Все рефераты Казахстана Среда, 10.09.2025, 05:09

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Дінтану

Жұма күнінің әдептері

Жұма күнінің әдептері скачать

11.03.2010, 12:09
загрузка...

ЖҰМА КҮНІНІҢ ӘДЕПТЕРІ

 

            Әрбір мұсылман жұма күнінің фазилеті мен ерекшелігін біліп сезінгені дұрыс . Жұма күні – күндердің ең абзалы  әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді . Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады . Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп , әдептерін ұстанса  Аллаһ оның сауабын арттырып , күніларын кешіреді . Бұл күнде бір сәт бар . Егер мұсылман пенде сол сәтте Раббысынан намаз оқыған күйінде қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді . Пайғамбарымыздан( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жеткен бір хадисте былай делінген  :

            Күндердің ең абзалы жұма күні . Бұл күні Адам атамыз жаратылған . Және осы күні жаннатқа кіргізілген . Әрі осы күні одан шығарылған . Қиямет те осы жұма күні болады .

                                                                                      /Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен ./

           

Ибн Аббастан келген хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) осы жұма күні туралы былай деп айтқан :

            Расында бұл күн Аллаһтың мұсылмандар үшін мейрам еткен күні . Сендерден біреу жұмаға келетін болса ғұсылдансын ( толық жуынсын ) . Және кімде иіс су бар болса себінсін . Әрі мисуакпен¹ тістеріңді тазалаңдар .

                                                   / Ибн Мажа риуаят еткен . Албани хасан хаддистерден деген /

 

            Абу Һурайрадан келген сахих хадистердің бірінде жұма күнінің фазилеті мен артықшылығы жайында былай делінген :

            Кім ғұсылданып жұма намазына барса . Әрі өзіне бұйырған нәпіл намазын оқыса . Одан соң имамның құтпасын ақырына дейін мұқият тыңдаса . Кейін онымен бірге намаз оқыса , онда ол үлкен күнәларға ұрынбаған болса осы жұма келесі жұма арасындағы кәші күнілары кешіріледі . Және оған қосымша үш күн . ( Яғни , жалпы он күндік күнәлары кешіріледі )

                                                                                                                    / Муслим риуаят еткен /

 

            Және Абу Һурайрадан риуаят етілген шарапатты хадистердің бірінде :

            Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде  со сәтке тұс келіп бір жақсылықты сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді , - делінген .

                                                                                                                   / Муслим риуаят еткен /

 

            Ал , енді төменде мұсылманға істеуі абзал болған жұма күнінің кейбір әдептерін келтіреміз .

           

   1.Сол жұма күнінің таң намазының парызында  «Сәжде» және «Инсан» сүрелерін оқу .

           

Бұл әдепке Ибн Аббастан келген мына хадис дәлел болады . Ол хадисте :

Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жұма күнінің таң намазында  «Сәжде»  және  «Инсан»  сүрелерін оқитын – делінген . 

                                                                                                                    / Муслим риуаят еткен /

 

  1. Мисуак – дегеніміз арак деп аталатын ағаштан алынатын , тіс тазалау үшін қолданылатын бүтақша . Онымен тіс тазалау сүннет амалдарына жатады .

 

 2. Жұманың күндізі мен кешінде Пайғамбарға ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) салауатты көп айту .

           

           

Бұл әдепке мына хадис дәлел :

            Жұманың күндіші мен кешінде маған салауат айтуды көбейтіңдер .

                                                                 / Байһақи риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген /

 

 

3. « Кәһф » сүресін оқу .

 

            Бұл әдепке мына хадис дәлел :

Кім жұма күні « Кәһф » сүресін оқыса , онда оған екі жұма арасына нұр болады .

/ Абу Сағидтан Әл-Хаким мен байһақи риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген /

 

 

4. Жұманың күнін арнайы оразамен , ал түнін арнайы намазбен ерекшелемеу керек .

 

            Бұл әдепке  Абу Һурайрадан келген мына хадис дәлел . Ол кісі Пайғамабардың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

            Сендердің ешбірің жұма күнінің алдынан , не соңынан бір күнді қоспай , жалғыз ғана жұма күні ораза тұтпасын – дегенін естідім дейді .

                                                                                                      / Бухари мен  Муслим риуаят еткен /

            Тағы бір хадисте Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

            Жұманың түнін басқа түндерден арнайы намаз оқып ерекшелемеңдер деген – деп айтқан .

