Все рефераты Казахстана Среда, 10.09.2025, 09:22

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар » Дүние жүзі тарихы

В категории материалов: 62
Показано материалов: 31-60
Страницы: « 1 2 3 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Загрузкам · Просмотрам
Тәуелсіздік үшін күрес бір сәт те толастаған емес, ол теңіз толқыны сияқты қат- қабат жарға соғып жатты. Кеңес тарихы болса олардың әрбір толқынын бір-бірінен айырып алып, аймақтық оқиғалардың қатарына жатқызды. 1916 жылғы ұлт-азаттық төңкерісі де осы тұрғыдан қаралып келеді. Ал шындығында 1916 жылғы оқиға империяның бүкіл шығысында болды. Ол сонау Азия, Африка, Оңтүстік Америкадағы ұлт-азаттық қозғалыстардың ешқайсысынан кем емес-ті.
Аумалы-төкпелі аласапыран заманда, арпалысып өткен адамзат ғұмырында ұйыса, қанаттаса жүрген халықтардың Жер-Анадан қоныс тауып, құт мекенге айналдырған шекаралы, шекті аймағы қалыптасқаны мәлім. Бірінікі шөлді болар, бірінікі көлді болар, бірінікі нулы болар, бірінікі сулы болар ─ әйтеуір, кіндік кесіп, кір жуған жер әр адамда болатындығы айдай анық.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 10107 | Загрузок: 10 |

Халқымыздың ғасырлар бойғы арманын жүзеге асырған Қазақстан тәуелсіздігіне
15 жыл! Ал сол Тәуелсіздік тұғырына жету жолында талай жыл күреспен арпалысып келдік. Иә, дана халқымыз бірлік болмаса тірлік болмайтындығын бекер айтпаған. Бірлік болмай, патшаның отарлық саясатының қыл бұрауы мойынға мықтап түскенде ғана, халық өзінің кешегі азат өмірінің көзден ұшқанын аңғарады. Тек аңғарып қоймай, кешегі даланы еркін жайлаған халық атқа қонды. Кенесарыдай батыр бабамыздың бар мақсаты ─ елінің тәуелсіздігі еді. Сол тәуелсіздік жолында өз өмірін құрбан етті .Сын сағатта өз мүддесінен ел мүддесін жоғары ұстады. Наурызбай, Ағыбай, Басығара, Жоламан батырлар да Кенесары хан қозғалысын қолдап, оны пір тұтты.Талай жылға созылған осы күрес халықтың әлі де сойыл ұстап, жауға аттанар ерлері барын танытты. Исатай мен Махамбетті де ереуіл атқа ер салдырып, егеулі найза қолға алдырған, еңку-еңку жер шалдырған, темір қазық жастанып, беркініп садақ асындырған, біртіндеп жауды қашырған да сол, ұлы жол, азаттық жолы еді ғой!
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1647 | Загрузок: 3 |

Қорыта келгенде, өзімнің негізгі мақсатым бабаларымыздан бізге жеткен асыл мұраның тарихын таныстыру, оны әрі қарай зерттеу қажеттілігі және келешек ұрпақ үшін сақтау мақсатымен шамам келгенше ғылыми тұрғыда баяндадым. Менің бұл еңбегім өзімнің әріптестерімді және ғалымдарымызды қызықтырады деп ойлаймын.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3714 | Загрузок: 5 |

Меркі тауындағы Түркілердің тас мүсіндерін алғашқы рет археолог- ғалым А. Досымбаева есепке алумен бірге археологиялық қазба жұмысын жүргізді.[6] Ежелгі заманнан бізге жеткен бұл тарихи мұралар қазақ жеріндегі өте сирек кездесетін біргей ескерткіш ретінде танылып, әлемдік тарихи, табиғи мұралардың қатарына енді. Бұл өңірдегі Түркілердің жазғы жайлауындағы тас мүсіндер негізінен үйілген тастарға орнатылған әйел- еркектердің көпшілігі қолдарына ыдыс ұстаса, ал кейбіреулерінде ыдыс кездеспейді. Бір жарым мың жылдық тарихы бар Меркі тауының төріндегі Түркілердің ертедегі ғұрыбы бойынша орналасқан ескерткіштердің бір аймақта тығыз топтаса орналасуы, сөз жоқ, бұл өңірді аруағы киелі деп, жылдың әр кезінде тасаттық беріп тұрған. Осы аймақтағы тас мүсіндердің ішіндегі әйел балаларының бейнесінің көп кездесуі Түріктердің ертеден-ананың бейнесіне бас иіп аса құрметтегені тарихтан белгілі. Олар ананы- ананың анасы, от басы мен бала шағаның қорғаушысы, жебеушісі деп қадір тұтқан. Міне, осындай Ұмай ананың тасқа салынған бейнесі Жуалы ауданы Билікөл көлінің түстік жағынан табылды. Демек ана бейнесі ғасырлар бойы ұрпақтан- ұрпаққа мұра ретінде тастарға бейнеленіп, оның аруақтарына бас иіп құрметтеп отырған екен.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1755 | Загрузок: 2 |

