Л. Уайт мәдениеттi жеке адамға және адамзат қоғамына тәуелсiз, дамудың iшкi логикасына ғана бағынатын объективтi бiлiм ретiнде қарастырады. Ол мәдениетте ұйымдасқан тұтас жүйедегiдей 3 қосалқы жүйенi белгiлеп көрсетедi: - біріншісі (технологиялық ) адамның табиғатпен өзара қатынасын, оның техникалық құралдары мен еңбек құралдарын, тұрғын үй типтерін және т.б. қолдануын сипаттайды;
«Ертедегi мәдениет» («Первобытная культура») (1871ж.) кiтабы болды. Бұл жұмыста Тайлор үлкен этнографиялық материалды зерттеу негiзiнде ертедегi (алғашқы) мәдениеттiң нақты элементтерiн суреттеп (әлемдiк жағдайында), “анимизм” (латынның “anima” өмiр бастауы, тiрi зат, жан, өмiр сөзi) – алғашқы адамның қоршаған ортамен қатынасы бойынша оның бүкiл практикалық тәжiрибесiн байланыстыратын бүкiл табиғаттың жандануына сену теориясына негiзделген тұтас көрiнiсiн бердi.
Мемлекеттiк бiлiм беру стандарттарына кiргiзiлген мәдениеттану оқу пәнi ретiнде мәдениеттану мектептерiн, бағыттарын, әлемдiк және отандық мәдениеттiң теориялары мен тарихын қарастырудан тұрады. Ол өзара әрекет ететiн элементтерден құралатын және басқа жүйелермен, қоғаммен өзара байланыста және үнемi дамуда болатын, күрделi iшкi кұрылымы бар жүйе ретiнде мәдениет туралы бiлiмнiң дербес, логикалық негiздерге, біріккен жиынтығы түрiнде болады.
Мәдениеттi зерттеудiң терең философиялық дәстүрлері бар, ол басқа ғылымдардың, ең алдымен археология, этнография, тарих, психология, әлеуметтану ғылымдары өкiлдерiнiң қызығушылығын тудырды. Тек XX ғасырдың ортасында ғана мәдениеттi пән аралық зерттеу басталады.
Мәдениет және өркениет ұғымы көбінесе бір-бірінен ажыратылмай, тең қаралады. Олар шынында да ұқсас болып келеді, бірақ олардың арасында едәуір өзгеріс бар. «Өркениет» термині «мәдениет» терминіне қарағанда кеш ХVIII ғасырда ғана пайда болды. Оның авторы, бір версия бойынша шотланд философы А. Ферпоссон болып саналады, ол адамзат тарихын жабайылық, варварлық және өркениет деп бөлді, соңғысын ол қоғамдық дамудың жоғары дәрежесі ретінде түсіндіреді.
Мәдениеттің шығармашылық функциясы айрықша көңіл аударуды қажет етеді, ол жаңа құндылықтар мен білімді, нормалар мен ережелерді, салттар мен дәстүрлерді құруға, мәдениетке сыни қарап, қалыптастырудан, жаңартудан тұрады. Соңында мәдениеттің ойын түріндегі, компенсаторлық функциясы маңызды мәнге ие, ол адамның дене және рухани күштерін қалыптастырумен, бос уақытын өткізумен, психологиялық жаттығумен байланысты.
Экология – тірі адамдар мен қоршаған орта арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Экология экожүйелер мен биосфераның эволюциясымен айналысады. ХХ ғасырдың 20 жылдарының ортасынан бастап ол табиғатты ұтымды пайдалану және тірі организмдерді қорғау негізі ретінде қалыптасты. Ал ХХ ғасырдың соңында қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесу заңдылықтарын, оны қорғаудың практикалық проблемаларын зерделейтін әлеуметтік экология пайда болды.
