1.1Ислам дінінің қалыптасып,
араб тайпаларының бірігуі............................11
ІІ-Тарау Халифаттыңқұрылуы, жаулапалушылықтары
2.1 Араб халифатының
құрылуы.......................................................................21
2.2АлғашқыТөрт тақуа халифтарыныңтұсындағы Араб жаулап алушылықтар.........
........................................................................................24
Тақырыптың өзектілігі.Қазіргі кездеҚазақстанРеспубликасының
алдындатәуелсіздігін баянды ету, ол
үшін экономикасын дамыту міндеті тұр. Президентіміздің1997 жылғықазан айындағы "Қазақстан – 2030” деген халыққа арналғанЖолдауындабұл міндеттер айқын тұжырымдалған.Осындайжауаптыдакүрделі міндеттердітабысты орындап
шығу жолындаадамзат тарихындағы саяси –
экономикалық қуатты мемлекеттердің құрылуы, нәтижелібилік құруы мәселелерін жете зерттеп,олардың үлгісінен тағлым алудыңмаңызы зор.
Орта ғасырлардағыәлемді дүр сілкіндіріп, ІҮ-Ү ғасыр дүниенің
үш бөлігіне – Азия, Африка, Еуропа құрлықтарынаүстемдік орнатқанмемлекеттердің
бірі – Араб халифаты болды. Бұл мемлекет алдымен арабтардың өздерін біріктіріп,
содан соң Кішіжәне Орта Азияны,
Сотүстік Африканы, Пиреней (түбегі) жарты аралы мен Закавказье елдерін жаулап
алды. Халифаттыңтарихы – бұл тек
арабтар мен арабияжарты аралының ғана
емес, сондай-ақ бір кездерде оның құрамынакіргенИран, Орта Азия, Сирия,
Египет, Ирак, Грузия, Армения, Әзербайжан т.б. халықтар мен елдерінің тарихы.
Араб халифатының эканомикасы ол құрылғаннан кейінгі екі ғасыр бойы
Омейядтар халифатыкезіндежәне Аббаситтер билігінің алғашқы жүз жылдығы
ішінде жедел қарқынмен дамыды. ҮІІ ғасырдың 30-шы жылдарындақұрылған араб халифатыХІ ғ. ортасындағы селжұқтық түріктердің
жаулап алушылығына дейін экономикалық – мәдени дамуы жағынан алдыңғы қатардағы
қуатты мемлекеттердің бірі болды. Араб халифатының құрамыала-құла болды: арабтар, еврейлер, гректер,
парсылар, армян, әзербайжан, грузиндер, египеттіктер, сириялықтар т.б. Халифат
үш континент аралығындағы бір орталықтан басқарылатын, бірнеше ұлттардың
халықтардың басын қосқан күшті мемлекет болды.Оның жоғары дәрежедедамыған, бір
орталыққа бағындырылған әкімшілік аппараты болды. Олар дүниежүзілік саудажүргізді.
Оның экономикасының негізін ақша және жүйелітүрде жиналатын алым- салықтар қалады.Қазынағатүсетінбайлық, әлеуметтік –
экономикалық жәнемемлекеттік құрылыс -
яғни, халифаттың ішкі және сыртқы жағдайларының бәрі қатаң сақталатын Шариат
заңдарымен реттеліп отырды.
Халифатта орта ғасырларғатән
құнды ескрткіштер, әдеби, ғылым - білім өмірге келді.
ХХ
ғ. 90 ж. бергі уақыт әлемнің жекелеген халықтары мен өркенниеттері үшін ірі дүмпулер
мен өзгерістер заманы ғана емес, сондай-ақ бүкіл адамзат тағдырындағы бетбұрыс
кезең де болып отыр. Осы "ұлы жаңару” кезеңі (Л. Спайдер) әлемдік дамудыңекі қарама-қарсы тенденцияларын: дүние жүзі
елдерінің бір-бірімен барынша тығыз жақындасуы (ғаламдану) және әлемдік әр
түрлі өркениет ошақтарының оқшаулануы, (локалдану) сияқты тенденцияларды
байқатып отыр.
Алайда
болашақ осы екі беталыстың алғашқысында екеніне күмәніміз жоқ. Мұны бүкіл
адамзат өткен тарихы дәлелдеп береді. Енді ғана табалдырықтан аттаған жаңа ХХІ
– ғасыр әлемдік өркениеттердің ғаламдық сипатын одан әрі айқындай түсуде,
өйткені сан-салалы дүниежүзілік процестердің қай-қайсысының болмасын тағдыры
өркениеттер тоғысы иірімдерімен тығыз байланыста болып келеді. Әр түрлі
деңгейдегі интеграциялану, атап айтқанда Орталық Азия, Еуразия және бүкіл
әлемдік деңгейлердегі интеграцияланудың, аса қажеттілігі жөнінде елбасымыз Н.Ә.
Назарбаевта соңғы жылдары жиі айтып жүр
және оның бастамасы мұндай одақтардың құрылуы қазіргі таңда іс жүзінде асып та
жатыр.
