Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды. Экологиялық этика оның бір тарауы болып қалыптасты, оның адамзаттың мәдени дамуы үшін мәні күн өткен сайын өсіп келеді. Біздің планетамызда экологиялық мәдениет европа елдерінде қалыптасқан техника культіне қарсы нақты дәрежеде дамып келеді. Сонымен биосфера, өмір және адам культі техника культіне қарсы. Бұл экологиялық мәдениеттің бірінші принципі. Экологиялық мәдениеттің екінші маңызды принципі – биосфераның бейнесі ретінде адамды жыртқыш-адам өмірінен қорғау, адамды ізгіліктен, биологиялық өмір мазмұнынан ада физика-техникалық теориялардан қорғау. Мәдениеттің күрделі және көп деңгейлі құрылымы адам өмірі мен қоғамдағы оның функцияларының алуан түрлерін анықтайды. Негізгілерін сипаттаймыз: - мәдениеттің басты функциясы – гуманистік (адамгершілік) (адамгершілікті – қайырымды). бұл рухты көтеру, адамдар арасында адамгершілік қатынас жасау. Қалғандары онымен байланысты және одан шығып отырады. - мәдениеттің маңызды функциясы - әлеуметтік тәжірибе алмасу. Бұл адамдар ұрпағы арасындағы тарихи сабақтастыққа себеп болады. Мәдениет бұл адамзаттың әлеуметтік ұмытылмас белгісі, ол арқылы «адамзат шығармашылығы», тұлғаны қалыптастыру жүзеге асырылады. - алғашқы екі функциямен тығыз байланысты, танымдық функция. Мәдениет ұрпақтардың ең озық тәжірибесін шоғырландыра отырып, әлем туралы бай білім жинайды және сонымен оны тану және игеру үшін қолайлы мүмкіндіктер жасайды. - реттегіш (нормативтік) функция ең алдымен, қоғамдық және жеке қызметтің алуан жақтарын, түрлерін реттеумен байланысты. Тұлға аралық қатынастар еңбегінің, тұрмысының сферасында мәдениет адамдардың мінез-құлқына әсер етеді және олардың әрекеттерін, материалдық және рухани құндылықтарды таңдауды реттейді. Осы аталғандармен коммуникативтік, белгілік функция тығыз байланыста болады, ол бірінші кезекте, адамдар қатынасының басты құралы болып табылатын тілдің көмегімен жүзеге асырылады. Табиғи тілмен қатар мәдениеттің барлық облыстары – ғылым, өнер, техниканың өзіндік тілдері бар, онсыз мәдениетті игеру мүмкін емес. Шет тілдерін білу басқа ұлттық мәдениеттерге және барлық әлемдік мәдениетке жол ашады. Тағы бір функция – құндылық, немесе аксиологиялық – үлкен мәнге ие. Ол адамда құнды қажеттіліктер мен бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды, жақсы мен жаманды, жақсылық пен жамандықты, әдемілік пен ұсқынсыздықты айыруға мүмкіндік береді. Мұндай айырмашылықтар мен бағалаулардың критерийі адамгершілік және эстетикалық құндылықтар болып табылады.