Экология және экологиялық мәдениет. Мәдениеттануда адам қамының, үрей мен азаптарының тікелей көзі одан тыс жатқан жоқ, ол адамның өзінде, тіршілік етіп отырған ортасында емес, қажеттіліктерде, оларды қанағаттандыру тәсілдері мен мүмкіндіктері арасындағы үйлесімсіздікте екендігі анықталған. Қажеттіліктер көбінесе жеткілікті түрде мәдениетті болмайды, оларды қанағаттандыру тәсілдері мәдениетті бола бермейді және жабайы болады, стихиялы өсетін қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндіктері шексіз емес
Бұқаралық мәдениет – бұқаралық қоғамға тән, коммуникациялық-ақпараттық жүйелердің дамуының жоғарғы деңгейінің, урбанизация мен индустриализацияның жоғарғы дәрежесінің арқасында мүмкін болатын күрделі әлеуметтік-мәдени феномен. Ол индивидтің шеттеуінің жоғары дәрежесімен, даралығын жоғалтып, өзімшілдікке айналумен сипатталады. Осыдан бұқараны жойып, олардың бұқаралық коммуникациялар каналдары арқылы мәдени-мінез құлықтарын орнатып, элитаның оларды жеңіл билеп алуы шығады. Бұқаралық қоғам сатысында өзіндік мақсатқа айналатын техниканың дамуы Ж. Эллюльдің пікірі бойынша барлық қоғамның дәстүрлі құндылықтарын жояды, бірыңғай маңызы жойылған мәдениетті құрады.
Саяси мәдениет – мәдениетті сезіну, саяси мінез-құлық, қоғамның саяси өмірінің, саяси процестің ұдайы өндірісін қамтамасыз ететін мемлекеттің және саяси институттардың қалыптасуы мен жұмыс істеу элементтері мен феномендерінің жиынтығы.
Рухани мәдениет рухани өндіріс сферасынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Біріншіден, мәдениет адам жасағаннан немесе жасайтыннан тұрады: адам қызметінің түрлері мен формалары, соның нәтижесінде пайда болатын өнімдер (артефактілер) және қатынастар. Сәйкесінше, бұл жағынан мәдениет табиғатқа қарама-қарсылық, жасандының табиғиға қарсы қойылуы ретінде болады.
V ғасырда Афинада монументті құрылыс өріс алды. Антика сәулетінің тарихында Афина Акрополіндегі құрылыстар кешені ерекше орын алады. Б.з. дейінгі 480 жылы парсылар қиратқан қала Фидийдің басшылығымен V ғасыр бойы салынады. Акрополь ансамблі ежелгі грек сәулет өнерінің шыңы, Афинаның гүлденуі мен қуаттылығының символы болып есептеледі. Ол бірнеше құрылыстардан тұрады, олар Пропилей (көшеге шығатын есігі), Ники Аптерос ордасы (Қанатсыз жеңіс), осында Афинаның басты ордасы – Парфенон, Афина, Посейдон, Эретея, Эрехтейон ордалары тұрғызылады.
Грек-парсы соғысы Ежелгі Греция тарихындағы аралық кезең болды (б.з. дейінгі 500-490 ж.ж.). Олар антика полисі – көне заманды қалыптастыру кезеңін аяқтайды және гүлдену кезеңі – классикалық басталады. Гректердің парсыларды жеңуі, классикалық құл иеленудің қалыптасуы, полисті демократияның дамуы б.з. дейінгі V ғасырда Грецияның экономикалық және саяси өмірінің өркендеуіне және мәдениетінің дамуына себеп болды. Мәдениет орталығы Афина болды, әсіресе Периклдің тұсында (б.з. дейінгі 444-429 ж.ж.).
«Антика» ұғымы Қайта өрлеу заманында пайда болды, бұл терминді итальяндықтар греко-рим мәдениетін анықтау үшін енгізді (латынның ежелгі деген сөзінен). Антика мәдениеті Европа мәдениетінің дамуында шығар нүкте болды. Ежелгі Греция адамды табиғаттың көркем де жетіліп жаратылған жаны, барлық заттар өлшемі ретінде ашты. Антика мәдениеті үшін дүниені тануда ұтымды (теориялық) тәсіл, эмоционалдық-эстетикалық қабылдау, әлеуметтік-практикалық және теориялық проблемаларды шешуде үйлесімді логика мен өзіндік дербестігі тән.
Ежелгі Шығыс адамды ертедегі дүние аясынан алып шыққан ұлы мәдениеттер отаны болды. Ертедегі дүниеден шыға отырып, Шығыс адамның дүниеге қатынасының мифологиялық тәсілін жеңе алмады. Бірақ ежелгі шығыс мәдениеттерінің әлемі – бұл табиғат апаттарының ғана емес, озбыр мемлекет қуатының құдайдай көрінуі. Ежелгі шығыс мәдениетінің негізі адамның дербестігі мен еркіндігін мойындамайтын абсолютті бірлік идеалы болып табылады. Мемлекеттің бұл типі қатаң біріктіру қажеттілігінен туды, ол нақты табиғат жағдайларына жауап болды.
