Все рефераты Казахстана Среда, 16.09.2026, 07:08

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Файлы » Тегін қазақша рефераттар

В разделе материалов: 1592
Показано материалов: 751-780
Страницы: « 1 2 ... 24 25 26 27 28 ... 53 54 »

Қорытып айтқанда, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген аталы сөзде айтылғандай, бұл қиыншылықтарды ретке келтіру үшін Еуропадағы қазақ орталықтары шама-шарқы жеткенше бірге жұмыс істеуге күш салып жатыр. Сондықтан Еуропадағы Қазақ қоғамдары өзара ынтымақтарын нығайтып, іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру және үйлестіру үшін Еуропа Қазақ Федерациясы деген бір орталық құрып та үлгерді. Олар шетелдердегі қандастар арасында қазақ тілін, қазақы қасиеттерді, ұлттық-мәдени құндылықтарды, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтап қалу, оларды болашақ буындарға қаз-қалпында жеткізу үшін бірікті, берекені және елдікті сақтауға, сонымен қатар «атажұрт» Қазақстанмен барлық салаларда байланыстарды нығайтуға тырысып келеді. «Қалауын тапса қар жанады» дегендей, мәселелер шешіліп, аталған жағдайлар ретке келсе, Еуропадағы қазақтар социологиялық атаумен «культуртрагер» яғни, Еуропа елдеріне қазақ мәдениетін апарушылар ретінде маңызды рөлге ие бола алар еді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 918 | Загрузок: 0 |

Бұрын диаспорада тұратын елден келген үлкен кісілер басқа тіл білмегендіктен балаларымен және немерелерімен тек қазақ тілінде сөйлейтін. Сондықтан үйлерде қазақша сөйлеу басым болатын. Қазір сол аға буынға жататын үлкен кісілердің қатары тым сиреп, олар түгесіліп бітті десе де болатындай. Бұл шетелдерде тұратын қазақтар арасында қазақ тілінің қолданылу үрдісіне ауыр соққы болып тиеді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 885 | Загрузок: 0 |

Еуропа Қазақ қоғамдары алдарына қойған аталған мақсаттарын жүзеге асыру үшін бірқатар шаралар да қолдануда. Олардың ең бастыларының бірі, жыл сайын Еуропаның қазақтар қоныс тепкен бір елінде өткізілетін «Еуропа Қазақтарының Кіші Құрылтайы» деген дәстүрлі құрылтай. Бұл құрылтайларға, Еуропадағы Қазақ диаспорасының жүздеген өкілдеріне қоса, орталығы Алматыдағы Дүниежүзі Қазақтары Қауымдастығының басшылары, Қазақстанның үкімет адамдары, ғылым, әдебиет және өнер қайраткерлері, ән-би ансамбльдері, баспасөз қызметкерлері де қатысып тұрады. Әсіресе шетелдерде туып-өскен қазақтардың бір-бірлерімен танысып, білісулеріне дәнекер болған осы құрылтайларда
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1001 | Загрузок: 2 |

Қазақ халқының елеулі бір бөлігі қазіргі Қазақстан Республикасы шекараларынан тысқары жерлерінде тұрып жатыр. Батыс Еуропаның бірқатар елдерінде де Қазақ диаспорасына жататын көптеген топтар өмір сүріп келеді. Бұл қазақтардың басым көпшілігі Қытайдың Шыңжаң аймағынан (бұрынғы Шығыс Түркістан аймағынан) 1950 жылдары Пәкістан және Үндістан арқылы Түркияға көшкен, ол жерден жұмыс бабымен Батыс Еуропа елдеріне қоныс аударған қазақ отбасылары мен олардың балаларынан құралады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2469 | Загрузок: 6 |

Бұл да біздің біртұтас Алаш идеясына, біртұтас ұлт-азаттық көтерілісінің құрбандарына, тәуелсіздігіміздің тарихына деген ұлттық тағзым болары сөзсіз.
Астана қаласы әкімдігі мен Астана қалалық Тілдерді дамыту басқармасының Біртұтатас Алаш идеясын қанымызға құйып, жанымызға сіңіру орайында арнайы семинар өткізіп, пікір бөлісуге мүмкіндік жасағаны үшін ризашылығымды білдіремін.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1117 | Загрузок: 2 |

