Все рефераты Казахстана Четверг, 17.09.2026, 14:02

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

В разделе материалов: 1592
Показано материалов: 961-990
Страницы: « 1 2 ... 31 32 33 34 35 ... 53 54 »

Радиация. Қазақстан аумағы үстiнде бүкiл жыл бойы жоғары қысымды ауа қабаты үстемдiк етедi, ал оған көршiлес аймақтарға (солт., батыс және оңт.) төм. қысымды қабаттар тән келедi. Жалпы республика аумағының көпшiлiк бөлiгiнде антициклондық ауа райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндер ұзақт. жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2000 сағ-тан 3000 сағатқа дейiн артып отырады. Жылына солтүстікте 120, оңт-те 260 күн ұдайы ашық болады, бұлтты күндер саны тиiсiнше 60 күннен 10 күнге дейiн (Балқаш ойысында) кемидi. Мiне, осылардың нәтижесiнде жиынтық радиация мөлшерi де солтүстіктен оңтүстікке қарай 4200-ден 5500 МДж/м2-ге дейiн бiртiндеп артады. Сол сияқты төсенiш беттiң (жер бетiнiң) сәуле қайтару қабiлетiне байланысты сiңiрiлетiн радиация мөлшерi де оңт-ке қарай бiрқалыпты көбейедi. Сәуле қайтару қабiлетiн қыста тұрақты қар жамылғысы қалыптасқанда ең жоғары мәнiне 70 — 80%-ға жетiп, жазда көпшiлiк жерде 20 — 30%-ке дейiн төмендейдi. Радиацияның жылдық тиiмдi сәулелену мәнi солтүстікте 1500-ден оңт-те 2100 МДж/м2-ге дейiн өзгередi. Терiс мәндi радиациялық баланстың маусымдық ұзақтығы солтүстікте 3,5 — 4,5 ай (қараша — наурыз), оңтүстікте — 1 ай.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1762 | Загрузок: 0 |

