1. Қоғам өз құрылтайшылары жиналысының (құрылтай жиналысының) шешiмi бойынша құрылады. Қоғамды бiр құрылтайшы құрған жағдайда қоғамды құру туралы шешiмдi ондай тұлға жеке-дара қабылдайды. Қоғам осы Заңда және Қазақстан Республи¬ка¬сының өзге де заң актiлерiнде белгiленген тәртiппен бар заңды тұлғаны қайта ұйымдастыру арқылы құрылуы мүмкiн.
1. Қоғамды құру туралы шешiм қабылдаған жеке және (немесе) заңды тұлғалар оның құрылтайшылары болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметiн, жергiлiктi атқарушы органдарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақ¬стан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мемлекеттiк мекемелер қоғамның құрылтайшылары немесе акционерлерi бола алмайды.
Өз капиталының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгiленген айлық есептiк көрсеткiштiң кемiнде 1000000 еселенген мөлшерiндей болатын, акционерлерiнiң саны бес жүз және одан да көп қоғам халықтық акционерлiк қоғам деп танылады. Қоғамды халықтық акционерлiк қоғам деп тануды қоғамның өтiнiшi негiзiнде не қоғамның өз капита¬лының мөлшерi және акционерлерiнiң саны туралы уәкiлеттi органда бар ақпарат негiзiнде уәкiлеттi орган жүргiзедi.
1. Өз қызметiн жүзеге асыру үшiн қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға акционерлiк қоғам (бұдан ¡рi – қоғам) деп танылады. Қоғамның өз акционерлерiнiң мүлкiнен оқшау¬ланған мүлкi болады және олардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. Қоғам өз мiндеттемелерi бойынша өз мүлкi шегiнде жауап бередi.
1. Қазақстан Республикасының акционерлiк қоғамдар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 2. Осы Заңның ережелерi Қазақстан Республи¬касының заң актiлерiнде көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып қолданылады.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдала¬нылады: 1) акционер – акцияның меншiк иесi болып табылатын адам; 2) акция – акционерлiк қоғам шығаратын және акционерлiк қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкiнiң бiр бөлiгiн алу құқығын ку¡ландыратын бағалы қағаз;
ХХ ғасырдың басында Қазақстандағы аграрлық мәселелердің шиеленісуі өзінің шырқау шегіне жетті. Бұған империяның бұрынғы қоныстандыру саясаты және одан кейінгі жергілікті халықтан жерді тартып алуға бағытталған қаулылар әкеп соқты. Ресейдің еуропалық аудандарынан шаруалардың ағылып келуінің күшеюі үкіметті Қазақстанның бұрын жабық болған аудандарын қоныс аудару үшін ашуға мәжбүр етті. Бұл негізінен Түркістан генерал-губернаторлығының жерлеріне қатысты болатын.
Біз мектепте көбіне идеал жүйелердің заңдылықтарын оқимыз. Ең алдымен идеал газдың заңдылықтарын еске түсірейік. Идеал газ деп молекулаларының арасында алыстан әсерлесу потенциалы жоқ, әсерлесу тек молекулалар өз-ара соқтығысу кезінде ғана болатын газды айтады. Егер біз осындай газдың күй теңдеуін білсек, ол теңдеуден газда болатын процесстердің, және басқада заңдылықтарын шығарып алуға болады.
Қазақтың XIX ғасырда өмір сүрген әйгілі күйшісі. Алтай, Тарбағатай, Баян-өлгий аймағындағы күйшілік мектептің орнығып, қалыптасуына ықпал еткен біртуар дарынды тұлға. Дәулескер домбырашы, даңғыл сыбызғышы болған. Домбыра мен сыбызғыда бірдей күй шығарған. Шыққан тегі - он екі ата Абақ Керей ішіндегі Байжігіт руы, оның ішінде Сайболат атасы. Топырақ бұйырған жері - Тарбағатайдағы Дөрбілжін қорымы.
Құлшар Бақтығалиұлы Атырау, Маңғыстау аймағында XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген күйші. Айтыс күйлерінің ірі окілі. Ата қонысы Сам, Ақжігіт, Сыңғырлау деп аталатын жерлер. Шыққан тегі Кіші жүздің Адай руынан, оның ішінде Мал, Қырықмылтық, Есекей аталары болып келеді. Құлшар күйлері әдетте өз басынан откен қызықты оқиғаға орай туындап отырады. Ондай оқиғалар әдетте күймен жауаптасу, күй өрелестіру, күймен емеурін ету немесе сол оқиғаны күйге салу түрінде көрініс тауып отырады. Мәселен, Құлшардың басынан өткен мына оқиға Маңғыстауда жиі айтылады.
