«Достық» ордені 1995 жылы тағайындалды. Онымен елдегі қоғамдық келісімді сақтауға, халықтар арасындағы бейбітшілікті, достық пен ынтымақтастық ахуалын нығайтуға үлес қосқан азаматтар марапатталады. «Достық» ордені екі дәрежелі болып белгіленді. Оның І-ші дәрежесі өрнектелген сегіз бұрышты жұлдыздан және аспалы лентаға тағылған орден белгісінен тұрады.