Пернелік тақта. ЭЕМ-ге мәлімет енгізетін ең негізгі құрылғы пернелік тақта болып саналады, ол арқылы мәтіндік информацияны теріп, әртүрлі командалар енгізіп орындауға болады. “Тышқан тәрізді қол тетік” пернелікпен бірге ЭЕМ-ді басқаруға арналған. Бұл – тегіс стол бетімен жылдам жылжи алатын, қажет болғанда оның 2-3 батырмасының бірін баса отырып, белгілі бір әрекетті орындауға болатын қолмен басқарылатын кішкене тетік. Сканер (ізкескіш) – қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге сүйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік түрге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суреттерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәлімет енгізу оңай, әрі жылдам орындалады.
Принтер мәтіндік және графикалық мәліметтерді компьютердің жедел жадынан қағазға басып шығаруға арналған.Ол рулон қағаз түрінде де, парақ та бола береді. Принтерлердің негізгі артықшылығы – олар көптеген қаріп түрлерін пайдаланып, күрделі мәтіндерді басып бере алады. Шрифт түрлеріндегі әріптердің биіктігі, ені, олардың ара қашықтығы, интервалдары әртүрлі болады. Әрбір адам мәтінді қағазға шығарар алдында өзіне керекті қаріп түрін және басқа баспа параметрлерін таңдап, қағаздың мөлшері мен жолдың енін сәйкес күйге келтіріп алуы тиіс.Осыған байланысты матрицалық принтерлердің тар (стандартты бір бет қағаз үшін ) және күймелі (қатар тұрған екі бет қағаз үшін) түрлері бар.
Информация жинақтауыштар – кез келген ЭЕМ-нің қажетті бөлігі – оларды көбінесе информацияның сыртқы жинақтауыштары немесе компьютердің сыртқы жады дейді. Олар көлемді информацияны ұзақ сақтау уақыт үшін қажет және ондағы мәліметтер ЭЕМ-нің жұмыс күйіне байланысты болмайды. Сыртқы жадта кез келген программа немесе жай мәліметтер сақтала береді, сол себепті оны әрбір адамның мәліметтерінің кітапханасы деуге болады. ДЭЕМ-дерде информацияны жинақтаушы рөлін магниттік дикілердегі жинақтауыштар атқарады, оларда мәліметтерді тікелей оқуға не жазуға болады. Соңғы кездерде ДЭЕМ-дер үшін магниттік таспадағы жинақтауыштар – стримерлер шықты, бірақ олар өте көлемді мәлімет сақтай алғанмен, оқу-жазу жұмыстары бірте-бірте тізбектей іздеу арқылы жай жүргізіледі. Сол себепті стримерлер магниттік дискідегі жинақтауыштарды ауыстыра алмайды, тек толықтырады.
Монитор немесе дисплей – ДЭЕМ-ге міндетті түрде қажет шеткері құрылғы, ол компьютердің жедел жадында өңделетін информацияны экранда көру үшін қажет. Экран түстеріне қарай дисплейлер монохромды (ақ-қара) және түрлі-түсті болып, ал экранға шығарылатын информация түрлеріне байланысты символдық (тек символдық информация) және графиктік (символдық және оған қоса графиктік информация) болып бөлінеді. ЭЕМ-нің бейнелік құрылғысы екі бөліктен: монитор мен адаптердан тұрады. Біз тек мониторды көреміз, ал адаптер ЭЕМ қорабының ішінде орналасқан мониторды басқару блогы. Монитордың өзінде тек электрондық-сәулелі түтікше бар. Ал адаптерде бейне сигналдарын беретін логикалық схемалар орналасқан.
