1. «Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 39, 520-құжат). 2. «Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1109 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 28 ақпандағы № 175 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 9, 96-құжат).
32. Aгенттіктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Агенттіктің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен, сондай-ақ құны Агенттіктің теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен қалыптасады. 33. Агенттікке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады. 34. Агенттіктің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өздігінен иеліктен айыруға немесе өзгедей тәсілмен билік етуге, егер заңда өзгеше белгіленбесе, құқығы жоқ.
16. Агенттік және оның аумақтық органдары Агенттіктің бірыңғай жүйесін құрайды. 17. Агенттікке басшылық жасауды оған бағынатын Агенттіктің жұмысы үшін жеке жауап беретін Агенттіктің төрағасы және басқарманың алқалы органы –басқарма жүзеге асырады. 18. Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттіктің төрағасын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. Агенттік төрағасының ұсынысы бойынша Агенттік төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын үш орынбасары болады.
1) Агенттіктің қарамағындағы мемлекеттік басқару салаларындағы (аясындағы) мемлекеттік саясатты қалыпастыру жөнінде берілген өкілеттіктер шегінде ұсыныстар әзірлеу; 2) табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін реттеу және бақылау; 3) темір жол көлігі, электр- және жылу энергетикасы, мұнайды, мұнай өнімдері мен газды тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауарлы нарықтарда үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) бағаларды реттеу;
Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Үкiметтің құрамына кiрмейтiн, телекоммуникация және почта байланысы саласындағы табиғи монополиялар субъектілерін қоспағанда, табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін, темір жол көлігі, электр және жылу энергетикасы, мұнай, мұнай өнімдері мен газ тасымалдау, азаматтық авиация, порт қызметі саласындағы тауар нарықтарында үстем (монополиялық)
Қоғамның жаңадан пайда болатын қоғамдарға өзiнiң бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн бере отырып, өз қызметiн тоқтатуы қоғамның бөлiнуi деп танылады. Бұл орайда бөлiнетiн қоғамның құқықтары мен мiндеттерi бөлiну балансына сәйкес жаңадан пайда болатын қоғамдарға ауысады.
1. Қосылу туралы шарттың негiзiнде және өткiзу актiсiне сәйкес қосылатын қоғамның бүкiл мүлкiн, құқықтары мен мiндеттерiн басқа қоғамға бере отырып өз қызметiн тоқтатуы қоғамның басқа қоғамға қосылуы деп танылады. 2. Қосылатын қоғамның директорлар кеңесi қосылу нысанында қайта ұйымдастыру туралы, өткiзу актiсi мен қосылу жөнiндегi шартты бекiту туралы мәселенi акционерлердiң жалпы жиналысының қарауына ұсынады.
Қоғамның өз қызметiне қатысты құжаттарды қоғам өзi қызмет еткен бүкiл мерзiм iшiнде қоғамның атқарушы органы орналасқан жерде немесе оның жарғысында белгiленген өзге де жерде сақтауға тиiс. Мына құжаттар: 1) қоғамның жарғысы, қоғам жарғысына енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар; 2) құрылтай жиналысының хаттамалары; 3) құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi), құрылтай шартына (жалғыз құрылтайшының шешiмiне) енгiзiлген өзгерiстер мен толықтырулар;
1) акционерлердiң жалпы жиналысы және директорлар кеңесi қабылдаған шешiмдер және қабылданған шешiмдердiң орындалуы туралы ақпарат; 2) қоғамның акциялар мен басқа да бағалы қағаз¬дарды шығаруы және уәкiлеттi органның қоғамның бағалы қағаздарын орналастыру қорытындылары туралы есептерiн, қоғамның бағалы қағаздарын өтеу қорытындылары туралы есептерiн бекiтуi, уәкiлеттi органның қоғамның бағалы қағаздарының күшiн жоюы;
1. Қоғамның қаржылық есептiлiгi қоғамның бухгалтерлiк балансын, кiрiстер мен шығыстар туралы есебiн, ақша қозғалысы туралы есептi және Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңдарына сәйкес өзге де есептiлiктi қамтиды. 2. Қоғамның бухгалтерлiк есебiн жүргiзу мен қаржылық есептiлiгiн жасау тәртiбi Қазақстан Республикасының бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы заңдарымен және бухгалтерлiк есептiң стандарттарымен белгiленедi.
