Күріш су бетіне шыққан кезде жиі өскен жердің өскінін сирек тұсқа көшеттейтін. Сөйтіп ол кісінің күріш атыздарында алақандай жер де бос болмайтын. Төбеден қарасаң жер көрінбейді, жанынан қарасаң ине өтпейді.
Адам қаншалықты күшті, құдіретті болғанымен ол өз шыңына шығу үшін оған соншалықты көптеген қолдаушылар, жәрдемшілер, көмекшілер, кеңесшілер, тілектестер, бапкерлер керек. Ыбекеңе тағдыр осының бәрін оңынан кездестірді. Әсіресе, диқанның өмірлік бригадирі Қойшыбай Оразымбетов пен білгір, жаңашыл агроном Әнес Алтынбековтің еңбегі ерекше. Күріш жөніндегі ғылымды дамытуда, тәжірибені жетілдіруде, агротехниканы қалыптастыруда Ыбекеңнің, Әнекеңнің, Қойшыкеңнің бірігіп атқарған жұмыстары бір ғылыми-зерттеу институтының қызметіне пара-пар.
Ыбырай Жақаев! Қазақ халқының бұрынғы, қазіргі мемлекетіміздің тарихындағы ірі, іргелі тұлғалардың бірі. Еңбек сүйгіштіктің, адамдықтың, адалдықтың, азаматтықтың өлшемі.
Мен таңғаламын: Ыбекең күріштен дүниежүзілік рекорд жасады. Ал көршілес Ақтөбе облысынан Шығанақ Берсиев тары дақылынан сондай әлемдік ірі көрсеткішке қол жеткізді. Қазақтың осы екі қара шалының, еңбектің пайғамбарларының дүниежүзілік рекорд жасауы кездейсоқтық па, әлде заңдылық па? Елдің, жердің, судың қасиеті ме, әлде ата-бабаның аруағының құдіреті ме. Бәрінің де қатысы бар сияқты мұнда. Оның үстіне күріш, тары керемет дақылдар ғой. Күріштен жағымды, жұғымды, жеңіл, денсаулыққа пайдалы әлденеше тағамдар дайындауға болады. Шығыс халықтарының дендерінің сау болып, көптеп өсіп-өнуінің салиқалы себебі осы күріште деген де пайым бар. Патшаның баласының: “Халық қарны ашса неге сыр күріш жемейді?” (сыр күріш – сүтке пісірілген күріш ботқа) дегені де тегін емес шығар.
Кіріспе 1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы. 1. 2. Экономика жағдайында жел және су эрозиялары. 1.3. Жерді рекультивациялау. Қорытынды
Қолданылған әдебиетте
1.1. Аграрлық секторда топырақ ресурстарының маңызы. Лтосфера – (грекше – Iithos – тас + sphair – ifh) – жердің қабығы, құрамы силикатты, қалыңдығы 30 – 80 км болатын жер шарының сыртқы қатты тас қабықшасы. Литосферада тірі организмдер 3км дейінгі тереңдікте тіршілік етеді.
Ерін қадір тұтып, қастерлеу, төбесіне көтеріп, төрге шығару — қазақ халқының қашаннан қанына сіңген қасиет. Ал, жаз дидарлы Жазылбек атамыздың жөні, тіпті бөлек кой! Сондықтан алысқа аңыздай таралған ерен еңбегімен туған жұртының мәртебесін асырып, мерейін өсірген ерін елі де ерекше сыйлай білді. Көктеректің көк жазық даласы мен «Тұлпарсаздың» жасыл жайлауында Жаз-атаның 70,80,90,100 жылдық тойлары дүркіреп өтіп, дүйім жұртқа ортақ мереке болғаны да қазір өзіндік бір тарихқа айналды.
Қазакстан Журналистер Одағының мүшесі. Қазақ қашаннан төрт түлік малды береке мен байлықтың басы санап, көп игілігін көрген. Маңғаз жатқан маң дала — Мойынқұмда да ата-бабаларымыз ежелден мал өсіріп, оны тікелей тірлік-тіршіліктің тиімді көзіне айналдыра білген. Иә, «Мал — елге құт» деген сөз бар дана халқымызда. Оның шындығына осы өркені өскен өңірде өмір сүріп, ерен еңбек еткен азаматтарымыздың іргелі істері дәйекті дәлел бола алады.
Облыстың агроөнеркәсіптік кешенін тұрақты дамыту және осы Бағдарламада қарастырылған мақсаттарға жету тек бағдарлама шараларын белгіленген көлемде қаржыландыру жағдайында ғана мүмкін. Барлық мүмкін көздерден қаржы тартып алмай, ауыл шаруашылығы мекемелерін ұзақ мерзімді және орташа мерзімді несиелендіру үшін жағдайлар жасап алмай, аграрлық өндіріске ғылыми-негізделген технологиялар мен инновацияларды енгізу мүмкін емес (45 кесте).
Ауыл шаруашылығы өндірісінің тұрақты өсуіне қол жеткізу, облыстың аграрлық секторының бәсекеге қабілеттілігін және инвестициялық тартымдылығын арттыру тек өндіріске ғылым мен техниканың алдыңғы қатарлы жетістіктерін (инновоцияларды) енгізу негізінде ғана мүмкін. АӨК-дегі ғылыми зерттеулер мен инновациялық дамуларды мақсатты қолдау, сондай-ақ, облыстың ғылыми мекемелерін Бағдарламаны жүзеге асырушы белсенді қатысушыларға және АӨК ұйымдарымен тең құқылы қарым-қатынас субъектілеріне айналдыру жағдайында ғылыми техникалық ілгерілеу (ҒТІ) жетістіктерін үзіліссіз үдерісте енгізуге қол жеткізу мүмкін.
Жалпы өнім құрылымында тұрғындар шаруашылықтарының үлесі - 1995 жылы 32%-дан 2005 жылы 65%-ға дейін, шаруа қожалықтары үлесі - 2%-дан 23%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлес салмағы 66%-дан 12%-ға дейін қысқарды. Негізгі өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен 87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп, 82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді.
Кәсіпорынның қаржы жұмысы –экономикалық қызметтің басты бөлімі болып табылады. Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі мақсаты ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессін қаржы ресурстармен қамтамасыз ету және бөлінген қаражаттың дұрыс пайдалануына бақылау жасау. Кәсіпорынның қаржы жұмысының негізгі бөлімдері мынадай: 1. Қаржы жоспарлау. Бұл жерде қаржылық жоспарының баланстық жоспары, кіріс пен шығыс жоспары, ақша қозғалысы жоспары,жасақталады.
Серіктестіктің орналасу мекен жайы: Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласы, Мұнайшы көшесі. Серіктестіктің іс- әрекетінің мерзімі шектеусіз. «Батыр» ЖШС-нің айналысатын іс- әрекетінің негізгі түрлері болып: құрылыстық – монтаждық жұмыстар, материалдық – техникалық қамтамасыз ету, сауда және коммерциялық іс- әрекет, ізденіс – жобалау және эксперттік жұмыстар, құрылыстық материал, бұйым және құрастыру өндірісі, т.б. табылады. ЖШС «Батыр» лицензия негізінде жұмыс жасайды. Мемлекеттік лицензия № 001427, мемлекеттік тіркелуге тұру туралы куәлігі № 3507-1915-ЖШС.
Қазіргі жағдайда тұтастай республика ауылшаруашылық кәсіпорындары бойынша салықтар мен төлемдердің мөлшері жоғары болып отыр. Әртурлі зерттеулер мен шетел тәжірибелері көрсеткеніндей салықтар мен төлемдер жалпы табыстың 20-25%-тінен аспауы керек. 25-50%-тің салық. мөлшері тек жай ұдайы өндірісті қамтамасыз етеді, ал одан жоғары болса өндірістің қысқаруына әкеліп соғады.Аграрлық салада салық салу жүйесінен жол қорына, т.б. түрлі даму қорларына аудары-латын салықтар мен төлемдерді шығарып тастау жөн болар еді. Мемлекеттің инвестициялық саясатына келетін болсақ, құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруда шетел инвестицияла-рының маңызы зор. Ауыл шаруашылығындағы инвестициялық саясат, барлық меншік түріндегідей, кәсіпорындардың материалдық-техникалық базасының сапалық жақсаруын, өнімді өңдеу, сақтау және өткізу базаларының дамуын қамтамасыз етуі керек болады. Ал, әлеуметтік салада, бюджеттік қорлармен қатар, шетел инвестициялары да келесі
Жер қатынастарын реттеудің негізгі бағыттары: а) ауыл шаруашылығында өндірістің негізгі құралы ретінде жердің бағасын анықтау; ә) жердің сапасына қарай жер салығының мөлшерін белгілеу; б) ауыл шаруашылығына қолайлы жерлерді қорғау мен тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды жузеге асыру, оның ішінде жердің құнарлылығының сақталуы мен жақсаруын бақылау. Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп өнімдерінің айырбасындағы біздер әуел баста жіберіп алған баға қайшылығы қүн заңын сақтамаудың, ал, нақтырақ айтқанда, ерікті баға белгілеудің қағидасын дүрыс пайдаланбаудың салдарынан болғанын өмір көрсетіп отыр. Ауылшаруашылық өнімінің бағасын реттеу жүйесі тұтынушылардың да, өндірушілердің де мүдделерін қорғауы керек, Нарықты тез арада азық-түлікпен толықтыру үшін агроөнеркәсіп кешенінің 2-ші саласында баға қүрылу процесі барынша ерікті болғаны тиімді. Бүл жағдайда аграрлық сектор үпіін өндіріс қүралдарын шығаратын барлық монополист кәсіпорындар үшін (агроөнеркәсіп кешенінің І-ші саласы) келісім бағасының жоғарғы мөлпіерін мемлекет деңгейінде белгілеу керек те, ал 3-ші салада ауылшаруашылық ұйымдық құрылымы баға белгілеумен айналысқаны жөн болар еді.
Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай дегенді. « ... жүргізіліп отырған саясат пен мемлекеттің нарықтық экономикаға көшу тәжірибесіндегі нақтылы қызметті тиімділігінің төмен болуы объективті түрдегі кедергі факторлардан басқа кейбір жағдайларда ойланбай қабылданған шаралар мен шешімдердің әсер етуінен, тактикалық қателерден болды». Сондықтан ауыл шруашылығындағы экономикалық ахуалды жан-жақты талдау қажет. Қазір реформалау үдерісіндегі ауыл шаруашылығы жағдайы мәнде деңгейде өзгерді.
Әртүрлі ауыл шаруашылық салалары үшін, өндірістің түрлі экономикалық жағдайларының қызмет етуі жағдайында оңтайлы көлемдер шамалары бірдей емес. Сондықтан ауыл шаруашылық кәсіпорындарының көлемдері жалпылама емес, белгілі бір мамандандырылған өндіріске ыңғайластырылады. Мамандандыру өндірісті интенсификациялаумен тығыз байланысты, оның өзі бір тектес өнімдер өндірісінің оңтайлы шоғырлануын қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оңтайлы көлемдері белгілі бір шаруашылықтың мамандандырылуы және интенсифтілік жағдайында еңбек ресурстары саны бар болса, барлық негізгі өндіріс факторларын пайдалану жэне ең бір тиімді сәйкестікті қамтамасыз етеді. Ауыл шаруашылық кәсіпорындарының оңтайлы көлемдерінің критериі-бұл барлығынан бұрын жоғарғы өндірістің нәтижелері, жоғарғы еңбек өнімділігі және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз етеді.
Аграрлық секторда ғылымға жеткілікті дәрежеде негізделмей жүргізілген реформалар ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің құлдырауына алып келді, әсіресе мал шаруашылығы көбірек жапа шекті. Ауыл Шарлеруа саласының құрылымы, әсіресе ондағы өсімдік пен мал шаруашылығы қатынастары мүлдем өзгерді. Мәселен, 2002 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнімінде (1994 ж. бағамен) өсімдік шаруашылығы үлесіне 80% және мал шаруашылығы үлесіне небәрі 20% ғана тиесілі (1990 жылы 39% жэне 61% болған) болды. Мысалы, 1 шартты мал басына есептелген шартты саны азайып кеткен 1990 жылы 16,6 млн. бас болса, 2003 жылы 7,5 млн. басқа дейін немесе 55%-ға кеміген), ал мал шаруашылығы өнімдерінің жалпы өндірісі 77%-ға азайған. Бұл жағдайда шаруашылық категориялары бойынша мал шаруашылығы саласында қайта бөлістіру өзгерді: ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлесі біраз азайып кеткен ондағы мал басы саны және мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі де кеміген. Қазіргі кезеңде Батыс Қазақстан облысында республикадағы барлық мал басының 9,8% орналасқан (шартты басқа есептегенде). Одан да өзге ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында жер көлемі аумағы да қысқарды. 1 кәсіпорынға орташа 2100 га жыртылған жерден және 5500 жайылым және шабындықтан келіп отыр.
35-53°с.еаралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай
құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон
Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен
шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып
көрсету еліміздің аумағының батысоңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының,
топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі
факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
35-53°с.еаралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай
құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон
Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен
шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып
көрсету еліміздің аумағының батысоңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының,
топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін
негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Қазақ күйлерінің архаикалық түрлері Алтай-Тарбағатай жерінде мейілінше мол
сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе жатқан дәстүр екендігін
айғақтайды, шығыс сарындарынстыңдаған жан оның барша түркі-мұңұл нәсіліне ортақ
әуен екендігін бағамдай алады.Күйлердің аттары төтемдік наным сенімдерге
құрылған, мысалы,«Самұрық»,«Ақсақ марал»,«Боз інген»,«Бұлғын мен Сусан»,«Аұаш
ат»,«Жорұа аю», тағы басқалар.
Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры
десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың 20 ғасырдағы ең ауыр
қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған
ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден
әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға
қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық
өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын
сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер
дүниеге келе бастады.
Латын Америкасының ұлғайып келе жатқан экономикалық әлеуеті мен
халықаралық аренада елеулі саяси салмағы бар. Ол жаңадан қалыптасып жатқан
дүниежүзілік қалыптың, саяси және экономикалық мегаблоктардың иіріміне белсенді
түрде атсалысуда. Соңғы үш жылда бұл өңірге АҚШ, Қытай және Ресей секілді
алпауыт елдердің, тіпті төңірегінен дау арылмай келе жатқан Иранның да басшысы
ат басын тіреді. Мұның бәрі Қазақстанның сыртқы саясат басымдылықтарында
аталған өңірге ерекше назар аудару қажеттігін көрсетсе керек. Осыны қаперге
алсақ, бұл сапар еліміздің сыртқы саясаты мен экономикалық мүдделерін «жаңа
құрлықта» ілгерілетудегі маңызды қадамдардың бірі болары анық
Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның
геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай
орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат
қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да
радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.