І. БІЛІМ ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1.1 Ғылым эволюциясы
Ғылым адамға өз өмірін сақтап калу үшін қажетті білім негізінде пайда болды. Адам шөптерді қоректену және дәрі-дәрмек ретінде пайдалануды үйреніп, жануарлардың мінезін бақылап, оларды қолға үйретті, рудамен тәжірибе жасап, әртүрлі металдарды балқытып шығаруды үйренді. Табиғатпен алуан түрлі тәжірибе жасау барысында адам өзінің өмірін ыңғайлы етуге бағытталған көптеген әдіс – айланы ойлап тапты. Қазіргі замандағы біз ыңғайлылық, денсаулық және ойын - сауық үшін былай қарағанда өзінен өзі болуы керек сияқты көрінетін заттар мен құбылыстар ғылымның арқасында пайда болған. Қазіргі заманда ғылым түсінігінде, адамзат баласының жүріп өткен жолдары көрсетіледі және адамның қалыптасуының құралдары мен әдістері болып табылған, ғылымның тарихи – мәдени құбылыс ретінде пайдалануының нысандары көрініс тапқан.
Ғылыми эволюцияның білімді жинауға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа беруге себеп болған басты фактордың бірі болып жазбаның ойлап табылуы болды. Шумерлердің пиктографиялық жазбасы б.э.д. 3200 ж.ж. бұрын пайда болды. Б.э.д. 3000 ж.ж. Египетте иероглифтік жазба деген атқа ие болған жазбаның жаңа жүйесі пайда болды. Бұл жүйеде әріпті, дыбысты және сөздерді белгілеу үшін символдар пайдаланылған. Б.э.д. 2800 ж. бұрын шумерлердің көршілері болған вавилондықтар, ассириялықтар мен парсылар пиктографиялық жазуды ұшты жазбаға (клинопись) айналдырды. Ақырында б.э.д. 1300 ж. бұрын Сирияда ең алғашқы алфавит жасалып шығарылды. Онда 32 әріп болды, әріптің әрқайсысы белгілі бір дауысқа сәйкес болды. Көне гректер осы жазба жүйесін қабылдап, ол кейін латын алфавитінің негізі ретінде қолданылды.
Көне әлемде білімнің жеткіліксіздігінен табиғат күштері құдайдың құдіретті күші делініп, табиғатты зерттеушілер құдайдың абыздары деп саналды. Египеттегі астрономдар деп аталған осындай адамдар күнді аса үлкен сағат деп санап, ай мен жұлдыздардың орналасуына қарай, Ніл өзенінің тасу уақытымен көптеген мерекелерді тойлау мерзімдерін анықтап отырды. 365 күннен тұратын ең алғашқы календарды египет астрономы Имхотеп жасап шығарғандығы белгілі.
Өз кезегінде шумерлер (б.э.д. 4000-3200 жыл бұрын) есептеудің ондық жүйесін ойлап тауып, өздерін шебер математик және астрономдар ретінде таныта білді.
Вавилондықтар (б.э.д. 1900-600 жыл бұрын) көп жылдық бақылаулардың нәтижесінде құрастырылған, планеталардың жылжуын сипаттайтын кестелерді пайдаланып, жұлдыздар мен планеталардың қозғалуы жайлы жорамал бере білді. Сонымен қатар вавилондықтар календарды жетілдіріп, болашақты болжауға тырысты. Вавилондықтар жұлдыздарды өз құдайларының атымен атады. Вавилондықтардың білімі ертедегі гректер астрологиясының негізі болып табылды.
Жалпы қабылданған ұғым бойынша қазіргі заман ғылымының бастамасы – ертедегі грек мәдениеті болып табылды, бұл көзқарасты гректің ойшылдарының еңбектеріне сілтеме жасаған қазіргі заман ғылымының негізін салушы Н.Коперник, И.Кеплер, Г.Галилей қуаттады. Ертедегі гректердің адамды қоршаған әлемді зерттеуінің тереңдігі соншалық, олар түрлі бақылау жұмыстар, есептеулер жүргізіп, қоршаған дүниені классификациялауының арқасында, өздерін қоршаған әлемде бақыланып отырған құбылыстар мен заттарды діни жағынан емес жаратылыстанушылық сипатта зерттеу қажеттігін түсінді. Ертедегі гректердің ең басты жетістіктерінің ішінде заттардың атомдық құрылысы жөніндегі ілімді шығарып, академия мен лицейлерді оқу мекемелері ретінде ашуы болып табылды. Ежелгі гректердің атом жөніндегі көзқарастары Р.Бойль, И.Ньютон, М.В.Ломоносов, Авогадро, Лавуазье, Менделеев секілді көрнекті табиғат зерттеушілерінің еңбектеріне үлкен ықпал етті. Ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінің нәтижесінде, олардың идеяларына сәйкес атомдық құрылыс тәжірибе жүзінде дәлелденбей тұрып-ақ, заттардың физикалық-химиялық құрылысы жөніндегі теориясы жасалды. Аталған теорияның негізінде Х1Х ғасырда химия саласында ғалымдар тамаша жетістіктерге жетті.
Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аудармалары бойынша таныс. Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай біліп, оларды ортағасырлық Европаға жеткізе білді. Ортағасырлық арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі гректер философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай, сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе 900 – 1200 ж.ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. лкен қалалардың көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) "Медицина канондары" атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.
Араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри - алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.
Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді деп есептеледі. Бұл ойып жазылған ағаш қалыптардан көшіріліп басылған, түрлі суреттер, қолтаңбалар салынған дұғалар болды. («Алмас сутра – б.э.д. 868 жылы ең алғашқы басылып шыққан кітап). Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп уақыт қажет болды, оның үстіне бұл қалып тек бір ғана бетті басып шығаруға мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі Ли Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай иероглифін саздан жасап, олардың әрқайсысын темірден жасалған арнайы рамаға орналастырды. Бұл белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер жасауға болатын еді.
XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін өз бетінше жеке құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал Испанияда – 30 баспа станоктары іске қосылып, қызмет еті.
Қазіргі заманғы ғылым ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы жаңа европалық цивилизацияның негізінде кітап басып шығару кең таралғаннан кейін пайда болды. Кітап басу бұл кезде коммерциялық қызмет, яғни пайда табудың бір түрі ретінде дамыды. Неміс философы К.Ясперс ғылымның қалыптасуының екі кезеңін көрсетеді:
1 кезең - ғылымның логикалық және әдістемелік қалыптасуы, яғни ертедегі грек ғылымы және Қытай мен Индиядағы ғылыми танымның алғашқы қайнар көздерінің қалыптасуы;
2 кезең- қазіргі заманғы ғылымның орта ғасырдың соңында пайда болып, XVІІ ғасырда бекінуі. XVІІ ғасырда біз ғылыми революция туралы сөз қөзғауға мүмкінді беретін жаңалықтар мен әрекеттер жасалды. Осы кезеңде ғылымның радикалды жаңа әдістері мен ұсынылып, танымның жаңа қағидалары ұсынылды.
Рене Декарт - француз математигі және философ, Галилео Галилей – италияндық астроном, Уильям Гарвей – ағылшын дәрігері, Иоганн Кеплер – неміс астрономы, Исаак Ньютон – ағылшын математигі, механик, физик және астроном, Роберт Боиль – ағылшын химигі және физик, голландиялық Ханс Янсен ойлап тапқан микроскопты жетілдірген ағылшын оқымыстысы Роберт Гук және басқа да ғалымдар қазіргі заманғы ғылымның негізін салды. Бұл ұрдістің негізгі себебі, XVІІ ғасырда ғылымның халықтың әл-ауқатын көтеру және адамның табиғатқа деген үстемдігін орнатудың тәсілі ретінде қарастырылуында болды. Декарттың замандасы Ф.Бэкон ғылымды табиғатты бағындырудың құралы ретінде көрсетіп, ғылым дамуының қажеттілігін негіздеуге көп күш жұмсап, "Күш - білімде" деген әйгілі афоризмін ұсынды. Ф.Бэкон тәжірибені табиғатты зерттеп, танып табиғат - ананы қинаудың негізгі әдісі деп қарастырды. Ф.Бэкон тәжірибелік танымның міндеттерін анықтай отырып "зерттеу", "тексеру","сынау" секілді бірнеше мағыналарға ие “іnquіsіtіon” – сөзін қолданды. Осындай ғылыми инквизициялардың нәтижесінде табиғаттың құпиялары ашылды (орыстын “естествоиспытатель” сөзімен салыстырыңыз). Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес XVІІ ғасырда Лондонда Корольдік ғылыми қоғам (1662 ж.) және Парижде Корольдік ғылыми Академия (1666 ж.) құрылды.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 3046 | Загрузок: 9 |