Бір туар дарынды тұлғаларда ғажайып бір қасиет болады. Ол-өткен мен болашақ арасына рухани көпір болатын қасиет. Яғни, дарынды тұлғалар өзіне дейінгі жинақталған рухани дәстүрді тал бойына сіңіріп, оны жарқырата танытып, көбінесе өзінше жетілдіре шыңдап, келер ұрпаққа шығарып салады. Бұл орайда, халықтың дәстүрлі мәдениетін орнықтыруда,ұрпақтар арасындағы рухани сабақтастықты сақтауда біртуар тұлғалардың тарихи қызметі айырықша. Осынау ойдың жосыған әйгілі күйші Қалмамбетұлы Өскенбайға (1860-1925) теліп айтуға әбден болады.
Атыраудағы Тайсойған құмының ішінде Ақкөл деп аталатын ботакөз айдын бар. Ақкөлдің жағасы шүйгін, қамыс-құрағы бітік, шаруаға қолайлы. Осы көлді Рабай, Әбіт есімді екі кісі қатар жайлап жүреді. Қоңсылас болған соң, бір-біріне деген сый-құрметтен де кенде болмайды. Төрт түлік малдың тісіне ілесіп күн көру ата кәсіп болғанмен, Әбіттің құс салатын да өнері бар екен. Бір-екі рет сәті түсіп, Әбіттіңжанына еріп, лашынның құс ілген өнерін көрген Рабай қатты қызығады. «Шіркін-ай, осындай бір құсым болса ғой» деп армандайды. Алайда, құрғақ арман құс бола ма, бір күні Рабай тәуекел деп Әбітке қолқа салады: «Әй, Әбіт, сен құстың тілін білесің ғой, құрқол болмассың, мына құсыңды маған бер, мен де қызықтайын. Қарымтасына бір үйір жылқым дайын!» дейді.
Музыканың тілі - дыбыс. Әрине, жай ғана дыбыстар жиынтығы емес, белгілі бір әлеуметтік ортаның талғам-танымында реттеліп, жүйеленген дыбыс, әуен-сазға айналған дыбыс. Олай болса, әсіресе, дәстүрлі музыканың мән-мағынасын (семантикасын) жоруда сол музыкалық мұраны дүниеге келтірген әлеуметтік ортаның талғам-танымы түпнұсқалық баға болып табылады. Ал, туасы бөлек былайғы жұрттың бағасында, сөз жоқ, субьективтілік бел алып жатады. Демек, музыканың тілі ортақ деп келетін алып-қашпа пікір ұшқарылау айтылған.
Гүлбаршын сұлуға үйленемін деген дәме Ұлтанды әбден есіртіп жіберген. Сонан соң да осынау неке қияр тойды мейлінше дүрліктіріп, өзінше бір ерекше сән-салтанатпен өткізген болып жатыр еді. Алпамыс батыр диуананың киімімен елеусіз ғана келгенде, тойдың нағыз қызу кезі екен. Төрде обадай болып Ұлтан отыр.
Байшұбардың тізгінін тартпастан ен даланы көктей шапқан Алпамыс арада отыз күн өткенде, Жиделібайсын жеріне тұяқ іліктірді. Ел шетіне жеткенін алдымен Байшұбар ат біліп, үстіндегі иесіне белгі берген. Қөлбеп жатқан қоян жонға сыдыртып шыға келсе, арғы жақ бауыздау алқымы жер қайыстырған калың жылқы екен. Шұбар ат өз үйірін бірден танып, арқырай кісінеп қоя берсін. Қалың табын үрпиісе бас көтеріп аз-кем тұрды да, Байшұбарды олар иісінен танып, шұрқырай қоршап алған. Әсіресе жалы жер сызған мама бие Байшұбарды танауынан иіскеп, солқ-солқ оқыранып қоя берген.
Шаңырақтай қалқанын басына төңкеріп, отыз батпан алмас күрзісінебелектей үйіріп Таймас тұр. Астындағы атан түйедей серейген қара тұлпар мойнын доғадай иіп, Алпамыстың келесі шабуылын тықырши күтеді. Қос батыр әлгінде ғана бір-бір кезек алысып, бірін-бірі қошқардай түйіп өткен. Алпамыстың қол байқар жолғы тегеурінінің өзі Таймасты сең соққан балықтай есеңгіретіп кетті.
Арада аттай жеті жыл өтті, Алпамыс жатқан құпия зынданды Қаракөз сұлу таба алмай-ақ қойды. Бірақ атар таңын үмітпен атырып, бір сәт күдерін үзген жоқ. Күндердің бір күнінде Кейқуат әдеттегідей серкелерін соныға жайып, өріс ауыстырған еді. Бұл кезде, ен жайлауда еркін жайылған серкелер кішігірімжылқыдай болып серейіп, әбден семіріп алған. Ешкі малының ежелгі әдеті — жілігіне май бітсе, жардан секіріп ойнайды.