                                                                                                       / Муслим риуаят еткен /

 

 

5. Жұманамазына дайындық жасау .

 

            Оған төмендегі істер жатады :

·        Ғұсылдану

·        Иіс сулармен жұпарлану

·        Мисуакпен тіс тазалау

·        Жұма намазына ертерек шығу

·        Ең жақсы , таза киімдерін киу

·        Сүннеттегі денеге қатысты тазалықтарды атқару ( тырнақ алу , қолтық пен әурет түктерін кетіру сияқты )

·        Сүннет бойынша жұмаға жаяу бару

 

Бұл істерге дәлел болатын көптеген хадистер бар . Олардың кейбірін  келтіріп өтеміз. Пайғамбарымыз( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  былай деген :

Қайсы бір адам жұма күні ғұсылданып , шамасы келгенше тазаланса , және үйіндегі жұпарлы майлардан немесе хош иісті сулардан қолданса . Кейін мешітке шығып , мешіттегі жақын отырған екі адамның арасына қыстырылыспай ( яғни , өзгелерге кедергі болмай бос орын тауып жайғасу  ) , өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса  . Одан кейін имам сөйлеген уақытта оны мұқият тыңдаса , онда бұл жұма мен келесі жұма арасындағы күнәлары кешірілді . 

                                                                                 / Салман Фарсиден Бухари риуаят еткен /    

        Аус ибн Аус  деген сахаба Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

         Кім әйеліне ғұсыл алдырып¹ және өзі де ғұсылданса . Кейін жұмаға ертелеп шықса . Және көлікке мінбей жайау барса . Әрі имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен  айналыспаса , онда ол мешітке дейінгі әрбір басқан қадамы үшін бір жылдың оразасы мен намазының сауабына жетеді –дегенін хабарлаған .                                                                                                                                         / Абу дауд , Тирмизи , Нисаий , Ибн Мажа және имам Ахмадтар риуаят еткен . Албани сахих хадис деген /

         Және Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

         Егер жұма күні болса , мешіттің әрбір есігінде періштелер тұрып , әрбәр келушәлерді бірінен соң бірін жазып отырады . Ал , имам мінберге шығып отырса , олар парақтарын орап қояды да , өздері де зікір тыңдау үшін келеді . Және жұмаға алғашқы болып келушінің мысалы бір түйені құрбандық еткен адаммен тең . Одан кейінгі келушінің мысалы  сиырды құрбандық еткенмен тең . Ал , одан кейінгісінің мысалы қошқарды құрбан еткендей . Ал , одан кейінгі келуші тауықты құрбан еткендей болады . Ал , одан кейінгі келуші жұмыртқаны құрбан еткенмен тең болады – деген .

                                                                                           / Абу Һурайрадан Муслим риуаят еткен /

         Сахаба Абу Һурайра айтады :

         Пыйғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жұма күні намазға шығардан бұрын тырнағын алып , мұртын қысқыртатын . 

                                                                                   / Баззар , Табарани , Байһақилер риуаят еткен /

 

 

   6 . Мешітке жұма намазы үшін  жүрісінде асықпастан , аптықпастан бару .

        

         Негізінде әрбір намаз үшін мешітке асықпай , аптықпай бару шариғаттың үйрететін әдептерінен . Бұл әдепке Абу Қатададан келген мына хадис дәлел болады :

         Біз бірде Пайғамбармен( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  бірге намаз оқып жатқанымызда , бір кісілерді ң асығыс тапырлап келген дауыстары естілді . Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) намазын бітіргеннен кейін :

-         Сендерге не болды ? – деп сұрады . Олар :

-         Біз намазға асыққан едік – деді . Сонда Пайғамбар ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :

-         Ендігіде олай істемеңдер . Егер намазға келген болсаңдар асығып , аптықпаңдар . Намаздан үлгерген ракағаттарыңды оқып , үлгермеген ракағаттарыңды толықтырып бітіріңдер – деді .

                                                                                     / Бухари , Муслимдер риуаят еткен /

 

 

   7. Азаншының намазға шақыруын естіген уақытта оған жауап беріп . сауда –саттық тағы сол сияқты дүние істерімен болған байланысты тоқтату .