Егерде біз өзіміздің ұлттық тұтастығымызды дүние қауымдастығы алдында дәлелдеп, мойындатқымыз келсе, онда бұл мәселе ерекше назарға ілінуі тиіс. Бұл мәселеге тұсауы енді ғана кесілген талантты да батыл, көзқарақты тарихшы Бүркіт Аяғанов басқарған Президенттік Мемлекет тарихы институты ерекше ықылас білдіреді деп сенеміз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1257 | Загрузок: 0 |

Ол идея бүгін де өзінің мүдделі мақсатын жойған жоқ. Қайта тәуелсіздіктің тамыры тереңге кеткен сайын, алдымызға сұрақ болып шығып отыр. Ол идеялар мыналар:
Бірінші ұстаным: жер, жер және жер. Жерсіз Отан жоқ. Әлихан Бөкейхановтың ұйғарымы бойынша: «Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді».
Скачать / Подробнее | Просмотров: 988 | Загрузок: 0 |

Өкінішке орай, бүгінгі территориясы тиянақталған тұста да бұл оқиғалар ғылыми зерделеуден өткен жоқ. Зерделеуді былай қойып, қазақ шығыстанушылары мен тарихшылары Шығыс Түркістан атауынан бас тартып, империялардың отарлық пиғылын танытатын Синьцзян – Жаңа жер (игерілген тың, яғни бізге түсінікті Целиноград) сияқты атауды «ғылыми негізді термин» ретінде таңдап алыпты. Тәңір тауды бөктерлей орналасқан тұтас жұртқа қойылған, саясатқа еш қатысы жоқ – Шығыс Түркістан, Орталық Түркістан, Батыс Түркістан
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1216 | Загрузок: 1 |

Дүние тарихы төңкеріліп түскен ХХ ғасырда империялық және ұлттық мүдделердің қақтығысы – әлем жағырафиясынан бастап, ұлттар мен ұлыстардың, жеке адамдардың тағдырына түбегейлі өзгерістер әкелді. Түсіндіріп болмайтын «түсінікті мүдделер» бүтін елді бұтарлады. бұтарланған жұртты бунақтады. «№ 453-Л» хаттама мен 1945 жылғы 11 ақпанда Ялтада өткен конференцияда И.Сталин,
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1708 | Загрузок: 1 |

Ұлы Түркістанның Қытай каманостары астындағы бөлегіндегі қазақ түріктері 1932-ден 1947-ге шейін (дейін) ... жалғыз қазақ руының көсемдерінен құрбан болғандардың кейбіреулері дерттің астары. Әліп батыр, Зуха қажы, Мәңкей, Шәріпхан, Қажы Жүніс, Ожаубай, Баймолла, Әбеу, Сатархан, Мұқаш, (?Бүкіжан), Қожан, Мақсұт, Ақыт қажы, Қалел тәйжі, Рахат, Ақтеке, Омар, Нұртаза, Ахмет, ..., Нұрфай батыр, Түркістан, Әлімғазы, Қанағат, Дубек, (?Салісбай), Қалиақбар, Қан..., Ақбар, Сейіт, Бүркітбай, Елісхан, Қасым батыр, Зәйіп тағы да бұлар сияқты мыңдаған көсемдеріміз құрбан болды, бүгінге шейін болуда.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 996 | Загрузок: 1 |

1949-1950 жылдары Алтай, Үрімжі, Баркөл аймақтарынан құрылып, 30.000 кісілік бір топ қазақ түріктері темір пердені бұзып шығуға қайрат еткен еді. Бұлардың кұманданлары Оспан Батыр, Қажы Жанымхан, Оразбай, Жанабіл, Қаппас Батырлар сияқты мыңдарша адам құрбан болып, бұлардан әрең 1951 жылы біз 350 адам Үндістанға келдік. Бұдан кейін қалғандардың кейбіреулері 1955 жылға шейін көтерілістеріне дауам еткендіктері мәлім. Бүгінге шейін қазақ түріктерінің көтерілісшілерінен кейбіреулерінің Гималай, Төбет, Кұңлұң тауларында қашып жүргендігі кейбір әрекеттерден мәлім болады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1064 | Загрузок: 1 |