Компьютердің жедел жадында осы мезетте дереу өңделуге тиіс мәләметтер мен программалар сақталады. Информация керек кезінде магниттік дискінен жедел жадқа көшіріліп, өңделген соң олар қайта сыртқы жадқа жазылып қойылады. Жедел жадта информация тек жұмыс сеансы кезінде сақталып, ондағы мәлімет ЭЕМ сөндірілгенде немес еэлектр торабында ақау болып, ток өшкен шақтарда ізсіз жоғалады. Осыған байланысты әрбір адам өзіне ұзақ уақыт керек болатын информацияны жоғалтып алмауы үшін оны оқтын-оқтын магниттік дискіге жазып отыруы керек.
Осындай күрделі технология нәтижесінде кристалда электр схемасына біріктірілген “электрондық молекулалар” жасалады. Олар бір кристалл, (5*5мм) жүз мыңнан аса бір-бірімен байланысқан “электрондық молекулаларды” құрастырып, өте күрделі информацияны түрлендіру жұмыстарын орындый алады. Мүмкін болашақта осындай схемалар элементтері рөлін тікелей ұғымдағы заттардың молекулалары атқаратын шығар.
Отан... Атамекен... Атажұрт... Тарих... Бұл қай құлаққа да асқақ естілер асыл ұғымдар. Адам өмірге келіп, ес жиып, етек жия бастаған сәттен өз Отанының тарихына ден қоя бастайды... Адам адам болып жаралғаннан бері ұлан-асыр даму көшінің өн бойында жер үшін, ел үшін сан қилы дүрбелеңдер көп болған. Әдетте, осындай дүрбелеңдерден, яғни үлкен аумақтарды қамтыған қанқұйлы соғыстардан соң ғана, әлем картасы аталатын ала қағаз бетіне түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың соңында әлем келбеті ешқандай дүрбелеңдерсіз-ақ өзгеріп шыға келді. Оған жер жаһанның алтыдан бір бөлігіне иелік етіп, қаһарымен алыс-жақын жұрттардың бәрін ықтырып келген алып империяның ың-шыңсыз ыдырай бастауы себеп болды. Ыдыраған империяның орнына он бес тәуелсіз мемлекет өсіп шықты. Солардың бірі Орталық Еуразия алабындағы ғажайып әрі қайталанбас тарихы бар – Қазақстан Республикасы еді.
Ұшақ салонын тәтті қиялға бөлеген сұлу әуен үзілді. Сәл үнсіздіктен соң қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұшқалы тұрған ұшақтың бағыт-бағдары, жолаушыларға қызмет көрсететін ұжым жайында мәлімет берілді радиодан. Ұлы тілдердің қатарында менің де ана тілім үзеңтілес тұрғанына масаттанып, жан жағыма қораздана көз тастадым. Жат елде жүрсе де ата-бабадан жалғасқан желі үзілмесін деп ана тілінің қадір-қасиетін танытқан ата-анамның ұлттық рухына риза болдым ұшақ үстінде. «Олар маған тіл ұстартқандағы мақсаты күндердің бір күнінде кәдесіне жаратар, ұлттық қасиеті мен тек өзіне тән қазақи ерекшелігінен махрум болып қалмасын деп үйреткен екен-ау» - деп ойлаймын бүгінде.
Жоқ, - деді хан қырандай шаңқ ете қалып, ата-бабамыздың маңдай тері мен алқызыл қанына шыланған осынау киелі мекеннен, алдыңғы ұрпақ мұра етіп қалдырған жер-анадан айрылып қалу, ата-баба әруағын қорлау. Жер-ананы қолдан шығарып алсақ, бізді әруақ атады. Қасиетті жерсіз біздің еркіндігіміз де, тіршілігіміздің де мәнісі болмайды. Келешек ұрпақ атамекенсіз қалса, бөгде жұрттың құлы мен күңіне айналады. Тоз-тозы шығып, қасиетсіз тобырға айналады. Сондықтан келешек бізді кешірмейді. Қазақтың ұлтарақтай жерін ата жауға таптатпау үшін семсерімізді қыннан суыратын күн туды. Не табанға салып жеңгенше, не қазақтың соңғы шамы өшкенше суырылған семсер қайта қынға салынбасын.