Ғарыш техникасының күнбе-күнгі дамып келуі, адамдарды бірнеше он жылдықтан кейін айды толық игеруге мүмкіндік береді. Алдымен ғарыш кемелері мен станциялары едәуір үлкен геостационарлы орбиталарға айналады да, одан соң ай маңындағы кеңістікке алмасады. Геостационарлыорбита дегеніміз - бұл Жерден шамамен 35800 км биіктіктегі шеңберлер экваторлы орбита.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 904 | Загрузок: 0 |

Саны 220-дан асатын үлкен айтыстарды, сондай-ақ алты жүздей шағын айтыстарды қамтыған 6-шы кітап (1989 ж.) қазан төңкерісіне дейінгі ақындар айтысының сипаттамасына арналған(17). Әзірге соңғысы болып тұрған 7- ші кітап 2003 жылы жарық көрді. Мұнда Орталық Ғылыми кітапхана мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институты қолжазба қорларындағы 270-ден астам ертегі сипаттамадан өткізілді(18). Айталық, «Құламерген» ертегісінің қолжазбасының түр-сипаты былай:
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1706 | Загрузок: 2 |

Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы ұлт тарихын терең, жан-жақты зерттеп, жаңаша пайымдаулар жасауға батыл кірісуде(1). Бұл әрекеттердің отандық тарих ғылымының осы уақытқа дейінгі жетістіктері негізінде жүзеге асып жатқандығы да шындық. Сонымен бірге үш ғасырға жуық тілі, діні, ділі мүлдем бөлек жат жұрттың қол астында бодандықта болып келген ұлттың тарихын барынша шынайы танып-білуде маңызы зор проблемалар да айқындала бастады. Бұған - тарихымызды зерттеуде тарихи дерек көздері ретінде қатыстырыла қоймаған, әр қилы себептермен мән берілмеген қазақ ауыз әдебиеті туындылары дәлел бола алады. Ақиқатында, бұл ауызша руханиятымыз – түрлі тарихи жағдайлардың әсерінен жазуы тұрақты сипат алмаған көшпенді халықтың өмір сүру дағдысын, бүкіл болмысын, дүниетанымын, өткен тарихи даму жолын келер ұрпаққа жеткізіп, сақтап келгендігі мәлім. Ұлттық дерек көздері деген атауға толық лайықты қазақ әдебиеті сонысымен де баға жетпес құнды мұра. Мәселен, олардың арасында соңғы кездері тарихшылардың назарын аудартып жүрген мәселелердің бірі – ауызша тарихи дәстүр(2) жақсы дамыған. Осындай рухани мұраларды кең көлемде тарих ғылымының мүддесі тұрғысынан қарастырудың өзектілігін бүгінгі уақыт көрсетіп отыр.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1608 | Загрузок: 2 |