Салихлы қалашығындағы қазақтардың қаламы ұшқыр, сөзі өткір зиялылары сол мұратқа жету талпынысынан туындаған әдеби шығармалар да жазып жариялаған. Ондай туындылар, батыстық еркін елдерге жеткен кезде де толастамай ұластырылған және әлем елдерінің назарына, шетте туып өскен ұрпақтың құлағына құйылған рухани қазыналар болған. Олардың ең алдыңғы қатардағысы, әрине жалпы қазаққа ортақ болған Алаш Орда Ұлттық Ұраны мен Маршы болған. (Алаш Орда Маршын, кезінде Шығыс Түркістанның Еренқабырға бөктерлерінде азаттық жолында күрескен Қалибек Хакімнің қол астында полковник дәрежесінде қызмет еткен, қазір Істанбұлда өмір сүретін, 86 жасқа келген Мадалім Чалышкан деген ақсақалдан тыңдайсыздар) .
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1062 | Загрузок: 0 |

Осы марштан да байқалғанындай, бүгін қазақтың қазіргі шекарасының ар жағырда қалған қазақтардың ата мекенінің бір бөлегі болған Шығыс Түркістан жағрафиясында өмір сүрген қазақтардың да АЛАШ МҰРАСЫН, АЛАШ ИДЕЯСЫН және АЛАШТЫҢ АРМАНЫН ұдайы көңілден шығармай тілектес екендігін байқатады. Адаш мұрасының символы ретіндегі Алаш Гимні Шығыс Түркістан Қазақтарының жадынан шықпай, бір ғасырға жуық уақытқа дейін қалғандығы әрине қазақтың ұлттық рухының мәңгі өшпес айғағындай анық түрде көзге шалынады. Алаш болып, ел болып ту көтеру талабы Алаш әні деген басқа бір өлең шумақтарында былай:
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1374 | Загрузок: 0 |

Түркияның Салихлы қалашығына келіп орналасқан бір топ қазақ негізінен Шығыс Түркістанның Тәңір Таулары етегіндегі Ерентау бөктерлері мен Алтай және Баркөл аймақтарынан келген қазақтар болған. Салихлыдағы қазақтардың, қазақ деген халықты алдымен түрік халқына кейін әлем жұртшылығына танытуына мұрындық болып, ол жөнінде қызмет атқарған ұлтшыл көсемдерін еске алу, тек қана батыстағы қазақтың емес, барша қазақтың тарихи міндеті саналады. Салихлыға келген қазақтарды түрік халқы мен үкіметі бауырмалдықпен қарсы алып, тегін түрде үй жаймен қамтамасыз етіп, дереу азаматтыққа қабылдаған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 970 | Загрузок: 0 |

- Орал қаласында уақытша орта оқу орнын ашу қажет, ерлер гимназиясының бағдарламасы негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны қазақтар қаражатына салынған бұрынғы кәсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылсын;
- қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп табылсын;
Сиезде бұдан басқа да мәселелер қаралды, басқа қаралған мәселелерді қосқанда саны 23-ке жеткен. Орал сиезінің қарарында облыс орталығында орта мектеп ашу және кәсіби мамандардың қатысуымен халық ағарту ісін реформалау мәселелерін талқылау үшін мұғалімдер құрылтайын шақыру қажеттілігі көрсетілді [4].
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1055 | Загрузок: 0 |

Орал облыстық қазақтардың 1-ші сиезі 1917 жылы 19-22 сәуір аралығында Орал қаласында өтті. Сиезді уақытша қазақ комитетінің төрағасы Ғұбайдолла Әлібеков ашып, құттықтау сөз сөйледі. Осы сиезде бірінші кезекте Мемлекетті басқару туралы, Уақытша үкімет туралы және жүріп жатқан импералистік соғысқа көзқарас туралы мәселелер қаралды.
Сиез төрт күнге созылды, сиездің соңғы төртінші күні облыстағы оқу-ағарту, мәдениет және т.б. мәселелер қаралды. Сиез делегаттары Орал облысында қазақтар арасында бастауыш, орта, жоғары білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады:
- мұғалімдер сиезін шақыру қажет;
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2930 | Загрузок: 4 |

1917 жылы Ақпан төңкерісінің жеңісі күллі қазақ деген ұлт зиялыларының басын бір жерге қосуға мүмкіндік әкелді. 1917 жылдың сәуір-мамыр айларында көптеген облыс-уезд орталықтарында аймақтық қазақ сиездері өткізіліп, қазақ комитеттері құрыла бастады. Олардың жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық және уездік атқару комитеттерінің құрамына енгізілді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1217 | Загрузок: 0 |