        

         Оған Құраннан мына аят дәлел :

         Ей , иман кетіргендер ! Жұма күні намаз үшін азан айтылған кезде , дереу Аллаһты еске алуға ( намазға ) ұмтылыңдар . Және сауданы қойыңдар . Егер білген болсаңдар сол нәрсе сендер үшін жақсы . 

                                                                                                                                              / Жұма : 9 /

  8. Тахиятул масжид намазын оқу . ( Яғни , мешітке сәлем намазы ) .

           

           

1. Яғни , кім өз әйелімен жыныстық қарым – қатынасқа түсіп , оның ғұсылдануына да себеп болса .       

 

 

 

Бұл намаз мешітке имам құтпа айтып жатқан кезде кірсе де оқылғаны жөн . Өйткені Жабир Ибн Абдуллаһ атты сахаба былай деген :

            - Жұма күні Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  мінбер үстінде құтпа айтып тұрғанда Ғатафандық Сулейк деген кісі келді де , мешітк сәлем намазын оқымастан бұрын отырған еді . Сонда Пайғамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  оған :

            - Екі ракағат намазды оқыдың ба ?-деді . Ол кісі :

            - Жоқ – деп еді , оған :

            - Тұр да ол екеуін оқып ал – деді . Кейін Пайғамбар ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  адамдарға бет бұрды да :

            - Егер сендерден біреуің имам құтпа айтып жатқан тұста келген болса , қысқартып екі ракағат оқысын – деп айтты .

                  /Муслим мен Абу Даудтер риуаят еткен . Албани сахих хадистер қатарынан деген / 

 

  9 . Жұма намазын оқыр алдын , мешітке сәлем намазын оқығаннан кейін , Аллаһтың разылығын тауып ,  Оған жақындау үшін қалағанша нәпіл намаздарын оқу .

           

Бұл әдепке жоғарыдағы Бухаридің Салман Фарсиден келтірген Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  : « ... өзіне бұйырған нәпіл намазды оқыса ... » - деген сөзі дәлел болады .

 

 

  10. Имам мінберге шыққанша Аллаһты зікір ету , Құран оқу сияқты істермен шұғылдану .

 

  11. Жұма намазына келгенде адамдардың үстінен аттап , немесе жақын отырған   екі адамның арасына қыстырылысып  , немесе біреуді орнынан тұрғызып оның орнына отыру сияқты істерден сақ болу .

           

            Оған дәлел Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  құтпа кезінде алдынғы жаққа өту үшін адамдардың үстінен аттап бара жатқан кісіге : « Отыр босқаларға зиян келтірдің ғой  »-деген сөзі .

                                            / Абу Дауд риуаят еткен . Албани сахих хадистердің қатарынан деген /

           

Және бұған тағы бір дәлел жоғарыда Бухаридің риуаятында келген , Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  : « Жақын отырған екі адамның ортасына қыстырылыспай »- деген сөзі .

Сонымен қатар бұл әдепке мына бір хадис те дәлел болады :

Сендердің ешбірің жұма күні бауырын орнынан тұрғызып , кейін оның орнына отырып алмасын . Бірақ :« Орын ашыңдар » деп айтыңдар .

                                                                                                / Бухари , Муслим риуаят еткен / 

 

Адамдардың үстінен аттап өту мәселесіне қарай имам Шафиғи былай деген :

   - Намаз оқитын орынға жету үшін өзге жолды таба алмаған адамнан басқаға , адамдардың үстінен аттап жүруі мәкруһ .

 Және Ибн Хажар :

    - Ләжсіз жағдайда адамдардың үстінен аттап өтуге рұқсат етілген кісілердің қатарына ; имам , алдындағы сапты жалғастырушы , не саптың үзілген жерін толықтырушы , яғни алдындағы адамдар оны істемесе , және өз орнынан зәру бір жағдаймен шығып кетіп , сол өз орнына қайтқысы келген адам .

                                                                                  / Итхафул Қори кітабы . Жұма бабы . 485 – бет /

 

   12 . Құтпа айтылып жатқан кезде , мүмкіндігінше имамға жақын отырып , бос сөздер мен  бекер істермен айналыспай құтпаға мұқият құлақ салу .

            Бұл әдепке жоғарыдағы Аус Ибн Аус деген сахабадан келген хадистегі Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )   мына сөзі дәлел :

            - ... Әрі Имамға жақынырақ жерден орын алса . Имамның сөзіне мұқият құлақ салып , бос сөз және бекер істермен айналыспаса ... – деген сөзі .