Қазаргі
таңда халықаралық байланыстардың барынша кеңеюі интеграциялану мен ғаламдану
қарқын алуы бүкіл әлемдік мәдени тарихи процеске әр түрлі аймақ халықтарының
атсалысуы мәселесінің зерттелуін күн тәртібіне қойып отыр. Соның ішінде әсіресе
мәдениет аралық өзара ықпалдастық, оның оқшау этникалық мәдениеттердің
эволюциясындағы және жалпы әлемдік өркениет дамуындағы рөлі туралы мәселенің
өзектілігі барынша артып отыр.
Мәдениеттередің
өзара ықпалдастығы өзара қарым-қатынасқа түскен халықтардың дамуына және бүкіл
адамзаттың мәдени қорының байытылуына ықпал ететін объективті құбылыс. Осындай
империялардың бірі – орта ғасырлық араб халифаты. Халифат өз дамуының ең бір
шырақтау шегіне жеткен кезде "Ескі дүниенің” ширегінен астамын Солтүстік
Африка, Үндістанға дейін алып жатты. Мәселе бұл мемлекеттің көлемі жағынан аса
ауқымды болуында ғана емес тарих үшін ең маңыздысы – осы мемлекет әр түрлі
өркениеттер ықпалдастыққа түсе отырып, жаңа, жоғары дамыған мәдениетті туғызды,
бұл мәдениеттің тілі – араб тілі, ал идеологияның негізі ислам болы.
Сондықтан
да арабтар жаулап алған территорияда бағзы замандардан бергі Тигр мен Ефраттың,
Иран мен Сирияның, Египет пен Индияның, Алдыңғы және Орта Азияняң өркениетті
халықтары мекен етті.
Түркі
халықтары ислам мәдениетін тек жай ғана тұтынушылар ғана емес, сол мәдениетті
белсенді түрде жасаушы халықтың біріне айналды.
Деректік
негіздері. Бітіру жұмысын жазуда түрлі деректер, соның
ішінде әсіресе жазба деректер кеңінен қолданылады.
Тақырып ислам діні мен
тығыз байланысты болғандықтан ең басты дерек көзі "Құран кәрім” және Мұхаммед
пайғамбардың Хадистерін пайдаландық. Орталық Азия халықтарының өміріндегі
өзгерістерді зерттеу үшін бізге, ең алдымен, Қожа Ахмет Иассауи және т.б.
ғұламалардың еңбектері басты дерек болып табылады. Аталған түркі ойшылдарының
еңбектері түрік-ислам синтезінің тікелей жемісі болғандықтан да бұл еңбектерді
зерттеу арқылы сол дәуірдің тыныс-тіршілігін, исламның келуі мен түркілер
өмірінде, олардың дүниетанымында, психологиясында орын алған өзгерістерді
түсінуге болады. Бітіру жұмысында соны мен бірге араб-парсы, қытай деректерін
кеңінен қолдандық. Арабтардың Орталық Азияға келуін оң салдарларының бірі араб
ғалымдарының түріктердің тарихын мәдениеті мен географиясын түріктердің өз
отандастарын және басқа да белгілі халықтар мен салыстыра отырып қарауға
болады. Ү-ҮІ ғасырлардағы арабтардың экономикасы мен қоғамдық құрылысы,
тұрмыссалты,мәдениетімен дінинанымдары жөніндегімәліметтердібізисламдыққадейінгі, яғни, ежелгі замандағыарабөлеңжолдарынаналамыз.Яғни, ертедегі араб
поэзиясыҮ-ҮІ ғғ. арабтар туралыдеректер көзіжайында КрачковскийИ.Ю.
былайдейді: "Ол өлең – жырлардың
құндылығы – сол кездегі арабтайпаларыныңөмірін, оныңқоршаған ортаменқатынасынфотографиядәлдігіменбейнелеуінде”[7].Сондықтанда мамандарбұл жырларды ислам
дінінедейінгіараб халқын, оның тұрмыс салтын сипаттаудағы
ең маңызды да беделді деректер деп есептейді.
Тарихнамалық зерттелу
деңгейі:
Ежелгізамандағы, исламғадейінгіарабхалқын, ақын - жырауларының
шығармаларында бейнеленген Ү-ҮІ ғғ. Аравияныңжағрафиялық ортасынзерттеудежаңа заманкезіндегісаяхатшыларжинағанәртүрлібайматериалды да қоса пайдалану
қажет. Ежелгі исламдінінедейінгіАравияның табиғиортасы ХІХ
ғасырғадейін айтарлықтай өзгеріскеұшырағанжоқ. Ислам дініқалыптасқанға
дейінгіарабтарпоэзиясын ҮІІІ -Х ғасырларда оларды жинаушыларменредакторлар біразтолықтырып,
өзгертті де.