Тарихты халық жасағанымен, қоғамның тарихи даму заңдылықтарын реттеп отыратын заңдар мен құқықтық құжаттарды, саяси-құқықтық доктриналарды нақты тұлғалар жүзеге асыратыны белгілі, осы салада мемлекеттік тілдің де атқарар қызметі зор.
Қазақ жері екі ғасырдан астам Ресей самодержавиесінің қол астында болған жылдарда қазақ халқының өз тағдырын өзі билеу құқығынан айырғаны, көк түрік дәуірінен бастау алған бірегей саяси тарихы бар халық түгелдей империялық заңдардың бұғауына түскені біздерге тарихтан белгілі.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1196 | Загрузок: 0 |

Алаш қозғалысына қатысты әрбір дерек біз үшін маңызды болуы тиіс. Өйткені бұл ұлт-азаттық қозғалыс халқымызды ұйыстыруға, дербес мемлекет құруға, ең бастысы – ұлтымыздың рухын көтеруге арналған ұлы шара еді. Тәуелсіздік алған жылдан бері қарай Алаш қозғалыс туралы жүйелі зерттеулер жүргізіліп келеді. Бұл құптарлық қадам. Өйткені осы айтулы қозғалыстың тарихын тану – халқымыз жүріп өткен жолдарды саралаумен бірге, ұлттық болмысымызды түгендеу болатындығы сөзсіз.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 919 | Загрузок: 0 |

Қазақ халқының тарихында әр ғасырдың басы аласапыран оқиғаларға толы болды. Бұл өз кезегінде тарих сахнасына ірі-ірі тұлғалар мен қайраткерлерді шығарып, түбірлі өзгерістерге алып келіп отырды. Әсіресе ХХ ғасырдың басы айрықша күрделілігімен, сансыз оқиғалардың сапырылысымен, ұлттық сананың оянуымен ерекшеленеді. Осы тұста қазақ сахарасында да Алаш ұранын көтеріп, қазақ баласын азаттыққа бастаған бір шоғыр қазақ қайраткерлерінің ой-пікірі мен іс-әрекеті жарқырап көрінді. Бұл кез қазақ халқы тарихындағы ең бір талмау тұстардың бірі болатын.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1042 | Загрузок: 0 |

Кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымның мүшесі бола жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде «халық жаулары» Сәкен Сейфуллин мен Бейімбет Майлиннің өлеңдерін жариялаған. «Карл», «Шыршық сыры», «Қазақтың мақал-мәтелдері» сияқты коммунистік идеямен қабыспайтын шығармалар жазған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 11260 | Загрузок: 10 |

Архив құжаттарына сенсек, тергеу барысында М.Қаратаев 1933 жылдан бері кеңеске қарсы ұлтшыл ұйымға қатыстым деп хабарлаған, бірақ кейін оны өзі теріске шығарған. Ленинградта оқып жүргенде терроршылдармен байланысқан. Жазушылар одағын басқарғанда зиянкестік жұмыспен айналысып, кері төңкерісшірл кадр даярлаумен айналысқан. Кеңес өкіметіне қарсы басқа да көптеген зиянкестік іс-әрекетке мұрындық болған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1004 | Загрузок: 0 |

Балалар үйінде тәрбиеленген. Мәскеудегі Шығыс
Еңбекшілерінің коммунистік университетін бітірген.
Шымкент қаласындағы губерниялық «Ақ жол»
газеті редакторының орынбасары. Ташкенттегі
Орта Азия университетінде дәріс берді. Баспагерлік
қызметпен айналысты. Қазақстан Компартиясы
ОК-нің мүшесі, оның бюро мүшелігіне кандидат,
«Социалистік Қазақстан» газетінің редакторы.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 990 | Загрузок: 0 |

Алаш қозғалысының тарихи негізгі Ресей отаршылдығының қазақ жеріндегі аса асқынған кезеңінен басталды десек те, Алаш идеясы одан әлдеқайда бұрын өмірге келіп, күні бүгінге дейін елім, жерім деп ұлт болашағын ойлаған әрбір қазақ жүрегінің терең түпкірінен орын тепкен. Өйткені Алаш қозғалысы қазақ қауымындағы отаршылдыққа қарсы бағытталған, прогресске ұмтылған жалпыхалықтық демократиялық қозғалыс еді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1049 | Загрузок: 0 |