О-о, қазақтың қасиетті қара топырағы! Менің ата-бабамның асылы, ұрпағына қалдырған баға жетпес мұрасы, ең аяулы дұғасы, енді менің балаларыма ақтық тапсырар аманатым, баға жетпес байлығым. Егемендігім мен елдігімнің тұғыры. Жанында бүкіл Еуропаның көрікті жерлерін аралап келген «жаңа қазақ» ініммен сұхбаттасқаным бар. Ол кәрі континентте көрген кереметтерін: салтанатты сарайларын, аспанмен тілдескен ғимараттарын, аспалы көпірлері мен көз жауын алар көрмелерін, мұражайлары мен мұрағаттарын...
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі,халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды –Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Мұның басты шарттарының идеяларын Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан- 2030» Жолдауында «біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» деп нақты көрсеткен болатын.
1995 жылы 12 желтоқсанда бекітілген “Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы” заңда (1999 жылдың 26 шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы деп аталған) көрсетілгендей мемлекеттік наградаларға: 1) ең жоғары дәрежелі белгілер – “Алтын қыран” ордені және “Халық қаһарманы” атағы;
Есет Көкіұлы (1679-1749) – Кіші жүз батыры, ақтөбелік. Тархан атағын 1743 ж. алған. Жәңгір Бөкеев (1801-1945) – Бөкей ордасының ханы, қазақтың тұңғыш генерал-майоры (1831) Жәңгіров Ғұбайдолла (1840-1909) (Бөкей ордасынан) – Жәңгір ханның баласы, қазақ арасынан инфантерия генералы (генерал-лейтенант теңдес) атағын алғаш рет алған (1894) әскери ірі қайраткер.
Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық әртүрлі полктер, батальондар құрылып, майданға аттанды.
Енді біз сайысымызды мақал-мәтел айту түрінде жалғастырамыз. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.
(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)
Кітапхананың оқу залы әдемі безендірілген. Көрнекті жерге Қазақстан Республикасының рәміздері ілінген. Қонақтар, оқырмандар осы залға жайғасуда. (Композитор Н.Тілендиевтің “Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)
Кітапхананың оқу залы: Қазақстан Республикасының рәміздері ( Ту, Елтаңба, Әнұран) ілініп, гүл шоқтары, шарлар, әскери тақырыптағы суреттермен көркем безендірілген. ІІ. Тақырыпқа байланысты “Қазақстан Армиясы” атты кітап көрмесі жасалған. (Әдемі кітаптар, цитаталар жазылып қойылған)
7 – мамыр - Қазақстан Қарулы күштерінің туған күні. Тарихтағы әрбір даңқты күндер секілді бұл мерекеміздің өзіндік сыры бар. Оны оқырмандарға ұғындыру, күні ертең олардың да Отан алдындағы азаматтық борышын өтеуге баратынын, ол үшін шынығу, шыңдалу қажеттігін жете білуге көмектесу қажет.
Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік, экономикалық жағдайын көтеру. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс. Отанымыз аумағының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күрес, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.
Отаншылық, Отансүйгіштік, Патриотизм – адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі. Көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі саналды. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткішінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан.
Мен қазақпын, ұланымын елімнің Мен қазақпын, тірегімін жерімнің Ұланымын туын көкке көтерер Болашаққа алға бастап жетелер Қиындығын қазағымның әрқашан Қайыспайтын қара нардай көтерер
1. Бүгінгі біздің тәуелсіздігіміздің қайнар көзі қазақ халқының сан ғасырлар бойы күресінде, азаттыққа ұмтылған қайсарлығында жатыр. 2. Тәуелсіздік туын тігуге қаншалықты қажыр-қайрат керек болса, оны құлатпай сақтап қалуға соншалықты қажыр-қайрат керек.
