VI-XII ғасырда Орта Азия мен
Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен
мәдениеттіңтірегіне айналды. Батыс
Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар
бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді.
Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары
арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен
Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде
Қазақстанныңоңтүстігінде басты және ірі
қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын
Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен
тұратын мединасы бар. Ондатөбесі жоқ
базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакетқақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы,
Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».
VI-XII ғасырларда тікелей орталығы ретінде мәлім болған
Испиджабта тауарлардың көптеген түрлері өндіріліп, осы жерден басқа жақтарға
мата, қару-жарақ, мыс пен темір әкетіліп тұрды. Ағын суы мол, ағашы көп және
тамаша бақшалары бар ең гүлденіп, көркейген кенттердің бірі болған Испиджаб
қаласының қазылып, зерттеліп осы уақытқа дейін сыры ашылған жоқ. Бірақ оның
қандай рөліболғаны туралы жазба
деректер аз емес.
Қазақстанның Сырдарияның
орта бойына орналасқан ірі қалаларының бірі-Отырар. Араб-парсы деректемелерінде
Отырар қаласы Фараб, одан бұрын Тарбан деп те аталған. ІХ ғасырдың бас
кезіндеарабтар Фадл-Ибн Сахлдыңбасқаруымен Отырар аймағын басып алуға
тырысты. Ол шекаралық әскерінің бастығын өлтірді және Қарлұқ жағбуының ұлдарын
қолға түсірді деп хабарлайды деректемелер.VII-VIII ғасырларда Отырар шахристаны
мұнаралары бар дуалдармен қоршалған. Бұл дуалдарқайта салынған түрінде IX-X ғасырларға дейін
сақталған.
Архиология және архивтік материалдар бойынша
VII-VIII ғасырларда Отырардың
билеушісі өзін теңдесі жоқ «Отырарбенді патшасы » деп атаған. Қала аймағында
болған бірнеше ұсақ қоныстар мен қалалардың бірі –Кедер IX-X ғасырларда оазистің
астаналық орталық дәрежесіне дейін көтерілген, мұның өзі саяси жағдайдың
өзгеруіне және осы ауданның оғыздарға бағынуына байланысты еді. Отырар өмірі
Х-ХІІ ғасырлардан кейін де жалғасып, оның орта Сырдария өңірінің экономикасы
мен мәдениетіне ықпалы күшті болған. Отырар көлемі жағынан ең өскен қала екен.
Қазақстанға белгілі
болғанорта ғасырлық қалалардың бірі-Тараз. Ол жазба деректемелерде
568 жылдан бастап аталады. Византия императоры Юстианның елшісі Земарх
КилликискийдіңБатыс түрік қағанаты
Дизабулға берген есебінде Тараздың да аты аталған. Шамамен 680 жылы Қытай
саяхатшысы Сюань Цзан Таразды (Далассы) шеңбері 8-9 лиге жеткен маңызды сауда
орталығы деп сипаттайды.
VIIғасырда Тараз «Ұлы Жібек
жолындағы» ірі мекенге айналды. Оны шапқыншылықтан қорғау кезіндетүрік, қарлұқ, оғыз тайпалары, араб және
иранжауынгерлерінің басын алып, талай
рет ойранын шығарғаны жөнінде тарихи мағлұматтар бар.
X-XII ғасырларда Тараз қаласының су құбырлары, сонымен
қатар күйген кірпіштенкөпшілік үшін
салынғанмоншасы болған. Оған жақын
жерде Айша-бибінің күмбезікөтерілген.
Ол жақсы күйдірілген кірпішпен қаланып безендірілген, қабырғаларына ою-өрнектер
салынған. Қатты қирап тек батыс жақ қабырғасы мен бұрышы сақталып қалғанбұл күмбез қазір қалпына келтірілді. Тараз
жеріндегі ортағасырлық сәулет өнерінің тағы бір ескерткіші-Қарахан
күмбезі.Өкінішке орай, қираған
күмбезXX ғасырдың басында қайта
тұрғызылып, сәнді өрнектеріөшіп кеткен.
Бізге дейін жеткені тек оның суреті ғана.
Тараз Жетісудыңсаяси, экономикалық және мәдениөмірініңірі орталығы болған. Оның төңірегіндегі Талас, Асса сияқтыөзендердің бойындатөменгі Барысхан, Хамукет, Жікіл, Адахкет,
Ден, Нуджикет, Құлан, Мерке, Аспара, Жұл, Баласағұн, Барсхан қалалары мен
қоныстары бір-біріне тізбектеліп жалғасып жатты. Сондай-ақ Іле өзенінің
алқабындаҚойлық, Талхиз, Екі-оғызсияқты басқа да қалалар орналасқан.
XI ғасырда Ясы (Түркістан)
қаласы Шауғар округінің орталығы саналған. Мұнда XII ғасырдың аяғында Ахмет
Яссауикүмбезі салынып, қала діни
орталыққа айналады.
Сырдариядағы ірі
қала-Сығанақ. Қазақстанның солтүстігі менсолтүстік-шығысына баратынкеруен
жолдарыныңқилысында орналасқанол XII ғасырда қыпшақбірлестігінің орталығы болды. Қазір Сығанақтың орнында Сунақ –атажұрты бар.