Қала тұрғындары ең көп облыстар: Қарағанды (қала тұрғындарының үлесi 82,2%), Маңғыстау (78,4%), Павлодар (63,4%), Қызылорда (60,5%), Атырау (58,2%), Ақтөбе (56,2%), Қостанай (54,2%). Республиканың ең iрi қалалары — Алматы (1129356 адам), Қарағанды (43664), салыстырмалы түрде iрiлерi: Шымкент (360078), Тараз (330125), Астана (312965), Өскемен (310950), Павлодар (300503), Семей (269574), Ақтөбе (253088), Қостанай (221429), Петропавл (203533), Орал (195459), Темiртау (170481), Қызылорда (157364), Атырау (142497), Ақтау (143396), Екiбастұз (127197), Көкшетау (123389), Рудный (109515). Қалған қалалардағы тұрғындар саны 100 мың адамнан кем (қ. 3-кесте). Байырғы тұрғындардың үлес салмағы көп облыстар: Қызылорда (94,2%), Атырау (89%), Маңғыстау (78,7%), Ақтөбе (70,7%) облыстары, ең азы — Солт. Қазақстан (29,6%), Қостанай (30,9%), Ақмола (37,5%), Қарағанды (37,6%) облыстары).
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1127 | Загрузок: 0 |

1937 ж. алғашқылардың бiрi болып Қиыр Шығыстағы корейлер көшiрiлдi. Олар негiзiнен Қазақстанның оңт. және оңт.-шығыс аудандарына қоныстандырылды. Сол жылы Армения және Әзiрбайжаннан, 1944 ж. Грузиядан күштеп көшiрiлген күрдтер Қазақстан мен Орта Азияға қоныстандырылды. 2-дүниежүз. соғыс қарсаңында КСРО ХКК-нiң 1940 ж. 18 қазандағы қаулысымен Қазақстанға Украина мен Беларусьтiң батыс облыстарынан поляктар көшiрiлiп әкелiндi. Олар Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Солт. Қазақстан, Семей облыстарына iрге тептi. Соғыс басталысымен 1941 ж. КСРО-ның батыс аймақтары мен Едiл бойынан немiс жұртшылығы, сонан соң 1944 — 45 ж. Украинада, Беларусьте, Балтық жағалауында тұратын немiстер көшiрiлдi. 1943 ж. қазанда қарашайлар Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарына, сондай-ақ, Қырғызия мен Өзбекстанға көшiрiлдi.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1303 | Загрузок: 0 |

Адам тарихы дамудың жемісі, барлық қоғамдық- экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ол ғажайып құдіретті күш, табиғаттың алып тұлғасы. Адам өндіргіш күштің басты элементі, өндірістің субьективті жеке факторы. Қоғамдық өндіріс адамсыз іске аспайды, оның нәтижесі адамның қажеттіліктерін қанағаттандыруға, солардың мүддесі үшін қызмет етеді. Игіліктерді өндіруші бір ғана күш бар. Ол да адам.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2322 | Загрузок: 2 |

Адамзат баласы өз басынан әр түлі қоғамдық өндіріс әдістерін өткізгені тарихтан белгілі. Олардың даму дәрежесін сиппайтын ортақ көрсеткіш бар. Ол-еңбек құралдары. Экономикалық дәуірдің айырмашылығы не нәрсе өндірілетіндігінде емес, оны қалай және қандай еңбек құралдарымен өндірілетіндігінде. Шындығында еңбек құралы қоғамның өсу дәрижесін анықтайды. Ұзақ мерзімді қамтыған қоғам дамуының тарихы, еңбек құралдарының даму тарихы десе де болады.Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс сонау ерте заманнан басталған еңбек құралдары дамуының түпкі нәтижесі және шарықтау шегі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2377 | Загрузок: 4 |