Дәулет Мықтыбаев 1905 жылы Ақмола облысы, Қорғалжын ауданында ән – күйді сүйіп тыңдайтын Әупік бидің отбасында дүниеге келеді. Әупік сол өңірдің ауқатты, білімді, ел арасында беделі бар, сыйлы адамы болған
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1835 | Загрузок: 3 |

1993 жыл, қазан айы, Сарысу жерінде қазақ өнерінің жарық жұлдызы қобыз пірі – ұлы композитор Ықылас Дүкенұлының 150 жылдық тойын үкімет қаулысымен бүкіл ел болып тойлады. Сол кездегі Жамбыл облысының әкімі Өмірбек Байгелді, Сарысу ауданының әкімі Әбдіманап Көпбергенов, қазақ өнері, әдебиеті және мәдениетінің көрнекті қайраткерлері Әбіш Кекілбаев, Асанәлі Әшімов, Илья Жақанов Ықылас атындағы музейдің директоры Ізбасар Балтағұлов Ықыластың тарихтағы алатын орны, өнері, қобызы, оның ұлы ұстаздары мен ізбасарлары, шығарған күйлерінің құдіреті туралы тереңнен ой қозғап, сөз сөйледі. Алматы қаласындағы аспаптар мұражайы Ықылас атымен аталатын болды. Аудан орталығындағы музыка мектебіне, “Шығанақ” кеңшарына Ықылас есімі берілді.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2157 | Загрузок: 3 |

Бұл әуелде Тайлақ деген батырдың сыбызғыда тартқан күйі екен. Күйдің шығу тарихы былайша сыр шертеді. Тайлақ батырлығымен қатар шебер сыбызғышы болған адам екен. Батырдың қартайған шағында жау бір үйір жылқысын айдап әкетеді. Тайлақтың Секер және Барақ атты егіз ұлы малды қайтармақ болып жаудың артынан қуады. Шайқаста Барақ жау қолынан каза табады. Ал, Секер жауды жеңіп, малды қайырады. Секердің қаза болған Барақты ат алдына өңгеріп алып келе жатқанын көрген сексендегі қарт батыр сыбызғысын алыпғ қайғылы сарын тартады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1808 | Загрузок: 3 |

Ықылас бір күні жолаушылап келе жатып, астындағы атын шалдырып алмақшы болып, жалғыз ағаштың тұбіне келіп аялдайды. Сол кезде ол ағаштың айналасында шыдамсыздана ұшып жүрген бір құсты, бұтадағы ұяда анасына шыр қағып, тағат таппай тұрған балапандарды көреді. Сөйтсе, ұяға қарай бір жылан жылжып барады екен. Ықылас жалма – жан орнынан атып тұрып, жыланды өлтіреді де, суға ағызып жібереді. Құс ұясына келіп қонып, балапандар тынышталады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1532 | Загрузок: 1 |

Ықылас дарынының кемелденген шағында дүниеге келген шығармасының бірі – “Қазан” күйі. Бұл күйді қобызшы қобызшы көбіне “Қазан сүргісі” немесе “Қазан жорығы” деп тартқан екен.
Татарлардың Қазан қаласын жау шапқыншылықпен басып алады. Сонда қазақтың Шора деген батыры қол жинап, Қазанды азат етпекші болады. Ауыл ақсақалдары, қадірменді қариялар батырға: “Батыреке, алған бетіңізден қайтыңыз, ол жақта күн райы өте қолайсыз көрінеді. Орал тауларын қар басып қалыпты, күнде үскірік боран болады екен. Босқа суыққа ұрынасыздар”, - деп тоқтау айтады.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 1430 | Загрузок: 1 |

Ықыластың орындаушылық және күйшілік шеберлігі шыңдалған шағында шығарған күйінің бірі – “Жез киік”. Жез киік – даланың ерке, сұлу аңы. Ол туралы халық аузында неше алуан аңыз да, ертегі де көп. Жез киік алтындай жалтылдап, күнге шағылысқан көркінің арқасында мергеннің көзін тайдырып, үнемі оқтан аман қалады екен. Кейін мергендер оны киелі жануар санап, атпайтын болған. Міне, осы сұлу аңға Ықылас “Жез киік” атты күй арнаған.
Скачать / Подробнее | Просмотров: 2248 | Загрузок: 5 |

Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2026 SiteMap №1 и SiteMap №2