Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Полигондар аймағы ұзақ жылдар бойы құпия сақталынды. Тек Семей полигоны ғана көпшіліктің назарында болып, қалған сынақ аймақтарынан жұрт беймелім болды. Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га. жері 40жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тойсойған, т.б. полигондары алып жатқан табиғи әсем, щұрайлы жайылымдар еді. Осы жерлер де 1949 – 1989 жылдар аралығында болған ядролық сынақтардың 27- сі атмосферада, 183 – і жер бнтінде, қалғаны жер астында жасалды.
Қытаймен сенімді қатынастардың орнауы Қазақстанның сыртқы саясатының аса маңызды жетістіктерінің бірі – Қ. Тоқаев Сәуірдің 13-і. ҚазАқпарат /Талғат Баймұхамбетов/ - Бейсенбіде Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қасымжомарт Тоқаев ҚР-ның ҚХР-дағы елшілігінде Қытайдың қоғамдық-саяси топтарымен және БАҚ өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Министр жиналғандарды Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарымен және еліміздің саяси-экономикалық даму барысымен таныстырып, ҚР мен ҚХР қатынастарының деңгейіне жоғары баға берді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914жылғы 19шілдеде(1тамызда)басталды. Ресей соғысқа дайындықсыз, әскери- өнеркәсіптік әлеуеті төмен, көлігі на-шар дамыған жағдайда кірісті, армия әскери-техникалық жағынан нашар қам-тамасыз етілген еді. Соғыс басталған соң жалпы империяда, ішінара Қазак-станда өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді. Бірінші дүниежүзілік соғыс Қазақстаи экономикасын құлдырауға әкеп соқты
XVI – XVII ғасырларда қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында (жерді біріктіру ) процксін жедел жүзеге асырып, неғұрлым көзге түскен қазақ хандарының бірі- Жәнібек ханның ұлы Қасым. (Туған жылы 1445ж.). Іс жүзінде Қасым хан елді Бұрындық кезінде – ақ басқара бастады. Қасым ханның басқаруынан бастап елде билік жүргізу тек Жәнібек ұрпақтарының қолына көшті.
10 Сыныптағы бір баланы барлығы мазақ қылады. Ал сен не істер едің? а) ештеңені білмегендей боласың ә) достарыңмен бірге мазақ қыласың б) достарыңның табалауынан қорықпастан, осы баламен достасасың 11 Досыңды қандай қасиеттеріне қарай бағалайсың
Қорыта келе, Облгаз ААҚ-ң 2003-2004 жж.. аралығындағы қаржылық есеп көрсеткіштері бойынша дайын өнімнің сатылу кірісі бойынша 2003 жылы 164156 мың тг. болғанын, 2004 жылғы көрсеткіш бойынша 308499 мың, тг., ал 2005 жылы 542012 мың тг-ге дейін көбейген. Үш жылдық орташа құнды алатын болсақ 311804 мың тг. тең болып отыр.дайын өнімнің сатылған өзіндік құны бойынша, 146454 мың тг., ал 2004 жылы 308499 –ға жеткен болса, 2005 жылы 542012 мың тг. пайда болған, ал орташа құн бойынша 338322 мың тг. болып отыр.
Облгаз ААҚ-ң өндіріс көлемін талдау кестесі бойынша тауар сатудан кіріс бойынша базистік жылы, яғни 2003 жылы 164156, ал өткен жылы, 2004 жылы 360932 мың тг. болып көбейді, яғни ауытқуы 196776 мың тенгеге тең болып отыр. Есепті жылы өткен жылға қарағанда 410325 мың тенгеге көбейіп, ауытқуы 49393 мың тенгеге жетіп отыр. Негізгі құралдар бойынша жылдан жылға көбейіп, яғни 2003 жылы 541180 мың теңге болса, 2004 жылы 544834 мың тенгеге өсті, ауытқулары 3654 мың тенге болып табылса, 2005 жылы 3065314 мың тенге дейін күрт өсіп, ауытқу айырмашылығы 2520480 мың тенгеге дейін тең болды.