Көне түріктердің діни нанымдарының бірі – отбасы мен балалардың қорғаушысы және жебеушісі- әйел құдайы Ұмай болды. Жалпы Ұмайға табыну Алтайдағы түркі халықтарының басына орнатылған ескерткіштерден көруге болады. Міне, мұндай басында үштік тажы киген тас мүсін Жуалы ауданы Билікөл көлінің маңынан табылған. Бұл тас облыстың тарихи- өлкетану «түріктердің тас мүсіндері» деген мұражайында сақтаулы тұр.
Соңғы кездердегі Қазақстан археологтарының зертеуі бойынша Жамбыл облысы Меркі мен Байзақ аудандарының аймақтарынан басында үштік тажы бар екі тас мүсін табылып, ежелгі көшпенді тайпалардың емдеушісі бақсылардың кейпін білдіретін тас мүсіндер деп дәлелденіп отыр.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2994 | Загрузок: 7 |

Тарихта Түрік қағанаты 552 жыл Алтайда мемлекет ретінде іргесін қалаған соң ұлан-ғайыр жатқан қазақ жері осы қағанаттың қарамағына кірді. Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолын бақылау жасап, көрші елдермен сауда- саттық дипломатиялық қатынас жасап, беделі күшейе бастады. Өлкенің негізгі діңгегіне айналған ірілі-ұсақты қалалар пайда болып, қолөнершілік кәсіп пен егіншілік дамып, сәулет өнерінің ірі орталықтарына айналды. Осы кезде үлкен бекініс орындары мен қалаларда буддизм, манихейство, христиандық, зороастризм, бертін келе ислам діні тарайды, ал далалық жердегі көщпелі халықтың арасында бабалар әруағына сиыну күшті болды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2761 | Загрузок: 4 |

Халқы мен елінің бүкіл әлемдік процестегі алар орнын, бүгінгі күннің болмысын жете ұғынуға талпынған адамға - өз халқы өмірбаянының беттерін парақтай отырып, өткен заман оқиғалары мен құндылықтарына, өзінің тарихи тегіне зер салып, ой елегінен өткізу қасиеті тән. Бұрынғы ұрпақтардан мирас болған бай мәдени-тарихи мұралардың бірегей саласы түркі дәуірінің тас мүсіндері болып табылады. Ғасырлар қойнауынан жеткен бұл ескерткіштер шын мәнінде ғажайып әсер қалдырады. Бүтін бір халықтар мен мемлекеттердің гүлдену мен құлдырау кезендерін бастан өткерген, тарихтың бізге беймәлім жұмбақ сырлары тұнған бұл мұралар қазақ халқы ата-бабаларының өткен өмірінің тілсіз куәгерлері болып қала береді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2228 | Загрузок: 2 |

Қазақ халқы жоңғар басқыншыларымен жан алысып, жан берісіп соғысып жатқанда Ресейдің І-Петр патшасының әскерлері жерімізді шетінен кертіп қалалар салып, жыландай жылжып сұғынып келе жатты.
Омбы, Орынбор, Павлодар, Семей, Өскемен қалаларынан соң орыс отаршылары XIX ғасырда Жетісуға жетіп, 1854 жылы ежелгі Алматы кентінің орнына Верный бекінісін тұрғызды. Ал, бұдан бір жыл бұрын Орынбор жақтан генерал Перовский басқарған орыс әскері қоқандықтардан Ақмешіт (қазіргі Қызылорда) қаласын басып алған болатын. «Тәбет тамақ ішу барысында келеді» деп білетін қомағай Ресей отаршылары енді Талас, Шу аймағына, одан әрі Орта Азияға көз аларта бастады. Бұл кезде Оңтүстік Қазақстанды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстаған Қоқан зекетшілері жәй мал-мүлік салығын былай қойып, мұсылмандықтан безіп, көңіл көтеру үшін әр ауылдан бір қыз бересің деген адамгершілікке жатпайтын салық ойлап шығарды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2177 | Загрузок: 1 |

Ерте және орта қола кезеңдерінде, яғни б.з.д. 1 мыңжылдық басында андроновшылар отырықшы болды. Аралас шаруашылықпен айналысқан. Малды үй іргесіне бағу нәтижесінде жайылым тез тозған. Сондықтан жайлаулық тәсілді ойлап табады. Бұл көктем, жаз айларында жастар мен ер адамдар алыс жайылымға малды айдап әкетсе, отбасылары егін өсірумен айналысты.

Ежелгі кеншілер. Кен өндіру б.з.-дан үш мың жыл бұрын пайда болды. Мысалы, Жезқазған осы кезде-ақ кен өндіріле бастады. Олар кенді тотықтандыру, қайлалау, отпен өндіру әдістерін меңгерді. Сондай-ақ әрбір отбасы өз ыдыс-аяқтарын өздері жасады. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға алаулатып күйдірген. Ыдыстар әртүрлі сызықтармен, геометриялық ою-өрнектермен әсемделген.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 2915 | Загрузок: 6 |

Орталық Қазақстандағы андронов мәдениеті. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне рудниктер, құрбандық орындары, петроглифтер. Орталық Қазақстанның андронов мәдениетіне тән сипаты-оның мазарларының күрделілігі, тас өңдеумен байланысты құрылыс техникасының жетіле түскендігі.
Ертедегі Нұра кезеңі -жерлеу салтында кремация (мәйітті өртев) басым болған. Мәйтті табытқа салып қою рәсімімен де жерлев кездеседі. Керамика ыдыстар жоғары жағы ғана әсемделеді. Қабір ішінде мәйітпен қатар үй жануарларының сүйектері де табылған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 5471 | Загрузок: 13 |

Жаңа тас ғасыры - неолит - бұл дәуірдің басы шамамен б.з.б. 7 мыңжылдық-2 мың жылдық басы. Тас өңдеудің тегістеу, бұрғылау түрі пайда болды. Басты белгісі - табиғаттың дайын өнімдерін пайдалану орнына, өндіретін шаруашылық, яғни мал шаруашылығы мен егін егу пайда болды. Қыш құмыра, тоқымашылық пайда болды. Қазақстанда 600-ден астам неолиттік, энеолиттік ескерткіш бар. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай бұлақтық, өзендік, көлдік, үңгірлік болып 4-ке бөлінеді. Бұлақтық тұрақ көп тарады. Үй малдары пайда болды. Жылқы. От жағу пайда болды. Ескерткіштері -солтүстік Қазақстанда, Есіл өңірінде - Атбасар мен Торғай үстірті -маханжар неолиттік мәдениет; оңтүстік Қазақстанда - Қараүңгір үңгірінің неолиттік тұрағы. Атырауда Шатпакөл; Құлсары 1-5; Маңғыстауда Бозащы түбегі (Шебір), орталық Маңғыстауда Түйесу (Сенек 1,4).
Скачать / Подробнее | Просмотров: 7458 | Загрузок: 15 |

Тас дәуірі палеолит, мезолит және неолит болып үшке бөлінеді. Әуелгі палеолиттің өзі үш дәуірге бөлінеді. Олар олдувай (2,6 млн.-700 мың жыл бұрын), ашель (700 мың -150-120 мың жыл бұрын) және мустье (150-120 мың -31-30 мың жыл бұрын) дәуірлері. Тас құралдарының мынадай түрлері болды: шапқылар, қырғыштар, үшкір тастар, пышақтар.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 6721 | Загрузок: 21 |

Бүгінгі таңда қазақ және өзге де түркі елдері алдында өзекті мәселелердің бірі ретінде тұрған руникалық түркі жазба ескерткіштері өзін зерттеуді тек көне тарих жазылып қалдырған кезеңнен емес, бастауын сонау ғұн, сақ мәдениетінен іздеуді меңзейді. Орталық Азиядағы алғашқы ірі көппелі ғұндар империясы біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соңында құрылды. Бұл ұлы патшалық Байкалдан Тибетке, Орта Азиядан Қытайдағы Хуанхэ өзеніне дейінгі аралықты мекендеп, сандаған жылдар бойы осы территорияда өз үстемдігін жүргізіп отырды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4140 | Загрузок: 0 |

Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 15311 | Загрузок: 30 |

1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады. Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып бара жатыр екен.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 19936 | Загрузок: 10 |

Римский – Корсаковтың операларының мазмұны мен көркемдік кейпі, формасы  мен музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық, лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 17723 | Загрузок: 8 |

Домбыра – кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты, дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын «күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 20428 | Загрузок: 12 |

Қазақ – көне дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 26386 | Загрузок: 51 |

Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және 60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 19392 | Загрузок: 17 |

1.Понедёрник.2.Мотацикль.3.Музыкалный центр.4.Мекке мәдениеден келген ата.5.70-адам құдалар.

