Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы керек. Ол мемлететтің экономикалық, қорғаныс қабілеттерін күшейтері анық. Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз сүюге тәрбиелейтін бірден бір құрал,оқу тәрбие ісіне қазақ халқының этнопедагогикасын сәтті ендіру болып табылады. Халқымыздың дәстүрілі білім мен тәрбиелер жиынтығы ғұмыр бойы жинақтаған тәжрибелерінің қорытындысы. Оларға талай ғасырлар сүзгісінен өткен ұғымдар, түсініктер, пайымдар жатыр. Мәдени мұралар уақыт, озып, қоғам дамыған сайын екшеленіп, жаңарып жаңа мазмұнға ие болады. Сондықтан қазақ халқының мәдени мұралары адамзат баласының қол жеткізген дана пікірлері мен асыл ойларына, тәжірибелік тұжырымына өте бай. Мәдени мұралардың тәрбиелік мәні әрқашанда адамзат баласына нәр беріп байытып отыратын қуатымен бүгінгі білім беру саласының алтын желесі болып отыр.
Қандай ел болмасын, мейлі ол отырықшы, әлде көшпелі болсын сол елдің
ғасырлар бойы тарихи жағынан қалыптасқан өмір тұрмысы, салт-дәстүрі өзін
қоршаған табиғи ортаны қабылдаудағы түйсік-сезімі мен ойлау жүйесіне орай
лайықты жасалған туған тілі, төл мәдениеті болмақ. Мәдениеті мен өнеріне қарай
ел өмірі мен оның рухани тұлғасы, бет-бейнесі мен бедел-белі де айқындалып танылмақ.
1982 жылы қыркүйек айы, бәріміз
жазғы демалыстан оралған кезіміз. Филармония директоры – жақын арада
дирижерлікке композитор Н.А.Тілендиевтің келетінін, шақырып жатқанын, хабарлады.
Біз бір – бірімізден Н.А.Тілендиев туралы сұрастырып, директордан көп мағлұмат
алдық. Ол композитор, дирижер екенін, ол кезде Қазақфильмнің директоры екенін
білетінбіз. Бір күні үзіліске шықсақ, директордың кабинетінен ол кісі де шығып
бара жатыр екен.
Римский – Корсаковтың операларының мазмұны
мен көркемдік кейпі, формасымен
музыкалық драматургиясы түрлі. Олардың ішінен біз тарихи, ертегі, лирикалық-драмалық,
лирикалық – ойлы, сатиралық шығармаларды табамыз. Сонымен қатар композитор көлемді
опералық жауһарлармен бірге кішігірім біракттық операларды жазды; кейбіреулері
тек камералақ түрде жазылған. Операларының көбісі орыс классикалық әдебиетіне
немесе халық шығармашылығынан алынған сюжеттерге жазылған.
Домбыра – кең даланы мекен еткен
қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті аспабы. Сымдай тартылған қос ішекте сан
ғасырдың сан алуан сипаты, ақыл – ойы, көңіл- күйі жатыр. Домбыра – көшпелі
елдің көне көз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі. Не бір аруақты,
дарынды дала перзенттерін аты ұмытылып кетсе де, сары алтындай шығармалары тот
баспай бізге аман жетті. Олар халық аспаптарына арнап шығарған шығармаларын
«күй» деген бір-ақ сөзбен атаған.
Қазақ – көне
дәуірден бастау алатын күрделі де бай тарихы, сан қырлы мәдениеті, өзіндік игі
ғұрып – дәстүрі бар, этнографиялық ахуалы әр қилы, пейілі өзінің байтақ
даласындай кең де қонақжай халық. Халқымыздың бітім болмысын зерттеген этнограф
ғалымдардың атап өткеніндей, қазақ – жайшылықта тәубешіл, жаугершілікте
тәуекелшіл, зерделі де ойшыл, сабырлы да төзімді, шыдамды да жомарт, елгезек те
еліктегіш, кеңпейіл де кішіпейіл, ерегескенмен ерегесетін, доспен дос бола
алатын, әділдікті бағалай білетін халық.
Сыдық Мұхамеджанов талантты композиторлардың бірі, оның тамаша әуендері
әр қырлы шығармашылығы, аға буын композиторлар мектебінің негізін қалаушы және
60-шы жылдары шыққан композиторлардың арасында байланыс түйін болып табылады.
Қазақтың рухани мәдениеті – шытырман тарих қойнауында,
ерекше ахуал үстінде туып қалыптасқан мәдениет. Түрік нәсілінің қыпшақ
әулетінен тарайтын жауынгер халық өзін – өзі қазақ атап, азаматтық тарихының
алғашқы бетін ашқаннан бастап ел үшін, жер үшін, байырғы ұлттық намыс пен ар – ождан
үшін, бостандық үшін тынымсыз күрес үстінде болды. Сол себепті қазақтың рухани
мәдениетінде ешбір мәдениетке ұқсамайтын ерекше сипат қалыптасты.
ХІХ ғасырдың
30 – 40 жж. әлемдік музыка Европаның шығысынан келген үш ірі көркем құбылыспен
байыды. Шопен, Глинка, Листтің шығармашылығынан тарихта музыкалық өнердің жаңа
парағы ашылады. Бұл үшеуі дәстүрлі мектептің бастаушылары ретінде,XIX ғасырдың
екінші жартысындағы жалпыевропалық музыкалықмәдениеттің тағы бір маңызды жағын ашты. Өз халқының арман – мұраты,
қасіреті, үстемдік етуші психологиялық құрылымы
Ядролық қару – жалпы адамзаттың соры
десек, Қазақстандағы ядролық полигондар – қазақтың 20 ғасырдағы ең ауыр
қасіреті болды. Өйткені, атомдық ядролық жарылыстар бүкіл бір аймақтың қоршаған
ортасы мен табиғи генофонына, адамдардың геніне әсер етіп, қалыпты мөлшерден
әлдеқайда жоғары радиоактивті заттар мен рентген сәулелері тіршілік атаулыға
қауіп-қатер әкеліп, өте зиянды радионуклидтер тірі клеткаларға генетикалық
өзгерістер туғызды. Бұған дейін жеті атасына шейін қыз алыспай, қан тазалығын
сақтап келген елдің топырағында түрінен адам қорқатын құбыжық нәрестелер
дүниеге келе бастады.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі елдің
тәуелсіз, әрі тегеурінді, терең мазмұнды үздіксіз білім жүйесі болуы
керек.Ол мемлететтің экономикалық,
қорғаныс қабілеттерін күшейтері анық. Жас жеткіншектерді ұлтын, елін шексіз
сүюге тәрбиелейтін бірден бір құрал,оқу тәрбие ісіне қазақ халқының
этнопедагогикасын сәтті ендіру болып табылады.
Бөлімде сұйықтар мен
газдардың механикасымен танысамыз. Қатты денелердегі сияқты сұйықтар мен
газдардың қозғалысын да кинематикалық және динамикалық тұрғыдан қарастыруға
болады. Газдар мен сұйықтар өзара ұқсас болатындықтан оларды әдетте
бірінен-бірін бөлмей, тек газдардың сығылғыштығын ескермеуге болмайтын жерде
ғана олар бөлек қарастырылады. Сондықтан сұйық туралы айтылғандар газға да
қатысты деп түсіну керек.