Мыналар қоғамның лауазымды адамының аффилиирленген тұлғасы болып табылады: 1) қоғамның лауазымды адамы болып табылатын жеке адамның жақын туысы (ата-анасы, ерлi-зайып¬тылар, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ұлы, қызы), сондай-ақ жекжаты (зайыбының (жұбайының) аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып келетiн жеке адам; 2) өзiне қатысты қоғамның лауазымды адамы iрi акционер болып табылатын немесе мүлiктегi тиiстi үлеске құқығы бар заңды тұлға; 3) қоғамның лауазымды адамының аффилиир¬ленген тұлғасы болып табылатын жеке адамның бақылауындағы заңды тұлға; 4) қоғамның лауазымды адамының аффилиир¬ленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы;
1) қоғамның iрi акционерi; 2) қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын жеке адамның жақын туысы (ата-анасы, ерлi-зайыптылар, аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ұлы, қызы), сондай-ақ жекжаты (зайыбының (жұбайының) аға-iнiсi, апа-сiңлiсi, ата-анасы, ұлы немесе қызы) болып келетiн жеке адам; 3) қоғамның немесе қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын заңды тұлғаның лауазымды адамы;
1) акционерлердiң жалпы жиналысы мен директорлар кеңесi шешiмдерiнiң орындалуын ұйымдастырады; 2) үшiншi тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан сенiмхатсыз әрекет етедi; 3) үшiншi тұлғалармен қатынастарда қоғам атынан өкiлдiк ету құқығына сенiмхат бередi; 4) қоғам қызметкерлерiн (атқарушы органның мү¬ше¬лерi болып табылатын қызметкерлердi қоспағанда) қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды жүзеге асырады, оларға көтермелеу шараларын қолда¬нады және тәртiптiк жазалар қолданады, қоғамның штат кестесiне сәйкес қоғам қызметкерлерiнiң лауа¬зымдық айлықақыларының және айлықақыларына дер¬бес үстемеақылардың мөлшерiн белгiлейдi, атқару¬шы орган мен қоғамның iшкi аудит қызметiнiң
Ағымдағы қызметке атқарушы орган басшылық етедi. Атқарушы орган алқалы немесе жеке-дара болуы мүмкiн. Атқарушы орган қоғам қызметiнiң осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiнде және қоғамның жарғысында қоғамның басқа органдары мен лауазымды адамдарының құзыретiне жатқызылмаған кез келген мәселесi бойынша шешiм қабылдауға құқылы. Атқарушы орган акционерлердiң жалпы жиналысы мен директорлар кеңесiнiң шешiмдерiн орындауға мiндеттi.
Директорлар кеңесiнiң отырысын өткiзу үшiн кворум қоғамның жарғысында белгiленедi, бiрақ ол директорлар кеңесi мүшелерi санының жартысынан кем болмауға тиiс. Директорлар кеңесi мүшелерiнiң жалпы саны жарғыда белгiленген кворумға қол жеткiзу үшiн жеткiлiксiз болған жағдайда, директорлар кеңесiнiң жаңа мүшелерiн сайлау үшiн директорлар кеңесi акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыруға мiндеттi. Директорлар кеңесiнiң қалған мүшелерi акционерлердiң мұндай кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы ғана шешiм қабылдауға құқылы.
1. Директорлар кеңесiнiң отырысы оның төрағасының немесе атқарушы органның бастамасы бойынша, не: 1) директорлар кеңесiнiң кез келген мүшесiнiң; 2) қоғамның iшкi аудит қызметiнiң; 3) қоғамға аудиттi жүзеге асыратын аудиторлық ұйымның; 4) iрi акционердiң талап етуi бойынша шақырылуы мүмкiн. 2. Директорлар кеңесiнiң отырысын шақыру тур¬алы талап директорлар кеңесiнiң төрағасына дирек¬тор¬лар кеңесi отырысының ұсынылатын күн тәртiбi бар тиiстi жазбаша хабар жiберу арқылы қойылады.