Тарихқа көз жіберер болсақ, ерте кездері мемлекет басшыларын сенімді жауынгерлер қорғаған. Мәселен, Ресейде садақшылар, кейіннен гусарлар, Иранда Шах тыныштығын “мың өлімсіздер” деп аталатын “сипайлар” күзеткен. Еуропада кейіннен лейб-гвардия деп аталған корль күзеті болған. Қазақ мемлекетінің негізін қалаушылар Жәнібек пен Керей, олардың мұрагерлері Тәуке т.б. хандар қазіргі республикалық Ұлан сияқты әрекет ететін әскер ұстады. Әскерге ханға берілген, ақсүйектер отбасынан шыққан жасөспірімдер алынған. Аталмыш әскердің міндеті – ханның отбасын қорғау, жол жүру кезінде ханмен ілесе жүру, көрші мемлекеттерден елші келген кезде жоралғылық рәсімдер атқару болды.
Ішкі әскерлер құқықтық тұрақтылықты сақтауға, арнайы мемлекеттік объектілерді қорғауға және басқа да қызметтік, әскери міндеттерді орындауға арналған. Өздерінің әскери міндеттерін орындауда ішкі әскерлер әскери жоғары саналылық пен жанкештілік көрсетуде. Олар “Жалпыға бірдей әскери мемлекеттік және әскери қызмет туралы” Заңның негізінде жасақталды. Қазақта әр заманда епті, батыл, ержүрек сарбаздар болған. Олар барлық қиындықтар мен жорық кезіндегі тұрмыс мұқтаждығын көтеруге қабілет– қарымын көрсете білген. Бүгінгі Қазақстан әскерлері, Президент Н.Назарбаев айтқандай, “даңқты өткенімізден күш ала отырып”, өткенімізді рухани жалғастырушы жаңа күш екеніне кәміл сенеміз.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұланының қатарында қызмет ету жастар үшін үлкен құрмет. Ұлттық Ұлан Мемлекеттік шараларды және мемлекеттік объектілерді қорғайды, шетелдік делегацияларды қарсы алады және шығарып салады, басқа да маңызды шараларды орындайды. Ұлан әскерлері өздерінің саптық бой түзетулері мен шеберліктерін көрсетеді, бұл арқылы біздің тәуелсіз мемлекетіміздің айбындылығы анықталады.
Бұлар құрлықтағы және жағалық қорғау күштері болып бөлінеді. Құрлықтағы шекара әскерлері қазақстандық шекарашылардың әрдайым мемлекеттік шекараны қырағы күзетіп, оны қорғауға және жаудың шабуыл жасауына тойтарыс беруге қабілеттігі, шекарашы әскерлердің жоғары әскери шеберлігін Отанымыздың аумақтық біртұтастығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Шекарашыларда атыс қаруларының барлық түрі, танкке қарсы құралдар және де қазіргі заманға қажетті әскери техника, байланыс және бақылау құралдары бар.
Әскери әуе авиациясының негізін күшті ракеталық пулеметтік қару–жарақпен, радиоэлектрондық қондырғылармен жабдықталған реактивтік дыбыстан жоғары авиация құрайды. Әскери әуе авиациясы әр түрлі мақсаттағы ұшақтарды пайдаланады, истребитель-бомбардировщиктерді барлаушы, транспорттық және басқа да ұшақтарды, сонымен бірге әскери әуе авиациясы қазіргі заманғы жаудың шабуыл құралдарын зақымдауға, жердегі әскерлерге қолдау көрсетуге, әуеде табысты үстемдік етуге және басқа да біраз қиын мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.
Үздіксіз әуе кеңістігін бақылап отырады. Олар жаудың байқалған нысаналарын, олардың тұрған және қозғалыстағы орнын, жылдамдығын, ұшу бағытын айқындайды, зениттік-ракеталық әскерлер мен авиацияға жаудың шабуылын қайтаруға, тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды.