Жалпы өнім құрылымында тұрғындар шаруашылықтарының үлесі - 1995 жылы 32%-дан 2005 жылы 65%-ға дейін, шаруа қожалықтары үлесі - 2%-дан 23%-ға дейін артты. Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының үлес салмағы 66%-дан 12%-ға дейін қысқарды. Негізгі өндірушілер ұсақ тауарлы тұрғындардың жеке шаруашылықтары болып отыр. Олар ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемінен 87% ет, 93% сүт, 75% жұмыртқа, 80%-дай жүн, 86% картоп, 82% көкөніс, 71% бақша өнімдерін өндіреді. Облыстың қазіргі ауыл шаруашылығы экономикасы жағдайы өндірістің бәсекеге қабілеттілігінің төмендігімен сипатталады. Талдау көрсеткендей, салғырт даму мен төмен тиімділік жағдайының негізгі факторлары: - аграрлық бизнестің экономикалық активті субъектілерін қалыптастыру үдерісінің аяқталмауы. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінде орта және ірі шаруашылықтардың үлесі үлкен емес және 10%-дан артық құрамайды. Ұсақ тауарлы және табиғи өндірістің (тұрғындар шаруашылықтары) басым болуы облыстың аграрлық секторын дамытуда теріс көрініс табады: өндіріске ғылыми-техникалық ілгерілеу жетістіктерін енгізу, өндірістік үдерістерді интенсификациялау мен механизациялау мүмкіндіктері шектеледі, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасына бақылау төмендейді. - аграрлық салада рыноктік ортаның төмендеуі және рыноктік конъюктураның күрт құбылуы Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің рентабельділігі экономиканың басқа салаларымен салыстырғанда үлкен емес және жекелеген жылдары ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі шығынды болады (6 кесте).
6 – кесте 2004-2007 жылдардағы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдік деңгейі (%-бен)
2004ж. 2005 ж. 2006ж. 2007ж. ауылшаруашылығы кәсіпорындарының рентабельдігі 2,4 0,3 16,8 -0,7 о.і. өсімдік шаруашылығы 5,5 - 0,2 26,7 4,7 мал шаруашылығы - 12,7 2,8 -1,0 - 4,5
Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіптік өнімдердің баға диспаритетінің өсуі жалғасуда, бұл ауыл шаруашылығы өндірушілерінің инвестициялық мүмкіндіктері мен рентабельдік деңгейін одан әрі төмендетеді. - қор мүмкіндігінің нашарлауы және ауыл шаруашылығы салаларының технологиялық артта қалуы. Білікті басқарушы және жұмысшы кадрлармен қамтамасыздығының нашарлауы жалғасуда. Ауыл шаруашылығы айналымынан 8 млн. га жер, соның ішінде 50 мың га суармалы жер шығарылды. Топырақтың табиғи құнарлығының төмендеуі байқалуда, үнемі қайталанып отырған құрғақшылық егін шаруашылығының тәуекелдігін арттырып отыр. Ауыл шаруашылығы машиналарының негізгі түрлерінің ескіруі 75-80%-ға жетті, мишина-трактор паркін жаңартпайтын болсақ, 2010 жылы өңделетін егіс алқабының төрттен бірі қысқаруы мүмкін. 2007 жылы жалпы қайта өңдеу салалары бойынша азықтық өнімдер өндірісі көлемінің өсуі тенденциясы сақталуда. Тағам өнімдерінің физикалық көлемінің өсу индексі 2006 жылға қарағанда 3,7 %-ды құрады (4 диаграмма).
4 – диаграмма Тағам өнеркәсібінің өткен жылдардағы физикалық көлем индексі (%-бен)
2007 жылы 9,1 млрд. теңгеге тағам өнімдері өндірілді, бұл өңделінетін өнеркәсіп құрылымының 33,0%-ын және жалпы аймақтық өнімнің 3,5 %-ын құрады. Ұн өндіру саласында 81,9 мың тонна ұн шығарылды, бұл 2006 жылдан 7,8%-ға көп, нан пісіру 7184 тоннаны немесе 0,8%-ға, кондитерлік бұйымдар шығару 33,0%-ға өсті, макарон бұйымдарын жасау 1,2 мың тоннаны құрады немесе 33,5%-ға азайды. Ет саласында ет және ет өнімдері өндірісі 1805 тоннаны құрады немесе 2006 жылдан 4%-ға көп, 692 тонна шұжық бұйымдары (10,9%-ға көп) шығарылды, ет консервілерін жасау 11,9%-ға өсті. Сүт саласында ірімшік және сүзбе өндірісі 559 тоннаға өсті немесе 2006 жылға қарағанда 19,1%-ға көп, сонымен бірге сары май өндірісі 2 есеге, майонез 31%-ға, сүт өнімдері 13,8 %-ға, балмұздақ 15%-ға азайды (5 диаграмма).