Батыс Еуропалық оқымыстылардыңарасындаХІХғасырдың 50 – 70
жылдарындаол поэзияшынымен Ү – ҮІғасырлардағы авторлардыңшығармаларыма,жоқәлде оларданкейін,халифатқұрылғаннансоң,яғни ҮІІІ - ІХ ғғ.шығармаларемеспе деген күдіктен соң,болды. Әрине,бұл сұраққажауапіздеушілерәртүрлікөзқарастаболды.Бірақ,негізіненсолҮ
– ҮІ ғғ.авторлардың шығармалары деген
тұжырым жасалды.
БұлмәселеніХХ ғасырдың 20-шыжылдарындаағылшыншығыстанушысыМаргомус С.Пенегипеттік оқымыстыТахао Хусейнкүн тәртібінетағықойды.Ол екеуіисламғадейінжазылдыдепжүргенпоэзияныңавторларыхалифаткезіндегіақын – жыраулардепжариялады. Бірақ, бұлпікір осы
екіоқымыстылардың ғанапікіріболыпқалды.Ғылымисламға дейінгіпоэзияның шындықекенін, жәнеде сол кезде (ІҮ – Ү ғғ.)жазылғанынмойындайды.Дегенменбіразқосымшалар,толықтырулар,анықтамаларенгізілгендігінжоққашығармайды.
Арабтардыңалғашқықауымдыққұрылыстағыөмірітуралы мәліметтердіңтағы бірқұнды дерегіИбн-Халдунның
"Мукамидимасы”. Оларабтардыңшаруашылықтарыменқоғамдыққұрылысынакөп көңіл бөлген.Авторарабтардыкөшпеліхалықтардепсуреттейді.
Исламғадейінгіарабтартуралыолардыңкөршілеріде біраз мәліметтерқалдырды.
Бірақ,оларды құндыдеп айтуқиын. Себебі, оларкөршілеріарабтарды жете білмеген.Тарихшыларүшін тек сириялықжылнамаларбіразқұнды дерек көзі болыптабылады.Арабтардың Ү –ҮІ ғғ.
қоғамдыққұрылысынзерттеушілердіңішіненбіріншіорынғаРобертсон Смиттіқоюға болады. Оның "ЕртедегіАравиядағытуыстық және неке” атты еңбегі1885 жылыКембриджде басылып
шыққан.
Айтылыпотырғанкезеңтуралы құнды еңбектің бірі ЮлиусВельхаузеннің "Арабпұтқатабынушылығының қалдықтары” деген
шығармасынайта кетуге болады. Ол
Берлинде1927 ж. жарық көрген.Исламғадейінгіарабтардыңөмірі, тұрмыс салты, шаруашылығы, қоғамдық
құрылысытуралыдеректерАнриЛамменстің бірінші еңбегінде
орын алған [8].Ү – ҮІ ғғ. арабтаржайындаЛеонКаэтанидің екітомдық "Шығыс тарихының очерктері” (Милан,
1911 ж.) атты еңбегіндекелтірілген.
Бірінші томында"Исламға дейінгіАравия”, "Ежелгіарабтар”геологиялық-климаттық,әлеуметтік
– экономикалықжағдайытуралыбіразмәліметтер береді.
Исламдініқалыптасуы қарсаңындаарабтартуралымәліметтердіңтағыда бір құнды көзі – ДжирджаЗейданның"Исламғадейінгіарабтар” дегенеңбегі.СоныменқатарКассэндеПерсевальдың 1847 жылышыққан "Исламға дейінгі арабтар тарихы”, А. Мюллердің
Санкт-Петербургте 1895 жылыжарықкөрген"Исламтарихы”, А.Е.КрымскийдіңМосквада 1911 ж. басылыпшыққан"Арабтардың, араб
әдебиетініңтарихы” дегенсияқтыеңбектердіатапөтугеболады. Исламның шығуы туралынегізгі дерек"Құран” болып
табылады.ОныОсман халиф (644 – 656 жж.) ауызшаданжазбашаға түсірген. Ол 114 сүреден тұрады.
Бұл қасиеттікітапта Аллатағаланың77934 сөзі жазылған [3].Келесі
маңызды дерек ҮІІІ ғасырдың екінші жартысындажазылғанМединалықИбн-Исхактың "Алланыңөкілініңөмірі” – "Сират расул Аллах” деген шығармасы. Ол бізге ІХ ғ. өмір сүрген
филолог Ибн ишамныңөңдеуімен жеткен. "Сиратқа” ...қосымша болып табылатынВакыдидің (747 – 823 жж.) " Әскерижорықтар кітабы” – "Китаб ал – Магази” –
Ислам дінінің шығуы жөніндегі тағы бір маңыздыдерек болып табылады.Ислам
туралы оның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбар туралы еуропалықтар арасындағы
алғашқы шығармалардывизаниялықтаржазды. Олар орта ғасырларды арабтармен әріжиі
соғысып, әрі экономикалық,мәдени
қатынастарда болыптұрды. Византиялықресмиправославиебағытынұстанушыгрек – византиялық тарихи және теологиялық шығармалардың авторлары
жалған пайғамбар, исламныңшығуынасебепкердеп есептегенМұхамедкедұшпандық сезіммен қарады.Сондықтан да византиялық әдебиетте исламбұрмаланғантүрдебейнеленген.