Мәдениеттің тууы бір уақытта пайда болған зат емес. Ол пайда болу мен қалыптасудың ұзақ процесінен өтті және сондықтан дәл мерзімі жоқ. Алайда осы процестің хронологиялық шеңберлерін анықтауға болады. Егер қазіргі түрдегі адам – homo sapiens шамамен 40 мың жыл бұрын пайда болса, онда мәдениеттің бірінші элементтері одан ерте 150 мың жыл бұрын пайда болды. Бұл жағынан мәдениет адамнан үлкен
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдауында «Мәдени мұра» бағдарламасын одан әрі іске асыру қажеттілігі туралы міндет қойылған. Бұл бағдарламаның іске асырылуы өткенді саралап санаға сіңдіру арқылы бүгінгі мәдениетті дамытуға, қазақстандықтардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Бағдарлама шеңберінде құнды құжаттар мен қолжазбаларды ғана емес, сонымен қатар олардың мұражайлық экспонаттарын, мұрағаттық материалдар мен ескерткіштерді тауып, ұрпақтарға қайтаруға үлкен мән берілген. Осы тұрғыда ұлттық кітапханалық раритеттерді іздеп табу, оларды танып білу, сондай-ақ басқа елдер аумағында жатқан кітаптар мен көне қолжазбаларды зегттеу жөнінде Орталық құру болашақ ұрпақ үшін ежелгі қолжазбаларды, кітаптар мен басқа да құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етеді. Одан басқа түркітілдес халықтардың көркем, ғылыми және танымдық әдебиеттерінің ортақ бірыңғай қорын құру да күн тәртібінде тұрған мәселе. Оны іске асыру арқылы түрік әлемінің ашылмаған ақтаңдақтарын ашамыз. Осы тұрғыдан алғанда Махмуд Қашғаридің «Диван лұғат әт-түрік» трактатының тұңғыш рет орыс тіліне аударылған аудармасының 2006 жылы Мұхтар Әуезов мұражайында өткен тұсаукесері бұрынғы Кеңес одағы кеңістігіндегі түріктілдес халықтар үшін теңдесі жоқ маңызды оқиға болып отырғандығын атап өтуге болады.
Қазақтардың өзімен өзі болып, өзін танып болудағы ерекше орын алатын тарихи-мәдени мұраны сақтау мәселесі егемендігін алған Қазақстан Республикасы үшін мәдениет саласыдағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Тарихи жад қайталанбас мәдени дәстүрлер мен құндылықтарды сақтау және оны көбейту түрлі өркен ұрпақтарын біріктіретін байланыстырушы жіп болып саналады. Ол мәдени мұраның ең бір маңызды құрамдас бөлігінің бірі ретінде қажетті әлеуметтік функция атқарады, ұлтжандылық сезімін, идеялық-ізгіліктік және эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың, ғылымның, білім мен мәдениеттің даму мақсаттарына қызмет етеді.
Қалмақтан жеңіліп ақтабан шұбырындыға тап болған елдің бөтендермен жауласуға күші көп келмейтін болды. Қалмаққа бағынған қазақ бағынып қала берді де, құлдықтан құтылғандардың өз арасында күшті бүліншілік пайда болды. Ұлы хан қалмақтың қол астында қалған соң, қалған елге ұлы хан болғысы келген хандар көбейді. Әбілқайыр, Қайып, Сәмеке ұлы хан болғысы келіп қатар шықты. Бұлардың қайсысы да бір ауыздан елді тегіс соңына ерте алмады. Әбілқайырға елді қорқытып алып хан болудан басқа жол қалмады. Елді қорқыту үшін Әбілқайыр орыс патшасына бағынбақшы болды.
Қазақ халқы көшпелі салтта, ақсақал дәуірінде болды. Қара бұқараның билігі ру бастықтары – билердің қолында болды. Руды билеген билердің өз руынан айырықша тілегі болмады. Қара шаруа мал бағуға лайық шарттар тіледі. Қоныс жайлы болса, ел бейбітшілік болса, малға, адамға түсетін салық аз болса, талас шыққанда әділ билік айтатын ақсақалдары болса – қара халықтың көңілі тыныш болды.