Скачать / Подробнее | Просмотров: 23338 | Загрузок: 25 |

Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында, ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 15071 | Загрузок: 6 |

ХІХ ғасырдың 30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалық  мәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты, қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Скачать / Подробнее | Просмотров: 17002 | Загрузок: 7 |

Қазақ күйлерінің архаикалық түрлері Алтай-Тарбағатай жерінде мейілінше мол сақталған. Күйлердің орындалу машығы көнеден келе жатқан дәстүр екендігін айғақтайды, шығыс сарындарынстыңдаған жан оның барша түркі-мұңұл нәсіліне ортақ әуен екендігін бағамдай алады.Күйлердің аттары төтемдік наным сенімдерге құрылған, мысалы,«Самұрық»,«Ақсақ марал»,«Боз інген»,«Бұлғын мен Сусан»,«Аұаш ат»,«Жорұа аю», тағы басқалар.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4034 | Загрузок: 2 |

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Темучин болды. Ол 1155 жылы ірі ноян Есугей баһадүр отбасында туылған. Темучин ер жете келе қол астына монғолдың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 жылы көктемде Онан өзені жағасында Темучинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғысхан деген атпен монғол ұлысының әміршісі етіп жариялайды
Скачать / Подробнее | Просмотров: 3268 | Загрузок: 13 |

Шыңғыс хан (өз аты – Тэмуджин, Темучин) – Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын [Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін] талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2423 | Загрузок: 17 |

Семей өңiрiне қарасты Шыңғыстау тауы патша заманының зерттеушiлерi назарына өткен ғасырларда-ақ iлiнiп, алғаш 1896 жылы өлкетанушы В.Никитин жазбасына түскен. Сол кезде Шыңғыстау обаларын зерттеудiң болашағы бары болжанған едi. Өлкенi археологиялық қырынан зерттеуге байланысты «Семей уезiнiң оңтүстiк шегарасы және ең бастысы, Шыңғыс тауы ескерткiштерiмен маңызды мәнге ие» деп жазды ғалым еңбектерiнде.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2157 | Загрузок: 2 |

Б.д.д. ІІІ ғ. ортасында Жерорта теңізінің батыс жағалауында, Италияда, антикалық әдебиеттің екінші бөлігі  – рим әдебиеті өркендей бастайды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен байланысты болды. Рим әдебиеті грек әдебиетімен бірге дамыған, бірақ ол латын тілінде шығарылды, себебі Рим латын тайпаларының орталық қауымы болды.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4177 | Загрузок: 15 |

Дидарыңда Мәңгіліктің мұңы ұйыған Ұлы Дала... Керуендеп көшкен тұтас дәуірлер ол үшін қас-қағымдық мезет қана. Қатпарлы тау, аңырған оқшау төбелермен толқындап шексіздікке маңған ұлан жазық, алапат кеңістік мұхитының шежіре-естелігі де біртүрлі қияпат. Оның қиырсыз қойнауында өткен қилы замандар, қым-қиғаш оқиғалар туралы бүгінде тек Аңыз ғана айтылады. Бәлкім, өз естелігін Дала аңызға айналдырып қана сақтайтын болар
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2912 | Загрузок: 1 |

Климаты. Кең байтақ Казақстан жерiнде оның геогр. орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негiзгi көзi — мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерiнiң сипатына байланысты қуаң континенттiк климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешенi ерекше әсер етедi.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 4519 | Загрузок: 14 |

Қазақстан аймағында алғашқы адамдар тас дәуірінен бастап еңбек құралын сапасына қарай таңдады, осыдан сезімді, мәнді әрекет процессі басталды. Қола дәуірі жалпы тұрғыдан бақташылықтың пайда болуымен, яғни қоғамдағы алғашқы ең үлкен ебек бөлінісімен белгілі. Бұл материалдық мәдениеттің дамуына, өркендеуіне қуатты қозғаушы күш береді. Сапа санаты қасиет ұғымына алып келді. Ол пәннің басқа заттар мен шындыққа деген қатынасынан туындайды. Ғұндардың өзі заттар мен тіршілік иелеріне сапа тұрғысынан қарады. Тайпа көсемін оның сапалық қасиеттерін салмақтай отырып сайлады
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2950 | Загрузок: 7 |

1-30 31-60 61-62
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2