1. Директорлар кеңесiнiң құрамына сайланған адам¬дардың, егер Қазақстан Республикасының заңда¬рында және қоғамның жарғысында өзгеше көздел¬месе, қайта сайлануына шек қойылмауы мүмкiн. 2. Директорлар кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмiн акционерлердiң жалпы жиналысы белгiлейдi. Директорлар кеңесiнiң өкiлеттiк мерзiмi акцио¬нерлердiң жаңа директорлар кеңесiн сайлау өткiзiлетiн жалпы жиналысын өткiзу кезiнде аяқталады.
1) Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген жағдайларда бiр акционерге берiлетiн ак¬ция¬лар бойынша дауыстардың ең көп санын шектеудi; 2) директорлар кеңесiнiң мүшелерiн сайлау кезiнде кумулятивтiк дауыс берудi; 3) акционерлердiң жалпы жиналысында дауыс беру құқығы бар әрбiр адамға акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзудiң р¡сiмдiк мәселелерi бойынша бiр дауыстан берудi қоспағанда, “бiр акция – бiр дауыс” принципi бойынша жүзеге асырылады.
1. Акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмдерi сырттай дауыс берудi өткiзу арқылы қабыл¬дануы мүмкiн. Сырттай дауыс беру акционерлердiң жалпы жиналысына қатысып отырған акционерлердiң дауыс беруiмен (аралас дауыс берумен) бiрге не акционерлердiң жалпы жиналысының отырысы өткiзiлмей қолданылуы мүмкiн. 2. Қоғамның жарғысында акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi барлық немесе жеке¬леген мәселелер бойынша шешiмдердi сырттай дауыс беру арқылы қабылдауға тыйым салу белгiленуi мүмкiн.
1. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу тәртiбi осы Заңға, қоғамның жарғысына және қоғамның iшкi қызметiн реттейтiн өзге де құжаттарға сәйкес не акционерлердiң жалпы жиналысының тiкелей шешiмiмен белгiленедi. 2. Акционерлердiң жалпы жиналысы ашылғанға дейiн келген акционерлердi (олардың өкiлдерiн) тiркеу жүргiзiледi. Акционердiң өкiлi акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға және дауыс беруге өзiнiң өкiлеттiгiн растайтын сенiмхатты көрсетуге тиiс. Тiркеуден өтпеген акционер (акционердiң өкiлi) кворумды анықтау кезiнде есепке алынбайды және оның дауыс беруге қатысуға құқығы жоқ.
1. Есеп комиссиясы акционерлер саны жүз және одан да көп қоғам акционерлерiнiң жалпы жиналы¬сында сайланады. Акционерлер саны жүзден аз қоғамда есеп комис¬сиясының функциясын акционерлердiң жалпы жина¬лысының хатшысы жүзеге асырады. Акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысында есеп комиссиясының функциясын қоғамның тiркеушiсi жүзеге асырады. Акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша есеп комиссиясының функциясы қоғамның тiркеушiсiне жүктелуi мүмкiн.