Ақыры Жәңгірдің арманы орындалды. Төрт айдан кейін Еділ бойындағы Хошеут ұлысында Гумбольдтпен жүздесудің сәті түсті. Сол кездесуі жұғысты болды ма, жылдар өткенде Гумбольдт алған дипломмен Жәңгір де марапаттады. Атақты әперу үшін Петербургке қолқа салған сол Мусин-Пушкин. Қол қойғандар да бір адамдар – Лобачевский мен проректор Эрдман. Яғни, бір қарағанда Гумбольдт пен Жәңгірге құрмет бірдей. Гумбольдттің жөні бір бөлек, “ғылымдағы нұры әлемге сәуле шашқан” атақты адамның университет есігін ашқанының өзі ғанибет оқиға. Оқу орнының атын аспандатар мәртебе. Ал әлі төл әліппесін жазбаған, университет түгіл зайырлы мектебі жоқ ұлттың әміршісі сол деңгейде ұлықталып жатса – онда бұл тұлғаның білім-ғылымға сіңірген жеке еңбегін ескергендік.
Ректор Карл Фукс қазақ ханына өзі басқаратын білім ордасының аудиторияларын аралатты. Алдымен физика кабинетіне бастады. Дәліздегі есігінің реті солай болғанына ректор қынжылғандай. Қырдан келген әміршіні физика құралдары тым қызықтыра қоймас деп ойлаған. Ал хан кейбірінің не үшін қолданылатынын білмесе де, өзін қараңғы етіп көрсетпеуге тырысып бақты. Сұрағын сақтықпен қойып, алды-артын ойлай сөйлеп, оқымыстылардың іштей мазағына айналмауды ойлады.
Мәскеудің ресмилігі мен салтанатын түгесіп, еліне қайтқан Жәңгір қазанның 13 күні Қазан қаласына жетті. Император ағзамның қазақ ханын шетелдік мәртебелі меймандар дәрежесінде қабылдағанынан хабардар Қазан қауымы Жәңгірді өз үстерінен елеусіз өткізіп жібере алмады. Хан алыс жолдан аяқ суытпай жатып қаланың азаматтық губернаторы барон Розен әдейілеп сәлем бере келді. Сәтті сапарымен құттықтап, енді ежелгі Қазанға қош келдіңіз деп қол қусырды. Жәңгірдің жол бойы ойлаған өз мақсаты болатын. Сөйтіп, келесі күні Қазан университетінің табалдырығын аттады.
1826 жылдың күзіне таман Бөкей ордасының ханы Жәңгір Мәскеуге барып, І Николай императордың тәж кию салтанатына қатысты. Ағасы Шөкі Нұралиевті, немере ағасы Қайыпқали Есімовті, арқа сүйер сенімді адамдары Сүйінішқали сұлтан мен Қарауыл қожаны және үш кеңесшісін жанына нөкер етіп ерітті. Қазақ хандарынан бірінші болып зайыбы – Фатима ханшаны бірге ала барды. Ресейдің қол астында отырып, сырт мемлекет деңгейіндегі депутациямен келген Жәңгірді үкімет хаттамалық дерлік рәсіммен қабылдап, Еуропа билеушілеріне лайықталған сый-құрметтің бір ұшығын көрсетуге мәжбүр болды.
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ғасырлар тоғысында»атты кітабында:» 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін өз халқының атынан ашық мәлімдеді» ─ деп дәл бағалаған. Желтоқсан пәлен жылдар бойына мызғымас қамал саналып келген Кеңестік империяның іргесін мүжіп, көбесін күйретіп, ақыры жер бетінен жойылып тынуына ұрындырған пәрменді соққы болып тиді. Осы орайда, Желтоқсан қозғалысын, біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға (ұлттың өзін-өзі тану сезімінің оянуы), екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі (одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген) оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар (социалистік лагерьдің күйреуінің басталуы) аса салихалы көп сипатты әлеуметтік сілкініс ─ атышулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес,─ дейді жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаев. 86-ның Желтоқсаны қазақ халқының ұлттық сезімінің өсуіне айырықша ықпал етті, қазақтың өзін-өзі тануын, ұлттық мақтаныш пен тәуелсіздік туралы ұғымын түбірімен өзгертті.
