Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі Қазақстан Республикасы шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде де Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс Түркістан аймағынан) 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балаларынан құралады.
Қазан төңкерісіне дейінгі Қазақстанда қоғамдық-саяси, ағартушылық-педагогикалық ой-пікірдің дамуына өзінің өлшеусіз үлесін қосқан ХХ ғ.бас кезіндегі қазақ әдебиетінің ең көрнекті қайраткерлерінің бірі, ағартушы, педагог Ғұмар Қараш болды. Ол туралы соңғы жылдары ғана баспасөз беттерінде мақалалар жарыө көріп, шығармалар жинағы басылды. Көп жылдар бойы оның педагогикалық-ағартушылық қызметі, сол кезеңнің көкейтесті мәселелерін көтерген еңбектері коммунистік идеологияның тікелей әсерімен тең басып, кітап қоймаларының түкпір-түкпірінде қажетсіз болып жатты.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен алған білімдерін, ел тарихы, салт-дәстүрлерін қаншалықты білетіндіктерін тексеру. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамыту, шапшаң ойлауға, ойын жинақтап жеткізе білуге үйрету.
Семей өңiрiне қарасты Шыңғыстау тауы патша заманының зерттеушiлерi назарына өткен ғасырларда-ақ iлiнiп, алғаш 1896 жылы өлкетанушы В.Никитин жазбасына түскен. Сол кезде Шыңғыстау обаларын зерттеудiң болашағы бары болжанған едi. Өлкенi археологиялық қырынан зерттеуге байланысты «Семей уезiнiң оңтүстiк шегарасы және ең бастысы, Шыңғыс тауы ескерткiштерiмен маңызды мәнге ие» деп жазды ғалым еңбектерiнде.
XX ғасыр басындағы өтпелі, дүрмекті кезеңде саяси күрес сахнасына шығып, қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, болашағын болжап, аспан астында өмір сүру құқығын қорғап тер төккен, сонымен қатар осы жолда құрбан болған қазақ зиялылары қаншама. Бүгінде Алаш қозғалысының 90 жылдығын ел болып атап өтіп жатқанда ел үшін құрбан болған ерлердің әруағына бас иіп, еткен еңбектерін саралап, әділ бағасын беру игілікті іс.
Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында дипломатиялық және консулдық байланыстар орнату туралы келісімге ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Пәкістанға ресми сапары кезінде 1992-жылғы 24-ақпанда қол қойылған. Пәкістандағы Қазақстан Республикасының елшілігі 1994-жылғы 24-қарашада ресми түрде ашылды.
Біз Қазақстан Республикасы аталатын дәстүрі терең, бағдары жаңа қоғамның бар мүмкіндігін экономикалық, мәдени-рухани дамуға жұмсап келеміз. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай, «Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы». Біз бүгінгі ұлттық дамуымызға, Алаш құндылықтарына да осындай көзқараспен қараймыз. Біз рухани дүниеміздің мән-мағынасын жарқын тарихымыздың айрықша оқиғаларымен, тұлғаларымен сабақтастықта зерделейміз. Әрине, әр нәрсе өздігінен жүзеге аса қалмайды, бабалар тағылымын бүгінге жеткізуші, ең бірінші кезекте – білімді де отаншыл зиялы қауым.
Қазір, ұлттық болмысымызда сезініп , біздің де ертеден келе жатқан халық екенімізді, рухани құндылықтарымызды асқақтата айшықтауда Қазақстан тарихы пәнінің орны ерекше. «Салынған жол, тұрғызылған ғимарат, тіпті ең озық ғылыми жаңалық саналатын жаңа технологияның өзі жыл сайын тозады, ескіреді, ал бабаларымыз айтқандай, ешқашан азбайтын , тозбайтын , керісінше уақыт өткен сайын сан қырынан жарқырап , ұрпақ санасына шүғыла шашатын мәңгі өлмейтін құдіретті күштің аты - ғылым мен мэдениет .
Ежелгi Тараз - Ұлы Жiбек жолын жалғап жататын турақты дипломатикалық және сауда-саттык қарым-қатынас жасалатың күре тамыры iспеттес. Бұл байланыс көпiрiнiң маңызы дүниенiң екi бөлiгi арасындағы материалдық ауыс-түйiспен ғана шектелiп қалмай, оның шеңберiнен алысқа кетiп жатты. Ол алуан турлi мәдениеттер мен халықтарды бiр-бiрiмен байланыстырып, сонау ежелгi заманнан берi идеялар алмасудың тұрақты да маңызды факторы ретiнде қызмет етiп келдi. Тараз - Қазақстанның ортағасырлық қалаларының iшiндегi ең белгiлiсi, ең көнесi.
Жүсіп, міне, сен көре алмай кеткен жаңа мыңжылдықтың наурыз айы тағы да келді. Бұл сен туған ай. Егер тірі болсаң, ол сенің жетпісінші көктемің болар еді. Әттең, жазмыштан озмыш жоқ екен. Сонау өткен ғасырдың елуінші жылдарының орта шенінде аялы құшағына алып, бауырына басқан ару қала – Алматыға, білім ордасы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түскен сәті де күні кеше ғана сияқты еді. Сенің сұңғақ бойың мен мейірімді жүзің, елжіреген жүрегің, толқынды қою бұйра шашың әлі күнге көз алдымда. Жібектей есілген биязы мінезің қандай еді шіркін.
“Тарихсыз халық тұл демекші” әр халықтың өзіндік өткені жолы, даму тарихы болады. Еліміздің ұлттық тәуелсіздік алуы – қазақ халқының тарихи даму жолына қатысты жаңа көзқарастар туғызды. Бұл көзқарастардың негізі – қазақ қоғамы дамуының жолы да халықтар мен мемлекеттердің қалыптасуына ортақ сипаттарымен байланысты екендігінде.
Міндеттемеге сәйкес бір адам (борышкер) басқа адамның (несие берушінің) пайдасына белгілі бір әрекет жасауға, атап айтқанда: мүлік беруге, жұмыс орындауға / ақша төлеуге және тағы осылар сияқты әрекеттер жасауға, не болмаса белгілі бір әрекеттер жасауға тартынуға міндеттенеді, ал несие берушінің борышқордан өз міндеттерін орындауын талап етуге хақысы бар.
Қазақ өнерінің «Алтын ғасыры» атанған (А. Сейдімбек) ХІХ ғасыр қазақ қоғамына таңдаулы тұлғалар сыйлады. Нәтижесінде, ауасы саумал, самалы салқын, селеулі дала Сарыарқаның «әншілік» дәуірі туды. Атақты Біржан салдан бастап Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Иманжүсіп, Балуан Шолақ, Мәди, Естай, Майра т.б дүлдүл жыршы, бұлбұл әншілер болашағы орыстың бұғауына байланып, басы бодандық қамытына ілінген қазақтың зарын әнге айналдырды. Ұлы Ахаңның (Ахмет Байтұрсынұлы): «Адамшылық егінін шаштым, ектім, Көңілін көтеруге құл халықтың» дегеніндей, ақын атаулысы да бір сұмдықтың ұшығын аңдап, зар толғаудың тиегін ағытты. Тарих бұларға «Зар заман» жыршылары (М.Әуезов) деген баға берді.
Баймырзаұлы Балуан Шолақ (1864-1916) – қазақтың халық композиторы, ат ойынының түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны. Оның есімін де халық осы соңғы өнеріне сүйсінгендіктен еркелетіп, жас күнінде саусағын үсітіп алуына байланысты «Балуан Шолақ» деп атаған, әйтпесе өзінің азан шақырылып қойылған шын аты – Нұрмағанбет. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Дулат тайпасының Сәмбет руынан. Бірақ аталары ерте кезде Арқаға қоныс аударғандықтан, оның бар өмірі Көкшетау өңірінде, атығай, қарауыл руларының арасында өскен.
Осы күнге дейін тарихшылардың, саясаткерлердің, филососфтардың, әдебиетшілердің және тағы басқа ғылым өкілдерінің арасында пікірталас туғызып жүрген проблемалардың бірі-бірегейі әртүрлі халықтардың өркениеттілігі және олардың әлемдік тарихтағы орны қандай деген мәселе болып отыр. Әуелден, осындай талас тудырып келе жатқан халықтардың бірі – қазақ халқы, оның тарихы және өркениеттілігі.
Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар тобының көрнекті өкілдерінің бірі – Ақан Қорамсаұлы. Ақан 1843 жылы қазіргі Көкшетау облысының Володаровка ауданында Қоскөл деген жерде туған. Шын аты – Ақжігіт екен; ата-анасы еркелетіп Ақан атандырып жіберген.
Қоңырбайұлы Ағыбай (1802-1885) – қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен әйгілі батыр, қолбасшы. Қазақ ханы Кенесары Қасымовтың Ресей отаршылығына қарсы жүргізілген көтеріліс басшыларының бірі. Туып өскен жері Қарағанды облысындағы Балқаш, Бетпақдала алабымен жапсарласып жатқан Арқаның Қызылтау, Ортау, Ақтау, Ұлытау деп аталатын сілемді таулары. Топырақ бұйырған жері - Ағадыр елді мекенінің оңтүстігінде 80-90 шақырымдай жерде ағып жатқан Қаратал өзенінің бойы, Тайатқан, Шұнақ тауларының алқабы.
Маркетинг басқару жүйесінің мәні мен мазмұны нақты банк топтары қызмет ететін нарықтың құрылу процесінің түсініктерімен және осы нарықта, нарықтық қатынаста болып, оның субъектісі болып табылатын сатушылар нарығының қызметі түсініктерімен тығыз байланысты. Маркетингтің классикалық анықтамасы - болашақ айырбас арқылы қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандаруға бағытталған адам қызметінің түрі.