Оқушылардың жақсы дәстүрлерді сыйлай білуге, әдемі де жүйрік сөйлеуге, ата-салтын үлгі етуге тәрбиелеу мақсатында, сабақтарда шешендер мен билердің, ұлы адамдардың ұлағатты сөздеріне үлкен мән беріліп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізілетіні сөзсіз. Ұлылардан қалған ұлы сөздердің де оқушыларда адамгершілік мәдениетін қалыптастыруға көп пайдасы бар екенін мынадан көруге болады
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Семей өңiрiне қарасты Шыңғыстау тауы патша заманының зерттеушiлерi назарына өткен ғасырларда-ақ iлiнiп, алғаш 1896 жылы өлкетанушы В.Никитин жазбасына түскен. Сол кезде Шыңғыстау обаларын зерттеудiң болашағы бары болжанған едi. Өлкенi археологиялық қырынан зерттеуге байланысты «Семей уезiнiң оңтүстiк шегарасы және ең бастысы, Шыңғыс тауы ескерткiштерiмен маңызды мәнге ие» деп жазды ғалым еңбектерiнде.
XX ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс.
Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық және консулдық байланыстар орнату туралы келісімге ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары кезінде 1992-жылғы 24-ақпанда қол қойылған. Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994-жылғы 24-қарашада ресми түрде ашылды.
Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз. Әрине, әр нәрсе өздігінен жүзеге аса қалмайды, бабалар тағылымын бүгінге жеткізуші, ең бірінші кезекте – білімді де отаншыл зиялы қауым.
Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мэдениет .
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
Жүсіп, міне, сен көре алмай кеткен жаңа мыңжылдықтың наурыз айы тағы да келді. Бұл сен туған ай. Егер тірі болсаң, ол сенің жетпісінші көктемің болар еді. Әттең, жазмыштан озмыш жоқ екен. Сонау өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта шенінде аялы құшағына алып, бауырына басқан ару қала – Алматыға, білім ордасы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен сәті де күні кеше ғана сияқты еді. Сенің сұңғақ бойың мен мейірімді жүзің, елжіреген жүрегің, толқынды қою бұйра шашың әлі күнге көз алдымда. Жібектей есілген биязы мінезің қандай еді шіркін.
“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар.
Қазақ өнерінің «Алтын ғасыры» атанған (А. Сейдімбек) ХІХ ғасыр қазақ қоғамына таңдаулы тұлғалар сыйлады. Нәтижесінде, ауасы саумал, самалы салқын, селеулі дала Сарыарқаның «әншілік» дәуірі туды. Атақты Біржан салдан бастап Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Мәди, Естай, Майра т.б дүлдүл жыршы, бұлбұл әншілер болашағы орыстың бұғауына байланып, басы бодандық қамытына ілінген қазақтың зарын әнге айналдырды. Ұлы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы): «Адамшылық егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың» дегеніндей, ақын атаулысы да бір сұмдықтың ұшығын аңдап, зар толғаудың тиегін ағытты. Тарих бұларға «Зар заман» жыршылары (М.Әуезов) деген баға берді.
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.
Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген.
Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы.
Маркетинг басқару жүйесінің мәні мен мазмұны нақты банк топтары қызмет ететін нарықтың құрылу процесінің түсініктерімен және осы нарықта, нарықтық қатынаста болып, оның субъектісі болып табылатын сатушылар нарығының қызметі түсініктерімен тығыз байланысты. Маркетингтің классикалық анықтамасы - болашақ айырбас арқылы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандаруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Мутация дегеніміз — латын созі - өзгсріс. орын ауыстыру деген мағына бсреді. Жан-жануарлар, есімдіктер әлемі жэнс жер бетіндегі тірі оргакизмдердщ барлық формаларының арғы шыққак тегі химиялык қосылысгармен және радиациялык; сәулеленумен кенеттен езгеріп кетеді. Мутация процесік тудыратык заттарды мутагендер деп атайды табиғаттағы мутагендерді үш үлкен топқа беледі.
Керекті информация көлемімен танысып және оны меңгеруде кездесетін қарама- қайшылықтарды, тек қана мұғалім мен студент бірлесе күш салып, қолайлы жағдайды пайдаланған кезде ғана іске асыруға болады.
Оқыту үрдісіне студенттерді өзіндік жұмыс арқылы өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық шарттары белгілі бір жағдайларда ғана дамып тиімді қызмет ете алады (Ю.К Бабанский, Т.Е. Климова,Н.М Яковлева және басқалар ).