1. Егер жиналысқа қатысушыларды тiркеу аяқталған кезде оған қатысу үшiн акционерлер немесе акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлген олардың өкiлдерi, сондай-ақ қоғамның дауыс беретiн акцияларының жинақтап алғанда елу және одан да көп процентiн иеленетiн, осы Заңның 39-бабының 2-тармағында аталған адамдар тiркелсе, акционерлердiң жалпы жиналысы күн тәртiбiндегi мәселелердi қарауға және олар бойынша шешiм қабылдауға құқылы. 2. Акционерлердiң өтпей қалған жалпы жиналысы орнына қайталап өткiзiлетiн жалпы жиналысы, егер:
1. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбiндегi мәселелер бойынша материалдарда осы мәселелер бойынша негiзделген шешiмдер қабылдауға қажеттi ақпарат болуға тиiс. 2. Қоғамның органдарын сайлау мәселелерi бойынша материалдарда ұсынылып отырған кандидаттар туралы мынадай ақпарат: 1) аты-жөнi, сондай-ақ тiлегi бойынша - ¡кесiнiң аты;
1. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәр¬тi¬бiн директорлар кеңесi жасайды және онда тал¬қы¬лауға Ұсынылатын мәселелердiң нақты тұжырым¬далған толық тiзбесi болуға тиiс. Акционерлердiң жалпы жиналысының күн тәртiбi толықтырылатыны қоғам акционерлерiне жалпы жиналыс өткiзiлетiн күнге дейiн он бес күннен кешiктiрiлмей хабарланған жағдайда, iрi акционер немесе директорлар кеңесi күн тәртiбiн толықтыруы мүмкiн.
1. Акционерлерге (“алтын акция” иесiне) алда жалпы жиналыс өткiзiлетiнi туралы жиналыс өткiзi¬летiн күнге дейiн күнтiзбелiк отыз күннен кешiктi¬рiлмей (халықтық акционерлiк қоғамда – күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрiлмей), ал сырттай немесе аралас дауыс беру жағдайында – күнтiзбелiк қырық бес күннен кешiктiрiлмей хабарлануға тиiс. 2. Акционерлердiң жалпы жиналысын өткiзу туралы хабарландыру баспасөз басылымында жария¬лануға және (немесе) акционердiң (“алтын акция” иесiнiң) назарына оған жазбаша хабар жiберу арқылы жеткiзiлуге тиiс.
1. Акционерлердiң жалпы жиналысы өткiзiлетiн күн мен уақыт оған қатысу құқығы бар адамдардың неғұрлым көпшiлiгi жиналысқа қатыса алатындай етiп белгiленуге тиiс. Акционерлердiң жалпы жиналысы атқарушы орган орналасқан жердегi елдi мекенде өткiзiлуге тиiс. 2. Жиналысқа қатысушыларды тiркеу басталатын уақыт пен жиналысты өткiзу уақыты қоғамның есеп комиссиясына жиналысқа қатысушыларды тiркеудi, санын есептеудi және оның кворумын айқындауды жүргiзуге жеткiлiктi уақытты қамтамасыз етуге тиiс.
1. Акционерлердiң жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмiн қоғам акцияларын ұстаушылардың тiзiлiмiндегi деректер негiзiнде қоғамның тiркеушiсi жасайды. Аталған тiзiмдi жасау күнi жалпы жиналысты өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен ерте белгiленбеуi керек. Акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлуге тиiстi мәлiметтердi уәкiлеттi орган белгiлейдi. 2. Егер акционерлердiң жалпы жиналысына қа¬тысуға құқығы бар акционерлердiң тiзiмiне енгiзiлген тұлға тiзiм жасалғаннан кейiн қоғамның оған тиесiлi дауыс беретiн акцияларын иелiктен айырса, акционерлердiң жалпы жиналысына қатысу құқығы жаңа акционерге ауысады. Бұл орайда акцияға меншiк құқығын растайтын құжаттар табыс етiлуге тиiс.
1. Акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы талап қоғамның атқарушы органының орналасқан жерiне тиiстi жазбаша хабарлама жiберу арқылы директорлар кеңесiне қойылады, онда мұндай жиналыстың күн тәртiбi болуға тиiс. 2. Директорлар кеңесi аталған талапты алған күннен бастап он күн iшiнде шешiм қабылдауға және осы талапты қойған тұлғаға акционерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысын шақыру туралы хабарлама жiберуге мiндеттi. Қойылған талапқа сәйкес акцио¬нерлердiң кезектен тыс жалпы жиналысы шақырыл¬ған жағдайда директорлар кеңесi жалпы жиналыстың күн тәртiбiн өз қалауы бойынша кез келген мәселе¬лермен толықтыруға құқылы.