Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi: - біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды;
«Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж.) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы) мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарына кiргiзiлген мәдениеттану оқу пәнi ретiнде мәдениеттану мектептерiн, бағыттарын, әлемдiк және отандық мәдениеттiң теориялары мен тарихын қарастырудан тұрады. Ол өзара әрекет ететiн элементтерден құралатын және басқа жүйелермен, қоғаммен өзара байланыста және үнемi дамуда болатын, күрделi iшкi кұрылымы бар жүйе ретiнде мәдениет туралы бiлiмнiң дербес, логикалық негiздерге, біріккен жиынтығы түрiнде болады.
Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология, әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.
Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар. «Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді.
Мәдениеттің шығармашылық функциясы айрықша көңіл аударуды қажет етеді, ол жаңа құндылықтар мен білімді, нормалар мен ережелерді, салттар мен дәстүрлерді құруға, мәдениетке сыни қарап, қалыптастырудан, жаңартудан тұрады. Соңында мәдениеттің ойын түріндегі, компенсаторлық функциясы маңызды мәнге ие, ол адамның дене және рухани күштерін қалыптастырумен, бос уақытын өткізумен, психологиялық жаттығумен байланысты.
Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды.
Экология және экологиялық мәдениет. Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған. Қажеттіліктер көбінесе жеткілікті түрде мәдениетті болмайды, оларды қанағаттандыру тәсілдері мәдениетті бола бермейді және жабайы болады, стихиялы өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері шексіз емес
Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады.
Саяси мәдениет – мәдениетті сезіну, саяси мінез-құлық, қоғамның саяси өмірінің, саяси процестің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін мемлекеттің және саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеу элементтері мен феномендерінің жиынтығы.
Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.
V ғасырда Афинада монументті құрылыс өріс алды. Антика сәулетінің тарихында Афина Акрополіндегі құрылыстар кешені ерекше орын алады. Б.з. дейінгі 480 жылы парсылар қиратқан қала Фидийдің басшылығымен V ғасыр бойы салынады. Акрополь ансамблі ежелгі грек сәулет өнерінің шыңы, Афинаның гүлденуі мен қуаттылығының символы болып есептеледі. Ол бірнеше құрылыстардан тұрады, олар Пропилей (көшеге шығатын есігі), Ники Аптерос ордасы (Қанатсыз жеңіс), осында Афинаның басты ордасы – Парфенон, Афина, Посейдон, Эретея, Эрехтейон ордалары тұрғызылады.
Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б.з. дейінгі 500-490 ж.ж.). Олар антика полисі – көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі – классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б.з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б.з. дейінгі 444-429 ж.ж.).
«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән.
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды.
Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен
І. Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген. ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған) Композитор Ескендір Хасанғалиевтің “Атамекен” әні баяу ғана естіліп тұрады. Оқу залының ортасында ойын жүретін мөлтек алаң әзірленген (үш ойын жолы, жүргізушінің орны) залдың аяқ жағында оқырмандарға, қонақтарға арналған орындар әзірленген, сахнада төралқа орны әзірленген.
Артиллерияның бөлімшелері мен бөлімдерінің болуы құрлық әскерлерін дереу күшейтті. Олардың дәл соққылары қысқа уақыттың ішінде қарсыластың түгел бөлімшелері мен бөлімдерін жойып жіберуі мүмкін. Құрлық әскерлерінің артиллериясында зеңбіректер, гаубицалар, реактивтік қондырғылар, жойғыш танкке қарсы қолданатын зеңбіректер, минометтер және де ұзақ қашықтықта әрекет ететін танкке қарсы қолданылатын басқармалы реактивтік снарядтар болады. Бұл құралдардың барлығы моторландырылған, қысқа уақыт ішінде дайындалады және оқ атуға қабілетті.
Жалпы мақсаттағы күштер құрамына - құрлық әскерлері мен мобильдік топ күштері кіреді. Құрлық әскерлерінің құрамында бірнеше арнайы әскер түрлері мен құрамалар болады. Олар өздеріне әр түрлі қарулар мен техникаларды біріктіреді. Құрлық әскерлері түрлеріне – мотоатқыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге – инженерлік, химия байланыс, радио және радиотехникалық, автомобиль және басқалары жатады.
Қазақстан мемлекеттік тәуелсіздігін алған соң алдына қиын, бірақ өмірлік маңызды міндет қойылды. Ол - өзінің Қарулы Күштерін құру еді. 1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Президентінің Жарлығымен Қазақ КСР-ң мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. Кейіннен республиканың қорғаныс мәселелерін толық түрде дербес шешуге көшуіне байланысты, ол Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі болып қайта құрылды.
Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының мәжiлiстерi қажет болуына қарай, бiрақ айына кемiнде бiр рет өткiзiледi. Басқарманың кезектен тыс мәжiлiстерi Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының немесе Басқарманың үш мүшесiнiң талап етуi бойынша өткізіледі. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Басқарма мүшелерi Басқарма мәжiлiсiнiң тағайындалғаны туралы уақтылы хабардар етiледi.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң ең жоғары органы Басқарма болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкi Басқармасының негiзгi функциялары: а) мемлекеттiк ақша-кредит саясатын мақұлдау; б) Қазақстан Ұлттық Банктiң банк қызметiнiң, бухгалтерлiк есепке алудың, ақша төлемдерi мен аударымдарының, вексель айналысының, валюталық операцияларды жүзеге асырудың және олардың сақталуын қадағалаудың жекелеген мәселелерiне қатысты нормативтiк құқықтық актiлерiн бекiту;
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң қаржы жылы iшiндегi бөлiнбеген таза кiрiсi осы қаржы жылына жатқызылатын нақты алынған кiрiстер мен шығыстар арасындағы айырма (алтын-валюта активтерiн қайта бағалау шотына жатқызылатын iске асырылмаған кiрiстiң пайда болған сомасын қоспағанда) ретiнде айқындалады.
Қазақстанның Ұлттық Банкi: а) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ақша-кредит саясатын жүргiзедi, банкноттар мен тиындардың Қазақстан Республикасының аумағындағы бiрден-бiр эмитентi болып табылады, бағалы қағаздар эмиссиясын жасайды. Қазақстан Ұлттық Банкi эмиссия жасайтын бағалы қағаздар мемлекеттiк бағалы қағаздар болып табылады және олар жөнiнде Қазақстан Ұлттық Банкi мiндеттемелер алады.
Қазақстан Ұлттық Банкiнiң негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негiзгi мақсатты iске асыру үшiн Қазақстан Ұлттық Банкiне мынадай мiндеттер жүктеледi: 1) мемлекеттiң ақша-кредит саясатын әзiрлеу және жүргiзу; 2) төлем жүйелерiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету;
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасы Заңдарының негiзiнде және оны орындау мақсатында өз құзырына жататын мәселелер бойынша банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын барлық банктердiң, ұйымдардың, олардың клиенттерiнiң, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын басқа да заңды және жеке тұлғалардың мiндеттi түрде орындауына жататын нормативтiк актiлер шығарады.
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi. Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi: Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламентiнiң келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз қызметiнде Конституцияны, осы Заңды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасының Заңын, республиканың басқа да заң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн және Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шарттарды (келiсiмдердi) басшылыққа алады. Ескерту. 2-бапқа өзгертулер енгiзiлдi - Қазақстан Республикасы Президентінің 1995.12.05. N 2672 заң күші бар Жарлығымен, Қазақстан Республикасының 2001.03.02. N 162 Заңымен.