X-XII ғ. Орта Азия мен Қазақстандажоғарыдаайтылған кенттерден басқажаңа
бірқатарқалалар –Қарашоқы, Қарнақ,
Ашынас, Баршылылықкент т.б. пайда болды. Олардың алып жатқан жер көлеміұлғайып,сауда шаруашылық орталығы-шахристаннанрабадқа ауысқан.
Қазақстан жеріндегі халықтардың
зкономикалықөмірінде сауда орасан зор
рөл атқарды. Жазба деректемелер Оңтүстік Қазақстан мен ЖетісуқалаларыныңВизиантия,Иран, Орта Азия,
Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен тығыз сауда қатынасы болғанын
дәлелдейді. VI- X ғ. Халықаралық саудада
«Ұлы Жібек жолының» зор маңызы болды. Бұл жолШаштан Газгирдке, одан Испиджабқа жетті, одан әрі керуендер Тараз
қаласынабеттеген.Исфиджаб пен Тараз
арасында бірнеше шағын қалалар мен керуендер аялдайтын сарайлар «Жібек
жолы»Тараздантерістікке қимақтарға
қарай Адахкет,Дех-Нуджикент қалаларын басып өтті.
Тараздан«Жібек жолымен»Төменгі Барысханға,Құланға,одан әрі Меркеге және Аспараға
қарайшұбыра жолшыбай бірнеше қалаларға
соғып,Бедел мен Ақсудан асқан
керуендер Шығыс Түркістанға барып жетеді екен.
Исфиджаб қаласынан
солтүстікке қарай шыққан керуен жолы Қаратаудың терістік бауырындағы Құмкент,Баба-ата,Созақ қалаларын,одан кейін
Орталық Қазақстан далаларын басып өтіп,Кеңгір,Жезді,Нұра,сондай-ақ Ырғыз бен Ертіс аңғарларына,қимақ-қыпшақ тайпалары мекендеген
аудандарға қарай беттейтін болған.Маңызды сауда жолдарында керуен сарайлар,жолда құдықтар мен су қоймалары
орналасқан.Өзендерге көпірлер салынған.Қалаларда сауда орны,ірі базарлар
болған.Орта Азиядан шыны,асыл заттар,көп қолданылатын өнер
бұйымдары,жылқы малы
т.б шығарылып,Қытайдан
жібек,фарфор,керамика әкелінетін.Шеттен әкелінетін
бұйымдар-меруерттен,лазуриттен,маржаннан жасалған немесе
солармен әшекейленгензаттар.
Қалалардың өсіп
өркендеуі,сауданың дамуы,ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұранымды арттырған.Мұның
өзі егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына себепкер болды.Жауын-шашынның аз
болуына байланысты Қазақстанда егіншілік көбінесе суармалы негізде дамыды.
Егін шаруашылығы елдің
Оңтүстігінде,Сырдария,Арыс,Бадам өзендері алқабында,Жетісуда,Іле өзені бойында біршама жақсы
дамыды.Орталық Қазақстан егіншілікпен судың тапшылығына байланысты тек өзен
алқаптары мен тау бауырындағы жерлерде ғана шұғылданды.Елдің барлық жерлерінде
егіншілік кәсіптері мал шаруашылығымен ұштасып жатты.
IX-XII ғасырларда Отырар өңірі
суармалы егіншіліктің орталығы болды.Мұнда егістік көп тармақты суландырмалы
жүйемен жабдықталды.Су жолы Арыс өзеніндегі су қоймасы арқылы жүргізіліп,оның
бір саласы Отырар қаласына келді,екінші саласы Құйрық төбе,Алтын төбе,Жалпақ төбе,Марданкүйік қалаларына
барды.Отырарға баратын су жолы төңіректегі рабадтарды сумен қамтамасыз етіп,сонымен бірге қаланың
солтүстігіндегі алқапты суландырған.Ал Сырдариядағы су жолы Сауран мен Сығанақты және сол
жағалаудағы Сүткентті,Аркөкті,Аққорған және Үзкентті сумен
қамтамасызеткен.Талас жотасының тау
бауырларындағы жерді суландыру үшін Бадам,Сайрамсу,Арыс,Ақсу өзендерінің суы
пайдаланылған.
Жер кетпен тәрізді темір
шоттар және темір,не шойын ұштары бар,жер жыртатын құралдармен өңделіп,егін ору
темір орақпен жүргізілген.Дәнді ұнтақтау үшін тас дирмендер қолданылған.Қолдан суару негізінде Жетісу
тұрғындары астық өсіріп,жүзімшаруашылығымен және шарап жасаумен айналысты,бақша және бау дақылдарын екті.Таудың төменгі етектерінде
Талғар, Есік, Қаскелең, Үлкен жәнеКіші
Алматы, Бақанас, Көксу,Лепсі
өзендерінің орта және төменгі ағыстарының бойында да суландыру құрылыстары
болған.Талас өзенінен Тараз
қаласына тартылғансу жолы арқылы
қаланың айналасындағы бау-бақшалар суғарылып,гүлдеп тұрған.Қазақстанжерінде халықтар өздерінің даму дәрежесіне
қарай қолөнер кәсібімен де шұғылданды.
Феодалдық қатынастардың
дамуы селолық қауымдардың натуральды шаруашылығының біртіндепыдырауына әкепсоқты.