Алаш тарихы – жаңаруға ұмтылған, тарихи сабақтастықты үзбеген, білім мен елшілдікті басым бағыт еткен ұлттық серпілудің тарихы. Сондықтан біз Алашты ауызға алған сайын осыдан 90 жыл бұрынғы саяси қозғалыс пен күресті ғана емес, бүгінімізді ертеңге жалғайтын жасампаздық істерімізді сараптағанымыз дұрыс. Алаш – біздің ұлтқа, дәстүрге қаншалықты адал екенімізді салмақтайтын ар өлшемі. Алаш – өткен тарихтың ғана олжасы емес, бүгінгі ұрпақтың да елдік іске олжа салар мүмкіндігі. Алаш – әлемдегі қазақтың да, қазақ ішіндегі әлемнің де тұтастығы, үйлесімділігі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1272 | Загрузок: 0 |

Түркиядан біраз қазақтар 1980 жылдың басынан бастап Ұлыбританияға жұмыс бабымен қоныс аудара бастаған. Олардың барлығы дерлік бұл күнде Лондонда өмір сүріп жатыр. Бұдан басқа соңғы жылдары Қытай және Ауғанстан сияқты елдерден Ұлыбританияға келіп баспана сұрап тұрып қалған біраз қазақ тағы бар. Бірақ олардың саны көп емес. Жалпы алғанда, Түркиядан Ұлыбританияға көшіп келіп тұрып жатқан қазақтардың саны 200 адам шамасында. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, тұрмысқа шығып (үйленіп), жоғары білім алып немесе жұмыс істеуге тағы басқа себептермен көптеген Қазақстан азаматтары Ұлыбританияға келіп өмір сүруде. Ал «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританияға келген қазақ жастарының көбі оқуларын бітіргеннен кейін Қазақстанға қайтып кетіп жатыр. Бұл елде тұрмыс құрып немесе жұмыс істеп тұрақты тұрып қалу шешіміне келген қазақстандық қазақтардың саны 100-150 шамасында.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 972 | Загрузок: 0 |

Архив құжаттарына сенсек, тергеу барысында М.Қаратаев 1933 жылдан бері кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымға қатыстым деп хабарлаған, бірақ кейін оны өзі теріске шығарған. Ленинградта оқып жүргенде терроршылдармен байланысқан. Жазушылар одағын басқарғанда зиянкестік жұмыспен айналысып, кері төңкерісшірл кадр даярлаумен айналысқан. Кеңес өкіметіне қарсы басқа да көптеген зиянкестік іс-әрекетке мұрындық болған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1111 | Загрузок: 0 |

Жергілікті халықпен күресудің бірден – бір жолы ұлттық сананы улап, саналы азаматтарды ұлтсыздандыру үшін большевиктер «ұлтшылдық» деген терминді кеңінен пайдаланды. Орыс деревьняларында бау – бақшаларда құстарды үркіту үшін қолдан жасалған қарауыл – қарақшы – пугало – қоюшы еді. Қазақтар үшін «ұлтшылдық» дегеніңіз сол пугалоға айналды. Демек, Мырқымбаев – ұлтшыл, яғни ол жау, қауіпті адам. Құртуға толық негіз бар дегендей.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1004 | Загрузок: 0 |

Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Алаш идеясы – қазақ идеясы. Демек, «Керегеміз – ағаш, ұранымыз – Алаш» дейтін біз үшін ол әрқашан қазақ идеологиясының темірқазығы болып келді, бола береді де. Интернационализм (ұлтсыздандыру) саясатын жалаулатқан кеңес өкіметі жалпы «алаш» атауын құртып – жою үшін барлық амал - айланы қолданып баққаны содан болса керек. Осы мақсат үшін өздері ойлап тапқан тап күресін ғажап пайдаланды: ел үшін екіге бөліп, қақ жарды, тыныш жатқан жұрттың басына әңгір – таяқ орнатты. Бұрын саяси астыртын күреске көп араласа қоймаған, оның құйтырқы әдістерінен хабары шамалы аңқау, аңғал жандар алдын ала құрылған осындай арнайы тұзаққа оп – оңай топырлап түсіп жатты.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 957 | Загрузок: 0 |

Қазахстан Республикасы Конституциясының 35 – бабында: заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің бұрышы әрі міндеті болып табылады, - жазылған.
Салықтардың әлеуметтік – экономикалық мәнімен мазмұны олар қарайтын функциалрда толық ашыла түседі. Кәзіргі кезде салықтар фескалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функияны орындайды. Олардың әр қайсысы – осы қаржы категориясының ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2095 | Загрузок: 3 |

Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық экономикалық қозғалысы мен саяси іс бағытына қарамастан ұлттық мемлекет әдістерінің негізгі көзі – ұлттық табысты қайта бөлудің басты қаржылық инструменті, мемлекеттің кірістерін және бюджеттін әдістерін қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Нарықтық қатынастарға көшумен байланысты біздің еліміздің экономикасында көптеген жаңа мәселелер мен қажеттіліктер пайда болды.Олар жаңа мамандар мен жаңа теориялық және тәжірибелік дисциплиналардың,соның ішінде салық салу жүйесін негіздеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2125 | Загрузок: 2 |

Көтерме сауда қызметі – тауарларды үлкен көлемде өндірушілерден сатып алып, оларды делдалдарға, қайта өндірушілерге (өнеркәсіп), бөлшектік саудагерлерге, корпаративтік клиенттерге қайта сату. Көтерме сауда түрлері бір- бірінен ассортиметтерінің кеңдігіне, тауарларды сақтау және жеткізу тәсілдеріне орай ажыратылады. Нарықтық жүйе қатынастарында көтерме кәсіпорындары тәуелді және тәуелсіз делдалдық ұйымдар деп екі топқа бөледі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2871 | Загрузок: 5 |

Дәстүрлі – бұған тәуелсіз өндіруші, бір немесе бірнеше көтерме немесе бөлшек сатушы кіреді. Жүйенің әрбір мүшесі өз қызметін атқарып, максималды табыс табуды көздейді. Жүйе мүшелері бір-бірінің қызметін толық бақылай алмайды. Таратудың дәстүрлі арналарының басшылығы пәрменсіз және тиімділігітқмен болады. Мысалы, көптеген тамат өнімдерін өндіретін отандық кәсіпорындардың өткізу жүйесін өзара іс-қимыл жасау сипаты бойынша дәстүрлі жүйеге жатқызуға болады. Бұл жүйенің әрбір арнасы басқаларға тәуелсіз және тек қана өзінің пайдасын көбейтуге болады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2100 | Загрузок: 6 |

Өткізу – өнімді кеңістік пен уақыт ішінде жылжытып ауыстыру жөніндегі іс – әрекет түрлерінің жиынтығы, сондай – ақ меншік құқығын өндірушіден тұтынушыға беру. Қысқаша айтқанда: өнім мен қызметтерді тұтынушыға жеткізу.
Өткізу арнасына қатысушылардың міндетті қызмет аясы (5):
1. Ақпараттық – маркетингтің зерттеулер жүргізу, ақпаратты жинау және оларды тарату.
2. Комуникациялық – жарнамалық ақпаратты жасау және тарату.
3. Тауарды бейімдеу – тауарларды сатып алушының талабына сай ыңғайлау (өндіріс, іріктеу, құрастыру және орау.)
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1791 | Загрузок: 4 |

Жан-жақты үйлесімді, өркениетті елдің ұрпағын тәрбиелеп шығу бүгінгі мектептің алдына қойылған мақсаттардың бірі. Бұл мақсат әрбір орта мектеп мұғалімінен бүгінгі заман талабына сай оқыту әдістемесін күннен күнге жетілдіре түсуін талап етеді. Осы талаптың орындалуы орта мектеп бағдарламасындағы әрбір пәннің әр тарауының әр тақырыбын оқушы санасына жететіндей етіп оқытқанда ғана орындалады. Олай болса, оқушыларды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде математика пәнінің де алатын орны, салмағы зор.
Бұл мақала алгебра курсында қарастырылатын квадрат теңдеулерге және оларды шешу жолдарының әр түрлі әдістеріне негізделініп отыр.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4218 | Загрузок: 17 |

Ежелгі замандардан бастап адамзат арифметикалық және геометриялық прогрессиялардың заңдылықтарын қолдана білген.Мәселен, Біздің заманымызға дейінгі ежелгі вавилондықтардың сына жазу (клинопись) кестелерінде , ежелгі мысырлық және гректердің папирустарында арифметикалық және геометриялық прегрессияларға көптеген мысалдар кездеседі. Ежелгі грек ғалымдары прогрессиялардың кейбір қасиеттерін және олардың қосындысын таба білген.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2507 | Загрузок: 12 |