Алпамысты байлап-матап Тайшық ханның ордасына алып келгенде, батыр әлі шырт ұйқыда еді. Тақ үстінде оқшырайып отырған Тайшықтың алдына ұйқыдағы жас батырды тақалтқанда, патша ішегін тартты. Ол қазіргі сәтте Алпамыстың алып тұлғасынан немесе айбарлы кейпінен шошып ішек тартпаған. Оның үрейін алған — өткен жолғы түсінде көрген, ел-жұртына қырғидай тиген шұбар аттылы батырдың дәл осы екені еді.
Алпамыс артынып-тартынып ел шетіне тақалғанда, әкесі Байбөрі алдынан шыққан. Байбөріні бұлайша желпілдеткен жалғыз ұлдың жар сүйген қуанышы емес, жанын жегідей жеген қасірет күйігі еді. Осыдан бір апта бұрын еліне жау шапты. Қалмақтың Тайшық деген ханы қалың қолымен шегірткедей қаптап келіп, Байбөрінің малын ойсырата бөліп, айдап кетті. Қашанда көшпелі елдің көңілі малына қарап көтерілген. Ен далада аңдай өрген байлығын Тайшық хан сыпырып кеткен соң, Байбөрі бір-ақ күнде мүсәпір боп қалды. «Мал ашуы мен жан ашуы бір», сонан соң да Байбөрі ызадан булығып, іші күйіп жүрген. Тіптен баласы мен келінінің ырғалып-жырғалған жағасы жайлау күйін көргенде, одан сайын күйіп-пісіп, көкірегін кернеген қыжылын ақтара салып еді. Әкесін көріп, атынан түсіп, ізет көрсеткен Алпамысқа ақыра тіл қатты.
Қалмақтың қалың қосынан оңаша, биік дөңес үстінде ерекше салтанатпен тігілген ақ шаңқан шатыр тұр. Төрт иығы алтындаған бақанмен керіліпті. Оның өзі күнге шағылып, көрер көзді қарықтырып, қараған жанның мысын басқандай. Әр бақанның арасы күлтелене төгілген жібек шашақпен жалғасқан. Іргеден сорая шыққан үш сүңгілі қара найза қақырайып, қан тілеп тұрғандай ерекше сұсты көрінеді.
Алпамыс аттай он жасқа толды. Құйрық басқанда, қой сойып, қаз тұрғанда, тай сойған Байбөрі, жалғыз ұлы онға толғанда, ұлан-асыр той жасады. Ел-жұртының батасын естіп, көңілге медет етті. Бұл кезде байтақ Қоңырат елі Алпамысты бек санап, жайылып жастық, иіліп төсек болатын. Алпамыстың өзі де көрген жанның көңілін толтырып, сексеуілдің шоғындай жайнап өсіп келе жатыр еді. Бірақ әлі де болса бұғанасы қатпаған ойын баласы ғой, әзірше ауыл-үйден ұзамай, ел ісіне араласа қоймаған.
Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделібайсын жерінің ең бір әлуетті руы Қоңырат болғанда, сол Қоңырат руының жұрттан асқан жуан сіңір байы - Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын. Төрт түлік малы Жиделібайсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін. Мұрындық, ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ең даланың шоқ-шоқ боп біткен тоғайы сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек, бозы менен аласына бір бөлек қос шығарған. Мұның өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
Ежелден береке дарып, бақ қонған Жиделібайсын жерінің ең бір әлуетті руы Қоңырат болғанда, сол Қоңырат руының жұрттан асқан жуан сіңір байы - Байбөрі еді. Байбөрінің байлығында есеп болмайтын. Төрт түлік малы Жиделібайсынның байтақ даласында аңдай өріп, көрген жанға қара жерді қайыстырып жатқандай әсер беретін. Мұрындық, ноқта тимеген, түйешілер мінбеген маясының өзі сексен мың еді. Мыңғырып өрген қойын айтпағанда, ең даланың шоқ-шоқ боп біткен тоғайы сайын табын-табын жылқы шұрқырап жататын. Ол да ештеңе емес, дәулеті тасыған Байбөрі жаңағы тоғай сайын мыңнан біткен жылқыларын түсіне қарай иіріп, торысына бір бөлек, қарасына бір бөлек, бозы менен аласына бір бөлек қос шығарған. Мұның өзі сырт көзге өзгеше сән-салтанат сияқты әсер беруші еді.