Мұхтар Шаханов «Рух және ыза дауылы немесе бес ғасырлық арман» еңбегінде: «1986 жылғы желтоқсан оқиғасы әлемді дүр сілкіндіргенімен әлі күнге дейін талай қандастарымыздың санасын сілкіндіре алмай келеді. Олай дейтін себебіміз қазіргі таңда желтоқсан оқиғасынан мүлдем бейхабар жастарымыздың көптеп кездесуі, ал Кеңес дәуірінің тарихын оқыған жоғары буынның 1905 жылғы қанды жексенбіні білмейтіні кемде-кем. Мүмкін бұл жағдай салыстыруға келмейтін де шығар, алайда әр халықтың өз тарихының өшпес орны бар. Біздің мақсатымыз шындықты ашу. Себебі 20 жыл өтсе де, шындықтың беті әлі күнге дейін ашылған жоқ» деген. КСРО халық депутаттарының І съезінде басын бәйгеге тігіп, желтоқсан оқиғасы жөнінде алғаш мәселе көтерген, Шыңғыс Айтматовша айтсақ: «Кремльдің қабырғасында тұп-тұра бомба жарылғандай» етіп сөз сөйлеген М.Шахановтың съезд мінберіндегі үш минуты болашақ үшін ақиқаттың бастауындай болған еді.
18-желтоқсан күнгі құрбан әсіресе мол болды. Ол күні алаңға ешкім жіберілмейтін болып жоспарланғанына қарамай, көшеге 30 мыңдай адам шығып, кешегі түнгі болған оқиғаға лағынет айтты. Ереуілшілер бұл күні кеше кешке өлгендердің мәйітін сұрады. Жендеттер жауап орнына ешбір ескертусіз шайқас ашты. Тағы да кескілеу басталды. Оқиғадан соң іле-шала алаңдағы қан күні бойы жуылды. Алтын жүзігі бар саусақты жендеттер шауып, алтын сырғаны құлақтан жырып алды. Орыс біткен жендеттер жағында болды демейміз. Бірақ жазалаушылардың дені, олардың дем берушілері негізінен орыстар болды. Бұл қазақ жастарының орыс ұлтына деген наразылығын қоздыра түсті. Осылай, бейбіт наразылық үкімет тарапынан қанмен тәмамдалды. Жендеттердің жазалаушы әрекеттерін тікелей басқарғандар – Колбин, Мирошхин, Мещеряков, Князев, Щулико, ал қазақ жағынан Қамалиденов, Мұқашев, Елемесовтер бар.
Желтоқсан оқиғасында шектен шыққан зұлымдықтар болды. Соның дәлелі ретінде облыстық «Дауа» газетінде жарық көрген «Қайрат қоғамының дүниежүзі ұлттар қауымдастығына жолдаған жасырын хатында» былай дейді: [93ж. желтоқсан №10] «1986 жылғы желтоқсандағы уақиғаны ТАСС дүниежүзіне «маскүнемдер мен нашақорлардың ұйымдастыруымен болған бұқара тәртіпсіздігі» деп даурықтырды. Шынында, халықтың бейбіт наразылығын тез арада басып, жаншып тастап, түк білмегендей отыра қалу мақсатымен бұл оқиғаны өкіметтің өзі ұйымдастырған еді. Көтерілісті жаншу үстінде командирлер мен олардың бұйрығын орындаушылардың қимыл-әрекетінің қабыса қалуы кімді болса да таң қалдырмай қоймайды.
1930 жылдардағы Шұбартау, Созақ көтерілістерінің қайсысын алмасаң да, олардың барлығы да отаршылдыққа қарсы бағытталды. 1986 жылғы Желтоқсан ұлттық қозғалысы да сол көтерілістердің заңды жалғасы еді. Тоталитарлық тәртіп өз халқынан митингілерде, мерекелік шерулерде билеуші партияның саясатын қолдап, қолпаштауға бағытталған бірауыздылықты талап етті. «Тоқыраудың» соңғы жылдары халықтың тоталитарлық тәртіпке деген үнсіз қарсылығы ерекше күшті еді. Алайда, Алматыда үнсіз наразылықтың бет-пердесі аспанға бірақ ұшты. «Қайта құру» кезеңі ішінде үстемдік режим тұңғыш рет күллі жүйенің сыр бере бастағанын байқайтындай өте бір өжет қарсыласуға килікті. Оқиға салдарын жою үшін Кеңестік тәртіп аппараты барын салып бақты. Қорқытты, үркітті. Көтерісшілер қатаң жазаланды. Көпшілігінің өміріне де, көңіліне де жазылмас жара түсті. Ләззат, Сәбира, Қайраттай гүлдеріміз ерте солды. Олар желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпынған, шындық жырын жырлаған, халқымыздың жас өркені еді.