Магниттік құрылғылары
Мәліметтерді бір компьютерден екінші компьтерге жіберудің ең қарапайым тәсілі ол мәліметтерді магнитті лентаға немесе басқада алынбалы құрылғыға жазып алу арқылы оларды осы лентаға жазып алып екінші компьтерден оқу болып табылады. Бұл тәсіл өте қарапайым болғандықтан геостационарлық спутниктің байланыста да экономикалық тұрғыдан тиімдірек болып табылады.
Лентаның жұмысын бақылауға келесі қиын емес теңдеулер көмектеседі. Ultrium деген жалпы касеталы лентаның сиымдылығы 200Г байт 60x60x60 размерлі қобдишаға 1000 кассета сияды, олардың жалпы сиымдылығы 1600 Т бит (1.6 П бит) құрайды. Federal Express компаниясы арқылы АҚШ аумағына 24 сағат ішінде осындай қобдишалар жіберіліне алады. Тиімді жіберу жолы мұндай жіберуде 1600 Т бит/86400 с, немесе 19 Г бит/с болады. Егерде жіберілетін жер белгіленген жерден бір сағаттық жерде болса онда, жіберу жолының қуаттылығы 400 Г бит/с асады. Ешбір компьтерлік желі бұл көрсеткіштерге жетіп көрген емес.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3681 | Загрузок: 7 |

Мәліметтерді ең жоғарғы жылдамдықта жіберу= Hlog (1 + S/N)
Мысалы, жіберу жолы арқылы 3000Гц сигналдың термальды 30 gБ/ шуылға қатынасы ешқашанда 30000 бит/с аса алмайды сигнал модуляциясына қарамастан. Шеннонның қорытындысы ақпараттық теория постулаттары қайсыбір каналы Гаусовский (термалдық) шумен өте алады. Бұған қайшы теорияны дәлелдеу мүмкін емес. Бірақта айта кететін т бұл берілген жоғарғы теорема, ақпараттық каналдың теоретикалық жіберу жолы арқылы өткенде нақты жетуі кейбір жағдайда ғана болады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1339 | Загрузок: 0 |

Жоғарыда айтылғандардың мәліметтерді жіберуге қандай қатысы бар екенін түсіну үшін “b” символды ASCII екнін кодты жіберу жөнінде нақты мысал арқылы қарастырамыз. Бұл үшін 8 бит қажет (яғни 1 байт) мақсатымыз 01100010 битті жіберу. Анализ нәтижесінде бұл сигналдын коэффицентінің мәнін табамыз:
Орта квадратты амплитуда бірінші алдынғы гормоника сазанына арналады (2.1) a. оң жақтағы. Бұл мән көрсетілген желіде жіберілетін пропорционалды энергияның квадраты болып табылады.
Ешбір канал сигналдарды қуаттылығын жоғалтпай жібер алмайды. Фурье қатарының барлық гармоникалары тең дәрежеде жібергенде азаймайды, онда сигнал амплитуда бойынша азаятын еді, бірақ таусылмайды ( яғни онда тікбұрышты форма болатын еді 2.1, а) өкнішке орай Фурье қатарының гармоникасы барлық каналдың байланысын азайтады әртүрлі дәрежеде, сол себептен жіберілетін сигналды баяулатады. Ереже бойынша амплитудалар жиілік диапазоны 0 ден f азаймай жіберілінеді ( секундтпен немесе герцпен (Гц) өлшенеді) сонымен жоғары желідегі сигналдың күші азаяды. Бұл диапазонның желісі жіберу жолы деп аталады. Тәжірибе жүзінде тоқтау (кесу) анағұрлым қатты болмайтындықтан жіберу жолынан 50% аспайтын желілер күштін жоғалуымен болады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1558 | Загрузок: 1 |

ХІХ ғасыр басында француз математигі Жан Батист Фурье синус пен косинустардың қосындысынан құралатын Т периодты әрбір периодтық g(t) функциясы бір қатарда болуы мүмкін (мүмкін, шексіздік күйінде) екнін дәлелдеді:
Бұл жерде / = 1 / T – основная частота. (гармоника), а және b синус пен косинустың амплитудасы п гормоникасы, ал с константа функциясының осы жолмен қойылуы Фурье қатары деп аталады. Фурье қатарына қойылған функция осы қатардағы элементтермен қайта қалыптасып отырады, яғни бұл жердегі Т периодты гормоника амплитудасы белгілі, осыдан шыққан функцияның қорытындысы қатар сомасымен қайта қалыптасып отырады. (2.1)
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1515 | Загрузок: 0 |

Қазіргі кездегі нанотехнологияны микротехнологиялармен салыстыра отырып, оны нанометр өлшемдерімен есептелетін технология деп ұғынуға болады. Яғни, бұл жарық толқынының ұзындығынан жүздеген есе қысқа болып келетін өте ұсақ өлшем және оны тек атомның көлемімен ғана салыстыруға болады. Сондықтан, микроөлшемнен (10-6) наноөлшемге (10-9) көшкенде бұл сандық емес, сапалық көрсеткішке айналады да заттан жекелеген атомдарға ауысуды білдіреді.
Нанотехнологияны дамыту үш бағытта жүргізілуі мүмкін: молекулалар мен атомдардың мөлшерімен ғана салыстыруға болатын белсенді элементтері бар электронды схемалар (ауқымды схемаларды қоса алғанда) жасау; наномашиналар, яғни мөлшері молекуладай ғана тетіктер мен роботтар жасау; тікелей атомдармен және молекулалармен жұмыс істей отырып, қажет нәрселерді солардың өзінен жасау. Қазіргі кезде осы үш бағыт бойынша да жұмыстартар жүргізілуде. Тұңғыш наноэлектронды элементтер осыдан он жылдай уақыт бұрын жасалды. Мамандардың бағалауы бойынша, ғасырымыздың бас кезінде-ақ наноэлектронды чиптер, мәселен, сыйымдылығы ондаған гигабайтқа дейін жететін есте сақтау микросхемаларын жасау қолға алынбақ.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2062 | Загрузок: 2 |

Фотопластинаның сезгiш қабаты желатинге енгiзiлген бромды күмiстiң майда кристалдарынан тұрады. Кристалдарға жарық кванттары түскенде электрондар бромның кейбiр иондарынан бөлiнiп кетедi. Бұл электрондарды күмiстiң иондары қармап алады да, кристалдарда шағын мөлшерде күмiстің бейтарап атомдары пайда болады. Бiрақ осы процестiң есебiнен бөлiнiп шыққан металл күйдегi күмiстiң мөлшерi аз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1432 | Загрузок: 1 |

Молекулалардың - кез келген түрленуi — химиялык - процесс. Көбiнесе жарықтың әсерiнен молекула ыдырағанда, тiзбектелген химиялық түрленулер басталады. Күн сәулелерiнiң әсерiнен матаның оңуы және күнге тотығу — бұлар жарыктың химиялық әсерінің мысалдары.
Ағаштар мен шөптiң жасыл жапырақтарында, қылқан жапырақтылардың қылқандарында, тағы басқа көптеген микроорганизмдерде жарықтың әсерiнен аса маңызды химиялық реакциялар жүредi. Күннің әсерiнен жасыл жапырақтарда Жердегi барлык тiршiлiк үшін қажеттi процестер журедi. Олар бiзге қорек бередi, сондай-ақ бiзге дем алу үшін оттегiн бередi.
Жапырақтар ауадан көмiрқышқыл газды жұтады да, оның молекулала- рын құрама бөлiктерiне: көміртегi мен оттегiне ыдыратады. Орыс биологы Климент Аркадьевич Тимирязев анықтағандай, бұл хлорофилл молекулаларында күн спектрiнiң қызыл сәулелерiнiң әсерiнен орындалады. Көмiртегi тiзбегiне жерден тамыр арқылы алынатын басқа элементтер атомын бiрiктiре отырып, өсiмдiктер адам мен жануарлар үшін қореқ — белоктардың, майдың және коміртегінің молекулаларын құрастырады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1523 | Загрузок: 0 |

Кванттық теорияның шығуы
Физикада болған ең ұлы тоңкерiс ХХ ғасырдың бас кезiне дәл келедi. Тәжiрибеде байқалңған жылудың сәуле шығару (қызған дененің электромагниттiк толқындар шығаруы) спектрлерiне энергияның үлестiрiлу заңдылықтарын түсiндiру мүмкiн болмады. Максвеллдiң сан рет тексерiлген электромагнетизм заңдарын заттың қысқа электромагниттiк толқындар шығару проблемасына қолданбақшы болғанда, кенет «қарсылық керсеттi». Бұл заңдардың антеннаның радиотолқындар шығаруын тамаша сипаттауы және өз кезінде электромагниттiк толқындардың барын осы зандар негiзiнде алдын ала айтуы таңқаларлық едi.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1210 | Загрузок: 1 |

Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2026 SiteMap №1 и SiteMap №2