Все рефераты Казахстана Суббота, 13.09.2025, 01:09

Приветствую Вас Гость | RSS
Главная | Тегін қазақша рефераттар | Регистрация | Вход
загрузка...
Тегін рефераттар


загрузка...
Главная » Рефераты » Тегін қазақша рефераттар » Қазақстан тарихы

Туған елім - Қазақстан

Туған елім - Қазақстан скачать

02.03.2010, 22:02
загрузка...

Менің туған жерім- егеменді Қазақстан

 

Менің туып өскен жерім - егеменді Қазақстан. Қазақстанның  байлығы өте көп және қазынаға бай ел. Біздің еліміздің табиғаты өте сұлу. Биік-биік асқар тау, мөп-мөлдір көлдер, неше түрлі өсімдіктер мен дәрілік қасиеті бар шөптер өседі. Қазақстан жерінде аңдар мен құстар, не ше түрлі жануарлар жасайды. Сол жерде біздің ата-бабаларымыз, батырларымыз, ақындарымыз, ғалымдарымыз туып өскен.

Қазақстандай жері шұрайлы, шөбі шүйгін өлкені мен  әрқашан да мақтан тұтамын.Қазақстанның кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар. «Отаның-алтын бесігің», «Отаны жоқтық – нағыз жоқтық»- деп дана халқымыз бекер айтпаған. Өз Отанын сүю, өз ана тілін ардақтау - әрбір азаматтың бірінші міндеті.

Ал біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең деп ойлаймын. халқымыздың басынан қандай қиын кезеңдер өткенде де ата-бабаларымыз елімізді сыртқы жаудан қорғай білген. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Халқымыздың осы бір қасиеті жанымызға ана сүтімен тарап, ана тілімен дарып, ақ нанымен бекуі тиіс. Өйткені Отан біз үшін оттан да ыстық. 

                     

  7 «Б» оқушысы  Асаинова Айнұр

 

 

 

Туған жер

 

Беу, туған жер!

Сен ыстықсың біздерге.

Мың-мың дастан жатыр

Халқым басқан іздерде.

Тұнып жатқан тарихыңнан көз алмай

Даналықтың жырын жастар іздер ме?

 

Жыр жазам деп талпынады жас балаң.

Тәй-тәй басып келе жатқан жас қалам.

Жүрегінің түкпірінен шығарып

Жырды шашу болды оған бір арман.

      Менің кіндік қаным тамған жер Көкшетау облысындағы Қызыл ту ауданы. Балалығымның сегіз жылын сол өңірде өткіздім. Табиғаты тамашаауылыма жазғы демалыста барып тұрамыз. Бойды сергітер таза ауасы мен мөп-мөлдір өзенін  «жанға дауа, дертке дауа»- деп атам көп айтады. Мүмкін мендегі өлеңге деген құштарлықты осы тамаша табиғат оятқан болар.

                                              7 «б» сынып оқушысы Маянова Данагүл.

 

 

Менің Баянауылым

 

            Қазақстанда табиғаты керемет өңір өте көп. Соның бірі жер жәннаты саналған Баянауыл екеніне ешкім таласпайды. Оның көзді тұндырар табиғатын әрбір бала өзінше суреттегісі келеді.

                              Табиғаты Баянымның ғажайып,

                              Сұлулықтың сырын сенен табайық,-

                              Топырағыңда аунап-қунап әрқашан

                              Құнарынан жұтып-жұтып алайық.

 

                                7 «б» сынып оқушысы Солтан Айгерим

 

 

 

Көрікті қала-Астана

 

          Астана қаласының ерекше сымбатты қала екенін мен теледидардан, кітап-журналдардан көріп жүрмін. Бірақ Саматтың қала туралы айтқанынтыңдасаңыз, Астана қаласына дүниедегі ешқандай қала жетпейтін сияқты. Мен өз көзіммен қаланы әлі көрген жоқпын. Астанамыздың одан әрі көркейе беруіне мен сенімдімін.

         Мен Алматы қаласында болғанмын. Алматы біздің алдыңғы астанамыз – мәдениет пен өркениет орталығы болып саналады. Алматыны бүкіл дүние біледі деп айта аламыз. Себебі онда әлемге танылған Медеу мұз  айдыны бар.  Алатаудың қатпар-қатпар таулары, мәңгі жасыл ормандары, суы сарқыраған өзендері қалаға ерекше көрік беріп тұратын сияқты.  Нағашы ағам айтуынша Алматы студенттер немесе жастар қаласы деп аталады екен. Мен де мектепті бітірген соң Алматыға оқуға барамын деген үлкен мақсат қойдым.   

                                                 

                                                                            7 «б» сынып оқушысы

                                                                             Ануарбек Азамат

 

Астана – бас қала

 

               1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана  қаласының туған күні ретінде мерекеленеді.

         «Астана-бас қала» - деп  айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына  Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың  ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға  егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп  жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылында сыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.

                                                                              7 «б» сынып оқушысы

                                                                               Ануарбек Санат.

загрузка...
Категория: Қазақстан тарихы | Добавил: AgesSa
Просмотров: 4097 | Загрузок: 8 | Рейтинг: 3.0/1
Тут вы можете

скачать Туған елім - Қазақстан

абсолютно бесплатно
Меню


загрузка...
Аудио жазбалар


Ислам


Наш опрос
Оцените мой сайт
Всего ответов: 6617

Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Все права защищены, копирование материалов разрешено только с активной ссылкой на этот сайт! © 2025 SiteMap №1 и SiteMap №2