ХҮ ғасырда өмір сүрген көрнекті жыраулардың бірі Шәлгез (Шалкиіз). Оның шығармалары қазақ, ноғай, қарақалпақ халықтары арасына кең тараған. Шәлгездің әкесі Тіленші аталады. Халық арасында Шәлгез әке, шешсі белгісіз, салмен ағып келіп кезігіп, Орақ, Мамайға бала болған немесе шешеден ерте айрылып, Ноғайлының ұлы биі нағашысы – Мұсаның қолында тәрбиеленген деген әңгімелер кездеседі. Ғасырдан ғасырға көшіп, аңызға айналыңқырап жеткен, мазмұны жағынан бір-бірімен сабақтас бұл әңгімелер жырау тегі туралы бізге қолға ұстатқандай нақты деректер бермегенмен, атадан балаға ұласып, халық жадында қалыптасқан шындық сілемін аңғартқандай.
Қазтуғанның туып-өскен қонысы – Еділден бөліне шығып, онымен жарыса ағатын Ахтуба, Бодан (Бозан) өзендерінің бойы, қазіргі Красный Яр қаласы тұрған маңай. Жырау көшпенділердің шынжыр балақ, шұбар төс әскери аристократиясынан шыққан сияқты. Халық аңыздарында ол қолбасы батыр.
Бүкіл өмірін қазақ халқының асыл арманымен астастырып, оның тәуелсіз де бақытты тұрмыс кешуіне елеулі үлес қосқан ұлы ойшыл ақын әрі аңыз кейіпкері Асанқайғы әдебиетіміз тарихынан орын алуға лайықты тұлға. Ол тек мал шаруашылығымен күнелткен көшпелі елге жайды қоныс, бейбіт өмір аңсады, «адамы жүзге келмей өлмейтін», «қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын» мамыражай заман бар деп санап, оны өзі «Жеоұйық» (кейде Жиделібайсын) деп атады. Алайда халық қайғысын өз қайғысы санаған ел қамқоршысы күні кешеге дейін ұлттық Ой ордасы мен әдебиет тарихынан өзіне лайық төрдегі орнын ала алмай келді.
Ұлы Абайды өмір, қоршаған дүние, табиғат, болмыс сыры, олардың заңдылықтары көп ойландырған, ол дүние сырына бойлап, өзін мазалаған сауалдарға жауап табуға тырысқан. Мен осы кіммін? Жан иелері өмірінің түпкі мәні неде? Барлық адам баласы, жан-жануарлар да тамақтанады, ұйықтайды, қорғанады, артына ұрпақ қалдырады. Сонда адам баласының басқа жан иелерінен айырмашылығы неде? Міне, Абай әркімді де толғандыратын терең сырлы сұрақтарға жауап іздейді. Ол өзінің ілімінде, пәлсапалық шығармаларында адам баласының өмір сүру мақсатын, сол мұратына жету жолын, әлемдегі болмыстың мәні мен өзіндік ішкі байланысты, жалпы заңдылықтарын ашып көрсетеді.
Өлмейтұғын артына сөз калдырған..." - дейді. "Адам өлмес" дегеннің мағынасы өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан ойы калады деген пікірге саяды. Абай "Өлең сөздің патша сы" өлеңінде "сөз түзелді, тыңцаушы сен де түзел!" -деп жүртшылықган ақындық сөзге зор маңыз беріп қарау-ын, поэзияның жоғары қо-ғамдық міндетін түсіне білуін талап етті. Жаңа танымның баурап аларлық күшін, жаңа ақындық сөздің құнын әрбір адамның тани алатынына қа-зақ өмірінің сол кездегі жағ-дайында толық сенім арту қиын да еді. Абай оны жақсы тү-сінді, мүны оның "Мен жаз-баймын өлеңці ермек үшін" деген өлеңіндегі мына шумақ-тар толық дәлелдейді: ..." Шу дегенде қүлагаң тосаң-сиды, Өскен соң мүндай сөзді бүрын көрмей".
1885 ж. мамыр айында Шар өзенінің бойындағы Карамола деген жерде Семей ген.-губ. Цеклинскийдің басқаруымен Семей губ-на қарайтын 5 уездің 100-ден астам би-болыстары бас қосқан төтенше съезі өткізілді. Осы съезде төбе би болып сайланған Абайға "Семей казақтары үшін қылмыстық істерге карсы заң ережесін" өзірлеу тапсырылды. Абай бастаған комиссия барлығы 93-баптан тұратын ережені 3 кұн, 3 түнде әзір етті.
Абай бала кезінде ширак, пысық болмағанымен, елдегі шешен, ақын, ертегішілер әңгімесін тез ұғып алатын зеректігімен, ынталылығымен ерекшеленген, Шортанбай, Дулат, Бұқар жырау, Марабай, Шөжелерді тыңдап өскен. Анасы Ұлжан да шешен болған, сөз қадірін білетін ортада өскен кісі. Оның ағасы (әкесі Тұрланның інісі) Тонтайдың өлерінде кожа-молдаларға карап: "Жазыла-жаэыла қожа-молдадан да ұят болды, енді өлмесек болмас",—дегені халық аузында мәтел болып кеткен.