            Төмендегі екі хадис те осы әдепке дәлел болады :

            - Егер жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде қасыңдағы жолдасыңа ; « құтпаға құлақ сал » деп айтсан , бос айтқанмен тең боласың .

                                                          / Абу Һурайрадан Бухари  мен Муслимдер риуаят еткен /

           

            - Кім дәретін жақсылап алып , жұмаға келіп имамның сөзіне мұқият құлақ салып тыңдаса , онда оның екі жұма арасындағы күнәлары кешіріледі . Оған қосымша үш күндік күнәлары тағы кешіріледі . ( Яғни , он күндік күнәлары кешіріледі , егер ол адам үлкен күнәларға ұрынбаған

болса ) . Және кім құтпа кезінде таспен ойнаса¹ , онда ол бос іспен айналысқан болып есептелінеді .

                                                                   / Абу Һурайрадан Муслим мен Абу Дауд келтірген /

   13. Құтпа кезінде тізені құшақтап отыру макрух .

                       

Муғаз Ибн Анас әкесінен мына хадисті келтіреді :
Пайғамамбарымыз ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде тізені құшақтап отырудан тиған .

      / Тирмизи , Ибн Мажа , Ал-Хакимдер риуаят еткен . Албани хасан хадистерден деген / 

             Бұл хадиске байланысты Имам Хаттаби былай деген :

- Тізені құшақтап отырудың тиым етілуінің себептері ; бұл отырыс ұйқыны шақырыды , әрі дәреттің бұзылуына да себеп болуы мүмкін . Сонымен қатар әуреттің ашылып қалуы² да ықтимал .

                                                                         / Тухфатул Ахуази Сунан Тирмизидің шархы /

 

  

  14 . Жұма күніндегі дұғаның қабыл болатын сәтіне тұс келу мақсатында ол уақыттарды дұғалармен , зікірлермен толықтырып өткізіп алмауға тырысу .

            Абу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыздың ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )  былай деп айтқан сөзі бар :

            - Жұма күні бір сәт бар . Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде сол сәтке тұс келіп Аллаһтан бір қажетін сұраса , Аллаһ оған сұрағанын береді .Әрі  ол кісі сол сәттің аз ғана уақыт екенін қолымен ишарат етіп  етіп көрсетті .

                                                                                                       / Бухари , Муслим риуаяттарынан /

           

 

1. Пайғамбарымыздың( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын )   кезінде адамдар кілем , жайнамаз төсеместен жәй жердің үстіне намаз оқи беретін . Сондықтан қазіргі уақытта таспен ойнау сияқты істердің қатарына кілем , қаламсап , телефон сияқты  т.б. заттармен де ойнау кіре береді .

2. Бұл сөз сол кездегі араптардың киетін киіміне байланысты айтылған . Олар ол тұста ұзынша бір көйлекті киетін . Сондықтан кей жағдайда тізені көтеріп отырса , сандарының көрініп қалуына себеп болатын .

 

 

 

Ғұламалар осы сәттің уақытын белгілеуде бірнеше пікілер айтқан . Сол пікіртердің ішіндегі дәлелә күштірегі мына бір екі мезгіл .

            Бірінші мезгіл : Ол сәт имамның мінберге отырғанынан бастап парыз намазынан босағанға дейінгі аралық .Бұл мезгілге дәлел ретінде мына хадис келтірілген :

            Абдуллаһ Ибн Омар бір күні Абу Муса Ал-Ашғаридің ұлы Абу Бардадан : « Сен әкеңнен жұма күнгі сәт туралы бір нәрсе естідің бе ?  » – деп сұрайды . Сонда Абу Барда : «Иә , мен оның былай дегенін естіген едім . Әкем маған Пайғамбарымыздың  ( ол кісіге Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) :« Осы сәт имам құтпа үшін мінберге отырғаннан бастап намаз біткенге дейінгі аралық » - деген сөзін айтқан деді .  

                                                                                                                              / Бухари риуаят еткен /

 

Екінші мезгіл :  Ол мезгіл Аср намазынан күн батқанға дейінгі аралық . Оның д

загрузка...
Категория: Дінтану | Добавил: AgesSa
Просмотров: 1652 | Загрузок: 5 | Рейтинг: 4.2/4
Тут вы можете

скачать Жұма күнінің әдептері

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2