін құраған этносаяси бірлестік құрылған.
ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы Қазақстан мен Орта Азия тарихы маңызды тарихи оқиғаларға толы болды. Осы кезеңде Қазақстанда моңғол ұлыстары ыдырап Қазақ хандығы құрылса, Орта Азияның батыс бөлігінде Темір мемлекетінің орнына Шайбани тұқымдары билік басына келді, ал шығыс бөлігінде Моғолстан хандығының орнында қырғыз бірлестігі пайда болған еді. ХІҮ ғасырда қырғыз тайпалары Алтайды мекендей отырып Моғолстан мемлекетінің құрамында болып келді. Алтайды мекендеген қырғыздар ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. мұсылман авторларының деректерінде «моғол» немесе «шағатай» сияқты ортақ терминдермен аталып келген. Мұның өзі қырғыздардың этникалық тарихын оқып білуде қиындықтар туғызды.
Қанқожаның суреті қағаздың оң шекесіне бейнеленген, оның сол қапталында-егде әнші. Сол қанаттың жоғары бұрышында бүркіт тұмсық, сирекқасты, қияқ мұртты, өткір көзді кісі тұрпатталған. Басында дөңгелек малақай, назарын алысқа салып отыр. Оның ән салып тұрғандығы даусыз. Қазақша анықтамасында «Досжан» деп жазылған. Ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғұмыр кешкен даңқты музыкант, оның «Балбырауын», «Ала байрақ», «Суға кетті Ер Қотан» және тағы басқа күйлері белгілі.
Қазақтардың музыкалық қабілетінің аса биіктігін көрсететін Шоқан айтқан аңызды жазып алдырған Потанин қазақтардың поэзиясы мен музыкасының байланысы жайлы Гелграфия қоғамы мәжілісінде тиянақты тұжырым білдірген . Жарты ғасырдан соң Потанин жаңғыртқан қазақтарға ән қонған халық екендігі жайлы осы аңыз бен музыканың поэзиямен сабақтастығы төңірегіндегі Шоқанның пікірін шамамен 1855-1856 жылдары жазған (« Қазақ халық поэзиясының формалары») атты еңбегінен ұшыратамыз. Бізге толық жетпеген бұл зерттеуінде Шоқан «Ер Көкше – Ер Қосай» мен «Орақ батыр» жырларынан мысал келтіре отырып, жырдың жалпы сипаттамасын қара сөзбен әңгімелей келіп, бас кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен ой-пікірі өлеңмен яки қобыздың сүйемелінде әнмен айтылатындығын жіктеп жазған. Мұнан туатын қорытынды, поэзияның музыкамен ұштастығын Потанин мен Затаевичтен бұрын байқап, тарқатқан Шоқан.
Музыка зерттеуші ғалымдар мен музыка қайраткерлері Шоқан кезеңін қазақ халқы музыка мәдениетінің гүлдену шағы, халық музыка шығармашылының профессионалды –(классикалық) деңгейге көтерілген дәуірі деп санайды. Алайда, ғалымдардың бір тобы ХІХ ғасырдың екінші жартысында музыка өнерінде демократиялық тенденцияның өрістеуін орыс мәдениетінің әсерінен қарастырса, екінші бір қатары төл топырағымызда ықылым замандардан келе жатқан уақыт пен табиғаттың, ел мен мекеннің өзі тікелей тұлғалаған дәстүрлі өнер түрінде таниды.
Қазақ даласын әнмен тербеткен Ш. Қалдаяқовтың тағдыры мен ғұмырына осы төрт жол өлең түгелімен арналғандай. Оның әндерінсіз ешбір мереке де, ешбір той-думан да өтпейді. Оның әндерін еңбектеген баладан бастап, еңкейген кәріге дейін шырқайды. Ал «Шәмші аға» деген сөз «Ән аға» деген сөзбен тұтасып, синоним болып кеткелі қашан...
Ол Шымкент облысы Отырар ауданында 193О жылы 15 тамызда дүниеге келген. Оның әндері республикамыздың қай өңірі болмасын жиі айтылып, ән сүйер қауым арасына барынша кең тараған. Ән өнерімізде жарық жұлдыздай сәуле шашып, айырықша із қалдырған Ш.Қалдаяқов күллі қазақ халқының ұлттық мақтанышы сазгердің серісі. Біз ес білгелі бері еліміздің кең байтақ даласымен аспанында қалықтаған, махаббат пен сағыныш сезіміне толық қайталанбас Шәмші әуендері енді ХХІ ғасыр әлеміне бет алып әуелей беретіні ақиқат.
…Тайга ішінің аязы бүгін ерекше шаңытып тұр. Барактан барынша жылы киініп шыққан қария қуаты қайта бастағанын бойының лезде қалтырап қоя бергенінен аңғарғандай болды. Қалың оппа қардан малтығып, бірер аттап үлгергені сол еді, жайдың оты түскендей әлде не жақын маңнан шатыр етті. Қарағай, самырсындар селк етіп, ағаштардың өн бойларынан қар ұшқыны саулап қоя берді. Еңсегей бойлы қария өзін басып қала жаздаған ақ ұлпадан үсті-басын қағынып, арылысымен-ақ қарсы алдына көз салды. Әлгінде ғана тұлғасы аспандай зорайған алып қарағай аязға шыдамай қақ айырылған екен. Өзегінің қызғылт беттерінен сары алтындай шырыны бұлақ болып ағып жатыр. “Ғұмыры біткен соң, қарағай да жылайды екен-ау” – деп, тебіренді ақын жаны. Дұшпандарының жаласымен Қиыр Шығысқа айдалып келгелі Үкілі Ыбырай болмысы боркеміктікке ауысқандай ма қалай. Көзіне жас алды. Жо-жоқ! Ақынның Айыртаудай ардағын, Көкшетаудай қымбатын, өзін әз көтерген асыл жұртын сағынғаны бұл.