Мутация дегеніміз — латын созі - өзгсріс. орын ауыстыру деген мағына бсреді. Жан-жануарлар, есімдіктер әлемі жэнс жер бетіндегі тірі оргакизмдердщ барлық формаларының арғы шыққак тегі химиялык қосылысгармен және радиациялык; сәулеленумен кенеттен езгеріп кетеді. Мутация процесік тудыратык заттарды мутагендер деп атайды табиғаттағы мутагендерді үш үлкен топқа беледі.
Керекті информация көлемімен танысып және оны меңгеруде кездесетін қарама- қайшылықтарды, тек қана мұғалім мен студент бірлесе күш салып, қолайлы жағдайды пайдаланған кезде ғана іске асыруға болады.
Оқыту үрдісіне студенттерді өзіндік жұмыс арқылы өзіндік бақылауға бейімдеудің педагогикалық шарттары белгілі бір жағдайларда ғана дамып тиімді қызмет ете алады (Ю.К Бабанский, Т.Е. Климова,Н.М Яковлева және басқалар ).
Мағжан Жұмабаев (1893-1938) Мағжан – қазақ поэзиясының шолпан жұлдыздарының бірі әрі бірегейі.Ол артына өшпес рухани мол мұра,өзіне өлмес мәңгілік ескерткіш қалдырып кеткен. Жарты ғасырдан аса оның есімін де,шығармаларын да атай алмай келген халқы көп жылдардан кейін ғана ұлы ақынымен сағына қауышқан.
Германия – федеративті мемлекет болып табылады. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарай 16 жерден тұрады. Негізгі заңы – конституциясы 1949 жылғы 23 мамырда қабылданған. Елдің федералдық президенті Федералдық жиналыста бес жыл мерзімге сайланады. Қазіргі Федералдық президенті Хорт Келер, ол 2004 жылдың 23 мамырында сайланған. Германия парламенті екі палатадан – Бундесрат (жоғарғы) және Бундестагтан (төменгі) тұрады.
Мен қазір еш адамға неменеге сенетінімді, нені ойлайтынымды, кімді сүйетінімді айтқым келмейді. Жалғыздыққа душар болғанымды білгендіктен, қоршаған әлемге қарап тұрып өз ойымды айтпаймын. Өзгелердің пікірінде, құштарлығында, сенімінде менің қандай шаруам бар! Мен ешкіммен ештеңені бөлісе алмаймын, сондықтан да бәріне салқындап кеттім. Менің ішкі әлемім ешкімге түсініксіз. Сөзімді шығын қылғым келмейді, күнделікті сұрақтарға мен жалпылай жауап беріп, үнсіз жымиамын. Сен мені түсіндің бе?
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕЖЕЛГI ҚАЛАЛАРЫ — жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесiнде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 — 9 ғ-ларда Оңт. Қазақстан мен Оңт.-Батыс Жетiсуда қала мәдениетi жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрiк әулеттерiне бағынды және ретi бойынша Батыс Түрiк, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына ендi. Бұл кезеңде көшiп жүретiн жер аумағы шектелiп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егiншiлiк пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлiнiп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көштi. Мемл. төрешiлдiк аппарат құрылып, ортақ тiл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломат. байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкiмш. және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретiнде қалалар салына бастады.
Керей хан (1456-1473) Керей хан (туған жылы белгісіз, XV ғасырдың 70-жылдарының басында қайтыс болған) - қазақ хандығының негізін қалағандардың бірі. «Таурих - и гузидаий Нусратнама» (1268-1270) еңбегінің авторы айтып өткендей, Керей хан - Орыс ханның немересі Болат ханның ұлы.
Зерттеу жұмысының тәжірибелік маңызы және сыннан өтуі: Бұл диссертация жұмысы тарихымыздың «ақтаңдақ» беттерінің бірін зерттеуге арналған. Батырұлы Қайып хан мен оның әулетінің тарихы өзімізге дейін жарық көрген әдебиеттерді саралай отыра, мол мұрағат деректері негізінде алғаш рет талдауға түсіп, ғылыми бағасын алып отыр. Сол арқылы XVIII-ХІХ ғасырлардағы Қазақстан тарихының көлеңкелі тұстары ашылып, белгілі тұлғалар тарихы құнды мәліметтермен толықты.
1920-1940 жылдар аралығында А.Ф.Рязанов, А.П.Чулошников, В.В.Бартольд, С.Асфендиаров, М.Тынышпаев [11] зерттеулері жарық көрді. А.Ф.Рязанов XVIII-XIX ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихына қатысты бірнеше еңбек жазды. Ғалымның «Сорок лет борьбы за национальную независимость казахского народа» атты еңбегі мұрағат деректеріне негізделген алғашқы сүбелі зерттеу еді.